Лекция 15 Лабораториялық сабақ 15 соөЖ 15 СӨЖ 45 Емтихан семестр Алматы, 2009 «Macromedіa Flash mx технологиясы»



Дата31.01.2018
өлшемі349,99 Kb.
#36885
түріЛекция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Информатика және қолданбалы

математика кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»

Оқу жұмысы жөніндегі проректор ___________________М.А.Бектемесов

«____»____________200_ ж.
Келісілді»

Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор

__________________В.А.Косов

«_____» _____________200___ж.


Факультет Кеңесінің төрағасы

____________________М.Ж. Бекпатшаев

«______» _____________200___ж.
Магистратура
6N0111 информатика мамандықтары үшін

«Macromedіa Flash MX технологиясы»

арнайы курсының
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқыту формасы _______күндізгі________________

Факультет Физика--математика

Кафедра Информатикажәне қолданбалы математика

Курс 6 курс

Семестр 12

Кредиттер саны 2

Барлығы: с.

Лекция 15

Лабораториялық сабақ 15

СОӨЖ 15

СӨЖ 45

Емтихан семестр



Алматы, 2009
«Macromedіa Flash MX технологиясы» арнайы курсының жұмыс оқу бағдарламасын доцент, п.ғ.к., Г.З.Халықова құрастырған және Информатика және қолданбалы математика кафедрасының отырысында талқыланған.

«___»_____________200_ ж., хаттама №_________


Г.З.Халықова _______________

Кафедра меңгерушісі, профессор



Бидайбеков Е.Ы. ________________

Жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің Ғылыми Кеңесінде (Жалпы университеттік кафедраларға арналған университеттің әдістемелік Кеңесінде) мақұлданған.

«___»_____________200_ ж., хаттама №_________
Факультет Кеңесінің төрағасы, доцент

М.Ж. Бекпатшаев _______________



1. Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.


«Macromedіa Flash MX технологиясы» арнайы курсын оқытудың мақсаты – магистранттарды Macromedia Flash технологиясының мүмкіндіктерімен, негізгі әдістерімен және құралдарымен толық таныстыру; аталған технологияны пайдаланып мультимедиалық оқыту программаларын, WEB беттерін құруға үйрету. Күнделікті оқу процесіне қажетті құрал ретінде пайдалана алатындай деңгейге жеткізу.

«Macromedіa Flash MX технологиясы» арнайы курсын оқытудың міндеттері – Macromedia Flash технологиясының мүмкіндіктерін меңгеру, оқыту процесі мен білім беруді басқаруға ақпараттық технологияларды енгізетін әдіскер ретінде аталған технологияны пайдаланушыларды дайындау.

«Macromedіa Flash MX технологиясы» арнайы курсын оқудың нәтижесінде магистранттар:

- Flash MX интерфейсін меңгеріп, жұмыс істей білуі; әртүрлі құралдарды пайдалана білуі; мәтінмен жұмыс істей білуі; графикалық объектілердің анимациясын құра білуі тиіс;

- Flash MX ортасында символдармен жұмыс істеп, оны пайдалана білуі; Интерактивті анимациялар құра білуі; Flash фильмдерін шығарудың ретін басқара білуі;

- Flash технологиясында программалауды меңгеруі тиіс.


«Macromedіa Flash MX технологиясын оқыту» атты арнайы курсы «Информатика», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «компьютерлік графика» және т.б. пәндерден алынған білімге сүйенеді.





Пәндер атауы, олардың бөлімдері

1

Информатика. Тақырыптар: Ақпараттық технологиялар. Алгоритмдеу және программалау.

2

Педагогика. Тақырыптар: Оқыту принциптері. Оқыту әдістері. Оқыту технологиялары. Оқыту құралдары. Оқу процесін ұйымдастыру формалары.

3

Компьютерлік графика. Тақырыптар: Құрал-саймандардың жұмысы, түстер, қабаттар, анимациялар жасай білу.


2. Пәннің мазмұны

2.1.Лекция



№ тақырыптар

Тақырыптар мазмұны

Сағаттар саны



Кіріспе. Flash MX технологиясының жұмысына жалпы сипаттама. Сурет салу. Салынған суреттерді жөндеу. Графикалық элементтерді көшіру. Объектілерді топтастыру. Мәтінмен жұмыс істеу

1



Графикалық объектілердің анимациясы.Кадрлық анимация. Автоматты түрде құрылатын анимация. Берілген траектория бойынша қозғалыс анимациясы. Бірнеше объектілердің анимациясы.

1



Flash MX ортасындағы символдар.Символдар құру және сақтау. Клип құру. Анимацияланған графикалық символ құру.

1



Интерактивті анимация. Батырмалар және басқа да интерфейс элементтерін құру.

1



Фильм элементтеріне әрекет тағайындау. Батырма экземплярына немесе клипке әрекет тағайындау

1



Интерактивті анимация. Батырмалар және басқа да интерфейс элементтерін құру

1



Flash фильмдерін шығарудың ретін басқару. Белгісі бар кадрға шартсыз көшуді ұйымдастыру. Фильм құрылымы және Movіe Explorer панелі. Интерфейс элементіне әрекет тағайындау.

1



Фильм ішіндегі фильмнен бас фильмге көшуді құру. Клиптің негізгі фильмін басқару.


1



Жылжымалы мәтін. Мәтіндік өріс құру, айнымалы атауын меншіктеу және мәтінді айнымалыға беру.

1



Негізгі орағыш жолақтарын қосу. Мәтінге орағыш жолақтарын орнату.

1



Орағыштың экрандық батырмаларына көрінбеушілік қасиетін беру.Сыртқы файлдан мәтін шақыру.

1



Flash технологиясында программалау. Қарапайым қозғалысты программалау. Экрандық батырмалар арқылы қозғалысты басқару. Клавиатурадағы бағыттауыш клавиштарды пайдаланып қозғалысты басқару

1



Айнымалылар. Енгізу-шығару өрістерін құру. Мысалдар.

1



Тармақталу және қайталану командаларына мысалдар. Flash технологиясында тест құру.

1



Студенттердің зерттеу тақырыбы бойынша мультимедиалық оқыту программасын құру

1




Барлығы 15 с.

15

2.2. Лабораториялық сабақтар




№ тақырыптар

Лабораториялық сабақтардың аты мен мазмұны

Сағаттар саны

1

Кіріспе. Flash MX технологиясының жұмысына жалпы сипаттама. Сурет салу. Салынған суреттерді жөндеу. Графикалық элементтерді көшіру. Объектілерді топтастыру. Мәтінмен жұмыс істеу

1

2

Сурет салу құралдарының мүмкіндіктерімен танысу

1

3

Мәтінмен жұмыс істеу

1

4

Графикалық объектілердің анимациясы

1

5

Flash MX ортасындағы символдар

1

6

Интерактивті анимация. Батырмалар құру

2

7

Батырмалар және басқа да интерфейс элементтерін құру

1

8

Flash фильмдерін шығарудың ретін басқару


1

9

Flash ортасында дыбысты пайдалану

1

10

Негізгі орағыш жолақтарын қосу. Мәтінге орағыш жолақтарын орнату.

1

11

Flash технологиясында программалау. Студенттердің зерттеу тақырыбы мультимедиалық оқыту программасын құру

2

12

Тармақталу және қайталану командаларына мысалдар.Flash технологиясында тест құру.

2




Барлығы 15 с.

15

2.3. Оқытушының жетекшілігімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмысы




№№ п.п.

Тақырыптар аты мен СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар мазмұны

Өткізу түрі

Сағаттар саны

1

Flash MX технологиясының мүмкіндіктеріне сипаттама беріңдер.

1. Сурет салу. Салынған суреттерді жөндеу. Графикалық элементтерді көшіру. Объектілерді топтастыру. Мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне сипаттама беріңдер. 2. Аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарыңының мұқабасына безендіру жасаңдар.



Практикалық жұмыс.

1

2

Графикалық объектілердің анимация

1. Графикалық объектілердің анимацияларына сипаттама беріңдер және олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2. Кадрлық анимацияны пайдаланып, жүріп бара жатқан автомобиль қозғалысын бейнелеңдер.

3. Автоматты түрде құрылатын анимацияны пайдаланып, алдыңғы мысалды орындаңдар.

4. Берілген траектория бойынша қозғалыс анимациясын пайдаланып, алдыңғы мысалды орындаңдар.


Практикалық жұмыс

3

3

Flash MX ортасындағы символдар.

1.Символдар қалай құрылады?

2. Клип қалай құрылады?

3. Анимацияланған графикалық символ қалай құрылады?

4. Тышқанның қозғалысын бейнелейтін клип құрыңыз.

5. Доптың қозғалысын клавиатурамен басқаруды бейнелейтін программа құрыңыз.




Практикалық жұмыс.

3

4

Интерактивті анимация.

1. Батырмалар және басқа да интерфейс элементтері қалай құрылады?

2. Flash фильмдерін шығарудың ретін басқару неге тәуелді?

3. Белгісі бар кадрға шартсыз көшу қалай ұйымдастырылады?

4. Movіe Explorer панелі қандай қызмет атқарады?

5. Сағат стрелкасының қозғалысын бейнелеңдер.




Практикалық жұмыс.

4

5.

Жылжымалы мәтін. Мәтіндік өріс құру

1. Мәтіндік өріс қалай қырылады?

2. Мәтінге негізгі орағыш жолақтарын қосу қалай жүзеге асырылады?

3. Жылжымалы мәтіндік өріс қалай құрылады?

4. 5 тақырыптан тұратын мәтінге орағыш жолақтарын орналастырып, беттен-бетке көшіруді жүзеге асыратын қосымша дайындаңыз.


Практикалық жұмыс.

2

6

Flash технологиясында программалау.

  1. Айнымалыларды енгізу және шығару қалай жүзеге асырылады?

2. Тармақталу, таңдау және қайталану командаларына сипаттама беріп, пайдалаылу мысалдарын келтіріңдер.

3. Лабиринт бойынша доптың қозғалысын программалаңдар.

4. Суретте бейнеленген көкністер мен жемістерді бөліп орналастыратын программа құру. Егер оқушы дұрыс бөліп орналастырса тиіста хабарлама беру қажет.

5. Жолда жүру ережесін бейнелейтін қосымша құрыңыз.

6. Білімді бағалайтын тест программасын құрыңыз.

7.Студенттердің зерттеу тақырыбы мультимедиалық оқыту программасын құру



Практикалық жұмыс.

2

3. ПӘНГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
3.1.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер

1. Халықова Г.З. Кеңесбаев С.М., Мафухаева Р.М. Macromedia Flash МХ технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Казақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006. – 253б.

2. Б. Сандерс. Эффективная работа: Flash 5. СПб: Питер, 2001. -352 с.:ил.

3. Этан Уотролл, Норберт Гербес. Flash MX. Санкт-Петербург, 2003 г.

4. С.И.Переверзев. Macromedia Flash в школе. Информатика и образование. 2003. № 5,6,11,12. 2004. № 1,3.

5. А.Кишик, П.Галушкин. Flash МХ. Эффективный самоучитель: -СПб.:ООО «ДиаСофтЮп», 2003.-416 с.

6. Обучение Macromedia Flash МХ. СD. 2003 г.

3.2. Емтиханға дайындалуға арналған тест сұрақтары



  1. Flash технологиясының мүмкіндіктерін ата :

a) Броузер терезесінің мөлшеріне тәуелсіз Web беттерін құру,

интерфейс элементтерін құру және оған сәйкес әрекеттерді орнату.

b) Flash технологиясында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады.

c) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын жасап, сандық эксперимент өткізуді және математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті ете алады.

d) Қашықта орналасқан орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады.
2. Фильм терезесінің бөліктерін ата:

a) Құралдар, түр

b) Фильмді монтаждауға арналған уақыт шкаласы, фильм объектілерін құруға арналған бөлік

c) Нұсқау, терезе, өзгерту

d) Түс, опциялар
3. Мәтіндік объектілерді баптауға арналған командалары бар меню:

a) View


b) Control

c) Text


d) Edit
4. Control менюі не үшін қажет?

a) Жеке сценалар мен кадрларды тексеру

b) Объектілерді қою

c) Анықтамалық акпарат алу

d) Мәтін объектілерін баптау
5. Өзгерту менюіндегі командалар:

a) Объектілерді, символдарды басқару

b) Объектілерді, символдарды қоюға арналған

c) Мәтіндік объектілер бапталады

d) Фильммен жұмыс істеуге арналған
6. Саймандар тақтасы тобын көрсет

a) құралдар, түс, түр, опциялар

b) жылжыту, масштабтау, бояу түсін басқару

c) көрсеткіш, түзу сызық, ерекшелеу

d) сиясауыт, толтыру, трансформация

7. - қандай құрал?

a) боялған аудандар алу

b) түзу сызық

c) қабаттың экраннан көрінуін басқарады

d) эллипс, доға салатын

8. Сиясауыт – бұл

a) төртбұрыш салуға арналған

b) контур түсінің қалыңдығын өзгертуге арналған

c) кез-келген объектілерді белгілеуге арналған

d) градиенттік бояуларды трансформациялауға арналған

9. Толтыру – бұл

a) мәтін жазуға арналған

b) градиенттік, растрлық бояуларды трансформациялауға мүмкіндік береді

c) эллипс, шеңбер салуға арналған

d) контур түсін өзгертуге арналған

10. Лассо құралы не үшін қажет?

a) мәтін жазуға арналған

b) өшіру үшін арналған

c) әртүрлі форманы белгілеуге арналған

d) түзу, қисық сызық симметриясын салу
11. Кадрда торды бейнелеу

a) Түр – Тор – Торды редактрлеу

b) Түр – Тор – Торға байластыру

c) Өзгерту – Трансформация

d) Түр –Тор –Торды көрсету
12. Экранға сызғышты шақыру

a) Түр – Сызғыш

b) Түр – Тор - Торды редактрлеу

c) Өзгерту- бөлшектеу

d) Файл –ашу

13. Бағыттауыш сызық түсін өзгерту

a) Түр – Бағыттауыш – Торды редактрлеу

b) Түр – Сызғыш

c) Түр – Бағыттауыш – Бағыттауышты радактрлеу

d) Өзгерту – Бөлшектеу


14. Объектілерді бір-біріне байланыстыру үшін

a) Түр - Сызғыш

b) Терезе -Трансформация

c) Түр –Тор –Торға байластыру

d) Түр –Тор –Торды редактрлеу
15. Тордың қадамын және түсін өзгерту үшін

a) Түр –Тор – Торды редактрлеу

b) Түр –Тор –Торға байластыру

c) Түр – Бағыттауыш

d) Түр – Бағыттауыш – Бағыттауышты редактрлеу
16. Кадр өлшемін өзгерту үшін

a) Өзгерту – Құжат – Қасиет

b) Түр – Бөліктеу

c) Өзгерту – Топтау

d) Қою – Кілттік кадр
17. Flash ортасында мәтіннің түрлері

a) статикалық, динамикалық, енгізу өрісі

b) кеңейтілген, қысқартылған

c) автоматты, кадрлық, траектория

d) клип, кнопка, графикалық
18.Статикалық мәтін – бұл

a) 4 кадрдан тұратын шағын мәтін

b) интерактивті формалар құру

c) мәтіндік ақпаратты программада шығаруға арналған өрісті береді

d) Flash фильмінің кадрларында мәтіндік ақпаратты орналастыру
19. Мәтіндік ақпаратты программада шығаруға арналған өрісті беретін мәтін

a) Автоматты

b) Динамикалық

c) Статикалық

d) Енгізу өрісі
20.Статикалық мәтіннің мәтіндік блоктағы типтері

a) клип, кнопка

b) кеңейтілетін, ені шектеулі

c) кеңейтілген, қысқартылған

d) кадрлық, траектория
21.Кеңейтілетін блокқа мәтін енгізу

a) Мәтін инструментін таңдап, курсорды мәтін блогі басталатын орынға орналастырамыз, мәтін енгіземіз, Enter клавишасын басқанда келесі жолға көшіріледі

b) Enter клавишасын басқанда келесі жолға көшіріледі, мәтін инструментін таңдап, курсорды мәтін блогі басталатын орынға орналастырамыз, мәтін енгіземіз

c) Мәтін енгіземіз, Enter клавишасын басқанда келесі жолға көшіріледі, курсорды мәтін блогі басталатын орынға орналастырамыз, мәтін инструментін таңдаймыз

d) Курсорды мәтін блогі басталатын орынға орналастырамыз, мәтін инструментін таңдаймыз, мәтін енгіземіз, Enter клавишасын басқанда келесі жолға көшіріледі
22. Ені шектелген блокқа мәтін енгізу

a) A таңдаймыз, мәтіндік блок енін береміз, мәтін енгіземіз

b) мәтіндік блок енін береміз, мәтін енгіземіз, A таңдаймыз

c) мәтін енгіземіз, A таңдаймыз, мәтіндік блок енін береміз

d) A таңдаймыз, мәтін енгіземіз, мәтіндік блок енін береміз
23. Мәтінді графикалық объектіге түрлендіру

a) Өзгерту –Топтау

b) Өзгерту – Бөліктеу

c) Қою – Кілттік кадр

d) Түр – Бағыттауыш
24. Көлеңкені мәтін артына түсіру

a) Өзгерту – Реті – Артқа жіберу

b) Өзгерту – Бөліктеу

c) Басқару – Ойнату

d) Файл – Импорт
25. Мәтін көлеңкесін табиғи түрге келтіру

a) Өзгерту – Реті – Артқа жіберу

b) Өзгерту – Бөліктеу

c) Басқару – Ойнату

d) Өгерту – Фигура – артқа жіберу
26. Анимация – бұл

a) Броузер терезесінің мөлшеріне тәуелсіз Web құру

b) Символдарды құру және филмге қою

c) Қозғалмайтын суреттерді қозғалысқа келтіру

d) Мөлдір пленкалардың комьютерлік аналогы
27. Кадр жиілігі көбейген сайын фильм қозғалысы

a) Баяулайды

b) Жылдамдайды

c) Тоқтайды

d) Өзгеріссіз қалады
28. Кілттік кадрлар тізбегінен тұратын анимация

a) Клип


b) Троектория бойынша анимация

c) Автоматты анимация

d) Кадрлық анимация
29. Анимация кадрларын көшіру

a) Өзгерту – Масштаб

b) Басқару – Ойнату

c) Терезе – Кітапхана

d) Түзету – Кадрларды көшіру
30. Кез – келген объектілерді салып, ерекшелеп, топтастырып, жаңа қабат қосып, траектория сызып, объектілердің центірін қисық центірімен беттестіреміз, Қою – Создать двойное движение, екі қабаттың кадрларын ерекшелеп, Қою – Кілттік кадр командаларын орындау – бұл:

a) Траектория бойынша анимация

b) Автоматты анимация

c) Кадрлық анимация

d) Мәтін формасының өзгерісінің анимациясы
31. Мәтін формасының өзгерісінің анимациясы –

a) A таңдаймыз, 1-ші кадр үшін мәтін енгіземіз, 50-ші кадрды кілттік кадр жасаймыз, осы жерде 1-ші кадрдағы мәтінді өшіреміз, жаңа мәтін жазамыз, Өзгерту – Бөліктеу, 1-кадрда мәтінді графикалық объектіге айналдырамыз, 1-ші кадрда тұрып объектілер инспекторындағы Tween – Shape (Тізім - Форма)

b) 1-ші кадр үшін мәтін енгіземіз, Өзгерту – Бөліктеу, 1-ші кадрдағы мәтінді өшіреміз, жаңа мәтін жазамыз, A таңдаймыз, 1-ші кадрда тұрып объектілер инспекторындағы Tween – Shape (Тізім - Форма) , 1 – кадрда мәтінді графикалық объектіге айналдырамыз, 50-ші кадрды кілттік кадр жасаймыз,

c) Өзгерту – Бөліктеу, 1-ші кадр үшін мәтінді енгіземіз, A таңдаймыз, 1-ші кадрда тұрып объектілер инспекторындағы Tween – Shape (Тізім - Форма) , 1-ші кадрдағы мәтінді өшіреміз, жаңа мәтін жазамыз, 50-ші кадрды кілттік кадр жасаймыз, 1 – кадрда мәтінді графикалық объектіге айналдырамыз,

d) A таңдаймыз, Өзгерту – Бөліктеу, 50 – ші кадрды кілттік кадр жасаймыз, 1- ші кадр үшін мәтінді енгіземіз, 1 – ші кадрда тұрып объектілер инспекторындағы Tween – Shape (Тізім - Форма) , жаңа мәтін жазамыз, 1 – кадрда мәтінді графикалық объектіге айналдырамыз, 1-ші кадрдағы мәтінді өшіреміз
32. Мәтін анимациясы –

a) A таңдаймыз, мәтін енгіземіз,ерекшелейміз, өлшемін таңдаймыз, экранда туралап, мәтінді графикалық объектіге ауыстырып,топтаймыз, 30-шы кадрды белгілеп, кілттік кадр қойып, Трансформация – Масштабтау, 3 есе кішірейтіп, экранда туралаймыз

b) Трансформация –Масштабтау, 3 есе кішірейтіп, экранда туралаймыз, A таңдаймыз, мәтін енгіземіз, ерекшелейміз, өлшемін таңдаймыз, мәтінді графикалық объектіге ауыстырып, топтаймыз, 30-шы кадрды белгілеп, кілттік кадр қоямыз

c) A таңдаймыз, мәтін енгіземіз, ерекшелейміз, өлшемін таңдаймыз, 30-шы кадрды белгілеп, кілттік кадр қоямыз, 3 есе кішірейтіп, экранда туралаймыз, мәтінді графикалық объектіге ауыстырып, топтаймыз

d) Мәтін енгіземіз, ерекшелейміз, өлшемін таңдаймыз, мәтінді графикалық объектіге ауыстырып, топтаймыз, Трансформация – Масштабтау, 30-шы кадрды белгілеп, кілттік кадр қоямыз
33. Әріптің формасын өзгерту

a) A таңдаймыз, мәтін енгіземіз, графикалық объектіге айналдырамыз, бояуды алу пиктограммасын басып, мәтіндегі әріп формасын өзгертеміз, әріп контурын жүргіземіз

b) Мәтінді енгіземіз, A таңдаймыз, графикалық объектіге айналдырамыз, бояуды алу пиктограммасын басып, мәтіндегі әріп формасын өзгертеміз, әріп контурын жүргіземіз

c) Мәтінді енгіземіз, мәтіндегі әріп формасын өзгертеміз, әріп

контурын жүргіземіз, A таңдаймыз, графикалық объектіге айналдырамыз,

әріп контурын жүргіземіз

d) әріп контурын жүргіземіз, мәтін енгіземіз, мәтіндегі әріп

формасын өзгертеміз, A таңдаймыз, графикалық объектіге айналдырамыз


34. Flash MX жүйесінде символдармен жұмыс істеуде символдың неше түрі бар?

a) кеңейтілген, қысқартылған

b) статикалық, динамикалық, енгізу өрісі

c) графикалық, клип, кнопка

d) кадрлық, автоматты, траектория
35.Символ атын библиотека панеліндегі символдар тізімінен таңдап, алдын-ала көру терезесінің бос жерін тышқанмен 2 рет белгілеу – бұл

a) фильм библиотекасына шрифт қосу

b) траектория бойынша қозғалыс

c) символды жөндеу режиміне көшу

d) фильм ойнату
36. Бейне анимациясының түрлері

a) графикалық, клип, кнопка

b) кадрлық, автоматты, траектория

c) статикалық, динамикалық, енгізу өрісі

d) кеңейтілген, қысқартылған
37. Клип символының графикалық символдан айырмашылығы

a) жылдамдығында

b) анимация шығару негізгі фильмге тәуелді

c) клипті жүргізу кезінде негізгі фильмді жүргізуге тәуелсіз орындалады

d) кадрлар автоматты түрде бірінен кейін бірі автоматты түрде орындалады
38. Символдарды құру және жөндеу үшін пайдаланылатын кітапхана режимі

a) кеңейтілген

b) қысқартылған

c) опциялар

d) енгізу өрісі
39. Символды жаңа символ ретінде құру үшін қандай команда орындалады

a) Терезе – Кітапхана

b) Қою – Символға түрлендіру

c) Қою – Жаңа символ

d) Файл – Ашу
40. Графикалық бейнеге түрлендіретін растрлық бейнені таңдап, оны фильм кадрына орналастырып, Өзгерту – Бөліктеу, Қою – Топтастыру командаларын орындап, ОК кнопкасын орындау қандай нәтиже береді?

a) бұрын құрылған символ негізінде жаңа символ құру

b) анимациялық – графикалық символ құру

c) фильм библиотекасына шрифтерді орналастыру

d) растрлық бейне символын графикалық бейне символына түрлендіру
41. Ағымдағы фильм кітапханасын экранға шақыру

a) Терезе – Кітапхана

b) Қою – Кілттік кадр

c) Қою – Символға түрлендіру

d) Терезе – Трансформация
42. Кітапхана панеліндегі кеңейтілген режимнің UseCount пайдаланушыға қандай ақпарат ұсынады?

a) өшіру


b) құрылған уақытты көресту

c) ақпараттың кемінде қанша рет пайдаланғандығын көрсетеді

d) жаңа символ құру
43. Объектіні топтастыру үшін

a) Қою – Символға түрлендіру

b) Өзгерту – Топтастыру

c) Басқару – Ойнату

d) Басқару – Трансформация – Масштаб
44. Басқару – Ойнату командасы – бұл

a) Кілттік кадр қою

b) Масштабын өзгерту

c) Анимацияны көру

d) Объектілерді топтау
45. Библиотека панелінің неше бейнелеу режимі бар?
a) 2

b) 4


c) 1

d) 3
46. Кадрды кілттік кадр жасау

a) Қою – Кілттік кадр

b) Өзгерту – Бөліктеу

c) Создать двойное движение

d) Өзгерту – Топтау


47. Қабат дегеніміз – бұл

a) экранда кітапхананы шақыру

b) қозғалмайтын суретті қозғалту

c) мөлдір пленкалардың компьютерлік аналогі

d) ақпараттың қанша рет пайдаланғандығын көрсетеді
48. Қабат аты жазылған жолды 2 рет белгілеп, қабаттар қасиеті диалог терезесінде қабат атын беру – бұл

a) қабаттың орналасу ретін өзгерту

b) қабатқа атау беру

c) қабаттар папкасын құру

d) жаңа қабат құру
49. Қабаттар қасиеті диалог терезесін ашу

a) Өзгерту – Қабат

b) Өзгерту –Бөліктеу

c) Өзгерту – Топтау

d) Терезе – Трансформация
50. Қабатқа курсорды келтіріп, тышқан кнопкасын жібермей ұстап тұрып, кез-келген орынға апарып орналастыру

a) жаңа қабат құру

b) қабат папкасын ұйымдастыру

c) қабаттың орналасу ретін өзгерту

d) қабат папкасын құру
51. Уақыт шкаласындағы пиктограмманы белгілеп, қабаттар қасиеті диалог терезесінде екінші қабатқа атын беру

a) қабат папкасын ұйымдастыру

b) жаңа қабат құру

c) қабат папкасын құру

d) қабаттың орналасу ретін өзгерту
52. Программа символдарды жөндеу режиміне көшкеннен кейін қандай кадрлар пайда болады?

a) Up, Down, Hit, Over

b) Go to, Panels, Print

c) Past, Cut, Copy

d) Roll Over, Drag Over

53. Кез-келген бейне көрінбей, тышқанның кнопкасының басылуына бара-бар болатын қосымша аймақ қызметін қай кадр атқарады?

a) Over

b) Up


c) Hit

d) Down
54. Егер оның үстіне апарғанда, ол тышқанның кнопкасы басылған күйдегі кнопканың бейнесіне сәйкес келсе


a) Up

b) Hit


c) Over

d) Down
55. Бұл кадрда орналасқан кез-келген бейне көрінбейді және ол тышқанның кнопкасының басылуына бара-бар болатын қосымша аймақ қызметін атқарады


a) Hit

b) Up


c) Down

d) Over
56. Control менюіндегі кнопкада қарапайым әрекеттерді

орындау командасының қасына жалауша орнату – бұл

a) масштабы өзгереді

b) кнопка пайдаланушының барлық әрекеттеріне жауап береді

c) анимация көрінеді

d) мәтін қағазға басылып шығарылады
57. Actions панелінің жұмыс режимдері

a) масштабын өзгерту

b) анимацияны көру

c) әдеттегі, арнайы режим

d) кеңейтілген, қысқартылған

58. Кнопка менюінің Goto Line командасы

a) символдар тізбегін тауып,оны басқа тізбекпен алмастыру

b) нөмірі көрсетілген жолға көшу

c) сұхбат терезесінде енгізілген символдар тізбегін табу

d) енгізілетін программа кодының жолдарын көшірмейді


59. Check Syntax – бұл

a) сұхбат терезесіне енгізілген символдар тізбегін табу

b) сценарий мәтінін қағазға басып шығарады

c) құрылған сценаның синтаксисін тексеру алгоритмін шақырады

d) енгізілген программа мәтініне автоматты түрде форматтауды қосу
60. Import Form File – бұл

a) енгізілген команда немесе оператордың синтаксисін сілтеме ретінде көрсетеді

b) нөмірі көрсетілген жолға көшу

c) символдар тізбегін іздеуді қайталау

d) Flash сценарийінің файлынан немесе мәтіндік файлдан сценарийді импорттайды
61. Енгізілген программа кодының жолдарын нөмірлеу

a) View Line Numbers

b) Auto Format

c) Go to Line

d) Find
62. Енгізілген программа мәтініне автоматты түрде форматтауды қосу – бұл

a) Find Again

b) Import From File

c) Show Code Hint

d) Auto Format
63.Сценарий мәтінін қағазға басып шығаратын

a) Print


b) Preferences

c) Check Syntax

d) Export as File
64. As және TXT форматындағы құрылған сценариді сақтауға мүмкіндік беретін команда

a) Print


b) Find

c) Go to Line

d) Export as File
65. Тышқанның көрсеткіші батырманың үстінде болған жағдайда орындалатын оқиға

a) Drag Over

b) Roll Over

c) Key Press

d) Release
66. Release Outside – бұл

a) батырмадан тыс жерге тасымалдау

b) батырмадан тыс жерді тышқанмен белгілеу

c) батырма үстінен тышқанмен белгілеу

d) пернені басу
67. Drag Over – бұл

a) пернені басу

b) батырмамен тасымалдау

c) батырма үстінен тышқанмен белгілеу

d) тышқанның батырмасын батырма суретінің үстінен басу
68.Тышқанның батырмасын батырма суретінің үстінен басу

a) Press


b) Release

c) Key Press

d) Drag Out
69. Flash фильмінің бір сценасы қанша кадрдан тұрады?

a) 1024


b) 128000

c) 526


d) 64000

70. Сценалар бірінен соң бірі қандай әрекеттің көмегімен ұйымдастырылады?

a) Goto

b) Collaps Others



c) Print

d) Panels


71. - қандай қызмет атқарады?

a) Символдарды бейнелеу

b) әрекеттті белгілеу

c) мәтінді белгілеу

d) дыбысты, видеофайлды белгілеу
72. пиктограмма –бұл

a) Мәтінді белгілеу

b) дыбысты, видеофайлды белгілеу

c) қабаттарды бейнелейді

d) қабатты блакировка жасайды

73. пиктограмма – бұл

a) дыбысты, видеофайлды белгілейді

b) қабаттарды бейнелейді

c) қабатты блакировка жасайды

d) мәтінді белгілеу


74. Таңдалған фильм элементінің қасиеттері берілетін панельді экранға шақыратын команда

a) Rename

b) Edit in Place

c) Past


d) Panels
75. Экранға сценалар тармағын шығаратын команда

a) Goto Location

b) Movie Elements

c) Goto Symbol Definition

d) Show all Scene
76.Copy all Text to Clipboard – бұл

a) мәтінді алмастыру буферіне көшіру

b) таңдалған элементтің атын өзгерту

c) фильм библиотекасынан таңдалған символды табу

d) филмнің таңдалған элементін көшіру
77. Edit in Place - бұл

a) мәтінді алмастыру буферіне көшіру

b) таңдалған элементтің атын өзгерту

c) кадрлар тармағын бейнелейді

d) символды жөндеу режиміне көшу
78. Фильм демонстрациясын тоқтату үшін

a) Insert frame

b) Tell Target

c) Goto and Stop

d) Goto and Play
79.Фильмді жүргізуге арналған команда

a) Text Movie Control

b) Tell Target

c) Goto and Stop

d) Goto and Play
80. Collaps Bransh – бұл

a) Фильмнің таңдалған элементінің тармағын жинап қою

b) бейнені қағазға шығару

c) барлық иерархиялық тармақтарды жинап қою

d) таңдалған элементтің атын қою
81.Жаңа сцена құру командасы

a) Қою – Жаңа сцена

b) Қою – Кілттік кадр

c) Қою – Жаңа символ

d) Терезе – Кітапхана
82. - қандай қызмет атқарады?

a) фильм тармағында клиптар, графикалық символдар көрсетіледі.

b) мәтін және шрифт жөнінде пиктограмма

c) символдарды бейнелеу

d) видеофайлдар бейнеленеді
83. – бұл қандай пиктограмма?

a)фильм тармағында клиптар, графикалық символдар көрсетіледі.

b) мәтін және шрифт жөнінде пиктограмма

c) мәтінді бейнелеу

d) әрекетті бейнелеу және Action беті сценариінің толық мәтінін жазады

84. - Қандай қызмет атқарады ?

a) кадрларды және қабаттарды бейнелеу

b) мәтін және шрифт жөнінде пиктограмма

c) мәтінді бейнелеу

d) әрекетті бейнелеу және Action беті сценариінің толық мәтінін жазады


85. Find in Library – бұл

a) Барлық сценаларды бейнелеу

b) таңдалған элементтің атын өзгерту

c) фильм библиотекасынан іздеу

d) филмнің таңдалған элементін көшіру
86. - қандай қызмет атқарады?

a) фильм тармағында клиптар, графикалық символдар көрсетіледі.

b) панеліндегі бейнеленген элементтер ішінен қажетті элементті таңдау мүмкіндігін береді

c) мәтінді бейнелеу

d) әрекетті бейнелеу және Action беті сценариінің толық мәтінін жазады.
87. Flash ортасындағы мәтіндік өрістің типтері:

a) Static Text, Input Text, Dynamic Text.

b) b) Collaps Others Text

c) Print Text

d) Panels Text
88. Flash ролигі кадрларындағы әртүрлі жазбаларды шығару үшін қолданылатын өріс:
a)Input Text

b) Static Text

с) Dynamic Text

d) Print Text


89. Flash ролигінің жұмыс істеу процесінде өзгеріп отыратын ақпаратты шығару үшін қолданылатын өріс:

a)Input Text

b) Static Text

с) Dynamic Text

d) Print Text
90. Клавиатурадан мәндерді енгізу үшін қолданылатын өріс:

a)Input Text

b) Static Text

с) Dynamic Text

d) Print Text
91. Батырмаға тағайындалатын әрекет қандай команда арқылы жүзеге асады?
a) Actions – Movie Control – on – release

b) Actions – Movie Control – GoToAndStop

c) Actions – Movie Control –GoToAndPlay

d) Actions – Movie Control –Stop








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет