Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары



бет29/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
Көмірсулар- топырақ суынан алынатын және ауадағы көмірқышқыл газының жасыл өсімдіктер жапырақтарында фотосинтез әсерінен жинақталады. Өсімдіктерде көмірсу үлесіне 90% құрғақ заттар бөлінеді. Ал жануар тектес өнімдерде (әселді есептемегенде) 2%-ке жуық құрғақ заттар бөлінеді.

Көмірсулар адам ағзасында негізгі энергия таратушы және тағам рационында бірінші орынға ие. Адам ағзасына көмірсудың тәуліктік қажеттілігі шамамен 400-500г қажет. Тамақ рационында көмірсулар жетіспесе энергия түзу үшін ақуыз көп шығындалады, ал көмірсулар көп болса адам ағзасында май жиналады. Ағзада 1г сіңімді көмірсу тотыққанда 3,75 ккал (15,7 кДж) энергия бөледі.

Көмірсулар молекуласының құрылысына байланысты үш классқа бөлінеді. Оларға моносахаридтер (жай қанттар), олигосахаридтер (күрделі қанттар) және полисахаридтер (қант еместер) жатады.

Моносахаридтер үш, төрт, бес, алты көмірсу атом молекуласынан құралған. (триоза, тетроза, пентоза, гексоза). Ең маңыздысы пентоза (арабиноза, ксилоза, рибоза және дезоксирибоза) және гексоза (глюкоза, фруктоза, және галактоза) жатады.

Тамақ өнімдерінде бос күйінде белгілі мөлшерде тек қана глюкоза, фруктоза ғана кездеседі.



Глюкоза (жүзім қанты) тамақ өнімдерінің құрамында көбінесе фруктозамен бірге кездеседі. Таза күйінде адам ағзасына тез сіңірілетін көмірсу болып табылады. Ол жеміс – жидектер мен балда кездеседі. Қызылша қантты, мальтоза, лактоза, клечатка және крахмалдың негізгі бөлігі болып табылады.

Фруктоза (жеміс-жидек қанты) бос күйінде жеміс-жидектер мен көкөністерде көп кездеседі. Ол өте ылғал жұтқыш және тәттілік жағынан глюкозадан 2,2 есе жоғары.

Олигосахаридтер–моносахаридтер молекуласынан құралған көмірсулар. Оларға сахароза, мальтоза, лактоза жатады. Сахароза өсімдік тектес өнімдерде кеңінен тараған қант болып табылады. Ол жемістер құрамында (2-3%)- ға дейін, ал қарбыз және қауын құрамында (4-5%)-ға дейін кездеседі. Мальтоза бос күйінде сірне және соя құрамында болады. Мальтоза, сахарозаға қарағанда тәттілігі төмен. Лактоза жоғары физиологиялық қасиетке ие. Себебі сүт және сүт өнімдерінің құрамында кездеседі. Өте тәтті қант.

Полисахаридтер алты және одан да көп моносахаридтер қалдығынан құралған. Крахмал өсімдік көмірсуларының резервтік көзі болып табылады. Крахмал өзіне тән пішіні мен дән түрінде өсімдіктердің түйіндерінде, тамырында, сабағында және тұқымында жиналады. Ферменттер, қышқылдар әсерінен крахмал глюкозаға дейін ыдырайды да, адам ағзасына жеңіл сіңіріледі. Крахмал өсімдік өнімдерінің құрамында: ақ бидайда –54 %, күріште– 55 %, ас бұршақта – 47%, картопта –18% болады. Ең ірі крахмал ақ бидайда және картопта, ең кіші күріш крахмалы. Крахмал картоп, жарма, нан құрамындағы көмірсу болып табылады. Дәнді дақылдар мен картоптан крахмалдың әр түрлерін өндіреді, оны әрі қарай жеке тамақ өнімі түрінде қолданады.

Гликоген (жануар крахмалы) ағзада резервті тағамдық зат ролін атқарады, глюкозадан түзіледі. Бауырда, етте, балықта болады. Гликоген малды сойғаннан кейінгі еттің жетілу кезінде ферментативті процестерге қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет