ШКМ-тің материалдық-техникалық базасы
Шағын кешенді мектептің материалдық – техникалық базасына да мән берген жөн. Шалғайдағы ауыл мектептеріне, шағын кешенді мектептерге материалдық-техникалық база кеш бөлінеді, ол да жеткіліксіз. Аудан орталығындағы орта мектепке қамқорлық қалай жасалса, сол қамқорлық шағын кешенді мектептерге де жасалуы тиіс. Орталықтағы мектептердің шәкірттері онсыз да жаңалықты алғашқылардың бірі болып көреді. Ал шалғай ауылда ше? Олар жаңалықты тек мектептен алады. Тіптен газет-журналдар да кешігіп келеді емес пе? Мәселен, орталықтағы мектептердің компьютермен жұмыс жасағанына 5-6жыл болса, ауыл мектептері енді ғана компьютерді қолға алуда. Осының бәрі оқушылардың білім алуына кедергі келтіретіні даусыз. Ауыл мектептерінде жаңа типті мектеп те жоқ. Оларға демеуші болатын қалталы азаматтар да жоқ. Өйткені, ол мектептерде оқушылар бастауыш сыныпты ғана бітірген.
Бүгінгі күні оқушылар оқулықтармен толық қамтылмай отыр. Мұғалімдерге арналған әдістемелер, көмекші құралдар, дидактикалық материалдар да жеткіліксіз.
Білімді ұстаз – шәкірт бақыты. Білімді шәкірт – елдің бақыты. Олай болса, материалдық база жасап, мұғалімнің сапалық құрамын реттеп, жаңа дүниені жатсынбай сапалы білім, саналы тәрбие беруді ұйымдастыруымыз қажет.
Бақылау сұрақтары:
Шағын кешенді мектептердің оқу-тәрбие жұмысының деңгейі қандай?
шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы не себептен деп ойлайсыз?
келген маман шағын кешенді мектепте көптеген қиындыққа тап болады. Ол қандай қиындықтар?
Қарастырылатын мәселелер:
Шағын жинақталған мектептерге арналған мемелекеттік стратегияның мақсаты
Шағын жинақталған мектептердің маңызды мәселелері
Әдебиеттер
Негізгі:
Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981
Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002
Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.
Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.
Қосымша:
Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.
Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.
В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.
Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.
Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.
Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.
Лекция мәтіні:
Жоғары сапалы білім жүйесі еліміздегі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептелінеді.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасы ағымдағы білім туралы мемлекеттік құжаттармен бірге Қазақстандағы білім саясатын жүзеге асырудың негізін құрайды деп есептейміз.
Шағын жинақталған мектептерге арналған мемелекеттік стратегияның мақсаты – ұлттық шағын жинақталған мектептерге жағдай жасап, ондағы білім сапасын көтеру.
Қазіргі таңдағы білім беруді реформалау мен жаңа модельге көшу жағдайында ауыл шағын жинақталған мектептері әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін шешіп те отыр. Ауыл мектептері ауыл жастарының орнығуы мен дамуына, тұрғындардың мәдени деңгейінің артуына, демографиялық мәселелердің шешім табуына ықпал ете отырып, сонымен бірге экономиканың ауыл шаруышылық секторының дамуында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай ауыл шағын жинақталған мектептерінің жұмысын жақсарту, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру - әлеуметтік-экономикалық, әрі педагогикалық мәселе болып табылады.
Шағын жинақталған мектеп тек қана сынып жинақтамалары ғана емес, сонымен қатар оқушы саны аз сыныптар. Оқушы саны аз сыныптарда оқу уақыты жеткілікті; саралап, даралап оқытуға мүмкіндіктер мол. Шағын жинақталған мектептер қазақ халқының салт-дәстүрінің, әдеп-ғұрыптарының ұйтқысы. Сондықтан шағын жинақталған мектептер ұлттық дәстүрлердің, адамгершілік құндылықтардың озық үлгілерін сақтаған, болашақ азаматтық қоғамның “мәдени орталығы” болып саналады.
Сонымен қатар шағын жинақталған мектептердің маңызды мәселелері ретінде:
сыныптардың жинақтамаларға бірігуі;
шағын жинақталған мектептердегі білім мазмұны;
оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырушылық ерекшеліктер;
оқушылардың білім нәтижесін тексеру;
әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту;
сабақ кестесін жоспарлау мен жасау технологиясы;
оқушыларды бір пәндік, түрлі пәндік сабақтарға біріктіру принциптері;
оқушылардың психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Шағын жинақталған мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жалпыазаматтық және ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оның әлеуметтік жағынан өзін тануына тиімді жағдайлар туғызу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін шағын жинақталған мектеп мынадай міндеттерді орындауы тиіс:
өз бойында жеке басы мен қоғамдық мүдделерді дұрыс үйлестіре алатын жеке тұлғаның ақыл-ойын, адамгершілік жәнедене тұрпатын дамытудың негіздерін қалау;
жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін, өздігінен дамуы, білім алуын қамтамасыз ету, жүйелі оқуға деген тұрақты тілегі мен іскерлігін қалыптастыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, тереңдетіп отыруына мүмкіндік беру;
оқытудың практикалық бағытын күшейте отырып, оқушыларда “адам”, “табиғат”, “қоғам” туралы базалық білім қалыптастыру;
оқушылардың білім мен іскерлік дағдыларын толық меңгеруінен, олардың талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған саралап, даралап оқыту принциптерін қолдану;
оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін, басқа халықтардың тілі мен дәстүрін сыйлауын дарыту;
оқушылар бойындаұлттық рухты қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне тарихына құрметпен қарауын қамтамасыз ету;
Жоғарыда айтылғандардан шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;
шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімдеу, әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;
оқушылардың өзін-өзі басқара білуін ұйымдастыру;
оқушылар арасындағы бір-біріне деген сенімділігін және сыйластықтарын арттыру;
оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға тарту.
Шағын жинақталған мектептің оқушыларына қойылатын басты талаптар:
оларды өз-өздерін ұйымдастыра білуге бағыттау;
оларда коммуникативтік қасиеттерді қалыптастыру;
жауапкершіліктерін арттыру және өз-өздерін танып-білуге бейімдеу.
Рефлексивтік әрекет арқылы оқушы өзінің және өз даму жолының бағдарын айқындай алады. Бұлардың барлығы оның кез-келген өмір жағдайларында өзін-өзі танытуға, өмірде жолын табуға мүмкіндік береді.
Шағын жинақталған мектепте оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы
Шағын жинақталған мектепте ең негізгі назарды оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын қорғауға аудару керек. Балалар мен педагогтардың денсаулығы, олардың әлеуметтік жағдайы – сапалы біліммен қамтамасыз етілуі негізгі факторлары болып табылады. Оқушылар мен мұғалімдерді уақытылы ақысыз медициналық байқаудан өткізіп отыру, сонымен бірге оқушыларды толыққанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет.
Қазіргі уақытта шағын жинақталған мектептердің жаңа моделін қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр.
Ауылдық жерлерде балалар мен жас өспірімдердің, ата-аналар мен жұртшылықтың жеке тұлғалық қажеттіліктері мен кәсіби бағдарларын қанағттандыру мақсатында мектептердің әр түрлі типтері мен модельдерін құрастыру мүмкіндіктері туындайды.
Шағын жинақталған мектептердегі жұмысты жақсарту мүмкіндіктері олардың жаңа моделдерін қалыптастыру олардың жаңа формасын іздестірумен тікелей байланысты, яғни басқа мекемелермен біріктіре ірілендіру деген түсінікті береді. Мысалы: “мектеп - балабақша”, “мектеп – мектеп алды даярлау орталығы”, “мектеп - клуб”, “мектеп – мәдени орталық”, “мектеп - кітапхана”, “мектеп - зертхана”, “мектеп – ауылшаруашылық комплексі өндірістік бірлестік”, “мектеп – спорт орталығы”, “мектеп - парк” және т.б. Бірнеше мекемелердің басын қосып ауыл интелегенциясын тығыз қауымдастыққа, барлық күшті өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жұмылдыруға бағыттайды.
Мұндай жағдайда шағын жинақталған мектептің өзінің даму моделін нақты жергілікті, әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тарихи-мәдени дәстүрлерге сәйкес қалыптастыру жөн. Күрделі кешенді шағын жинақталған мектептердің міндеттерін шешудің жолы – бұл мектептің ауылшаруышылық өндірісімен, ауылдық өмірдің әлеуметтік – мәдениетімен, елді мекеннің табиғи ортасымен кірігуі.
Шағын жинақталған мектептердің функциясын көтерудің бірден-бір тиімді жағдайы – оның құқықтық мәртебесін өзгерту, орталық және жергілікті басқару органдары, басқа да әлеуметтік институттармен қатынасын нығайту, ауылдық, аудандық және облыстық әлеуметтік шаруашылық комплекстеріне енгізу болып табылады.
“Білім туралы” Заңда мемелекттің білім саласындағы саясаттың негізгі ұстанымдарының бірі – “оқушылардың даму деңгейі мен ерекшеліктеріне және дайындықтарына білім жүйесін бейімдеу” болып табылады. Мұндай жағдайда базистік оқу жоспарының инвариантты (тұрақты) бөлімінде оқу уақытының 10-15 пайызы аймақтық білім мазмұны компонентіне бөлінеді, ал вариативті (жылжымалы) бөлім аймақтық (мектептік) компоненті іске асыруды толығымен қамтамасыз етеді.
Шағын жинақталған мектепте білім алу барысында оқу модулдік блоктары, болжамдық карталары, оқу материалын өтудің және оны өлшеудің кестелері негізінде баланың өзіндік әрекетін дамыту көзделеді. Олай болса, шағын жинақталған мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру механизмі:
көпдеңгейлік бағдарламалармен оқыту;
оқу материалын жеке бала мүмкіндігіне қарай оқыту;
пәндік курстарды блоктар бойынша құру, (дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі);
материалдың өту жылдамдығын ескеру, тапсырмаларды орындауда өзіндік жұмыстардың механизмдерін енгізу;
ауыл оқушыларының өмір тәжірибесіне икемделген оқу материалдарын беру;
олардың жеке оқушының қоғамдық және ғылыми тәжірибелермен байланысына жағдай туғызу;
оқыту әдістері мен түрлерін классикалық және дәстүрден тыс түрлерін қолдану.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Мектеп және мектепке дейінгі білім институты шағын жинақталған мектепте оқыту лабораториясының қызметкерлерінің зерттеулерінің нәтижесі бойынша қазіргі жаңа технологияларды пайдалану туралы сауалнама жүргізілді. 105 мұғалімнің 67-сі мүлдем қолданбайтыны, 38-і кейбір элементтерін ғана пайдалаланатындығын көрсетті. Демек, шағын жинақталған мектеп жағдайында мұғалімдер қазіргі оқытудың жаңа технологияларымен жан-жақты хабардар болып отыруы шарт.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру шарттары төмендегідей кешенді шараларды бекіту арқылы нақты іске айналды:
шағын жинақталған мектептің нормативті – құқықты базасының сәйкестігін қалыптастыру;
шағын жинақталған мектеп қызметінің қаржылық – экономикалық базасын жетілдіру;
шағын жинақталған мектептерді ақпараттандыру және тматериалдық-техникалық базасын нығайту;
ұйымдастыру – басқару жүйесін орнықтыру;
оқу – тәрбие процесінің ғылыми – педагогикалық және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу, шағыг жинақталған мектептің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңаша оқу-әдістемелік кешенін жасау;
шағын жинақталған мектептің ерекшеліктеріне сай педагог мамандарды даярлау;
мұғалімдер біліктілігін үздіксіз дамыту мен оларды қайта даярлау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай шағын жинақталған мектептердің қызмет ету мүмкіндігіне қауіп туғызып отыр. Әлемдік тәжірибе, мәдени, тарихи жағдай шағын жинақталған мектептерде қазіргі қоғамдық талаптарға сай жаңа парадигманың, білім берудің өзіндік практикасының пайда болуына әкеліп отыр. Бүгінде ол көп қырлы, жылжымалы және көпсатылы жүйе ретінде қарастырылады. Сол себепті республиканың әртүрлі аймақтарында тәжірибелі ең жақсы шағын жинақталған мектептер базасында лабораториялар, педагогикалық курстар, шығармашылық шеберханалар құру қажеттілігі туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |