Лекция 1 Трансформаторлар



бет12/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.4. Қысқа тұйықталу режимі. Қысқа тұйықталу дегеніміз трансформатордың екінші орамасы қысқа тұйықталып, бірінші ораманың қысқыштарына, бірінші орамадағы тоқтың шамасы қалыпты жағдайдағы мәніне тең болатындай кернеуге жалғануы.
Оның екі түрі: апаттық, мұнда алғашқа кернеу қалыпты кернеуге тең және лабороториялық, онда бірінші ораманың қысқыштарына бірінші орамадағы тоқтар қалыпты мөлшерде болатындай мөлшерде кернеу беру.
І1кз = І
І2кз = І (1.37)
Апатты жағдайда трансформатордағы тоқ қалыпты тоқтан (15…20) есе артық болады, эксплуатациялау барысында оған жол беруге болмайды. Ондайда трансформаторды желіден "дереу" ағыту қажет.
Лабороториялық қысқаша тұйықталу кернеуі қалыпты кернеудің 5…10 % болады: и к =(0,05…0,1) Uн , Ол неғұрлым аз болса трансформатордың қуаттылығы соғұрлым болады. Оның сандық мәні трансформатордың төлқұжатында % -бен беріледі:
ик % = U к 100% / U н (1.38)
Қысқаша тұйықталу режимде трансформаторда өтетін физикалық процесстер, жүкпен жұмыс істеу кезіндегідей, тек айырмасы екінші ораманың қысқыштарындағы кернеу нөлге тең, ал қорытынды магнит ағыны соған жуық.
Электрлік тепе-теңдік теңдеуі мына түрге келеді.
U = -Е+ /Z
О = -Е– ІZ2 (1.39.)
Екінші орамадағы магнит ағыны бірінші орамадағы тоқтың күші арқылы пайда болатын магнит ағынын толық жабады, себебі темір магнит өткізгішті бос жүріс режиміне қарағанда ұлғайған магниттік өтімділік болуынан жоғары қанықпағандық жағдайда ұстайды. Іс жүзінде қысқа тұйықталу режимде трансформаторда шашырау ағыны ғана қалады. Трансформатор орамаларындағы активті кедергі аз. Сондықтан қалыпты кернеудің бірлік пайызын құрайтын кернеу кезінде де орамадағы тоқтың мәні қалыпты шамасына Ом заңына сәкес жетеді.
Қысқа тұйықталу кезінде, негізгі ағын өте аз болғандықтан, магнит өткізгіштердегі шығынды тәжірибеде инженерлік дәлдікпен екі орамадағы Омдық кедергіге тең деп алып және қысқа тұйықталудың қосынды шығынын екі орамның Омдық кедергісіне теңеп алуға болады.
Рк = Рм1 + Рм2 (1.40)
Күш тік трансформаторларында қысқа тұйықталу қуаты
Ікн кезінде қалыпты қуаттылықтың (3…0,5 %) құрайды, демек
Рк = (0,03… 0,005) Рн (1.41)
Қысқаша тұйықталу қуаты, жүксіз жұмыс қуатынан (2,5…4,0) есе артық:
Рк = (2,5… 4,0)Рх (1.42)
Қысқа тұйықталудың тәжірибе кезінде алынған мәндері орамадағы электр шығындарын және трансформатордың өлшемдерін анықтауға арналған кейбір тәжірибелік есептерді шығару кезінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет