2. Сұхбат
1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдына ала әзірленген сұрақтарға негізделген сұхбат.
3) Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылған жауап маңызды рөл атқарады.
«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог Г.Д.Ушинский көрегендігін басшылыққа ала отырып, педагогикалық үрдісті психологиялық қызметпен ұштастыра жүргізе отырып осы бағытта біршама жұмыстар атқарды. Нақты фактімен келтірер болсақ: мектеп жасына дейінгі балаларының процестерін даму деңгейін анықтау мақсатында отандық психолог Р.С.Немовтың «Ғалымдық процестердің дамуы» методикаларын қолданып, психодиагностикалық зерттеу жұмыстары балалардық қабылдау, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қиял, зейін әрекеттерінің даму дәрежесінің қай деңгейде екендігі жөнінде қажетті деректер берді. Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез-келген тақырыпқа диагногстикалық сұхбат жүргізу қажет.
Әдетте, мұндай схбаттар төмендегідей құрылымнан тұрады:
1. Кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, көңілін келтіру;
2. Баланың еркін сөйлеуі;
3. Жалпы сұрақтар беру: «Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба? Сен баламен қалай ойнайсың?»
4. Толық зерттеу;
5. Бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре отырып, қорытынды жасау.
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:
1. Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: «Сен сурет салғанды жақсы көресің бе?»
2. Мазасыздану, үрейлену қаупін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы: «Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен не істер едің?»
3. Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген негізсіз сұрақтар, мысалы: «Балалар сурет салуды жақсы көреді ме?». Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет. Алдымен бұл бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық тұрғыдан қарастыру принципі. Бұл принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын зерттеуде, баланың үлкендермен өзара қарым-қатынас барысында қалай дамитындығын, өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз.
3. Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігін туындаған. К.Д.Ушинский: «Егер педагогика адамды барша тараптан тәрбиелегісі келсе, онда сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» - деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тәрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностиика (грек сөзі: диа – ашық, айқын және гнозис – білу) зерттеуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тәсілі. Педагогикалық даму саласындағы жиагностиканың мәні мен мағынасы , медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тәрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тәрбиені болашақта дұрыс жолмен келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Оқушының тән-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы және айрықша сапалардың даму дәрежесін өлшестіруші ерекше тесттер (нұсқаушы-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тән-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сәйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.
Рухани, әлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын әдістемелер әзірше күрделі, қорытынды дәлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерулер, антропометриялық, әлеуметтік және психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нәтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |