ДНК –ны клондау кез келген ДНК кезектілігін үлкен мөлшерде алуға мүмкіндік береді
Көптеген рестрикциялы нуклеазалар ДНК қос тізбегіне бірнеше нуклеотид айырмасымен кесінділер жасайды ,нәтижесінде фрагмент шеттерінде қысқа бір тізбекті учаскелер қалып қояды. Бұл қысқа бір тізбекті учаскелер басқа қысқа бір тізбекті учаскелердің негіздерімен комплементарлы жұптар түзуге қабілетті ,сондықтан олар жабысқақ ұштар деп аталады.
Рестрикциялы нуклеазалар арқылы түзілген жабысқақ ұштар ДНК кез келген екі фрагменттерін егер де олар дәл сол рестрикциялы нуклеазалар арқылы үзілген болса жамауға мүмкіндік береді. Демек кез келген ДНК фрагментін плазмида немесе бактеиофаг сияқты авторепликацияланатын генетикалық элемент құрамына енгізуге болады. Осындай фрагменті бар бактериалық клонды осы ДНК фрагментін өндіретін фабрикамен салыстыруға болады. Осындай жолдармен ДНК молекулаларын көбейтуді ДНК –ны клондау деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |