12 жылдық білім берудің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері
Лекцияның жоспары:
1)Білім беру жүйесі. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты.
2) 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары
3)12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі
1)Білім беру жүйесі. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты.
Қазіргі ғалым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел эканомикасының қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көзқарасының заман талапбына сай өзгере бастағаны олардың өмірсүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл-әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешімін тауып жатады.
Білім беру жүйесі-әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрлым.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда.
12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуде жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-анасының саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс.
Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білімі мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі артып, жандана түсуде. «Білім сапасы» атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте XXI ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектептердің 12 жылдық, тіпті 13 жылдық мектепке айналдуынан көрініс тапты. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңестігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан эканомиткалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына , Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқушыға берілетін білімді қоғамның қазіргі әлеуметтік эканомикалық сұранысына сәйкестендіруді, білім беру тәсілдерін оқушының өз іс-әрекетіне басшылық жасауға жетелейтін негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды, жеке тұлғаның дербес дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға игі ықпал ету болып табылады.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек, бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай иоқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз.
Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отырмыз. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті-баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру.
Бүгінгі біз өмір сүріп отырған уақыт кезеңі өткен ұрпақтың заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай біліуіне, дұрыс таңдау жасауына , бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ.
Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық,т.б. Олар оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті құзіреттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.
2) 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі-баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашықжеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуметін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның эканомикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Оның жаңа құрлымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Достарыңызбен бөлісу: |