Пайдаланылған әдебиеттер
Л.Смагулова «Оқушы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы» // «Оқушы тәрбиесі», №5, 2013.
М.Көшкентаева «Педагогикалық-психологиялық диагностиалау жолдары, әдістері», №5, 2004.
№17 лекция
Балалардың психикалық даму деңгейін диагностикалық зерттеу әдістері
Жоспар
Үш-бес жас аралығындағы балалардың танымдық әрекеттерін зерттеуге арналған әдістемелер
«Пирамида», «Текшелерден» пішіндер құрастыру «Геометриялық пішіндерді тап» әдістері
«Ортақ қасиет тап», «Түрлі түсті мозаика жасау», «Суретті жинау», (Не қайда орналасқан?), «Сеген тақтасы» әдістемесі
1. Сюжеттік рөлдің ойындар – үш-бес жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы.
Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әр түрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бір ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалды жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы себебінде қабылдайды.
Үш-бес жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл біреу оның тұлғалық қасиеттерін бағаламаған кездегі өз өзін қорғаудың «тұлғалық» механизмі болып табылады.
Үш пен бес жас аралығындағы баланың сенсорлық үдерісінің сезінуі мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттарды пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауы ауысады.
Сөз үш-бес жастағы балалардың сенсорлық үдерістердің дамытуға жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардық сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
Үш-бес жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетте тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол өзімшіл. Оған анемастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едеуір ашық бөлігін ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
Үш-бес жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес. Басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттіліктері бар екенін түсінеді. Үш-бес жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерімен құрастырудың ерекшеліктерін танып біледі.
Бұл кезде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді ( бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ түйектерді қолдан жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қиыншылықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Бала үшін бейнелеу өнері – өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді.
Мүсіндеу, жабыстыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.
Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетін меңгеруге өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс әрекет дербестілігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.
Үш жастап бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезде бала өзіндік еркі бар жеке адам екендігін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психологиялық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез – құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.
Үш жасар бала – қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.
Үш-бес жасар баланың тұлғалық дамуының бизнестік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.
Үш-бес жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік, эмоционалдық, бастамашылдық, дербестік жатады.
Құзыреттілік. Бала төрт жасында әлеуметтілік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызуғушылығын білдіреді, оған сенеді, үлкендермен және құрдастармен өзара қарым қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататын түсінеді («мен ұлмын», «мен қызбын» ).
Біліктілік құзыреттілігі баланың қоршаған әлемді танып білу мақсатында әр түрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әр түрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне ( түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы ), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады ( үлкен, әдемі, дөңгелей, т.б. ).
Педагогикалық процесс ересектердің балалармен бірлескен іс әрекетімен баланың өз бетінше еркін іс әрекеті негізінде құрылуы тиіс.
Ересектер ешқандай психологиялық қысым көрсетпей ақ, өзі сол іс әрекетке қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған танымдық іс әрекетке тарта алады.
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс әрекет әр түрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:
Тақырыптық орталық сынды мектепке жасына дейінгі балалардың өз бетінше еркін іс әрекет түрлерін орындауға арналған көп жүйелі орта ұйымдастыру ( әр түрлі қызығушылықтар мен әр түрлі даму дәрежесіндегі балалардың өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасау);
Балалардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қолдану ( жұптасып, шағын топтармен, бүкіл топпен);
Балалардың ересектермен бірлескен іс әрекет түрлерін жүргізуге күн тәртібінен арнайы уақыт (жеті-отыз минутқа дейін) бөлінеді.
Осы бағыттарға сәйкес педагогикалық процесс төмендегідей құзыреттіліктерді қамтиды:
Үш бес жас аралығындағы балалардың танымдық әрекеттерін зерттеуге ұйымдастырылған оқу іс әрекетін қарым қатынас, ойын, зерттеу іздестірі, ересектермен және құрдастармен ынтымақтастық негізінде құру ( базистік оқу жоспарына сай әртүрлі, бірін бірі қайталамайтын әр сипатты іс әрекет түрлерін ұйымдастыру).
Үш бес жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталаған іс әрекеттер түрлері:
а) балалардың өз бетінше еркін іс әрекетін:
Ойын;
Сурет салуы;
Мүсіндеу;
Жапсыру;
Көркемдік тілдік іс әрекет;
Құрастыру;
Дидактикалық жаттығулар мен ойындар т.б.
б) ересектердің балалармен бірлескен іс әрекеті:
Ойын іс әрекеті;
Бейнелеу іс әрекеті;
Танымдық зерттеу іс әрекеті;
Тәжірибе жасау іс әрекеті;
Қатынас іс әрекеті;
Музыкалық сергіту іс әрекеті;
Мерекелер мен сауықтар;
Дене шынықтыру және сауықтыру іс әрекеті;
Жобалау іс әрекеті және т.б.
Күн тәртәбінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізінде әр баламен жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.
Күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі керек.
Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.
Жоғары интеллектуалдық жэәне физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы керек. Бұл егер күн тәртібі балаларға білім беру жұмыстарының жоспарымен сәйкес болса, мүмкін болады.
Балалардың шаршаған сырттай белгілерін ескеру қажет (қызығушылық деңгейі, алаңдау жиілігі, зейінінің жоқтығы және т.б. ) және олардың көрінген бірінші белгілерінде-ақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге болмайды.
Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттілігін көтеруге талпыну.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай бекітілген уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық тренингтер, сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен еркін жүріп-тұруына уақыт бөлінуі керек.
Баламен қарымс-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін төмендететін артық жиі қайталаулар болдырмау қажет.
Жұмыс аптасына жеңіл «кіруді» және одан жеңіл «шығуды» қамтамасыз ету үшін, дүйсенбі мен жұма күндері физиологиялық және интеллектуалдық жүктемесі бар іс-әрекет түрлері жүргізілмеуі тиіс.
Егер бала шаршаса, жұмысістеуден бас тартса, зейіні шашыраңқы болса, тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |