Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


) Бейімдеп оқытудың мүмкіндіктері



бет32/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

3) Бейімдеп оқытудың мүмкіндіктері

Өскелең жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін мұғалімдер ғылыми-педагогикалық инновациялық іс-әрекет негіздерін меңгеруі шартты нәрсе. Өйткені, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздардың басты міндеті болып саналады. Сондықтан да бұл ұстаздан үнемі шығармашылық ізденісті, жаңа әдісті қолдануды талап етеді.

«Жақсы мұғалім маған әр уақытта қымбат, өйткені, ол мектептің жүрегі» деп ағартушы педагог Ы. Алтынсарин айтқанындай, мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім.

Мұғалімнің кәсібилігін дамыту - өзекті мәселе. ҚР-ның білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құндылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Ал мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ететін, оны іске асыратын басты тұлға – мұғалім. Ендеше бүгінгі ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейде білім беруге кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білген, оқыту мен тәрбиенің инновациялық технологияларын меңгерген мұғалім ғана жете алады.

ҚР-ның «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп атап өтілген. Демек, бізге оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, таңдаған бағытқа (бейімге) сәйкес пәндердің тереңдетілген деңгейде оқытылуын қамтамасыз ету керек.

ҚР-ның білім жүйесін дамыту тұжырымдамасында «Білім беру жүйесінің мақсаты – қоғамның жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыра аларлықтай білім берудің тиімді ұлттық моделін жасау» деп көрсетілген.

Оқушылардың білім деңгейі мен кәсіптік деңгейін ұдайы арттырып отыруды қажет ететін факторларға ғылымның, техниканың дамуы нәтижесінде ғылыми ақпарат көлемінің шұғыл өсуі, жаңа білім салаларының дамуы, жаңа мамандықтар мен мамандандыру түрлерін енгізу және басқаруды ғылыми негізде жетілдірудің қажеттілігі жатады. Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сол себептен жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бейімдеп білім беру оқушыларға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтауға және тұлғалық негізіне қарай білім алуға көмектеседі. Ал баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы болашақ мамандығына баулу - әрбір ұстаздың ұлы міндеті. Бұл жерде әр оқушының іс-әрекетке бейімдігі, еркіндігі, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынастарда жаңа тәсілдер мен әдістердің болуы қажет-ақ.
10 лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет