Лекция 1 Трансформаторлар


Кернеу трансформаторының орамдары



бет3/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.2.2. Кернеу трансформаторының орамдары. Трансформатордың орамдары кернеулері (ЭҚК) өзара электрлі байланыссыз трансформациялауды қамтамасыз етуге арналған. Олар кем дегенде екеу болады. Олардың бірі электр энергиясының көзіне жалғанады да электр энергиясын магнит энергиясына айналдырады. Екінші орам – магнит энергиясын электр энергиясына айналдырып, берілген ЭҚК бар электр энергиясын көзіне айналады.
Трансформатордың орамдары цилиндрлі жарғы түрінде сымдарының қыйма ауданы дөңгелек немесе тік болып жасалады. Олардың орам саны әдетте, әртүрлі болып келеді. Орам саны көп орама жоғарғы кернеулік (Ж.К) орам саны аз төменгі кернеулік (Т.К) деп аталады. Жоғары кернеу орамасының орам талшықтарын w1 ал төмен кернеу орамасының орам талшықтарын w2 деп белгілейді. Төменгі кернеу орамасы өзекшеге жақын, ал жоғары кернеу орамасы төмен кернеудің орамдарының сыртынан оралады. Орамдарды стержень мен орама арасындағы төсемінің қалыңдығын азайту үшін әдейі орналастырады. Орамдардың шығу ұштары латын әріптерімен белгіленеді. Жоғары кернеулі орамның басы мен аяғы ретінше А және Х әріптерімен белгілейді. Төмен кернеулі орамдардың ұшының басы а және аяғы х әріптерімен белгіленеді. Үш фазалы трансформаторлар орамдары кемінде 6. Оларды таңбалау үшін латынның 6 бас және кіші әрібін пайдаланады А – Х; В - У: С - Z және а - х; в - у; с - z. Олар өздеріне сәйкес үш фазалы тоқтың жоғары және төмен кернеуін көрсетеді.
Магнитөткізгішпен орамдардың жақсы сууына және оқшаулануына жағдай жасау трансформатор майы толтырылған арнайы бактың (ыдыстың) ішіне орналастырылады. Ондай трансформатор майлы, қалғандары құрғақ деп аталдады.

Бақылау сұрақтары:


1. Кернеу трансформаторларының қызметі.
2. Бір трансформаторды кернеуді көбейту немесе азайту үшін қалай пайдалануға болады?
3. Кернеу трансформаторының магнит өткізгішін арнайы электротехникалық болаттан жасау себебі не?
4. Кернеу трансформаторының магнит өткізгішін неге арнайы электротехникалық болаттан жасалған қаңылтырларды оқшаулап алып жинайды?
5. Кернеу трансформаторлардың бірінші және екінші орамаларының қызметі.
6. Кернеу трансформаторлардың орам саны көп орамасын қалай атайды?
7. Кернеу трансформаторлардың орам саны аз орамасын қалай атайды?
8. Кернеу трансформаторларының сыртқа шығарылған ұштарын қалай белгілейді?
9. Трансформатор майының қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет