Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет3/13
Дата18.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#11852
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектеп типтері.

  2. Шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

  3. Шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.

Лекция мәтіні

Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің мәселелесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде – қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек – ұрпағы оқып, тәрбиеленіп, өсіп жатыр.

Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы – бір халықтың қандай дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі – сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек” деген.

Бүгін таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын комплектілі болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді.



Республикадағы 8260 жалпы орта білім беретін мектептің 4229 (51,2 %)шағын комплектілі мектеп, оның 2156-ында оқу қазақ тілінде жүреді (50,9%). Ауылдық жерде орналасқан шағын комплектілі мектеп саны 4073, бұл жалпы ауылдық мектептің 96,3%. Оның 28,5% бастауыш, 24,2% негізгі, 47,3% орта шағын комплектілі мектеп. Сондай-ақ, қалалық шағын комплектілі мектеп саны 156 (3,7%).

Типіне қарай:

бастауыш шағын комплектілі мектеп – 1206 (1178-ауылдық, 28-қалалық),

негізгі – 1022 (1002-ауылдық, 20-қалалық),

орта – 2001 (1893-ауылдық, 108-қалалық).

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі.



Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар:

бастауыш шағын комплектілі мектеп;

негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;

жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.

Олардың бәріне тән қасиеттер:

тек біріктіріліген сынып-комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым);

тек бірікьтірілген сынып-комплектінің және бала саны аз жеке сыныптардың болуы;

тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта шағын комплектілі мектепте басым).

Шағын комплектілі мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.

Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін , мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Олар:



ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді;

Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады;

Оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады;

Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте ұстау керек. Үй тапсырмасын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн;

Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын, білім сапасын, дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті;

Практикалық-лабораториялық және экскурсия сабақтарында оқушыларды түгелдей қамтып жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың аздығы қолайлы жағдай туғызады;

Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады;

Шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.

Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек, шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру – маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Өйткені еліміздегі білім беретін жалпы орта мектептің 1554324 оқушысының 379379-ы шағын комплектілі мектепте оқиды. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1997 жылғы “Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі мектептің жұмысын ұйымдастыру” инструктивті-әдістемелік хатына сай шағын комплектілі мектептің негізгі көрсетікіші ретінде оқушылар саны алынған. Сондықтан 40 оқушыға дейін бастауыш, 100 оқушыға дейін негізгі, 280 оқушыға дейін орта шағын комплектілі мектеп болып есептелінеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің №300 25.02.2002 ж. қаулысына сай ауылдық жерде оқушы саны бес немесе одан көп болған жағдайда бастауыш, оқушы саны 41 немесе одан көп болғанда бастауыш және негізгі, оқушы саны 81 немесе одан көп болғанда орта шағын комплектілі мектеп ашылады.

1997-1998ж.ж.оңтайландыру нәтижесінде бастауыш шағын комплектілі мектеп саны қысқарды. Атап айтқанда, 1996ж. – 1362, 2000ж. – 1200 болды. Бірақ, соңғы жылдары шағын комплектілі мектептің даму динамикасының тұрақты өсуі байқалады. Оның айғағы оқушылар санының азаюынан толық комплектілі мектептерге көшті.


Шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер

Шағын комплектілі мектеп жағдайы мен негізгі проблемаларын зерттеу осы мектепке тән ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар:



  • мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;

  • біріктірілген сынып комплектісінің болуы;

  • бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушларымен бір мезгілде сабақ өтуі;

  • педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;

  • негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік.


Бақылау сұрақтары:
Шағын комплектілі мектеп типтері және оларға тән қасиеттер қандай?

Типтерге бөлінген мектептер несімен бір-бірінен ерекшеленеді?

Шағын комптлектілі мектеп неге ауылдық жерде көп?

Шағын комплекьілі мектеп ерекшеліктері қандай?



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазіргі білім берудегі негізгі міндет.

  2. Жаңа буын оқулықтары.

  3. Ауыл мектептерінің жағдайы.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні:

Қазіргі заманның талабы білім беруде гуманизациялау мен гуманитаризациялау мәселелеріне үлкен мән беру болып отыр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу.

Оқушыларды даралап, саралап оқыту арқылы дамыта оқыту басты назарымызда тұр. Оқыту мазмұнын, технология түрлерін жаңартуға міндеттіміз.

Бүгінгі күні қазақ халқының қайнар көзі ауылда шоғырланған. Ауыл мектептерінің ахуалын көтеріп, жағдай жасау, материалдық базасын нығайту – кезек күттірмейтін көкейтесті мәселе.

Біздің Оңтүстік Қазақстан облысында 967 мектеп болса, оның ішінде 239 шағын кешенді мектепте 30524 оқушы оқып білім алады. 82 шағын кешенді бастауыш мектептерінде 217 мұғалім, 27 шағын кешенді негізгі мектептерде 373 мұғалім, 131 орта мектебінде 3300 мұғалім білім беруде.

Шағын кешенді мектептерінің өз ерекшелігі бар. Мұнда, параллель сыныптары жоқ, оқушы саны аз болғандықтан кешенді сыныптар болып кіріктіріліп оқытылады.

Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде де құжаттар мен талап бірдей қойылады. Сондықтан да бұл мектептердегі мұғалімдерінің жүктемесі ауыр. Бірнеше пәннен кіріктірілген сабақтар беруге, мысалыға 1-3, 2-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім оқытады. Бұл жерде бастауыш сынып мұғалімдеріне байланысты қиындықтар көп кездеседі. Бірінші сынып оқушысын болмағанда екі тоқсан жеке оқыту керек. Сол сияқты мектеп бітіруші сыныптарды да жеке оқыту ережесін ескеруге тиіспіз.

Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тәрбиесі сабақтарын кіріктіріп оқытуда келелі мәселелер жоқ емес, бұл жағдайда кіріктіріліп оқытуға болмайтын мәселелер де кездеседі. Дәлірек айтсақ оқу бағдарламасына лайықты жеке жаттығу жасатумен бірге, оқушыға өзіндік дайындық кезінде мұғалім баламен бірге болу талабы назарда ұсталынады.

Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары оқушыны дамыта оқытуға, өзіндік іздене білуіне арналып жасалынған. Пән мұғалімдері жоғары оқу орындарында дамыта, деңгейлеп оқыту технологияларын толық игермегендіктен кәсіби білімін толықтырып отыруы керек. Ал курстарға барып білімін жетілдіруге екі сыныпқа бір мұғалім болғандықтан тағы бара алмайды.

Ал жаңа буын оқулығын меңгеріп кету үшін оқулық толық жеткілікті болумен бірге, оқулыққа қоса мұғалімдер әдістемелік оқу құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Бүгінгі ауыл тұрғындарының жұмыссыздығына байланысты ата-аналардың баласына оқулық алып беруге де жағдайы келе бермейді, оқулық бағасы өте қымбат. Бұл мәселеде де ойланатын жағдайлар көп.

Осы тұрғыда мұғалімнің ізденуі, мәдениетін арттыруы, баланың еркін ойлауына ықпал етілетін әдіс-тәсілдерге жетік болуы талап етіледі. Мұнда кітапхана қоры, ақпарат құралдарының қажеттілігі туындайды.

Ауыл жағдайына қарасақ, бүгінгі қала баласы демалатын орындар: хайуанаттар паркі, мұражайлар, аквопарктер жоқ. Олардың эстетикалық, патриоттық тыныс алатын орындары қазіргі таңда өз мектебі болып отыр. Осы тұрғыда тәрбие сағаттарының мазмұнын қызықты өткізу, сабақты түрлендіріп отыру, оқушы бойына патриоттық, мейірімділік, өжеттілік сезімдерді қалыптастырумен бірге, салтымызды тіл мәйегін тамызып еркін сөйлейтін – ұрпақ тәрбиелеу қажет.

Ауыл мектебін көтеруде, бүгінгі күні ауыл баласынан қала баласының үйренетін тәлімдері де бар. Ол еңбекқорлық, тіл тазалығы, шешендік, көпшілдік, кеңпейілділік, ұлт дәстүрі мен салтына жақындығы.

Жазғы демалыстарда бірге демалу, достастыру, ой алмасу, пікір таластарға қатыстыру арқылы бұл дәстүрлерді сахналық қойылымдарда көрсету, домбыра шертіп, айтыса білу, ат құлағында ойнап, ұлт ойындарының қасиетін игеруде ауыл балалары әлдеқайда алда.

Қызу қолдауды енді ғана тауып отырған ауылдағы шағын кешенді мектептерге, ата-аналар мен ел азаматтары да көмек көрсетіп, жылы ықылас білдіре бастады.

“Туған жерге тағзым” акциясында 250 млн. теңгеден аса түскен қаржы мектептердің оқу материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жұмсалды.

Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдары мемелекеттік нормативке сәйкес сақтау, тұрақтандыру және кеңейту мақсатында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда 2001 жылғы ауылды жерлерде 8 мектеп ашылды, оның 4-і негізгі, 4-і бастауыш мектептер. Мақтарал ауданындағы оңтайландыру кезеңіндегі біріктіріліп кеткен 4 мектеп (1-бастауыш, 3-орта) қайта бөлініп қалпына келді.

Бүгін облысымызды әсіресе ауыл мектептерін толғандыратын жай – көптеп көшіп келіп жатқан оралмандар мәселесі. Қазір бес мыңға жуық оқушы осы мектептерде оқиды, оларға арналып 2 мектеп өз алдына салынды. Сауаттылық өте төмен болғандықтан арнайы бағдарламалар қаралды. Сондықтан да педагогикалық жоғары оқу орындарын аяқтаған жас мамандарды ауыл мектептеріне жолдамамен жіберу, оларға тұрмыстық жағдай жасауды жандандырумен бірге, оларды үш жыл мерзім аяқталғанша мемлекет тарапынан бақылау қажеттілігі туып отыр.


Бақылау сұрақтары:

Ауыл мектептеріндегі көкейтесті мәселелер қандай?

Ауыл мектептеріндегі мұғалімнің атқаратын қызметінің ерекшелігі неде?

Акция өткізудің пайдасы неде?

Ауыл балалары қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?





Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдістің төмендігі.

  2. Білім ізгілігінің негізгі жолдары.

  3. ШКМ-гі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.

Лекция мәтіні:

Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф.Суворовтың, М.И.Зайкиннің және т.б.) шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдістің төмен нәтижелілілігінің себебі: қалыптасқан (30-35 оқушы оқитын) сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені бермейді. Біздің ойымызша, мұның себептерінің бірі – педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері мұндай мектептерде жұмыс істеуге дайын еместігі.

Ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдық әлеуметтік ортаның мүмкіндігін зерттеудің нәтижесінде (Л.С.Выготский, Л.Н.Гумилев, Л.П.Гурва, С.А.Рачниский, В.И.Семенов және т.б.) ауылдық әлеуметтік ортаның бірқатар жағымсыз жақтары да анықталды: қала оқушылары ата-аналарының білім деңгейіне қарағанда, ауылдық ата-аналардың білім деңгейі төменірек; мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер мен мәдениет мекемелерінің жоқтығынан мектепке дейінгі дайындықтың нашарлығы мен интеллеутуалды дамудың деңгейінің төмендігі педагогикалық үрдіс нәтижелілігінің төмендігіне әкеп соғады.

Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру, әсіресе, ауыл мектептерінің проблемаларын шешу, оның жұмыс принциптері мен қойылған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.

Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Солардың ішінде төмендегіні бөліп қараймыз:

Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі ретінде алатын, педагогикалық үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың жаңа басты элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Тарихи зерттеу, теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызды.

Соның іщіндегі ең маңыздылары:



  1. Ізгілендірілген білім мазмұнын іріктеуде қаралатындар:

  • білімдік-бағдарлық әдістен бас тартып дамытушылық жеке тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;

  • қатар пәндік және жекелік білімнен (А.А.Хамидов) білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және кең пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;

  1. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғалық-бағдарлық технологияларын таңдау (ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);

  2. Мұғалімнің озық ізгілік дайындығы; оның педагогикалық гуманизмді игеруі, оның диалогын қалыптастыруға оқушылармен ынтымақтастық жасауға дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық өзін-өзі көрсетудің қажеттілігі;

  3. Ауыл мектептерінде, әсіресе, республиканың шалғай шағын комплектілі мектептерінде жетік білім алуға қажетті жағдайлар жасау.

Осы үшін мұғалім мен оқушы арасындағы тұрақты классикалық схемадан бас тартып, қажетті дәлелдемені құруға міндетті мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды қажет етеді, мысалы, С.Френе сияқты, оқушылар бірлесіп шешу үшін қызықты проблема мен міндеттерді ұсыну.

Жеке тұлға құрылымының маңызды құрамы ретіндегі интеллектің дамуы білім мен әлеуметтік тәжірибенің игеруінсіз мүмкін емес.

Қоғамдық – тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан, қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, ойлауға, білімді өзіндік толықтыру мен жаңартуға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П.Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызиннің, Дж.Брунердің және т.б. зерттеулері дәлелдейді.
ШКМ-гі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі

Шағын комплектілі ауыл мектептерінің оқу және оқудан тыс үрдістерінің ерекше жағдайындағы төмен нәтижелілігі мұғалімнің осы мектеп түрінің педагогикалық үрдісін басқаруға арнайы даярлығын талап етеді.

Жалпы білім беру мектептеріндегі педагогикалық үрдісті басқару тәжірибесіне байланысты жинақталған эмпирикалық материалдарды, шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін, осыған дейін Н.Д.Хмель басқаруымен жүргізілген (Н.Н.Хан, С.Т.Каргин, Т.Н.Рябуха т.б.) зерттеулерді жалпылай келе, біз шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделін құрастырып отырмыз.

Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей өлшемдермен көрсетілген:



  • шағын комплектілі мектептегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби бағыттылығы;

  • мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің маңыздылығын білуі;

  • білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін білу-сезіну;

  • шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін білу;

  • пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру;

  • шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды жетілдіру тәсілдерін игеру.


ШКМ үшін педагог кадрларды көппрофильді үздіксіз даярлау жүйесі

Шағын комплектілі мектептің авторлық тұжырымдамасы негізінде, осы типті мектептердің мамандарын оза дайындау үлгісін ұсынып отырмыз. Шығыс Қазақстан, Қостанай аймақтарының іс-тәжірибесін жалпылай келе, шағын комплектілі мектептер үшін педагог кадрларды көппрофильді үздіксіз даярлау жүйесінің төмендегідей ең негізгі құрамдас бөліктері бар деп есептейміз.



Жоғары оқу орнына дейінгі кезең: дарынды балаларға арналған ауыл мектептері (нақтырақ, педагогикалық іс-әрекетке бейімдері бар оқушылар оқитын); кейін колледждің 2-ші курсына қабылданатын мектептегі кәсіби сыныптар (10-11); аудан орталықтарындағы ірі мектеп негізінде құрылған, түлектерге арналған 1-жылдық педагогикалық сыныптар; колледж.

Жоғары оқу орнының кезеңі: (шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдісті басқаруды даярлау үрдісі негізінде бір және қосақталған мамандық бойынша мұғалімдерді даярлау).

Жоғары оқу орнының кейінгі кезеңі: біздің бағдарлама бойынша, квалификацияны жетілдіру курстары МЖИ және ККДИ негізінде тыңдаушылардың тұрақты мекен-жайларына шығу, тірек мектептері, озық іс-тәжірибе мектептері, әдістемелік-семинарлар, педагогикалық-тәжірибе жұмыстарына қатысу, оқу-әдістемелік оқулықтар, мектеп басшыларына арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, оқу-әдістемелік орталықтары арқылы орта және жоғарғы білім негізінде қысқартылған мерзімде 2-ші мамандықты алу. Осыны жүзеге асыру жолдарының бірі ұстазды көппрофильді даярлықтан өткізу. Бұл жағдайда жас маман негізгі мамандықпен қатар 1 немесе 2 аралас мамандықты игеріп шығады.
Бақылау сұрақтары:

шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдістің төмен нәтижелілілігінің себебі неде?

ауылдық әлеуметтік ортаның бірқатар жағымсыз жақтарын атаңыз және ол не себептен деп ойлайсыз?

білім ізгілігінің негізгі жолдарын атаңыз?

Теориялық модельді даярлаудағы, оның компоненттері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет