Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет34/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

2)12 жылдық білім беру мәселелері

Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.

Еуропа кеңесі декларациясына сәйкес (1992) әлемдік практикада 12 жылдық жалпы орта білім беру басымдыққа ие, оны әлемнің 216 елінде таниды мойындайды. Бұрынғы кеңес елінің ішінде 12 жылдық оқытуға Балтық жағалауы мемлекеттері, Молдова, Беларусь, Украина мен Өзбекстан, ал 2000/2001 оқу жылынан бастап Ресей Федерациясы көшті. 1784 жалпы білім беретін мектепте 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу бойьшша көлемдегі эксперименттік жұмыс жүргізілуде.

Казақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып оны бекіткеннен кейін С топалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының

стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал онын

мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық

моделді дамытуға, «жалпыға зрналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша

білім алу» үлгісіне сапалы көіпуде және әлемдік білім беру кеңістігіне тезірек беруді қамтамасыз етуде жатыр. Орта білім беруді ұйымдастыру мен құрудың әлемдік тәжірибесін талдай келіп, көптеген елдерде, ең алдымен жастарды әлеуметтік қорғау мақсатында 12 жылдық және 13 жылдық білім берудің жүзеге асырылып жатқанын айтуға болады. Мысалы, Францияда, Испанияда, Польшада, Жапонияда, Литвада, Латвияда, Эстонияда, Молдовада оқушылар 12жыл, Италияда, Швецияда, Германияда 13 жыл оқиды. Тұтастай алғанда әлем елдерінің жиырма пайызына жуығы толық орта білім берудің 10-11 жылдық мерзімін сақтап қалып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байкалып келді. Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен саналық сағатттардың санына, сондай-ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлерінің арасында тиімді бөлуге байланысты. Жалпы орта білім берудің мазмұнын экстенсивті дамытудың нәтижесінде міндетті оқу әндерінің саны 11 жылдық мектепте 25-ке дейін өсті.

Осы күнгі оқу жоспарына сәйкес 8-9-сыныптың оқушылары - 16, ал 10-сыныптың оқушылары 15 міндетті пәндерді оқиды. Оның ішінде өзгертілген сыныптарда 4-тен 6-ға дейінгі ақу пәндері бір сағаттық апталық жүктемесі бойынша оқытылады. Бұл практик мұғалімдердің пікірінше тиімсіз болып саналады.

Бастауыш мектеп оқушыларының шекті апталық оқу жүктемесі 24-30 сағатты (күніне 4-5 сабақ) құраса, негізгі мектепте — 36-40 сағатты (күніне 6-7 сабақ) және жоғарғы мектепте 41 сағатты (күніне 6-7 сабақ) құрайды. Егер бір сабақтың ұзақтығы 45 минут екенін және пәндер бойынша үй тапсырмасының міндетті екенін ескерсек, бұл окушылар үшін өте үлкен жүктеме.

Оқушылардың оқу жүктемесінің көбеюіне мектеп бағдарламаларының шектен тыс күрделендірілуі де әсерін тигізді. Орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының бір курсына арналған көптеген бағдарламалық материалдар жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында дәл сол көлемде оқытылады.

Оқу жүктемесін көбейту, басқа да факторлармен бірге, оқушылардың денсаулығына зиянын тигізеді. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша диспансерлік есепте тұратын балалардың саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда күн сайын артып келеді. Қазіргі кезде мектепте оқушылардың жалпы санынан алғанда балалардың алпыс алты пайыздан астамы есепте тұр. Артық оқу жүктемесі нашар үлгіретін, оқудан жалтаратын және қылмыстық ортаны толтыратын балалар санының ұлғаюына соқтырды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің деректері бойынша жас өспірімдер арасындағы қылмыстық істердің үлес салмағы 8,4 пайызды құрады. 11 жылдық мектептің жағдайында бейіндік оқыту мәселесі жеткіліксіз шешілді. Мұның өзі мектеп бітірушілердің оқуларын КТМ-дер мен колледждерде жалғастыруынан бас тартуына негізгі себеп болды. Мектепте бейіндік оқыту мәселесі негізінен жалпы білім беретін пәндерді теориялық және практикалық тұрғыдан тереңдете оқытудың (шығармашылық деңгей) есебінен шешілді. Бейіндік оқу жоспарлары тек қана эстетикалық бағыттағы, халықтың көркем қол өнері мен қызмет көрсету салаларының кәсіптері, ауыл шаруашылығы кәсіптері бойынша еңбекке баулу бағытындағы мектептер (сыныптар) үшін әзірленді. Оқу жоспарлары деректерінің жеткіліксіз әзірленуі және бейіндердің қазіргі амандықтарымен сәйкес келмеуінің салдарынан мектептер оларды пайдалана алмады.

Сондай-ақ бейіндік мектеп гимназияларға, жалпы білім беретін пәндерді гереңдетіп оқытатын лицейлер мен мамандандырылған мектептерге арналған арнайы оқу жоспарлары, бағдарламалар мен окулыктар да әзірленеді.

Бейіндік оқыту мәселесін шешуге осылайша қараудың салдарынан мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру проблемасы шиеленісе түсті. 2002-2003 оқу жылының басында 22785 окуіпы жұмысқа орналастырылған жоқ, бұл жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің жалпы санының 17 пайызын құрайды.

Біз қазіргі кезде білім бгрудін әр түрлі деңгейлеріндегі білім көлемінің ұдайы артып отырғанын, ақпараттық желілердің кеңейіп отырғандығын, мұның өзі білім мазмұнына айтарлықтай әсер ететінін, қазіргі оқу пәндерінің мазмұнын жаңарту немесе жаналарын енгізу кажеттігіне соқтыратынын жақсы түсінеміз. Жоғарғы сынып оқушылары іс-әрекеттің бұдан да күрделі тәсілдерін меңгеруі, әр түрлі көздерден ақпарат ала білуді үйренуі, және бұл әрекетте оларды нақты өмір жағдайларында пайдалана білуі қажет. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу оқыту мерзімін ұлғайту немесе білім беру мазмұнының көлемін қысқарту есебінен ғана мүмкін болмақ, мұның соңғысы білім сапасынын төмендеуіне соқтырар еді.

12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу жүктемесі проблемасын шешуге ықпал етеді. 11 жылға есептелген жалпы білім беретін пәндер жөніндегі бағдарлама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл ішінде меңгерілетін болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен білім беру деңгейлері арасында қайта бөлінеді. Орта және кәсіптік жоғары білім беретін оқу орындарының бірінші курстарында қайталап оқытылатын күрделі материалдар мектептің оқу бағдарламаларынан алынып тасталады.

Бұл білім берудің сапасын арттыруға, оқушылардың денсаулығын жақсартуға, оқудан жалтаратын балалар санының азаюына, көмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуіне ықпал етеді.

Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді. Негізгі мектепті бітірушілер КТМ-дер мен ықыласпен барады.

12 жылдық жалпы білім беретін мектеп - бұл негізгі сатының бақылаушыларды колледждерде оқытуға даярлауды қамтамасыз ету мақсатында) және жоғарғы сатының 9,10-сыныптарында бейіндік оқытумен бірге жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.

Мектептер де, сыныптар да бейіндік бағдар ұстауына болады. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру кезінде ең бастысы, бірінші кезекте еңбек рыногының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, бейімдеу бағыттарын анықтау болып табылады. Оқытудың бейімін анықтау оқушылардың танымдық мүдделері мен қабілеттерінің негізінде, мектептің педагогикалық ұғымының мүмкіндіктерін, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бейіндік оқыту кезінде міндетті базалық оқу пәндерінің арасынан әрбір бейімдік оқытудың нақты бағытын айқындайтын міндетті бейімдік оқу пәндерін бөліп алудың және олар үшін оңтайлы апталық оқу жүктемесін белгілеудің маңызы зор.

Бейіндік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.

12 жылдық білім беруге көшу мектеп бітірушілерді бәсекелес етіп жоғарлауды қамтамасыз етуге, жалпы орта білім туралы біздің атестаттандырамыз шетелде танылуын және жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сонымен оқу мерзімін бір жылға ұзарту, біріншіден, мектеп алушыларының міндетті шекті оқу жүктемесін төмендетудің есебінен балалар «5 жастар денсаулығының нашарлау үрдісін тоқтатуға мүмкіндік береді; екіншіден, қабілет пен біліктілікке және жоғары оқу орындарында оқуға барынша сапалы даярлауға сәйкес көсіп таңдаудың құнды мотивациясына ықпал ететін болады; үшіншіден, белгілі бір дәрежеде туудың төмендеп, шетінеудің көбеюіне байланысты республикадағы демографиялық ахуалдың өзгеруіне ықпал етеді.

Біздің еліміздегі негізгі жалпы орта білім сатысында білім беру мазмұнының деңгейін алдыңғы қатарлы елдердің білім деңгейімен салыстыруға болады, дегенмен бұған оқушьшардың артық оқу жүжтемесінін есебінен қол жетіп отыр. Іс жүзінде оқу материалын қысқарту немесе оқу мерзімін ұзарту есебінен оқушылардың оқу жүктемесін төмендету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет