Лекция №11 «Мәдени ландшафт»



бет3/5
Дата15.06.2024
өлшемі21,33 Kb.
#203383
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
11 лекция

Мәдени ландшафт феномен есебінде монастрлық кешендер, ансамбльдер, төбелесу алаңы, археологиялық кешендер, тарихи, ауылдық, қалалық, зауыттық ландшафтылар қарастырылады.
Бап 1. Әлемдік конвенция бойынша мәдени ландшафт «адамдар мен табиғаттың бірге жасағаны» болып есептелінеді. Олар адамдар қоғамының ғасырлық эволюциясын иллюстірлейді, яғни адамдар қоғамының жаратылыс ортасының жағымды немесе\және жағымсыз физикалық факторларымен әсер етеді. Сонымен қоса бір бірлерін әлеуметтік, экономикалық, мәдени факторлармен және ішкі және сыртқы факторлармен ауыстырылып отырады. Мәдени ландшафтыны таңдауда екі факторда есепте болуы тиіс: ландшафтының мағынасы
«Мәдени ландшафт » термині адамдардың қоршаған ортамен байланысы толығымен қарастырады. Көптеген оқиғаларда мәдени ландшафт спецификалық технологиялардың жерді орналастыру тұрақтылығын көрсетеді, яғни табиғи ортаның мүмкіншіліктері мен мінездемесіне байланысты және олар табиғатпен рухаи байланыста болады. Мәдени ландшафтыларды сақтау жерді қолданудың заманауи әдісін дамытуға үлес қосуы мүмкін. Сонымен қоса ландшафтының табиғи сақтау мен дамытуына өз үлесін қосады. Әлемдегі көптеген мемлекеттердің аумақтарында жерді қолданудың әртүрлі биологиялық дәстүрлі әдістерді қолдануын жалғастыруда.Осылайша дәстүрлі мәдени ландшафтылар био әртүрлікті сақтауға көмектеседі.
Барлық мәдени ланшафтылар типологияға сәйкес үш категорияға бөлінеді: мақсатқа қарай құрылғандар (clearly defined or designed landscapes), табиғи дамыған (organically evolved landscapes), оның арасында реликтілер субкатегориясы (relict or fossil landscapes) және дамушы (continuing landscapes) ландшафтылар және ассоциативтік (associatives) ландшафтылар.
Типология, ЮНЕСКОның ұсынысы бойынша типология екі логикалық құраушыдан тұрады: біріншіден, табиғи ландшафтының мәдени меңгеруі мен қайта оқытылған деңгейі (мақсатқа орай құрылған ландшафтылар және әрине дамушы және ассоциативті) және екіншіден, ландшафтының өміршеңдігінің іріктелуі (реликті, өзі дамушы ландшафтылар). Ландшафтыға берілген бірінші мінездемесі бойынша оны әртүрлі формамен және оны құру әдістерімен қарастыруға болады, ал екіншісі ландшафтының әлсіздігімен сипатталады. Екеуіде ландшафтының идентификациясында маңызды және олардың обьектке деген басқару стратегиясын анықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет