1.2.Трансформатордың қалыпты жұмыс тәртібі. Қалыпты жұмыс режимі–трансформаторды қалыпты кернеу желігіне қосқанда, шексіз ұзақ уақыт төлқұжатында көрсетілген жүктемемен қызуы белгіленген мөлшердан аспайтын жұмысын қамтамасыз ететін негізгі экплуатациялау режимі.
Төлқұжат-дегеніміз трансформатордың қалыпты жұмысына сай келетін барлық негізгі өлшемдері жазылған метал қаңылтыр. Мұнда толық қуат S, кВА; бірінші U1н және екінші U2н орамалардың желілек кернеуі, В; бірінші және екінші орамаларды жалғаудың электрлік сұлбалары; жалғастыру топтары; фазалар саны; тоқтың жиілігі; қысқа тұйықтау кернеуі; И к%; жұмыс тәртібі; суыту тәсілі және трансформаторды жинау және эксплуатациялау кездерінде қажет болатын кейбір қосымша мағлұматтар жазылады.
Трансформатордың ПӘК өте жоғары сандықтан екі орамадағы қуат бірдей деп алады. Трансформатордың төлқұжатында қуат коэффициенті көрсетілмейді және жүктеменің cosφ–іне тең деп саналады. Трансформатордың бірінші және екінші орамаларындағы қалыпты тоқтардың І1н және І2н мәндері мына өрнектермен есептеледі:
І1н = Sн /3U1н ; І2н = Sн /3U2н (1.34)