2.2. Трансформатордың эквивалентті алмасырма электр сұлбасының параметрлері. Эквивалентті алмастырма сұлбасында электр телсімі жіберілген кейбір ауытқулар кезінде, бір көзден қоректендіретін сызықтық электр тізбегі болып табылады, оның аналитикалық есептеу ЭТН курсындағы әдісті пайдалану арқылы жүргізіледі.
Электр тізбегін құратын өлшемдердің мәндері былай анықталады:
магнит өткізгіштердің геометриялық өлшемдері мен трансформатор орамаларының өлшемдері мен трансформатор орамаларының параметрлерін пайдалана отырып талдау есебімен;
бос жүріс және қысқа тұйықтау режимдегі экспременталды зерттеу мәліметтері бойынша;
Аналитикалық есептеулерді ораманың Омдық кедергілерінің мәнін анықтауға қолданылады:
біріншіні R1 = l 1oρ w12 / γ S1
екіншіні R21= l2oρ w12 / γ S2 w2
мұндағы l1oρ мен l2oρ сәйкес орамалардың орамдарының орташа ұзындығы; γ–орама жасалған өткізгіштердің өзіндік кедергілері; S1 мен S2 орама жасалған өткізгіштердің көлденең қимасы; w1 мен w2–бірінші және екінші орамалардағы орам саны.
Бірінші орама мен магниттену тізбегінің параметрлерін есептеп шығару гистерезис пен құйынды тоқтан болатын шығындарды анықтау күрделі болғандықтан, қиын, ол туралы (1.3.2) тарауда айтылған. Дегенмен І1х тоқтың, бос жүрістегі активті қуаттың Рх жүксіз жұмыстың және ЭҚК шамалары белгілі болса оны мына өрнектермен есептеуге болады:
бірінші ораманың шашырау индуктивті кедергісін
х1=√Ζ1х2 – (R1 + Rcm2 ) -х (1.66)
мұндағы Ζ1х –трансформатордың бос жүріс кездегі толық кедергі
Ζ1х=U1H / І1х(1.67)
Екінші ораманың келтірілген индуктивті шашырау кедергісі х21 бос жүріс кезіндегі зерттеу мәліметтер мен зертханада қысқа тұйықтау мәліметтерінің қосындысы ретінде жуық мөлшермен есептеледі.
Х1 =Х21= Хк (1.68)
мұндағы Хк – трансформатордың қысқа тұйықталған кезіндегі реактивті кедергісі, магниттелу тізбегінің Z кедергісі Z 1 Z 2 кедергісіне қарағанда өте үлкен, сол үшін эквивалентті алмастырма сұлбасында есепке алмасуы болады.
Бұл жағдайда:
Хк =√Z к2– R2к(1.69)
мұндағы
Zк= U1к /І1к= U1н ик%/І1н ƒ100% (1.70)
R2к=Рк/І1к2 (1.71)