Лекция: 10 Семинар: 4 СӨЖ: 31 Барлық сағат саны: 45 Аралыќ баќылау (АБ): 60



бет1/2
Дата22.06.2017
өлшемі0,87 Mb.
#19648
түріЛекция
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ




«Филология және психология» факультеті
«Тілдер» кафедрасы

«ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ» пәнінен
050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)

Оқу түрі: сыртқы____


Курс: I


Кредит саны: 1

Лекция: 10

Семинар: 4

СӨЖ: 31

Барлық сағат саны: 45



Аралыќ баќылау (АБ): 60

Қорытынды бақылау: 40


Жетісай, 2009
Силлабусты дайындаған: 1. доцент Л.У. Әбенова

Жұмыс бағдарламасы


Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі



3.08.276 - 2006 жылғы № 779 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 22.06.2006 жылғы №289 бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасының орнына енгізілген. 22.06.2006 ж

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы



МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………...........................................................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті ……………………………………....................................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.…………....................................................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……............................................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………........................................................

  7. Студентке арналған ережелер………………….................................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.………............

  9. Лекция сабақтары........

  10. Семинар сабақтарының жоспары......................................................................................

  11. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ........................................................................

  12. СӨЖ жоспары және орындау кестесі................................................................................

  13. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі............................................................

  14. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................

  15. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........



  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені “Ежелгі дәуір әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыста неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарын құрайды. Білім беруде жартылай кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген., ПС – практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестірдің басында әр бір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбаша студентке қайсы бір тақырыпты неге қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Әбенова Л.У.

Уақыты __________

Ауд №36



Уақыты _______

Ауд №6


Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________




3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Курстың мақсаты – студенттерді қазақ әдебиеті тарихының бастауларымен, түп-төркінімен таныстырады. VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұра, тарихи ескерткіштерге жан-жақты талдау жасап (табылуы, ашылуы, аударылуы, зерттелуі, әдеби мәні, көркемдік ерекшелігі т.б.), танытады.

Сонымен бірге мұнда көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жүйелі баяндалады.

Көне түркі жазба ескерткіштерін қазақ әдебиеті тұрғысынан зерттеу ісінің барысы және бұл салада игі істер тындырған ғалым-зерттеушілеріміздің еңбектері, көркем аудармалары жан-жақты талданып оқытылады.

Курстың міндеттері:


  • қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесін: ол үшін қазақ халқының тарихын, басынан кешкен бел-белестерін, қазақ әдебиетінің зерттелуін, әдебиетті жүйелеудің басты принциптері мен үлгілерін жақсы танып білу;

  • көне түркі тілінде жазылған көркем шығармаларды: ерте кезде шыққан таңбалар, әдепкі жазу, сызулар, өлеңді тіркестер, мақалды-мәтелді жолдар, толып жатқан өлеңдер, аңыз-ертегі, әдепкі дастандарды жүйелі түрде оқып, танып білу, талдау;

  • көне әдебиет мұралары халқымызды бейнелі ойға, шешендік өнерге жетеледі, осылардың бәрі жиылып әдебиет деген ұғымды қалыптастырады. Әдебиеттің осы қалыптасу жолын таныту;

  • XIII-XV ғасырларда жазылған нәзиралық өлең – жырлармен бірге тарихи мұра, шежіре кітаптарды, мәдениет, әдебиет ошағы болған көне қалаларды, сәулет өнерлерін жақсы білу.


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Халық ауыз әдебиеті

Хандық дәуір әдебиеті

Тілдер

№ 1 хаттама 20.08.09ж.

2

Әдебиеттануға кіріспе

ХІХ ғасыр әдебиеті

Қазіргі дәуір әдебиеті










  1. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ







Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

1

1

45

10




4







31

Емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1
Қазақ әдебиеті тарихының, пәні, мақсаты, міндеттері және кезеңдері.

1













3

2

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

1













3

3

Қорқыт ата кітабы (“Китаби дедем Коркуд”)

1













3

4

Оғыз-наме (“Оғыз-қаған” эпосы).

1













3

5

Әбу-Насыр әл-Фраби (870-950).

1




1







3

6

Махмуд Қашғари. “Дивани лұғат ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”)


1




1







4

7

Жүсіп Баласағұн “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”)

1













3

8

Қожа Ахмет Иассауи “Дивани хикмат” және Сүлеймен Бақырғани еңбектері.

1




1







3

9

Насреддин Рабғузи және Хорезми еңбектері

1




1







3

10

Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежіре еңбектер

1













3




Барлығы:

10




4







31


  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

1 лекция. ТАҚЫРЫБЫ : Қазақ әдебиеті тарихының пәні, мақсаты, міндеті және кезеңдері.



Жоспары:

  1. Пәннің мақсаты мен міндеті, зерттеу обьектісі.

  2. Қазақ әдебиеті тарихын жүйелеудің басты принциптері және кезеңдері.

  3. Қазіргі түркі тектес халықтардың қадым замандардағы қоғамдық, әлеуметік жағдайы және рухани өмірі.

  4. Бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет (VI – XV ғасырлар).


Лекция мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихын жүйелеудің басты принциптері және кезеңдерін жан-жақты көрсету. Қазіргі түркі тектес халықтардың қадым замандардағы қоғамдық, әлеуметік жағдайы және рухани өмірінен мәлімет беру. Бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет (VI – XV ғасырлар) екендігін таныту.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ әдебиеті, қазақ халқының көркем сөз өрнегі бүгінгі биігіне оп – оңай жете қойған жоқ, ол сан ғасырлық жолдардан, асулардан, зар замандардан өтті.

Демек басқа да бауырлас халықтардың әдебиеті сияқты қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері, яғни өзіндік даму тарихы бар.

Қай халықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық - әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақ әдебиетінің тарихы да қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі болып табылады. Сондықтан да біз қазақ әдебиетінің түп – төркінін, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып – білу үшін алдымен халқымыздың арғы – бергі тарихынан толық хабардар болу керек дейміз.

Қазақ тарихының ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар.



2. Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын – жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ әдебиеті болып табылады.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.

Әдебиет тарихы пәні көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді.

Әдебиет тарихы пәнінің міндеті әрбір халықтың дамуындағы идеялық бағыт – бағдарларды, әдеби ағымдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық – экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып – білу. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп – жармай, тұтас күйінде зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығарманың туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін сан алуан әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму кезеңдерін, әдеби процеске ықпал еткен қаламгерлердің творчествосын танып біледі.

3. Қазақ әдебиеті тарихы – қазақ халқының қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды.

Қазақтар халық ретінде тек XV ғасырларда қалыптасқанмен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәстүрлерден басталатыны даусыз. Қазақ халқының құрамына негіз болған этникалық процестердің түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны тарихтан жақсы мәлім.

Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз болған ру – тайпалар көне замандардан – ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, оңтүстік – шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Каспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру – тайпалар кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру – тайпалармен аралас, көршілес өмір сүргені белгілі.

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы зерттеген Е. Э. Бартельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжіп сияқты кеңес ғалымдары қазіргі түркі тектес халықтардың ру – ұлыстық дәуірінде бәріне ортақ жазу – сызуы, әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған деп санайды.

Қазақ әдебиеті тарихын кезеңдерге бөліп, дәуірлеу үшін, бір жағынан, қоғамның жалпы даму заңдылықтарына, екінші жағынан әдебиет дамуының өзіне ғана тән белгі – сипаттарға негізделуі тиіс.

Демек, қазақ әдебиеті тарихын мынадай екі принципке сүйене отырып жүйелей аламыз :



  1. Адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік экономикалық факторларды жете білу.

  2. Көркем әдебиеттің қоғамдық – эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін танып – білу қажет.

Белгілі ғалым Б. Кенжебаев бастаған ғалымдар тобы қазақ әдебиеті тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелеп қарастырады :

  1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI – XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру – тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиет. Ерте кездегі түрік ру – тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV – XVIII ғасырлар арасы) әдебиет. Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.

  3. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

  4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900 – 1920 жылдардағы) әдебиеті.

  5. Қазіргі дәуір әдебиеті.

4. Ежелгі дәуір әдебиетінің өзін (VI-XVI ғасырлар) төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз.

  1. VI – IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Бұған Орхон жазба ескерткіштері, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай – ақ “Оғыз - наме” дастаны мен “Қорқыт ата кітабы”, Әбу Насыр әл – Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

  2. X – XII ғасырлардағы әдебиет. Бұлар, негізінен, Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер деуге болады. Бұл кезеңге Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу біліг” (“Құтты біліг”) деген дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”), Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің “Хибатул - хақайық” (“Ақиқат сыйы”) деген дидактикалық сарындағы жыр жинағы, Сүлеймен Бақырғанидің “Хакім ата”, “Жұбан ана”, “Әулие Мария” атты өлең жинақтары т. б. X – XII ғасырларда өмірге келген әдебиет нұсқалары енеді.

  3. XIII – XIV ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезең әдебиет тарихында Алтын Орда – Хорезм дәуірі деп те аталады. Аталған дәуірдегі туындылар жалпы түркі әдеби тілінің (шағатай) қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар : “Кодекс Куманикус” (“Қыпшақ тілінің сөздігі”), Хорезмидің “Мұхаббат - наме” дастаны, Насыредин Рабғузидың “Қисса – сул Әнбия” немесе “Қиссауи Рабғузи” жинағы, Дүрбектің “Жүсіп - Зылиқа”, Сайф Сарайдың “Гүлістан бит - түрік”, Құтбтың “Хұсрау - Шырын” дастандары. Сондай – ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған тарихи мұралар, шежіре – кітаптар да баршылық. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалайридің “Жамиғ ат - тауарих”, Захириддин Бабырдың “Бабыр - наме” атты шығармалары аталмыш дәуірдегі әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ әдебиеті тарихын жүйелеудің басты принциптері және кезеңдері.

  2. Қазіргі түркі тектес халықтардың қадым замандардағы қоғамдық, әлеуметік жағдайы және рухани өмірі.

  3. Бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет (VI – XV ғасырлар).

  4. П.М. Мелиоранскийдің Орхон жазбалары туралы жазғана мақаласы

  5. алғашқа қауымдық құырыс дәуіріндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы деректер.

  6. Ежелгі түрік таңбалары

  7. Ежелгі түрік әріптері

  8. «Орхон» немесе «руна» деп аталатын жазулар

2 лекция. Тақырыбы: Орхон жазуындағы жәдігерліктер.


Жоспары:

  1. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы дастандар.

  2. Орхон жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы, аударылуы және зерттелуі.

  3. “Күлтегін” жырының көркемдік ерекшеліктері.

  4. Қазақ эпостары мен “Күлтегін” жырының арасындағы үндестік.


Лекция мақсаты: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы дастандар.Орхон жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы, аударылуы және зерттелуі жайындағы мәліеттер. “Күлтегін” жырының көркемдік ерекшеліктерін көрсету. Қазақ эпостары мен “Күлтегін” жырының арасындағы үндестік және ондағы ерекшелікті ажырату.
Лекция мәтіні:

1. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Білге қаған”, “Тоныкөк” жырлары деп аталады. Бұл жырлар – ежелгі түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы Күлтегін (684 – 731 ж), оның ағасы Білге қаған (683 – 734 ж) және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қарт Тоныкөк туралы тасқа қашалып жазылған әдеби жәдігерліктер.

Бұл ескерткіштердің табылғаны туралы алғашқы хабарды XVIII ғасырдың бас кезінде Н. К. Видзен, С У. Ремезов және Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д. Г. Мессершмидтің мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Орыс География қоғамы 1889 ж Монголияға арнайы экспедиция ұйымдастырып, оны белгілі саяхатшы әрі ғалым Н. М. Ядринцев басқарып барады. 1891 жылы В. В. Радлов та сонда барып, бірқатар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Дания ғалымы В. Томсеннің бұл ескерткіштерді оқудың кілті ашқандығы туралы жоғарыда айттық, ғалымның, ең алдымен, оқыған сөздері “тәңірі”, “түрік” деген сөздер екен.

В. В. Радлов та өз бетінше руна жазуының он беске жуық әрпін анықтайды да, кейін тастардағы мәтінді толық оқып, оны аударма жасап шығады.

2. Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз:


    1. қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма. Бұған В. В. Радлов, П.М. Мелиоранский, С. Е. Маловтардың аудармасы жатады.

    2. И. Степлеваның өлең аудармасы

Аталмыш ескерткіштер түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи мәліметтер береді, сондай – ақ VI – VIII ғасырды түріктердің поэзиясын, әдебиет үлгілерін танытатын көркем туынды болып табылады.

Жәдігерліктердің жанры туралы әр түрлі пікірлер бар. И. В. Стеблева поэзиялық туындыға жатқызса, Н. Шербак шежіре, тарихи деректер беретін қара сөз үлгісіне балайды. Ал М. Әуезов, Ә. Марғұлан және М. Жолдасбековтер қазақ батырлар жырына ұқсатып, эпикалық мұраға жатқызады.



3. “Күлтегін” жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-біріне тығыз байланысты 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді.Оның бірінші циклы – қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші цикл – Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, үшінші цикл – түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді, төртінші цикл – көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме, бесінші цикл – табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайынды хикая, алтыншы цикл – түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған, жетінші цикл - түркі халқының даңқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр, сегізінші цикл – осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.

4. Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдің өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен тұратын болған:

    1. оқиғаның басталуы;

    2. сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;

    3. осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні

Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері – мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының, классикалық үлгілері болып табылады.

Бұл ескерткіштер түркі елінің VI – VIII ғасырларындағы қоғамдық - әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет – ғұрпын, наным – сенімін, өзіндік поэзиясын, тілін танытатын және жазба әдебиеттің өсіп - өркендеу процесін, халықтық эпостың табиғатын, сөз өнерінің түп – тамырын зерттеп білуде ғылым үшін аса құнды материал болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы дастандар.

  2. Орхон жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы, аударылуы және зерттелуі.

  3. “Күлтегін” жырының көркемдік ерекшеліктері.

  4. Қазақ эпостары мен “Күлтегін” жырының арасындағы үндестік.

  5. Көне түркі жазуын зерттеген ғалымдар және олардың еңбектері

  6. Орхон жазба ескерткіштері және Түрік қағынатындағы тарихи шындық.

  7. Тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы

  8. Руна жазуын оқылуы, аударма жасалуы жолдары

3 лекция. Тақырыбы: Қорқыт ата кітабы (“Китаби дедем Коркуд”)


Жоспары:

  1. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.

  2. “Қорқыт ата кітабы” – оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші

  3. “Қорқыт ата кітабының” қолжазба нұсқалары, зерттелуі.

  4. Қорқыт ата – кемеңгер философ.


Лекция мақсаты: Қорқыт ата ақиқат пен аңыз кейіпкері екендігін көрсету. “Қорқыт ата кітабы” – оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. “Қорқыт ата кітабының” қолжазба нұсқаларының зерттелу жайы. Қорқыт ата кітабындағы философиялық ой-толғамдарын студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні:

1.‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.

‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.

Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі - ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).

2. ‘’Оғыз-наме’’ аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. “Оғыз-наме” –қырықтан аса цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда “Оғыз қаған” туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды. Олар : бірінші - оқиғаның басталуы, екінші – оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі, үшінші – оқиғаның түйіні, қорытынды.

“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:

1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.

“Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.

3. Дастанның оқиға желісі ақиқат пен аңызға бірдей негізделген . Мұндағы мәліметтерді ғалымдар екі топқа бөліп қарастырады: 1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген деректер. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер.

“Оғыз-намені” ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға бөліп қарастырады: 1. оғыз-түркмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпаларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер. 3. оғыз елінің көрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар.



4. “Оғыз-наме” аса маңызды тарихи шығарма ғана емес. Сонымен бірге, ол ғажайып әдеби ескерткіш болып табылады. Мунда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.

Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мунда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т.б. бар.

Қорыта айтқанда, “Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.

  2. “Қорқыт ата кітабы” – оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші

  3. “Қорқыт ата кітабының” қолжазба нұсқалары, зерттелуі.

  4. Қорқыт ата – кемеңгер философ.

  5. «Қорқыт ата кітабындағы» философиялық ой-толғамдар

  6. Қорқыт атаның сиқырлы күйлері

  7. Қорқыт атаның өсиеттері

  8. Қорқыт атаның ғибрат сөздері

  9. Қорқыт атаның мақал-мәтелдері

  10. Қорқыт ата мұрасының зерттелуі

  11. «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан яки оғыз-намеден тұратындығы

4 лекция. Тақырыбы: “Оғыз-наме”(Оғыз-қаған эпосы)


Жоспары:

  1. «Оғыз-наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма.

  2. Оғыз қаған – жазба шежіре мен аңыз шежіресінің тарихи кейіпкері

  3. “Оғыз-наме” эпосының сюжеттік желісі.

  4. “Оғыз-наме” эпосы және қазақ әдебиеті.


Лекция мақсаты: «Оғыз-наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма екендігі. Оғыз қаған – жазба шежіре мен аңыз шежіресінің тарихи кейіпкері жайында тоқталу. “Оғыз-наме” эпосының сюжеттік желісі және ондағы “Оғыз-наме” эпосы және қазақ әдебиеті жайлы деректерден студенттерге жан-жақты мәлімет беру.
Лекция мәтіні:

1.‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.

‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.

Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі - ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).

2. ‘’Оғыз-наме’’ аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. “Оғыз-наме” –қырықтан аса цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда “Оғыз қаған” туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды. Олар : бірінші - оқиғаның басталуы, екінші – оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі, үшінші – оқиғаның түйіні, қорытынды.

“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:

1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.



3. “Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.

Дастанның оқиға желісі ақиқат пен аңызға бірдей негізделген . Мұндағы мәліметтерді ғалымдар екі топқа бөліп қарастырады: 1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген деректер. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер.

“Оғыз-намені” ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға бөліп қарастырады: 1. оғыз-түркмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпаларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер. 3. оғыз елінің көрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар.

4. “Оғыз-наме” аса маңызды тарихи шығарма ғана емес. Сонымен бірге, ол ғажайып әдеби ескерткіш болып табылады. Мунда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.

Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мунда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т.б. бар.

Қорыта айтқанда, “Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
Бақылау сұрақтары:


  1. «Оғыз-наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма.

  2. Оғыз қаған – жазба шежіре мен аңыз шежіресінің тарихи кейіпкері

  3. “Оғыз-наме” эпосының сюжеттік желісі.

  4. “Оғыз-наме” эпосы және қазақ әдебиеті.

  5. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары

  6. «Оғыз-наме» эпосының жанры

  7. «Оғыз-наме» эпосының композициясы

  8. «Оғыз-наме» эпосының өзіне тән ерекшеліктері

  9. «Оғыз-наме» эпосының қаһармандары

  10. «Оғыз наме» және «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер

  11. Оғыз батыр туралы эпостың тілі.

  12. Көркемдеу әдістері

5 лекция. Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби


Жоспары:

  1. Әл-Фараби дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы, әмбебап ғалым

  2. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалары бойынша жазған зерттеулері.

  3. Әл-Фараби - әдебиет теориясын зерттеуші ғалым.

  4. Әбу Насыр әл-Фараби – ақын.


Лекция мақсаты: Әл-Фараби дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы, әмбебап ғалым ретінде танылуы, Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалары бойынша жазған зерттеулері туралы мәліметтер топтастыру. Әл-Фараби - әдебиет теориясын зерттеуші ғалым және де Әбу Насыр әл-Фараби – ақын екендігіне тоқталу.
Лекция мәтіні:

1. Әбу Насыр әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.

Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп. те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал. шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп. атаған. Сол бо йынша, ұлы ұстаз Әл-Фараби атанып кеткен.

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдат, Қорасан, Дамаск, Каир, т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің аса көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергелерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.

Фарабидің екі жүзге жуық трактаттары белгілі. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор роль атқарды.

Фарабидің ”Ақылдың мәні туралы трактат”, ”Данышпандықтың інжу маржаны”, ”Ғылымдардың шығуы”, ”Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, ”Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, ”Риторика”, ”Софистика”т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.



2. Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақыт жолын сілтеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “Бақытқа жету жайында” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.

Фарабидің әдеби мұрасын меңгеруде оның “Өлең кітабын” жан-жақты зерттеп оқып, үйренудің мәні зор.

“Өлең кітабында” автордың айтпақ болған басты пікірі - өлеңнің ішкі мән-мағынасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық тұрғыдан үндесіп тұруы тиіс. Поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, үні, өлшемі, т.б. бір-бірімен үндесіп, дәлме-дәл келіп жатқанда ғана ол оқырманның ойынан шығады. Дарынды шайыр құдды шебер ұста секілді. Қарапайым сөздердің өзінен-ақ таңғажайып өрнектер жасайды.

3. Әл-Фарабиді өлең табиғатын терең зерттеуші ғұлама-ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі – “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат” болып табылады.

Әл-Фараби өзінің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат” деген еңбегінде ұстазы Аристотельдің “Поэтика” атты зерттеуіне сілтеме жасай отырып, өлең жазудағы ақындық шеберлік пен өнер жайында ғылыми ой-пікірлер айтады.

Фараби поэтикада екі түрлі құбылыс бар деп біледі Олардың бірі-софистика, ал екіншісі-еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір-біріне қайшы келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді. ”Софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама-қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.

Сөйтіп, Әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигеноссос (космогония), акустика.



4. Фараби “Өлең өнерінің қағидалары” туралы трактат деген шығармасында ақындарды үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа дарыны мол, бірақ өлең өнерінің теориясымен таныс емес ақындарды жатқызады. Екінші топқа өлең өнерімен толық таныс, өлең жазу қағидасын да, бейнелеу құралдарын да, меңгерген ақындарды да жатқызады. Ал, үшінші топтағыларды жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер дейді.

Әбу Насыр әл-Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл жөнінде әл-Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Усайба (1203-1270) және Ибн Халликон (1211-1282) өздерінің еңбектерінде әл-Фарабидің араб, парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген. Қазақ ғалымы Ақжан Машанов та Фарабидің өмір сүрген жерлерін аралап, оның ақындық мұрасын халыққа жеткізді.


Бақылау жұмысы:

  1. Әл-Фараби дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы, әмбебап ғалым

  2. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалары бойынша жазған зерттеулері.

  3. Әл-Фараби - әдебиет теориясын зерттеуші ғалым.

  4. Әбу Насыр әл-Фараби – ақын.

  5. Әл-Фарабидің философиялық трактаттары

  6. Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік және этика мәселері жөніндегі зерттелуі

  7. Ақын поэзиялық мұрасы

  8. Әл-Фараби мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының еңбектері

  9. Ақын өлеңдеіндегі оптимизм

6 лекция. Тақырыбы: Махмуд Қашғари (“Диуани лұғат ат-түрік”) “Түркі сөздерінің жинағы”


Жоспары:

1. Махмұт Қашғари - ұлы филолог, ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы.

2. “Диуани лұғат ат-түрік” сөздігінің зерттелуі, аударылуы және басылымдары.

3. Сөздіктің әдеби мәні.


Лекция мақсаты: Махмұт Қашғари - ұлы филолог, ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы екендігі. “Диуани лұғат ат-түрік” сөздігінің зерттелуі, аударылуы және басылымдары жайлы зерттеу еңбектерімен таныстыру. Сөздіктің әдеби мәнін студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні:

1. М. Қашғари – XI ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол “Диуани лұғат ат-түрік” атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады.

Болашақ ғалым Баласағұн шаһарында туылған, кейін Қашқарға көшіп келген. Оның “Қашғари” атануының себебі осында. Ол өсе келе Самарқан, Бұхара, Бағдад шаһарларында оқиды. Араб философиясымен және араб – парсы тілдеріндегі шығыстың классикалық поэзиясымен көбірек айналысады. М. Қашқаридың ерекше зейін қойып, ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі-түркі тектес түрлі ру тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т. б. болды. Осы жинаған, зерттеген материалдарының нәтижесінде ғалым тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі ғылыми еңбек жазды. Бірі - “Жавохирун-нахв фи луғотинт турк” (“Түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары”) деп аталады, бірақ бұл еңбегі бізге жетпеген. Екінші еңбегі- “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”). Бұл еңбек 1074 жылы жазылған.

“Диуани лұғат ат-түрік”-қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Мұнда тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасалады. Сондай-ақ сөздікте тіл мен әдебиетке ғана емес, сол кездегі ру- тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет – ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген. Еңбектің осындай ерекшеліктерін ескеріп белгілі кеңес түркологі А. Н. Кононов сөздікті энциклопедиялық туынды деп бағалайды.

2. “Диуани лұғат ат-түрік” – тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы “Диуани лұғат ат-түрік” табылғаннан кейін ғана “Құтты білік” дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателіктер түзетілді.

“Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Түпнұсқа сақталмаған. Қолжазбаның көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы. 1915-1917 ж. Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді.

Шығыстанушы неміс ғалымы Броккельмен бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928ж Лейпциг қаласында бастырып шығады.

Түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 ж. Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.

Тілші –ғалым С. Муталлибов сөздікті өзбек тіліне аударып, 1960-1968 ж. Ташкенттен үш кітап етіп шығарды.

Көрнекті кеңес лингвист ғалымдары Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов, А.К. Боровков, С. Муталлибов, В. Решетов т.б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Сөздіктегі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді ақын Фариза Оңғарсынова қазақ тіліне аударды.

М. Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы деуге болады.

Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем теңеулер енген.

Мұндағы әдебиет үлгілері дидактикалық сарында берілген. Ондай өлең-жырлар оқушысын оқу-білімге, өнерге, әдептілікке үндейді. Адамгершілік, мораль, этика мәселелерін сөз етеді.

Сөздікте табиғат туралы, аңшылық жайындағы, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар және қыс пен жаздың айтысы беріледі.

Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты.

3. “Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін бейнелейтін пейзаж лирикасы мен жыл маусымының ауысуына арналған өлең-жырлар болып келеді. Табиғат лирикасы да, жыл маусымын суреттейтін өлеңдер де, ежелгі заман адамдарының өзін қоршаған, өзі тіршілік ететін ортадағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсінігін, сол жөніндегі наным-сенімін аңғартады.

“Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері ішінде аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал. баққаны жырланады. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен көзге түскен батырларды көкке көтере мадақтайтын өлең жолдары “Дивани лұғат ат-түркте” жиі ұшырайды.

Қорыта айтқанда, Махмуд Қашғаридың теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік,әдеби,тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.

Бақылау жұмысы:

1. Махмұт Қашғари - ұлы филолог, ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы.

2. «Диуани лұғат ат-түрік» - түрікше-арабша түсіндірме сөздік

3. «Диуани лұғат ат-түрік» - бағалы деректері мол жинақ

4. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері

5. «Түркі сөздерінің жинағындағы» аңшылық жайындағы өлеңдер.

6. «Диуани лұғат ат-түріктегі» батырларды көтере мадақтайтын өлең жырлары

7. «Сөздіктегі» тұрмыс-салт жырлары

8. «Диуани лұғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер.

9. “Диуани лұғат ат-түрік” сөздігінің зерттелуі, аударылуы және басылымдары.

10. Сөздіктің әдеби мәні.

7лекция. Тақырыбы : Жүсіп Баласағұн. “Құтадғу біліг”(“Құтты білік”)


Жоспары :

  1. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, ғалымы белгілі қоғам қайраткері

  2. “Құтты білік” дастанының нұсқалары, зерттелуі, аударылуы.

  3. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы

  4. «Құтты білік» - дидактикалық дастан.


Лекция мақсаты: Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, ғалымы белгілі қоғам қайраткері. “Құтты білік” дастанының нұсқаларының зерттелуі, аударылуы жайында мәліметтер топтастыру. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы және оның мәні. «Құтты білік» - дидактикалық дастан ретінде танылуы.
Лекция мәтіні:

1. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһур болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.

Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден –бір әдеби мұрасы- “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Бұл дастан - қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси - өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған.

2. Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы ол “Құтты білікті” жазып болып, сол жылы оны “хандардың ханына” тарту еткен. Бұл тартуға риза болған Бограхан ақынға: ұлы хас хажиб “бас кеңесшіміз” немесе “ұлы уәзір” (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы) деген жоғары атақ береді.

Жүсіп Баласағұн саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет, т.б. мәселелерді өз дәуірінің талап –тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Жүсіп Баласағұн бір, жағынан-өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан-өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, үстем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. “Құтты білік” дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары “Адабул-мүлік” (“Әкімдердің әдептілігі”) деп, ал Мешін жұрты “Айнкүлмамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), Шығыс елдерінің әкімдері “Зийнатул-умаро” (“Әмірлердің сән-салтанаты”), парсылар “Шаһноман туркий” (“Түркілердің шаһнамасы”), турандықтар “Құтадғу біліг” (“Құтты білім”) деп атайды.



3. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:

Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр.

Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1986 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба ССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.

Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. З. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. “Құтты білік ” дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбек ССР Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.

“Құтты білік” дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы “Азия журналында” бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.

“Құтты білік” дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е.Э. Бертельс, А. Валитова, К. Каримов, С. Муталлибов сияқты совет ғалымдары мол үлес қосты.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев “Құтты білік” дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері (Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде “Құтты білік” дастанының түпнұсқаға мейлінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.

“Құтты білік” дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл-13. 000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.

“Құтты білік” дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге , яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.

4. Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір талап еткен бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, т.б. жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.

Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік , шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық, т.б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын : ауырмаса-денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса-тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам-қуаныш сезімінің құдыретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.

“Құтты білік” дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі-адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі – құрметі қандай болуы керек деген сауалға жауап берілген.

Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемелекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.


Бақылау жұмысы:

  1. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, ғалымы белгілі қоғам қайраткері

  2. “Құтты білік” дастанының нұсқалары, зерттелуі, аударылуы.

  3. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы

  4. «Құтты білік» - дидактикалық дастан.

  5. «Құтты білік» дастанындағы қаһармандар

  6. «Құтты білік» дастанындағы ел басқарған әкімдер бейнесі

  7. Дастаннның көркемдік ерекшеліктері

  8. Дастанның тәрбиелік мәні.

8 лекция. Тақырып: Қожа Ахмет Иасауи (“Диуани хикмат”) және Сүлеймен Бақырғани еңбектері.


Жоспары :


  1. “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі.

  2. “Диуани хикмат” - түркі халықтарының құнды әдеби ескерткіші

  3. «Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнеленген жыр жинағы.

  4. «Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлер.

  5. «Диуани хикматтың» зерттелуі


Лекция мақсаты: “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі ретінде танылған шығарма. “Диуани хикмат” - түркі халықтарының құнды әдеби ескерткіші екендігі. «Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнеленген жыр жинағы ретінде танылуы және де «Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлер жайлы ізденістері. «Диуани хикматтың» зерттелуін студенттерге ұқтыру.
Лекция мәтіні:

1. Ахмед Яссауи –түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.

“Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи Хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А.К. Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз –қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды.

Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сакталмаған. Ең ескі нұсқасы XV- ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887-1901ж), Стамбул (1901), Ташкент (1902-1911 ж.) баспаларының бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.

Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.



2. Түркия ғалымы М. Ф. Кепрюлю-заде Ахмет Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт - бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізінде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.

Белгілі орыс ғалымдары А.Н. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, т.б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті.

Сондай-ақ Ахмед Яссауи поэзиясының зерттеу ісіне Э.Р. Рустамов, Н. М. Маллаев, В.И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.

“Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: “шариғат”-ислам заңдары мен әдет ғұрпының жинағы, “тариқат”- сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”- дін жолын танып, оқып білу; “хақиқат” құдай және оған жақындау. Ахмед Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз”, “тариқат”, “тариқатсыз” ” маьрифат”, “маьрифатсыз” “хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.



3. Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмед Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады . Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.

Бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын Ахмед Яссауидің ғажап жырларын оқып – үйренуге, зерттеуге, жариялауға біздің елімізде соңғы кезге дейін тиым салынып келгені мәлім. Тек елімізде қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана Ахмед Яссауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу, тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады.

Бұған 1990 жылы қазан айының 23-27 жұлдызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша “Яссауи әлемі” деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгрестің материалдары толық дәлел. Ахмед Яссауи мұрасын танып – білу, оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі осы халықаралық маслихатта ерекше атап көрсетілді.

4. Белгілі әдебиет зерттеушісі Р. Бердібаев қазақ көркем сөз өнері мен Ахмед Яссауи поэзиясы арасындағы дәстүр жалғастығы туралы айта келіп, “түркі әдебиетінде жиі ұшырайтын “иман нұры” , “захар көзі”, “сырдың көзі”, “табиғаттың ләззаты”, “махаббат майданы”, “маьрифат бостандығы”, “хақиқат дариясы”, “ғашықтың дерті”, “махаббат бостандығы”, “гүл шарабы”, “көңіл кәбәбі”, “Дәрислам сарайы”, “ақиреттің азығы”, “махаббат жүгі”, “маьрифат бұтағы”, “үміт құрығы”, “шариғаттың көйлегі”, “ғашық дүкені”, “мехнаттың дариясы”, “дүрдің кені”, “жан даласы”, “шайтан жолы”, “нәпсі шайтан”... тәрізді бейнелік қатарлар бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүр айдынына апарды ”, - деп жазды.

Ахмет Яссауидің сопылық – мистикалық сарындағы ой-пікірлерін оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хикмат – жырлар жазғаны мәлім.Ғұлама ақынның ел ішінде ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді. Ақынның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған.



5. Сүлеймен Бақырғани да өзінің гуманистік бағыттағы ой - түйіндерін ислам діні қағидалары тұрғысынан түсіндіруге әрекет жасайды. Ал біз соңғы кезге дейін дін атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды ізгі қасиеттерге үндейтін ілгерішіл ролін теріске шығарып келдік. Сол себепті Сүлеймен Бақырғани өлеңдері де күні бүгінге дейін зерттелмей, жарияланбай келеді. Бертін келе Бақырғани жыр-жинаған “Бақырғани кітабы” деп атайды. Бұл жинақтағы өлеңдер өзінің тақырыбы, мазмұны, құрылысы жағынан Ахмет Яссауидің “Даналық кітабына” ұқсас болып келеді.

Бақырғани өлеңдері кезінде ел арасында ауызша да мейлінше кең тараған. Әсіресе оны ел аралаған дәруіштер көп айтатын болған. Бертін келе Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы Қазанда жеке кітап болып басылып шығады.

Сүлеймен Бақырғанидің “Ақыр заман кітабы” және “Бибі Мариям кітабы” деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-әңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық – мистикалық ой-пікірлерді уағыздайды. Сонымен бірге, бұл дастандарда оқырманды ізгі қасиеттерге үндеу сарыны да бар.

Кезінде күллі түркі тілдес халықтарды тамсандырған Ахмет Яссауи мен Сүлеймен Бақырғанидің хикмат-жырлары қазақ әдебиеті тарихынан тиісті орнын алып отыр.


Бақылау сұрақтары:

  1. “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі.

  2. “Диуани хикмат” - түркі халықтарының құнды әдеби ескерткіші

  3. «Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнеленген жыр жинағы.

  4. «Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлер.

  5. «Диуани хикматтың» зерттелуі

  6. «Диуани хикматтың» қазақ жыраулары мен ақындарына тизізген әсері .

  7. «Хикматтың» зерттелуі

9 лекция. Тақырыбы : Насреддин Рабғузи еңбектері


Жоспары :

  1. Насреддин Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдері

  2. «Рабғузи қиссалары» - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифаттар, пайғамбарлар т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.

3. “Рабғузи қиссаларының” зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы.

4. «Рабғузи қиссалары» - қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық т.б. жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер жинағы.


Лекция мақсаты: Насреддин Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифаттар, пайғамбарлар т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы болыщп табылатындығын студенттерге жеткізу. “Рабғузи қиссаларының” зерттелуі, қазақ тіліне аударылу жайы. «Рабғузи қиссалары» - қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық т.б. жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер жинағы екендігі.
Лекция мәтіні:
1. Насреддин Рабғузидің прозалық туындысы – “Қисса –сул анбия ” діни мистикалық шығармалар қатарына жатады. Еңбек сюжеттік жағынан әулие-әнбиялар, өздерін құдайдың өкілдері санайтын пайғамбарлар жайында қисса-хикаялар, ертегілер жинағынан тұрады.

“Қисса –сул анбия ” 1914 жылы Қазан, кейін Ташкент қалаларында бірнеше рет кітап болып басылып шықты. Ғалым Бейсенбай Кенжебаев “Рабғузи қиссаларын ” тақырып-мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа жіктейді :

  1. Жер, көк,адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, адам ата, от ,топырақ

жайлы түсінік, мақала, әңгіме.

  1. Әулие-әнбиялар, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әрекеттері

туралы қиссалар, ертектер, аңыздар.

  1. Шежіре-мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы он жыл ішінде

болған тарихи оқиғалар, календарь- жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер.

Еңбектің кейбір қисса -әңгімелерінде ауыз әдебиетінің сарыны, сюжеті, көркемдік тәсілдері басым болып келеді.

“Қисса-сул әнбия “, бір жағынан, діни аңыз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі –“Мухаббат-наме” дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Дастан шамамен 1350 –жылдары жазылған. Дастанның екі қолжазба нұсқасы мәлім. Екеуі де қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Қолжазбаның бірі үйғыр әрпімен, екіншісі араб жазуымен жазылған.



2. Дастанды тұңғыш зерттеген ғалым А.Н. Самойлович болды. Кейін А. М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп шықты. Өзбек ғалымдары С. Касимов, В. Валиходжаев, Н. Маллаев қазақ ғалымы А. Қыраубаева т.б. дастан жөнінде бірқатар зерттеулер жариялады.

Дастан 473 бәйіттен тұрады. Ол 11 наме (хат) түрінде берілген. Мұнда жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға негіз болған.

Ақын дастанды Алтын Орда ханы Жәнібектің әкімдерінің бірі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша жазған. Жырда ақын әкімді мақтап, таныстырып дәріптеп өтеді. Ал негізгі бөлімде жігіттің қызға деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт қызды Айға ,Күнге теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.

Дастанның басты қаһармандары-бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Алайда қыздың жігітке жазған жауап хаты дастанда берілмейді.



3. “Мухаббат-наме”- сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрылысы шебер жасалған дастан.

Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір теңсіздік мәселелеріне наразылық білдіреді. Бұл ғажайып шығарманы танып –білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, салт-санасын тереңірек ұғынатын боламыз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Насреддин Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдері

  2. «Рабғузи қиссалары» - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифаттар, пайғамбарлар т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.

3. “Рабғузи қиссаларының” зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы.

4. «Рабғузи қиссалары» - қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық т.б. жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер жинағы.

10 лекция. Тақырыбы: Тарихи тақырыпта жазылған көркем шежіре еңбектер
Жоспары:


  1. Әбілғазының «Түрік шежіресі»

2. Қадырғали Жалаиридің «Шежілер жинағы»

  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Рашидтің тарихы»

  2. Бабырдың «Бабыр-наме» кітабы


Лекция мақсаты: Әбілғазының «Түрік шежіресі» кітабы, Қадырғали Жалаиридің «Шежілер жинағы», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Рашидтің тарихы», Бабырдың «Бабыр-наме» кітаптаырның тарихилығы және сол кезеңдегі маңызды мәселерді ту еткендігі жайлы студенттерге мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірін танып –білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер зор роль атқарады.

Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде беріліп келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы білген.

Ресми шежіре-тарих ғылымының бір тармағы іспеттес. Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар сан алуан тарихи құжаттарды, жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қоса жазып отырған.

“Шежіре” деген терминнің түп-төркіні арабтың “Шәджарат” яғни “бұтақ”, “тармақ” деген ұғымнан туған.



2. Түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын ғылыми дәлдікпен, көркем әдебиетке тән бейнелі сөздермен баяндайтын көркем шежірелер қатарына Әбілғазы Бахадурханның “Түріктер шежіресін”, Қадырғали Жалайырдың “Шежірелер жинағын”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Рашидтің тарихы”, Захириддин Бабырдың “Бабыр-наме” еңбектерін жатқызамыз.

Әбілғазының “Түріктер шежіресі” еңбегі 9 тараудан тұрады. 1-2 тарауларында Адам атадан бастап, Шыңғысханға дейінгі оқиғалар, 3-5 тарауларда әлем әміршісінің Шағатай және Төле деген ұлдарынның Мауреннахр, Моғолстан, Иран және Қашқар жерінде билік жүргізуі, 7-8 тарауларында Жошы балаларының Дешті Қыпшақтағы әкімшілік істері, қазақ хандары, шешендері мен ақындары туралы әңгіме болады.

Қадырғалидың “Шежірелер жинағы ”атты шығармасы 1602 жылы Россияда жазылғаны мәлім. Мұнда XIV-XVI ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдер мен қарым-қатынасы, бірқатар қазақ хандарының генеалогиясы, сахарадағы саяси -әлеуметтік оқиғалар айтылады.

3. Шежіре - түркі тілінде жазылған, көркем проза үлгісіндегі шығарма.

М. Х. Дулатидың “Рашидтің тарихы” атты еңбегі көркемдік ерекшеліктері, көріктеу құралдары, тұрақты сөз тіркестерін шебер қолдана білуі жағынан көркем туындыға жақын тұр. Мұнда XIV-XVI ғасырлар аралығында Моғолстан мен Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалады. Еңбек екі дәптерден тұрады. Бірінші дәптерде Моғолстанда билік жүргізген хандардың шежіресі беріліп, сондағы халықтың тарихы баяндалады. Ал екінші дәптерді автор мемуарлық сипатта жазған. Мұнда қазақ елінің өз көршілерімен қарым-қатынасы кең көлемде жан-жақты суреттелген.



4. Көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды қаламгер, ғұлама ғалым Захириддин Мухаммед Бабырдың (1483-1530 ж) есімін әлемге мәшһүр еткен прозалық шығармасы-“Бабыр-наме ” болып табылады. Бұл шығарма қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысты туынды.

“Бабыр- наме”- құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, нағыз көркем туынды. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, көріктеу құралдары толық дәлел.

Кезінде қазақтың оқыған зиялылары “Бабыр-намені” қазақ халқының тарихы туралы жазылған шығарма деп таныды. Мұнда қазақ қауымының XV-XVI ғасырлардағы тарихына, рухани өміріне тікелей қатысты деректер көптеп кездеседі. Бұл мемуарлық еңбек түркі тектес халықтардың бәріне бірдей түсінікті шағатай тілінде жазылған.

“Бабыр-наме”-қазақ елінің шежіресінен сыр шертетін, аса құнды көркем туынды.


Бақылау сұрақтары:

1. Әбілғазының «Түрік шежіресі»

2. «Түркі шежіресінің» алғаш табылуы

3. «Түркі шежіресінің» басқа тілдерге тәржіма жасалуы

4. «Түркі шежіресінің» түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі

5. Қадырғали Жалаиридің «Шежілер жинағы»

6. «Шежірелер жинағы»: тұрақты сөз тіркестерінен, қанатты сөздерден, мақал-мәтелдерден тұрады.

7. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Рашидтің тарихы»

8. «Тарих-и Рашидидің» зерттелуі, аударылуы.

9. Бабырдың «Бабыр-наме» кітабы

10. «Бабыр -наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет