2) Әлемдегі әр елдің оқуды бағалаудағы негізгі ерекшеліктері:
Әлемдегі әр елдің оқуды бағлаудағы негізгі ерекшелігін төмендегідей тұжырымдауға болады:
1. Жалпылык бағалаумен бірге жеке айырма-шылыкка да көніл бөлу аркылы бағалау көрсеткішінін кәп негізділігін жузеге асыру.
Қоғамның қарыштап дамуына, білімнің қисапсыз молаюына, бәсекенің күн санап шиеленісуіне ілесіп, тек білім мен қабілетті ғана дамытуға қойылатын талаптар, қазіргі қоғамның адамзат баласының дамуына қоятын талабынан әлдеқайда қейін қалды. Адамдар мамандықтың нәтижесіне көңіл бөлумен бірге, жеке дамудың басқа жақта-рына да назар аудара бастады. Мысалы, белсенді үйрену позициясы, жаңалық ашу рухы, мәселеге талдау жасап шешім ету қабілеті, сондайақ өмірге дұрыс көзқарасы және құндылық көзқара-сы, т.б. жақтарына ден қоя бастады. Оқушының нені үйренгенінен бастап қалай үйренуді, қалай өмір сүруді, қалай селбесуді, қалай адам болуды үйренді ме, жоқ па? — деген нәрсесіне дейін тек-серу жүргізу және жалпылай бағалау қажет болды. Айталық, Франция елінде оқушылардың үйре-ну позициясын бағалауды ерекше дәріптейді де, үйрену нәтижесін бағалауды екінші орынға қояды. Ұлыбританияда 1999 жылы жарияланған мемлекеттік стандартта 4 түрлі даму нысанасын және турлі негізгі қабілетті дәріптейді, т.б.
3. Сапалык бағалауды дәріптеу, сапалык бағалау мен сандык бағалауды ұштастыру аркылы бағалау әдісінін кеп негізділігін жүзеге асыру.
Сандық бағалауды әсіре дәріптеуіне қарағанда сапалық талдауға біртіндеп өзгеру қажет. Объективтілік пен сан-цифрға талпыну дүниедегі барлық елдің оқытуды бағалаудағы даму бета-лысы болғанымен, бірақ, бүгінгі куні бағалау маз-мунының жан-жақтылануына орай, бағалауды тек санцифр формасында ғана бейнелену, бір адамның даму жағдайын бағалап мінездеме беруде туйыққа тіреліп, жалаң және үстірт болатыны, оқушы дамуының жанды да жалындылығын және мүмкіндігінің ұшан-теңізділігін, жеке басындық қасиетін, тырысуы мен алға басу жағдайын бір топ абстракты цифрға айналдырып жіберетіні белгілі болды. Сөйтіп, сандық бағалау тәлім-тәрбиедегі ең мәнді, ең негізгі мазмүнды жоғалтып алып отырады. Сапалық бағалау әдісі жан-жақты, терең де шынайы болып келеді де бағалау объектісінің ерекшелігі мен даму беталысының артықшылығын елестету үлгісімен қолдауға ие болып, соңғы 30-ға жуық жылдан бері дүниедегі әр елдің білім беру реформ.асы дәріптеп келе жатқан бағалау әдісіне айналды. Айталық, АҚШ-тың "мемлекеттік ләндік сабақтар стандартындағы" бағалау әдісі қағаз жүзіндегі бағалзудан тыс, оқушының сыныптағы ісқимылын ескеру және мазмүндық тексеру, жазбаша баяндау, тапсырма орындау жағдайы сын-ды ашық түрдегі әдістерін де қамтиды. Ал Ұлыбританияда шабыттандыру сипатындағы мінездеме оқушының дамуын алға бастырады деп қарайды, сондай-ақ мүғалім бағалауда бетпе-бет әңгімелесу әдісін қолданумен бірге, іоқимылын бақы-лау мен есепке алу әдісіне де назар аударады. Ал "фортполио", "үйрену күнделігі" және "жағдай-ды тексеру" қатарлы сапалық бағалау әдісі бүгінгі күні біршама мән беру мен қүптауға ие болуда. Назар аударуға татитыны, сапалық бағалау мәні жағынан сандық бағалауды қақпайламайды (шетке қақпайды), қайта ол сандық бағалаудың нәтижесін үнемі сәйкесті түрде пайдаланып отырады. Сондықтан сандық бағалау мен сапалық ба-ғалауды үштастырып, көп түрлі бағалау әдісінен пайдаланып оқушының даму жағдайын таза әрі дүрыс бейнелеуге болады.
4. Әзара араласуды дәріптеу. әзін-өзі бағалау мен әзгенін бағалауын сәйкестендіру, түлғаны бағалаудын кеп негізділігін жузеге асыру.
Бағаланушы бағалауды ырықсыз қабылдаушы болып қана қалмай, қайта белсенді түрде бағалаушы қатарына біртіндеп қосылуы керек. Бағаланушы бағалаушы мүшенің біріне айналуы, сонымен бірге бағалаушы мен бағаланушы арасында өзара араластық күшейтіліп, бағаланушының тұлғалык, орнын көтеру қажет, сөйтіп бағалау белсенді ара-ластықта болып, өзара ой алмасатын, өзара тәрбиелейтін, өзара дамитын процеске айналады. Сонымен бір уақытта, өзара кеңесу барысында екі жақтың түсіністіктері мен белсенділіктері артып, достықта, тепе-тең дәрежеде және демократия-лы бағалау байланысы қалыптасады да, ендігі жерде бағаланушы өзінің араласуымен ортақ шы-ғарылған бағалауды ризалықпен қабылдайтын болады, бұл бағаланушының үздіксіз дамуын алға бастыратыны даусыз.
5. Процеске мән беріп, нәтижеге карай баға-лау мен қалыптасу сипатындағы бағалауды езара уштастырып, бағалау көрсеткішін жанартуды жузе-ге асыру,
Нәтижеге мән беруді асыра дәріптеуге қара-ғанда процеске назар аударуға біртіндеп ауысу керек. Нәтижеге мән беретін аяқтау сипатындағы бағалау "өткенгі" бағалауды негізге алады. Ал про-цеске мән беретін қалыптасу сипатындағы баға-лау "болашақты" беіке алып, даму сипатындағы бағалауға мән береді. Дәстүрлі бағалауда оқушы-нын, ойлау процесін бағалау кемшіл болады да, олардың тек қорытындыға ғана мән беріп, процес-ке мән бермейтін жаңсақ таным мен әдетті оңай қалыптастырып алуына апарып соғады. Бұл жақ-сы идеялық моральдың қалыптасуына пайдасыз болуымен бірге, оқушының мәселе шешудеп икемділігі мен жасампаздығын да шектейді. Жа-қын жылдардан бері бағалау өзегін көптеген оқушылардын, білім жолындағы ізденіс процесіне, зерттеу процесі мен тырысу процесіне біртіндеп өзгертіп, оқушының әр оқу тоқсанындағы алға басу жағдайына назар аударыла бастады. Тек процес-ке мән бергенде ғана бағалауды оқушы дамуы-ның аяқ алысына ішкерілей сәйкестендіріп, оқушы-лардың даму процесінде кезіккен мәселелері мен тырысу арқылы қол жеткізген жетістіктерін дер кезінде түсінуге болады. Осылай болғанда ғана оқушының жалғасты дамуы мен алға басуына өнімді түрде жетекшілік жасауға, бағалаудың да-муды алға бастырудағы рөлін сәулелендіруге бо-лады. Сапалық бағалау әдісі қалыптасу сипатын-дағы бағалауды мүмкіндікпен және шарт-жағдай-мен қамтамасыз етеді. Процеске назар аудару — аяқтау сипатындағы бағалау мен қалыптасу си-патындағы бағалауды өзара үштастырып, бағалау өзегін өзгертуді жүзеге асыру дүниедегі әрбір елдің дамуды бағалаудағы тағы бір ерекшелігі саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |