Жобалауды ұцымдыстыру және тәртібі. Жобалаушы ұйым әрбір жобаланатын кәсіпорын бойынша ұйымдыстыруды және іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын, кәсіпорынның барлық бөліктерін жобалаушылардың жұмысын (құрылыс, энергетикалық, технологиялық) үйлестіретін, жобалау және салыну барысында құрылыстың аяқталу мерзіміне және жұмыстың сапасына жауап беретін, сондай-ақ проекттік кәсіпорын толық іске қосылғанша басқару жүргізетін жобаның бас инженерін тағайындайды.
Бір сатылы жобалаудың тәртібі. Бір сатылы жобалау тоңазытқышқты жобалауға қолданылатын орынға типтік немесе қайта қолданылытын жеке жобаға қатысты дайын құрылыс материалдарының байланысына негізделген. Сонымен қатар, қолданыстағы нысананы өңдеуге тиым салынады.
Бұл жобаға тоңазытқыш салынатын пункттің жергілікті шарттарына байланысты ғана, аздаған өзгерістер енгізуге болады. Осыған сәйкес, жобалану кезінде келесі мәселелер шешілуі тиіс:
тоңазытқыштың жергілікті жағдайға сәйкестігін анықтайтын жылы-техникалық тексерулер жүргізу;
жергілікті жағдайларға тоңазытқыш қоршауларының сәйкестігіне тексеру жүргізу;
Жобаланушы кәсіпорында типтік (жеке) жоспарда көрсетілген өндіріс барысын автоматизациялауды жүргізу мүмкіншіліктеріне тексеру жүргізу.
Сонымен қатар жобаланушы кәсіпорынның шикізатпен, материалдармен, қуат көзімен, кадрлармен қамтамасыз етілуін қарастыру қажет. Техникалық есептеулер мен қабылданған шешімдердің негізінде таңдалып алынған жобаны құрылыс ауданына байлау іске асырылады. Мұнымен қоса, техно-жұмыс жобада типтік (жеке) жобада жоқ есептеулер мен сызбалар келтіріледі. Аяқталған техно-жұмыс жобасы құзырлы орынмен қаралып, бекітіліп тапсырыс берушіге акт жасау арқылы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |