Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


)Сезім, позиция және құндылық көзқарас



бет29/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

3)Сезім, позиция және құндылық көзқарас:

мүғалім оқушының сезіміне, ғылыми позициясына, ғылыми құндылық көзқарасы жақтарына, жай-күйі мен алға басуына (аяқ алысына) назар аудара бақылап есепке алып, оны өткендегі есепке алынғандармен салыстырып отыру қажет, оқушының ғылым, техника және қоғамдық мәселелер жөніндегі танымын бағалауға мән беріп, олардың ғылыми-техника мен қоғам арасындағы қатынасқа мән беруін алға бастыру қажет.


Бағалау құралы және бағалау әдісі. Оқушының дамуын алға бастыратын бағалау жүйесі көп негізді, жалпылық бағалау мазмұны мен стандартын қалыптастыруды, оған сәйкес бағалау қүралы мен әдісінің де алуан түрлілігіне назар аудару қажет. Қазір бағалау әдісінің алуан түрлі болуы, өте-мөте сапалық бағалау әдісінің алуан түрлі қолданылуы дәріптеледі. Сапалық бағалау әдісі мен сандық бағалау әдісі өзара үштасқанда ғана оқушының жан-жақты даму жағдайын нәтижелі бейнелеуге әрі күрделі тәлім-тәрбие қүбылысына сипаттама беруге болады. Сондықтан ашық формадағы сапалық бағалау әдісіне мән беру мен қолдану талап етіледі, мысалы, іс-қимылын бақылау, емтихан-сынақ жағдайын тексеру, үйрену күнделігі немесе портфолио қатарлыларды қарау арқылы оқушының үйрену әдісі мен даму барысына назар аудару қажет. Емтихан алу бұрыннан қалыптасқан бағалау формасы саналады, емтихан алғанда ұқсамаған емтихан формасын қолдану қажет, айталық, емтиханда талас-тартыс (айтыс) ұйымдастыру, жауап берпзу, орындатқызу, тәжіри бе құрастырту, оқу құралын жасату, мақала жазғызу қатарлы жанды әрі алуан түрлі ашық жағдайдағы тексеру әдістерін қолдануға болады.

Бүдан тыс, қалыптасу сипатындағы бағалау мен аяқтау сипатындағы бағалауды органикалы түрде ұштастырып, сапалық әдіс пен сандық әдісті өзара сәйкестендіру керек.

Портфолионың қолданылуы

Осы заман оқытуы оқушының даму барысына назар аударатынын айттық, осы тұрғыдан алғанда сапалық бағалау әдісі өте тиімді бағалау қүра-лымен қамтамасыз ететіні, оның оқушының даму-ын алға бастыруда келелі рөл атқаратыны күмән тудырмайды.

Сапалық бағалау әдісі мінездеме, іс-қимылды бақылау, үйрену күнделігі, емтихан-сынақ жағдайы және портфолио қатарлыларды қамтиды. Оның ішінде портфолио бүкіл дүние жүзінің білім беру саласында дәріптеліп отырған сапалық бағалау-дың маңызды бір өдісі.

Портфолиоға оқушы мұғалім мен сабақтаста-ры шығарған бағалау материалдарын, өзінің шы-ғармашылығын, үйренуге көзқарастарын, сондай-ақ басқа да айғақтар мен материалдарды жинай-ды, есепке алады, осы материалдар арқылы оқушының үйренуі мен алға басу жағдайын баға-лауға болады. Портфолионы оқушы өсу жолының мәлім бір кезеңіндегі бірқатар "іс-қимылын" есепке алып, оның алға басу, тырысу барысын, тексеріп сараптау қабілетін және ең соңғы даму өресін бағалау деп айтуға да болады.

Әдеттегідей портфолионың қалыптасуы төмендегідей бірнеше басқышты өз ішіне алады:

(І)мақсатты айқындау;

(2)бағалаудың мазмүны мен технологиясын айқындау;

(З)бағалау объектісін, қай сыныптық деңгей-де екенін айқындау;

(4)жиналатын мазмүн мен жинаудың рет са-нын, жиілігін анықтау;

(5)оқушының белсене араласуына ықпал ету;

(б) бағалау тәртібін анықтау;

(7)әр қайсысына портфолионы таныстыру;

(8) пікір алмасу жоспары мен сақтау, пайдала-ну жоспарын жасау.

Жалпы қалыптасу барысын әдетте оқушы мен мұғалім ортақ істейді. Портфолионың мазмұны әдетте бір міндеттің басталу басқышынан аяқтау басқышына дейінгі толық жүйені қамтиды.

Портфолионың қолданылу аясы өте кең, баға-лау мақсатының ұқсамауына қарай, есепке ала-тын немесе жинайтын мазмүны да әр түрлі бола-ды, басқаша айтқанда, мектептегі оқытудың үқса-маған жақтарына қолдануға болады. Мысалы, портфолионы былай жасауға да болады:

(І)пәнді оқытумен өзара үштастыру;

(2)оқушының жан-жақты дамуымен үштастыру;

(З)оқушының тәлім-тәрбиесі мен жетілдірілуін өзара ұштастыру;

(4) жылдық-сыныптарды басқарумен ұштастыру;

(5) мектептегі әр түрлі басқарулармен ұштас-тыру.

Портфолионың басты маңызы мынада: біріншіден, оқушы езінің барлық басып өткен жо-лына араласу арқылы алға басуы мен талабына ой жүгіртуді және кесім айтуды үйренеді; екіншіден, портфолио мүғалімді оқушылардың үйренуі мен дамуына қатысты маңызды ақпарат-тармен жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді, мүғалімнің оқушы үйренуінің барысы мен нәтижесін тексеруіне қолайлылық жаратып, бағалаудың тәлім-тәрбие және оқытумен бірігуін, пән мен оқушы дамуының біркелкілігін сақтап, бағалау өнімін арттырады.

Қорыта келгенде, елімізде сапалы оқыту жүйесін орнатумен бірге, оны реттеп отыратын сапалық бағалау жүйесін де жүзеге асырып, оқушылардың сапалық жақтан жетілуіне күш салуымыз қажет.


9 лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет