Ресми ұйым басшының еркімен құрылады. Ол құрылғаннан кейін ұйым ұйым ғана болып қоймай, адамдар басшылық органдардың ережелеріне сай емес қарым-қатынас жасайтын әлеуметтік орта да болады. Әртүрлі топ ішіндегі адамдар бір-бірімен жиналыс кезінде, жұмыстан кейін және басқа бос уақыттарда араласып тұрады. Осы әлеуметтік өзара қарым-қатынастардан бірнеше достық топтар, яғни бейресми топтар жиыны – бейресми ұйымның сипаттамасын береді.
Бейресми ұйым– ішкі себептермен пайда болған, белгілі бір мақсатқа жету үшін жүйелі түрде өзара қарым-қатынаста болатын және өзара пайда болған адамдар тобы.
Ресми ұйымдарға ұқсас бұл мақсаттар бейресми ұйымдардың қалыптасуының себебі болып табылады. Үлкен ұйымдарда бейресми ұйымдардың бір-бірімен байланысып жатқан тармақмалған жүйесі болады. Ресми ұйымның қызметкерлері шешетін міндеттердің, тапсырмалардың сипаты оларды әркашанда бір-бірімен араласып, өзара іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Мұндай үдемелі әлеуметтік қарым-қатынастардың орынды нәтижесі ретінде өз еркімен пайда болған бейресми ұйымдарды қарастыруға болады.
Ресми ұйымдар мен бейресми ұйымдардыңортақ көрсеткіштері де бар болады; яғни иерархияның бар болуы; лидерлік және міндеттер. Өз еркімен пайда болған ұйымдарда жазылмаған ережелер болады. Ал жазылмаған ережелерді – нормалар деп атайды, оларды ұйым мүшелері – тәртіптілік көрсеткіші ретінде қарастырады. Бұл нормалар марапаттау мен санкциялар жүйесі арқылы нығайтылып отырылады. Ресми ұйымдар алдын-ала жоспарланған түрде, ал бейресми ұйымдар ішкі көзқарастарға байланысты болып құрылуы, олардың ерекшеліктерін көрсетеді.
Адамдардың ресми ұйымдарға кіруінің негізгі себептері төмендегідей: · ұйым мақсатына жету үшін өз үлесін қосқысы келеді;
· үлкен табыс іздейді;
· осы ұйымды жұмыс істеу беделіне қызығады.
Ресми ұйымның құрылымы мен түрі басшы органдарымен саналы түрде жобалаудың көмегі арқылы жасалынады, ал бейресми ұйым құрылымы мен түрі әлеуметтік қарым-қатынастар нәтижесінде қалыптасады.