Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


-саты-бастауыш мектеп (1-5-сынып)



бет15/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

1-саты-бастауыш мектеп (1-5-сынып), білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы-5 жыл. Мектепке бала 6 жастан қабылданады. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.Бүгінгі күні баланы 5 жастан бастап тәрбиелейтін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті.

Ал 6 жасар баланы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ-тәжірибеден өтуде.

Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылды.

2-саты-(6-10-сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап , оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүнитанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқұытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет