Лекция 1 Трансформаторлар



бет8/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

U 1 = -Е1 + І1 JX1;
U 1 = E2 – І2 r2 - І2 j X2 (1.28)
Магнит ағынымен электрдің шығыны екі орамаға да бірдей болғандықтан болаттардың кедергісі логикалық жағынан тең бөлінуі қажет, былай айтқанда:
r 1 = R1 +0.5 Rcm
r 2 = R2 +0.5 Rcm (1.29)
мұндағы r1 мен r 2 –трансформатордың бірінші және екінші орамасындағы жалған активті кедергі, мұнда электр энергиясы жылуға айналады, ол ораманың өткізгіштерінде, болат магнит өткізгіштерде және трансформатордың басқа да болат құрылғы бөліктерінде бөлінген жылулардың қосындысына тең.
Жүйе теңдеуі (1.28) сан жағынан қарағанда электрлік процестерге сәйкес келеді. Электр желісі үшін бірінші орама электр энергиясын тұтынушы, демек берілген кернеу U 1 онда индуктивтендірілген ЭҚК–тен кедергілеріне түскен трансформатор орамаларының Е1 активті І1 r1 және U индуктивті І,ј х1 кедергілеріне түскен кернеу шамасына артық болуы тиіс:
U 1 = Е2 – І1 r 1 + І 1 j x1
Трансформатордың екінші орамасы оларға қосылатын тұтынушылар үшін электр энергиясының көзі болады. ЭТН курсынан белгілі болғандай электр энергиясы көздерінің қыспасындағы кернеу U2 ЭҚК Е2-ден трансформатор орамаларының ішкі активті І2 r2 және реактивті І2 j х2 кедергілеріне түскен кернеуден көп болу керек:
U 2 = E2 – І2 r2 – І2 j x2
жүйедегі теңдеулерде (1.28.) белгілесек
r1 + j x1 = Z1
r2 + j x2 = Z2 (1.30)
Трансформатордың электрлік тепе-теңдік теңдеуін мына түрде аламыз
U = -Е 1 + І 1 Z1
U = Е 2 - І 2 Z2 (1.31)
мұндағы Z1 мен Z2 трансформатордың бірінші, екінші орамасындағы кешенді түрде алынған электрлік толық кедергі. Электр тепе-теңдігінің теңдеулері (1.28) және (1.31) болаттағы құйынды тоқ пен гистерезис құбылысынан жоғалуын ескере отырып жасалған. Қазіргі трансформаторлардың магнит өткізгіштері электр лакпен оқшауландырылған жоғары сапалы, легирленген электротехникалық болаттан дайындалған жұқа қаңылтырлардан жиналады, ондағы шығын оның қуатының пайыздық үлесінің аз мөлшері ғана, сондықтан инженерлік есептеулерде көпшілік жағдайда r1 R1 және r1 R2 деп қабылдап алып ескере бермейді. Болаттағы шығынды есептеу қажет болған жағдайда мына өрнектерді пайдалануға болады:
Р2 = Р2G
Рвх = Рвх G (1.32)
мұндағы Р2 мен Рвх –гистерезис пен құйынды тоқтың меншікті шығыны Вт/кг; G – магнит өткізгіштің салмағы кг.
Меншікті шығындар болаттардың түріне байланысты, анықтамаларда беріледі немесе мына өрнектер арқылы анықталады.
pг = (4,4…2,4)B2 ( f/100);
pвх = (5,6…0,6)B2 ( f/100)2 (1.33)
мұндағы В–индукция, Тл; f -магнит ағынының өзгеру жиілігі Гц.
Өндірістік жиілік f = 50Гц үшін (1.33) өрнегін қарапайым түрге келтіреді.
Р2 = (2.2…1,2) В2
Рвх= (1.4…0,15)В2 (1.331)
неғұрлым қуаты жоғары болаттың легирлену деңгейі және қаңылтыр жұқа болса (1.32) мен (1.331) өрнектерді эмпериалық коэффицентінің сандық мәні соғырлым аз болады.
Қазіргі трансформаторлардағы гистерезистен болатын шығын, құйынды тоқта болатын шығыннан жоғары және барлық шығынның 85% құрайды: Р2  0,85 Рсm. Қалыңдығы 0,3 және 0,5мм электр техникалық болаттарда электр және магниттік өзіндік шығынның, құйынды ток пен гистерезистен болатын шығындардың мөлшері анықтамалық әдебиеттерде көрсетілген.

Бақылау сұрақтары:


1. Кернеу трансформаторларының қызметі.
2. Бір трансформаторды кернеуді көбейту немесе азайту үшін қалай пайдалануға болады?
3. Кернеу трансформаторының магнит өткізгішін арнайы электротехникалық болаттан жасау себебі не?
4. Кернеу трансформаторының магнит өткізгішін неге арнайы электротехникалық болаттан жасалған қаңылтырларды оқшаулап алып жинайды?
5. Кернеу трансформаторлардың бірінші және екінші орамаларының қызметі.
6. Кернеу трансформаторлардың орам саны көп орамасын қалай атайды?
7. Кернеу трансформаторлардың орам саны аз орамасын қалай атайды?
8. Кернеу трансформаторларының сыртқа шығарылған ұштарын қалай белгілейді?
9. Трансформатор майының қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет