Томсон моделі. 1904 жылы Томсон бірінші болып атом моделін ұсынды. Томсонның айтуы бойынша диаметрі 1 Ангстремге тең шеңбердің ішінде оң заряд бірдей тығыздықпен шашыратылған, ал осы зарядтардың ішінде электрондар бос жүреді.
Резерфорд моделі. 1911 жылы ағылшын ғалымы Резерфорд планетарлық модель ұсынды. Резерфорд моделі бойынша атомның ішіндегі оң зарядты ядроны теріс зарядты электрондар қоршап, айналып жүреді. Оң заряд атомның ортасында шоғырланған.
Мозли заңы.1912-13 жылдары электрон саны туралы Мозли жаңалық ашты. Мозли заңы “Рентген спектрінің белгілі бір толқын ұзындығының кері мәндерінің квадрат түбірі элементтердің периодтық жүйесіндегі реттік нөміріне (Z) сызықты тәуелділікте болады”: