Сабақтың технологиялық картасы Пәні: Физика және астрономия Күні: Топ: Оқытушы



Дата14.03.2020
өлшемі54 Kb.
#60194
түріСабақ
Байланысты:
сабак 74

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________ І.Ж. Қиқымова



Сабақтың технологиялық картасы
Пәні: Физика және астрономия Күні:________ Топ:_________

Оқытушы: Джакешова Г.А.
Сабақ жоспары №32
Сабақтың тақырыбы: Тогы бар өткізгіштің тигізетін әсері. Лоренц күші.Жердің магниттік сферасы. Пара-, диа-,ферромагниттік заттар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Жердің магнит өрісін электр өрісімен салыстыра отырып зерттеуді үйрету.

  2. Дамытушылық мақсаты: Жердің магнит өрісін сипаттайтын ұғымдар мен шамаларды анықтауды үйрету.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Білгенін, үйренгенін, көргенін сауатты және ғылыми негізде баяндай білуге жаттығу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, есептер шығару, салыстыру
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, кестелер, дидактикалық материаладар.
Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Білім алушыларды түгендеу;

3. Кабинет тазалығын тексеру;

4. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Білім алушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.


ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Магнит әсер және магнит өрісі дегеніміз не? Негізгі қасиеттері.

  2. Магнит өрісінің күш сызықтары деп нені түсіндіреді?

  3. Электростатикалық өріс пен магнит өрісі арасындағы қандай айырмашылықтар бар?

  4. Ампер күші дегеніміз не? Оның бағыты қандай?

  5. Бұранда және сол қол ережесінің тұжырымдамасы.

  6. Магнит индукция векторы және оның өлшем бірлігі.


V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Магнит өрісі тогы бар өткізгіштің барлық бөлігіне әсер етеді. Өткізгіштің әрбір шағын бөлігіне әсер ететін күшті білсек, тұйық өткізгішке бүтіндей әсе етіп тұрған күшті есептеп табуға болады.

Өткізгіштің жеке бөлігіне әсер етуші күшті анықтайтын заңды 1820 жылы А.Ампер тағайындаған болатын. Оңашаланған ток элементін алу мүмкін емес, сондықтан Ампер тәжірибені тұйық өткізгіштермен өткізген. Өткізгіштердің түрі мен орын-қалпын өзгерте отырып, Ампер ток элементіне әсер етуші күш үшін өрнекті тағайындаған.

Магнит өрісінің әрбір нүктесінде тогы бпар өткізгіш бөлігіне әсер етуші күшті өлшеу арқылы магнит индукциясы векторының бағытын және оның модулін анықтауға болады.

F=B|I|Δlsinα

Бұл өрнек Ампер заңы деп аталады.

Ампер күші магнит индукциясы векторын ток күшіне, өткізгіш бөлігінің ұзындығына және магнит индукциясы мен өткізгіш бөлігінің арасындағы бұрыштың синусына көбейткендегі көбейтіндіге тең.

Ампер заңы ток жүріп тұрған өткізгішке әсер етуші күштерді есептеу үшін, көптеген техникалық құрылғыларда, оның ішінде электр двигательдерінде қолданылады.

Электр тогы дегеніміз-реттелген қозғалысқа түскен зарядталған тбөлшектердің жиынтығы. Сондықтан магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері дегеніміз-өрістің өткізгіш ішімен қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсері болмақ.

Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Лоренц күші деп аталады, ол зат құрылысының электрондық теориясының негізін қалаған Голландияның ұлы физигі Х.Лоренцтің (1853-1928( құрметіне осылай аталған.

Лоренц күшінің модулі өткізгіштің бөлігіне әсер етуші күшінің модулін өткізгіштің осы бөлігінде ретті қозғалатын зарядталған бөлшектер саны –ге бөлгенге тең:

Лоренц күшінің қозғалысқа түскен электрондарға тигізер әсерін электронды-сәулелік түтікке электромагнитті жақындата отырып бақылауға болады.



Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа тигізетін әсері қазіргі техникада кеңінен қолданылады. Ол үшін телевизиялық түтікшелерді еске түсіру жеткілікті, онда экранға қарай ұшқан электрондар арнаулы катушкалардың тудыратын магнит өрісінің көмегімен бұрылады.

Ток элементі ұғымын ендіру.

Магнит өрісін электр өрісімен салыстыра отырып . Ампер тәжірибесінің қорытындысын Кулон заңымен салыстыру.

Сол сияқты нүктелік разрядтан R-қашықтықтағы кернеулік формуласына ұқсас француз физиктері Био мен Савардың тәжірибесінің қорытындысының негізінде Био-Савар-Лапаос теңдеуі алынғандығы туралы баяндау.

Есеп шығару мысалдарын оқушылар өз бетінше талдау және оны баяндау.



VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§10.3 дайындық сұрақтарын талдау.


VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығарту.



20-жаттығу. 4-есеп.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10.3; 3.11 есептер, дайындық сұрақтары.

ІХ. Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет