Ал, 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12-сыныптар) - бейіндік оқыту енгізіледі.
Мұндағы басты мақсат-оқытудың даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократилландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың қоғам үшін қажеттігін айқындайды.
Ал 12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білінуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландаратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |