Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет31/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

2. Бейіндік білім беру мекемелері

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте өткен дәрісінде: «Әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру міндеті тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжірибелері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар ендіретін болса», - деп атап өтті.

Даму үстіндегі қоғамға әртүрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Мәселелерді шеше алу және команда құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола білу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу сияқты қасиеттер де талап етіледі.

Қазақстандық білім берудің қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын кадрлық тұрғыдан қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысы кәсіби тұрғыдан өз орнын табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану қабілеттілігін дамыту міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр. Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады.

Мектептің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкішіліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді. Бейіндік білім беру жүйесі – жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы. Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.

Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:

- оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау мазмұнының кәсіби біліммен сабақтастығы;

- бейіндік пәндер бойынша дайындықтың тереңдігі;

Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүрлеріне тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта білім беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп болған, әрі табысты түрде жұмыс істеуде. Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясатының негізін құрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.


Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:

- оқу орындарын әр түрлі типтер бойынша бөлу;

- бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу;

- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.

Көбіне бейіндік «аға» мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшеленеді: мысалы Францияда – лицей, Германияда – гимназия, АҚШ-та «жоғарғы» мектеп. Оқу орнының ішінде оқытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-ші сыныптан бастап 6-шы сынып бойынша барлық оқушылар жалпы түрде бірдей дайындық алады, 7-ші сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғастырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академиялық және көбіне қолданбалы және бейіндік пәндерден тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқыту жүргізілетін кәсіби. Бөлшектеп саралау және әртараптандыру идеялары топтық оқытуды ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойынша ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілеттері, мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламаларының деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және тағы басқа. Бейіндік дайындықты ұйымдастыру білім алушының жеке оқу жоспарын қалыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ және т.б). Әдетте мектеп оқушылары (кредиттердің) ұзақтығы бір семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстарының) саны негізгі мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда «аға» мектепте оқу бағдарламаларының екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА жүйесі қолданыста, оның шеңберінде оқу пәндері П – кәсіби курс, Р – кеңейтілген курс, о – негізгі курс, А – бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте міндетті және таңдап алынған бейіндік пәндердің көбісі жоғары деңгейде оқытылады.

Жоғары бейіндік мектепті аяқтағаны туралы дипломдар (куәліктер), әдетте, жоғары оқу орындарына (медициналық және әскериден басқа) емтихансыз түсу үшін негіз болып табылады және оқушылар игерген бағдарламаларға және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты әр түрлі деңгейлік болып табылады. Бейіндік оқытудың шетелдік жүйелеріне жүргізілген талдау бейіндік оқытудан өткен мектеп оқушыларының үлесі өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр (қазіргі уақытта кемінде 70 ), ал ол өз кезегінде бұл жүйенің қажеттілігін және оның оқушылардың сұраныстарына сай келетінін көрсетіп отыр.

Қазақстанның тәуелсіз мемлеке ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағытталған жүйені құрудың орасан зор мәні бар. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы (1991 ж) мемлекеттік саясаттың бірқатар ең негізгі принциптерін белгіледі, оның ішінде: жалпы орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың кәсіби бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар, колледждер) құру. 1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағдайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Кеңестік мектептің біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің мазмұнын жаңарту жолдарын іздеу ҚР-ның ЖМББМС туралы ережеде, ҚР-ның жалпы білім беру мектебін дамыту тұжырымдамасында және жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты. Бұл құжаттарда мектепті гуманитарлық және жеке даралық білім беруге құру, оқушылардың ынталарын ескере отырып, оқытуды жаратылыстану-математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби техникалық бағыттар бойынша бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық міндетті пәндер бойынша білім беру стандарттарының және оқу бағдарламаларының бірінші варианттарында жүзеге асырылды.

ҚР-ның 2003-2002 МЖБС-да жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары қарай дамуда. Қазақстандағы мектептік білім беру реформасын жүзеге асыру аясында ҚР МЖБС-2002 ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап 10-11-ші сыныптарда қоғамтану-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқушыларды бейіндік оқыту енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың екі бағыты бойынша пәндік бағдарламалар әзірленеді. Стандартты енгізу тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім беру мектептерінің 10-шы сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік оқулықтарды және оқу әдістемелік кешенді (ОӘК) жасаумен нығайтылған. Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды, әрі мектептің жоғары сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибе жинақталды. Сонымен бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі мәселелердің пайда болуымен қоса жүруде.

Мектептердің басым бөлігінде бейіндік пәндердің икемді емес жиынтығынан құралған бейіндік оқу жоспарларының қатаң варианттары бекітілген. Кішігірім ауыл мектептерінде бейіндік сыныптардың құрылуына байланысты да мәселелер пайда болуда. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп оқыту). Бейіндік оқыту принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра алатын мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр. ҚР-дағы мектептік білім беруді реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығының қазіргі сатысында бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда жеткілікті іс-тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, оқытуды бейіндендіруді жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелерінің (гимназиялар, лицейлер, мамандандырылған мектептер, РО-тар және басқалар) жүйесі әзірге нашар дамыған.

Білім беру жүйесін дамытудың болашақ бағыттарын анықтайтын нормативтік-құқықтық құжаттарда: Қазақстандағы білі беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР-ның 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында оқушылардың кәсіби және азаматтық тұрғыдан саналы түрде өзін-өзі тани білуі үшін мектептің жоғарғы сатысында әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды ұйымдастыру қарастырылған. Ұсынылатын әрбір бағыттың ішінде оқушылардың таңдауы бойынша бейіндік және элективтік пәндердің әртүрлі бейіндерді ұйымдастыру қарастырылған.

12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартудың негізгі идеясы мынада: ол анағұрлым дараланған, функционалды және тиімді болуы тиіс. Мектептің жоғарғы сатысына қатысты алғанда білім беруді қайта құру стратегиясының негізгі принциптері осыған сүйенеді:

- Өзінің құқықтары мен міндеттерін анық білетін, қолда бар мүмкіншіліктер мен ресурстар спектрін көре білетін әрі таңдап алған тұғырын кез-келген әлеуметтік кеңістікте табысты түрде іске асыра білетін, әлеуметтік тұрғыдан көзі ашық және икемді жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған мақсатты бағыт;

- Білім, дағды және шеберлік жүйесін көшіруден оқушылардың функционалдық сауаттылығын және тіршіліктің әртүрлі салаларындағы қоғам өзгерістеріне байланысты туындайтын мәселелерді дербес шешуге мүмкіндікті қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналған қазіргі кезде басым болып тұрған білім беру парадигмасының біртіндеп бағытын өзгерту;

- Оқушылардың білім беру бағытын дараландыру, оқушылардың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Оқушылардың жеке білімдік сұранысын қанағаттандыру үшін бейіндік білім беруді енгізу жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысының жұмыс істеуінің басым бағыты болып табылады. Бейіндік білім беру – оқушылардың тұлға ретінде өз жолын табуын қамтамасыз ететін оқытуды жеке дараландыру және бөлшектеу принципі іске асатын жалпы орта білім берудің соңғы сатысы. Бұл жоғары сынып оқушыларының қабілеттері, мүдделері және сұранысы ескерілетін, оқушылардың танымдық және кәсіби ниетіне сәйкес олардың барынша дамуына шарттар жасайтын оқу әрекетін ұйымдастыру жүйесі. Бейіндік білім беру барлық жалпыға орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады және қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстары ескеріле отырып құрылады. Білім беруді бейімдендіру алынған терең білімдердің және кәсіби дағдылардың негізінде еркін қимылдауға, өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және тез өзгеретін өмірде өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына бағытталған. Бейіндік білім берудің негізгі параметрлері мен сипаттамасы дамудың тарихи, әлеуметтік және педагогикалық ағымдары, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне қосылу перспективасы ескеріле отырып жобаланған. Осы стандарт оқытуды бейімдендіру, білім алуды үш бағытта білім алуды жалғастыру үшін оқушылардың таңдап алған оқу пәндерін терең игеруін қамтамасыз етеді. Оқытуды бейімдеудің бағыты – белгілі білім салаларындағы топтық пәндерді жоғары деңгейде оқып үйренуді қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдық формасы. Оқудың бейіндік бағыттарын таңдау оқушылардың сұраныстарына, ата-аналардың пікіріне, мектептің мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады. Оқу үрдісіне қатысушылардың жеке мүдделерін ескеру бейіндік оқуды таңдау кезінде іске асырылады. Бейіндік оқу – оқу бағытының ішінде оқушы таңдап алатын, оқушының танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын іске асыруға бағытталған бейіндік пәндердің және элективті курстардың жиынтығы. Оқушының әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту бейіндік оқытуды енгізудің мақсаттарының бірі болғандықтан, білім беру ұйымы белгілеген рәсімдерге сәйкес өз таңдауын және оқу бейімін өзгертуге оқушының құқы болуы тиіс.

Білімнің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту міндеттері жалпы орта білім берудің жаңа базистік оқу жоспарына (БОЖ) жауап береді.

Жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысы үшін әрбір бағытқа арналған оқу пәндерінің жиынтығы және оларды оқып үйрену деңгейі инвариантты (базалық және бейіндік құраушылардан тұратын), вариативтік және жеке адамға бағытталған бөліктерден тұратын БОЖ-мен анықталады. Белгіленген бағыттар аясында бейіндер бойынша оқытуды бөлшектеу бейіндік құраушының инварианттық бөлігінің, сондай-ақ вариативтік және жеке адамға бағытталған бөліктердің мазмұны негізінде жүзеге асырылады. БОЖ әрбір білім беру саласынан оқу курстарының үш типін, басқаша айтқанда базалық жалпы білім беру курстарын, бейіндік курстарды және элективтік курстарды (арнайы курстарды) бөлу қарастырылған бейіндік білім берудің икемді жүйесін қамтамасыз ете отырып, оқу пәндерінен әр түрлі комбинациялар құру мүмкіншілігін көздейді. Инварианттық бөліктің базалық құраушысы бірегей білім беру кеңістігін қамтамасыз ету тиіс және барлық бағыттар мен оқыту бейіндіктері үшін міндетті болып табылатын пәндерді базалық (жалпы білім беру деңгейінде) оқытуды ұсынады. Базалық құраушысы тұлғаның қалыптасуы және дамуы үшін орта жасайтын және барлық бағыттарда оқытылуға міндетті базалық жалпы білім беру пәндерін құрайды, яғни ана мен әдебиет, қазақ тілі және әдебиет/орыс тілі және әдебиет, шетел тілі, математика, информатика, тарих, қоғамтану, өзін-өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық. Бұл оқу пәндері оқушыларды жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарға жақындастыруға бағытталған, оқушылардың бейіндік емес салада білім алуын аяқтауға арналған және көбіне интегративті, жалпылама курс болып табылады. Базалық пәндердің мазмұны оқу пәндері мазмұнының базалық деңгейімен анықталады.

Мектеп оқушыларының білімдік мүдделеріне және сұраныстарына сәйкес бейіндік құраушы аясында бейіндік пәндерді оқып үйрену ұйымдастырылады. Бейіндік оқу пәндері – типтік оқу жоспарларында (ТОЖ) көрсетілген мамандануды және нақты оқыту бағытының мазмұнын анықтайтын әрі жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік пәндер оқушылардың олар таңдап алған бағыттағы және оқыту бейімі бойынша жалпы білім дайындығын кеңейтуге әрі тереңдетуге арналған және олар үшін міндетті болып табылады. Бейіндік пәндер таңдап алған бағыттағы және мамандану саласындағы келесі білім деңгейімен (орта кәсіби немесе жоғары кәсіби) сабақтастығы қамтамасыз етуге арналған. Мысалы, математика, информатика, физика, химия, биология, география–жаратылыстану ғылымына оқытатын бейіндік пәндер; ана тілі, қазақ тілі және шетелдік тілдері, тарих, құқықтану, қоғамтану-әлеуметтік-гуманитарлық және т.б бағыттағы бейіндік пәндер. Бейіндік курстардың мазмұны оқу пәндері мазмұнының бейіндік деңгейімен анықталады. Әр бір бағыттың шеңберінде оқушылар бейіндік деңгейде кемінде 4 пәнді оқып үйренуі тиіс.

Жалпы орта білім беру деңгейінде кредиттік технология элементтерін енгізу – пәндерді мамандандыру (тереңдетілген) деңгейінде пәндерді оқып үйренуді білдіреді. Осыған байланысты жекеленген пәндер бойынша кредит алғысы келетін және оны жоғары оқу орнында оқу кезінде пайдаланғысы келетін оқушылар таңдап алынған 4 бейіндік пәндердің бір бөлігін тереңдетілген деңгейде оқып үйрене алады. Негіздік жалпы білім беру және бейіндік пәндер бойынша талаптар деңгейіне оқушылардың жетуі ҰБТ нәтижелері арқылы анықталады.

Оқытудың әр түрлі бағыттары үшін оқу жоспарының вариативтік бөлігі оқушылардың жеке даму сипатын қамтамасыз етеді, олардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Білім мазмұнының вариативтік бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтық өзгешелігі, мектептің ерекшелігі жүзеге асырылады. Білім беруді демократияландыру тұрғысынан бұл аймақтың өзгеше ерекшеліктеріне және талаптарына сай келетін әрбір мектептің өзінің жеке оқу жоспарын жасауға деген мүмкіншілігін білдіреді.

Бейіндік оқу мазмұнының вариативтік бөлігіне оқушылардың таңдауы бойынша элективтік курстар және қолданбалы «Зерттеушілік және шығармашылық жұмыстың негіздері» арнайы курсы кіреді. Элективтік курстар – оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушыларының жеке білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімнің кеңеюіне әрі тереңдеуіне жағдай жасайтын міндетті оқу курстары. Элективтік курстарды оқып үйрену қолданбалы білімді, дағдыларды және өмірдің белгілі бір саласына қажет, таңдап алынған бейіндік пән қолданылатын қызметті игеруге бағытталған.

Оқушылардың жеке сұраныстарын зерттеу негізінде оларға бейіндік оқыту мазмұнынан бөлектенетін, бірақ оқушының білімге деген сұранысын, жеке бағдарын қамтамасыз ететін элективтік курстар ұсынылуы мүмкін.

Элективтік курстар қысқа мерзімді болады және әртүрлі бағыттағы қосымша білім бағдарламаларына негізделеді. Мектеп немесе басқа білім беру ұйымдары ұсынатын элективтік курстардың саны оқушы таңдауға тиіс курстардың санынан артық болуы тиіс.

Оқытудың барлық бағыттары үшін оқу жоспарының жеке құраушысы оқушылық жобаларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ оқушылардың тілегі бойынша өткізілетін жеке және топтық консультациялар формасында оқушылардың дербес жобалау-зерттеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, оқушының жеке білімдік траекториясы бейіндік мектептің оқу жоспарына сәйкес жүзеге асады, оқушы таңдап алған оқу бағытына сәйкес мыналарды оқып үйренуі тиіс:

- міндетті негізгі пәндерді;

- таңдау бойынша кемінде 4 бейіндік пәнді;

- таңдау бойынша кемінде 3 элективтік курсты;

- таңдау бойынша «зерттеу және шығармашылық қызмет негіздері» арнайы курсының модулін.

11-12-ші сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жалпы саны рұқсат етілген оқу жүктемесінің 36 сағатынан аспауы тиіс.

Оқушыға зиян келтірмей, бейімді ауыстыруды қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде бейіндік курстардың бөлімдері, сондай-ақ элективтік курстарды аяқталған жарты жылдық немесе тоқсандық модульдер (кредиттер) түрінде жоспарлауға кеңес беріледі. Жарты жылда бір рет оқу жоспарының вариативтік құраушысын қамтамасыз ететін таңдап алынған модульдерді өзгертудің қажеттілігі туған жағдайда оқушыға құқық беріп қана қоймай, сонымен бірге барлық оқушыларды алдағы жарты жылдыққа арналған білім алу траекториясын нақтылап алу, яғни белгілі модульдерді таңдау мүмкіншілігін іске асыру жағдайына қою керек. Мәртебесі бейіндік еместен бейіндікке ауысатын пәндерді игеру деңгейін түзету механизмдерін арнайы қарастыру керек.

Білімді жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жеке-даралауға бағыт ұстау және нарықтық қатынастардың нақты жағдайында оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Бейіндік оқыту білім беру үрдісінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын өзгерту есебінен білім беруді жеке-даралау және бөлшектеу тәсілі. Бұл оқушылардың ынталарын, бейімділіктерін және қабілеттіліктерін толық ескеруге, білімді жалғастыруға және қазіргі заманғы мамандықты алуға ынталылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай міндеттер психологиялық сүйемелдеу ұйымдастырылғанда анағұрлым тиімді шешілуі мүмкін. Сүйемелдеу дегеніміз - өмірлік таңдаудың әртүрлі ситуацияларында даму субъектісінің оңтайлы шешім қабылдауы үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін әдіс. Бұл ретте әрбір нақты жағдайда даму субъектісі ретінде бала да, оның ата-аналары да, педагогтар да, ең жақын орта да болуы мүмкін. Таңдаудың әрбір ситуациясы дамудың қайсы бір бағдарламалық өрісінен туған шешімнің көптеген варианттарын тудырады. Сүйемелдеу даму субъектісіне бағдарлық өрісті қалыптастыруға көмек ретінде, өз әрекетіне субъекттің жауапкершілігі ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің мақсаты мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психология принциптерін, заңдылықтарын қолдану негізінде оқушылардың кәсіптік және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі анықтауына тиімді дайындық жүргізу әрі қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады:

1. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша бағдарламалар мен әдістемелік кеңестерді әзірлеу әрі жүзеге асыру;

2. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу мәселесі бойынша кәсіптік бағыттау курстарын әзірлеу және жүзеге асыру (білім беру мекемелерінің педагогтары үшін);

3. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің тиімділік критерийлерін анықтау;

4. Оқу бейімін таңдауда оқушылардың өз орнын табуын табысты жүргізу үшін қажет әдістерді іріктеп алу, олардың жеке ерекшеліктеріне, біліміне, дағдыларына, себептерге диагностикалауды жүргізу және нәтижелерді талдау;

5. Оқу бейімін таңдауда оқушыларға олардың жеке ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, бейімділіктеріне және мүдделеріне сәйкес көмек көрсету;

6. Оқушылардың өзінің кәсіптік және тұлғалық жолын табуы жөніндегі жұмысының табыстылығына бақылау жасау формасын анықтау (оқытушылардың әдістемелік есептері, тәжірибені қорытындылау бойынша педагогикалық конференциялар, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне-өзі есеп беруі т.т);

7. Мектептің оқушы және педагогикалық ұжымдарында оқушының өз жолын табуы және дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы климатты қалыптастыру;

8. Оқу бейімін таңдауда және кәсіптік әрі тұлғалық тұрғыдан өз жолын табуда оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;

9. Оқу бейімін таңдау кезінде және өзін-өзі көрсете білуі бойынша балаларға қолдау көрсету жөніндегі ата-аналармен ақпараттық –ағартушылық және психологиялық жұмыс жүргізу;

10. Инновациялық үдеріс ретінде бейіндік оқытудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; бейіндік оқытуды енгізуге қатысушылар арасында психологиялық кедергілерді азайту бағытында жұмысты ұйымдастыру.

Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің белгіленген міндеттерін және мақсаттарын табысты түрде жүзеге асырудың маңызды шарты – таңдау субъектісінің дамуы әрі инновацияларды игеруі ретінде қаралатын жүйелік-бағдарлық жолды қолдану болып табылады. Бұл ретте бейіндік оқытуды енгізуге барлық қатысушылардың: педагогтардың, психологтарды, ата-аналардың, оқушылардың өзара іс-қимылының қажеттілігі түсініледі.

Кәсіпті дұрыс таңдау, яғни жеке адамның кәсіптік тұрғыдан өз жолын таба білуі едәуір уақытты қамтитын ұзақ әрі күрделі үрдіс. Оның тиімділігі әдетте, адамның психологиялық мүмкіншіліктерінің кәсіптік қызметтің мазмұнына және талаптарына сай келу дәрежесімен, сондай-ақ тұлғаның кәсіптік мансабын жоғалтпауы үшін өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделу қабілетінің қалыптасуымен анықталады. Жоғарыда баяндалғандай адамның кәсіптік тұрғыдан өз жолын табу мәселесі бойынша арнайы психологиялық жұмыстың өзекті, қажетті екендігі туралы қорытынды жасауға болады, себебі көбіне бейіндік оқытуды таңдау кезінде оқушылардың мүдделері мен қабілеттері қабыспайды, кейде достарының немесе ата-анасының пікірі, не мәртебе мәселесі бірінші орынға қойылады да, оқушы таңдауда қателік жібереді, кейіннен оның өзі және ата-анасы өкінішке ұрынады.

Кәсіп таңдау мектептің жоғары сыныбындағы оқушының кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі анықтау үрдісінің нәтижесі болып табылады. Өз білімін кәсіптік қызметпен түйістіре отырып (кәсіптік сынақ), өзі туралы («МЕН»-образы) және кәсіптік еңбек әлемі (кәсіптік қызметке талдау жасау) туралы білім алу жөніндегі жұмысты арнайы ұйымдастыру оқушыға кәсіпті дұрыс таңдауда көмек болып табылады. Бұл құраушылар 10-11-ші сыныпта оқу бейімін, сондай-ақ мектепті бітірген соң, кәсіп таңдау бойынша өз жолын таңдау және табу үрдісін психологиялық сүйемелдеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Психологиялық қызметтің мақсаты оның қызметінің перспективті бағытымен байланысты. Бастапқы және ақырғы мақсат түйіскенде ғана бұл мақсат жүзеге асады.

Психологтың бастапқы мақсаты – танысудың оқушыға оңтайлы тәсілін іздеудің және кәсіпке оқытудың негізі ретінде оқушылармен өзара әрекеттесуге құрылған, яғни оқушының ынтасын, бейімділіктерін, қабілетін анықтау, жеке ерекшеліктерін табу және оны дамыту.

Ақырғы мақсат – оқушы да кәсіпті таңдауға саналы түрде дайын болуды қалыптастыру үшін педагогпен «ынтымақтастық» формасында өзара байланыс жасау.

Психологтың міндеттері:

- оқу тәрбие үрдісін кеңес арқылы және ақпараттық қолдау;

- оқушыларды оқыту әрі олардың дамуымен байланысты мәселелер, сондай-ақ педагог-оқушы өзара іс-әрекеті бойынша педагогтардың психологиялық құзыреттілігін арттыру;

- кәсіптік тұрғыдан өз жолын табу мәселелерін шешуде оқушыларға психологиялық көмек көрсету үшін жағдайлар жасау.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін психолог мынадай негізгі бағыттарда жұмыс жүргізуі қажет:

- психологиялық диагностика.

- психологилық консультация беру.

- психология бойынша ағартушылық жұмысы.

- түзетуші-дамытушы жұмыс.

Оқушыларды психологиялық сүйемелдеу мектеп психологы жұмысының негізгі бағыттары арқылы іске асатын «Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтау» моделінің негізінде құрылған және оған мыналар кіреді:

- әрбір адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

- оқушыға кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына көмектесу мақсатында психолог пен оқушылар арасындағы өзара байланыстың жолдарын анықтау;

- бейіндік топтарды (сыныптарды) қалыптастыру кезіндегі психологиялық диагностика;

Психодиагностикалық бағыттың мақсаты – оқу-тәрбие үрдісін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Психодиагностикалық мәліметтер:

- әлеуметтік-психологиялық портретті (оқушының) жасау;

- оқуда, қарым-қатынаста қиындық сезінетін және психикалық көңіл-күйі орнықсыз оқушыға көмек көрсету жолдары мен формаларын анықтау үшін;

- оқушыларға тән әрі оларды оқыту және олармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес оларды психологиялық және педагогикалық сүйемелдеу тәсілдері мен формаларын таңдау үшін қажет. Психодиагностикамен оның мәліметтері психологиялық сүйемелдеудің мақсаты бола алмайды, себебі психодиагностиканың әрбір формасы өздерінің сүйемелдеу есептерін шешуге бағытталған әрі шешуші қабілетке ие. Сонымен бірге олар органикалық түрде бір-бірімен байланысқан және іс-жүзінде белгілі жүйеде, белгілі сабақтастықпен қолданылады.

Психологиялық сүйемелдеудің формалары:

- диагностикалық минимумда тексерілген топты шартты түрде «психологиялық жайлы» және «психологиялық жайсыз» топшаларға басқаша айтқанда, белгілі бір «қиындықтары» немесе «проблемалары» бар респонденттерге бөлуге немесе біріктіруге мүмкіндік беретін психодиагностиканың бөлшектік қасиеті бар. Диагностикалық минимум алғашқы ақпаратты алуға негізделген.

- кәсіби бағытталуға диагностика жүргізу кәсіби қызметтің және кәсіп таңдаудың қайсыбір саласына оқушылардың ынталылығын, қабілеттілігін және бейімділігін анықтауға бағытталған. Кәсіби бағыттаудың диагностикалық әдістемесі сыналатын тұлғаның қайсыбір қабілеттіліктерге ие болуы жолында неге қол жеткізгенін түсінуге көмектеседі, алайда «кәсіби болжам» жасауға мүмкіндік бермейді. Демек кәсіби диагностикалау арқылы анықталатын қасиет болашақта кәсіби тұрғыдан табысты болуға кепілдік бола алмайды, тек кәсіби іріктеудің критериі ғана бола алады.

- дамытушы диагностика оқытушы сипатта болады, ол респондентке өзін-өзі жасырақ білуге, өзінің мүмкіндіктерін таразылауға көмектеседі, өзімен-өзі жұмыс жасауды белсендірек етуге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылдырады. Бұл диагностика талап етілген сапалардың дамуына бақылау жасауға, сондай-ақ түзету немесе тренинг жүргізуге мүмкіндік береді.

- оперативтік диагностика – оқу-тәрбие үрдісінің мәселелерін шешуде респондент немесе бір топ респонденттер туралы қажетті мәліметтерді түсінуге, анықтауға, растауға мүмкіндік береді.

- тереңдетілген диагностика – психодиагностиканың бұл формасы бұрын жүргізілген психодиагностиканың нәтижелері бойынша немесе сұрау бойынша пайдаланылады. Мұндай психодиагностикалық іс-әрекет жеке немесе топтық сипатта болады. Тереңдетілген диагностиканың табысты жүргізілуі үшін болжам жасау міндетті болып табылады. Тереңдетілген диагностика зерттеушілік немесе тәжірибелік жұмысқа енгізіледі, себебі «мәселеге» тереңірек қарауға мүмкіндік береді.

- кіріспе диагностика негізінен 9-10-шы сыныптардың оқушыларымен жұмыс жасағанда қолданылады, себебі ол кәсіби таңдау мен кәсіби іріктеу арасындағы аралық саты болып табылады. Қайсыбір кәсіби қызметке қажет кәсіби дайындықты анықтайтын диагностикалық әдістемелерді таңдау өте қиын. Себебі әртүрлі әдістемелер бар, мысалы, қызығушылықтарды, бейімділіктерді, жақсы көретін қызмет формаларын анықтауға арналған тесттер, адамның психологиялық типтің қай типіне немесе нервтік жүйенің, темпераменттің қай типіне жататындығын анықтауға арналған тесттер; адамның қабылдау, ойлау, назар аудару, жад қабілеттерінің даму деңгейін, дарындылығын анықтауға арналған тесттер. Адамның психикалық денсаулығының ең бір маңызды құраушыларының бірі - өз өмірінің мақсатын анықтау қабілеті, өзін-өзі болашаққа қиялмен алып бару, оның өмірді қабылдауында мазмұнды, толыққанды, болашақ, ұзақ перспективаның болуы. Зерігу, іш пысу арқылы білінетін өмірде мағыналы мақсаттың болмауы невроздың тууының бір себебі.

Кәсіби тұрғыдан өз жолын табу мәселесі тұлға дамуының жалпы контексінен бөлек, онымен байланыссыз түрде табысты шешілмейтінін ұдайы ескеру маңызды. Жасөспірімдік шақ уақытша перспективаның қалыптасуы үшін анағұрлым жайлы болып табылады. Бұл қандай да бір себептермен болашақтың уақытша перспективасы қалыптаспайтын болса немесе дұрыс қалыптаспайтын болса, онда ол тұлғаның дамуы үшін еліктерліктей салдары болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер жасөспірімде қандай да бір өмірлік мақсат пайда болса, онда көптеген тәрбие мәселесі шешіледі.

Өз бетімен білім алудың әртүрлі бағыттарына бойлап көру мүмкіндігі адамның тұлға ретінде әрі кәсіптік тұрғыдан өз жолын табуына, жақын кезеңге және алыс болашаққа өмірлік жоспарларды, мақсаттарды жасауына көмектесуі мүмкін.

Бейіндік оқыту – оқу үрдісінің құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен білімді жалғастыруға қатысты оқушылардың ынталарын, бейімділіктерін, қабілеттерін дұрысырақ ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды бөлшектеу және дараландыру, жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби мүдделеріне, ынталарына сәйкес оқытуға жағдай жасау құралы. Оқушылардың таңдап алған бағыт бойынша білімін жалғастыруына дайындығы, сондай-ақ мектептен кейін оны алу тәсілін таңдау бойынша пісіп-жетілуі – бейіндік оқыту мақсаттарының жүзеге асырылуын растайтын көрсеткіш.

Кемелдену деп – бір жағынан оқушылардың жеке қабілеттеріне, екінші жағынан жеке мүмкіншіліктеріне және оқушының іс жүзіндегі дайындық деңгейіне сәйкес келетін таңдау түсініледі. Оқушылардың мектептің өзінде өмірдегі өзінің болашақ бағытын дұрыс таңдай алуына қол жеткізуінің маңызы зор.

Оқушыларда ақпараттық дайындықтың болуы пісіп жетілген таңдау жасауларына негіз болып табылады.

Ақпараттық дайындыққа мыналар кіреді:

- мектептен кейін қажет білімді алудың мүмкін жолдары;

- оны алу үшін қажет етілетін күш-жігер туралы;

- өзіндік практикалық дайындықтың және таңдап алған білімді алу үшін қабілеттердің болуы туралы;

- алған біліміне байланысты игеруге болатын кәсіптер туралы;

- кәсіби мүмкін іс-әрекеттердің мазмұны әрі шарттары туралы;

- білім алудың таңдап алған тәсілі арқылы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын және ары қарайғы кәсіптік әрекетін жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы.

Кемелдену адамда таңдауға деген практикалық және себептік құндылық тұрғыдан дайындықтың болуын қажет етеді.

Практикалық дайындыққа мыналар кіреді:

- мектеп түлектерінің ары қарайғы білім алу тәсіліне таңдау жасай білуі;

- түлектердің мектептен кейін таңдап алған бағытында оқуды жалғастыруына қажетті тәжірибелік білімнің және дағдылардың болуы.

Дұрыс таңдау жасай білу оқушылардың мына төмендегі біліктерінің болуын қажет етеді:

- өзінің сұраныстары мен мүмкіншіліктеріне сай келетін білім алу жолдарының баламаларын бөліп қарау;

- өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай білу;

- қолда бар нұсқалардың ең тиімдісін таңдай білу.

Себептік құндылықты немесе психологиялық дайындыққа мыналар кіреді:

- мектеп түлегінің жеке қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сай келетін өзін-өзі бағалаудың қалыптасқан түрінің болуы;

- білім алудың ары қарайғы тәсіліне және болашақ кәсіпке байланысты құндылық бағыттың және жеке мақсаттың болуы.

Пісіп жетілген таңдауға оқушының өзінің өмірлік мақсаты мен жоспарларын түсінуі жатады. Оларды жүзеге асыру мүмкіншілігін ол дұрыс бағалайды, ал ол жасаған таңдау оның құндылық бағыттарынан алшақтамайды әрі оған өзінің ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бейіндік оқу құрылымының ерекшеліктері негізінде әрі жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша кәсіптік-бағыттық бағдарлама әзірленген. Бұл іс-әрекеттің мазмұнына мыналар кіреді:

а) оқушылардың қалауын, бейімділіктерін, алғашқы кәсіби ынталарын және оның динамикасын анықтау;

б) әлеуметтік ұстанымдарды анықтау және оның қалыптасуына көмек көрсету;

в) таңдаудың себебін және оның құрылымын анықтау;

г) өзіне-өзі талдау жасауға дайындықты қалыптастыру;

д) қабілеттіліктердің құрылымын анықтау;

е) тұлғаның әр қырлы даму деңгейін, динамикасын және көрініс вариативтілігін, өмірлік стилін, іс-әрекетінің мүмкін бағасын анықтау (дау-жанжал, шиеленіс, үрейлілік, бірқалыптылыққа бейімділік және т.б)

ж) тұлғаның бейімділігін және кәсіптік талаптарды анықтау, оқушылардың кәсіптік ынтасына түзету енгізу [6].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет