1.3.Бос жүріс режимі. Трансформатордың бос жүріс режимі – трансформатордың екінші орамасы ажыратулы, ал бірінші орамасының қалыпты кернеуге қосылған болуы кездегі жұмысы (1.3.- сурет). Бұл кезде:
U 1х = U 1н J2x = O (1.35)
Трансформатордың бос жүріс режим кезінде екінші орамадағы ток нөлге тең (ораманың қысқыштары ажыратулы) және тек қана бірінші орама бойынан ток Ііхөткен кезде онда магнит ағыны пайда болады. Екінші орамнан магнит ағынын магнитсіздендіру әсері болмайтындығынан трансформатордың бос жүріс режиміндегі тоқ, трансформатордың қалыпты тоғының 10%-нен артпайды: І1х=(0,1,,,0,03) І1н Трансформатордың қуаттығы артқан сайын, бос жүріс тоғы пайыздық қатынас бойынша азаяды, ал трансформатордың қуаттығына тең қалыпты кернеу шамалы ғана өседі. Трансформатордың екінші ораманың қысқыштарындағы бос жүріс кернеуі ондағы индукцияланған ЭҚК-ке тең:
U 2 х = Е2 (1.36)
Трансформатордың бос жүріс режимі кездегі тұтынатын қуаты, оның қалыпты қуатының 1% -нан артпайды Р= (0,01…0,003)Рн Ол қуат трансформатордың бірінші орамында сымдарда электрлік және магниттік және болат өткізгіштің магниттік, құйынды тоқтардан, гистерезис құбылысын шығындарды түзеуге кетеді.
Трансформатордың қуаттылығы жоғары болған сайын, бос жүріс жұмыс шығынының оның қалыпты қуатына үлесі, солғұрлым аз болады. Трансформатордың жүксіз жұмысының тәртібі оның тасымалдау коэффицентін жуықтап есептеуге пайдаланады. (КmU1/U2х), бұл магнитөткізгіш болатта, тармақтардағы магниттену өлшемдері, олардың физикалық мәндері келесі тараулардың тармақтарында қарастырылады (1.5.2).