Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;
Сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
Көркемдік талғамын арттыру;
Іскерлік дағдыларын арттыру;
Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:
Айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
Бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;
Іскерлік дағдыларды меңгерту.
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын іс-әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себептен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді.
Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қаситетіне (пішініне, түсі т.б) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. 3 жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң-сол, жоғары-төмен, алыс-жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік-аласа, көп-аз, үлкен-кіші ұғымдарын шатастырып, 0 – ден 5 – ке дейінінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 – ден 10 – ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер шығарғанда көп қиналды. МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек, осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр, сондықтан. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға 3 деңгейді бірдей уақытта орындайтын балаларды отырғыздым, 2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез-келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп ойлаймын.
Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау шығармашылық жұмыс бастамасы. Келесі 4 деңгейді орындайдын оқушылар бірте–бірте дараланып шыға бастайды. Ал, 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беріп отырамын. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Зимняя И.А. Педагогическая психология / И.А.Зимняя. – М.: «Феникс», 1997. – 384 с.
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога и образовании / Е.И.Рогов. – М.: «Владос», 1995. -529 с.
Фридман Л.Ф. Психологический справочник учителя / Л.Ф. Фридман, И.Ю.Кулагина. – М.: «Просвещение», 1991. – 287 с.
Дубровина И.В. Школьная психологическая служба, вопросы теории и практики / И.В.Дуброва. – М.: «Педагогика», 1991. – 230 с.
Достарыңызбен бөлісу: |