Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет4/13
Дата18.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#11852
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар

  2. Қиындықтың болуының себептері

  3. Шағын комплектілі мектеп алдындағы міндеттер

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.

Лекция мәтіні:

Шағын комплектілі мектептерде бала, сынып сандарында, сыныптарды комплектілеуде, жоспарлау технологияларында сабақ кестесін жасауда үнемі өзгеріс болып тұрады. Сонымен қатар, шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуда ұйымдастыру, бір пәндік немесе әр түрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қиындықтың болуының тағы бір себептері бүгінгі таңда ауылдық жерде мектепке дейінгі мекемелердің жабық болуы. Көпшілік бірінші сыныпқа келетін бала балабақшадан өтпейді, яғни мектепалды даярлыққа келетін балалар да балабақшадан өтпейді. Мұндай жағдайда білім берудің стандартына сай оқыту нәтижесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқушылардың мектеп жағдайына бейімделу, олардың білімге, ұжымдық істерге деген қызығушылығын дамыту мақсатында біраз жұмыстар атқаруға тура келеді.

Шағын комплектілі мектеп проблемалары бүгінде халықаралық маңызы бар мәселеге айналып отыр. Оның айғағы бұл проблемалардың ЮНЕСКО және басқа халықаралық ұйымдар деңгейінде қаралуы. Шағын комплектілі мектеп проблемаларын зерттеу көптеген елдердің, соның ішінде Батыс Европа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан ғылыми-педагогикалық ұйымдарының мақсатына еніп отыр. Сондықтан, шағын комплектілі мектептің маңызды мәселелерін шешуде осы елдердің тәжірибесін терең зерттеп, шығармашылық ынтымақтастықта болуымыз қажет.

Көпшілік дамыған елдерде, соның ішінде шағын комплектілі мектеп жақсы қаржыландырылады, АҚШ білім беру бағдарламасында мектептің қоғамдық істер ұйымдарымен байланысы көрсетілген, яғни шағын комплектілі мектеп мемлекеттің әлеуметтік-шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде анықталып, оған үлкен мән берілген.

Бүгінде біздің елімізде де ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шарушылығында еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті формаларын таратуға байланысты ауыл мектебіне соның ішінде шағынк омплектілі мектепке үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық жасалынуда.

Бүгінгі таңда шағын комплектілі мектеп өзінің атына лайық болып, өзінің әлеуметтік міндетін толық атқаруы үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, төмендегі міндеттер барлығымыздың алдымызда тұр:



  • оқушылардың білімінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

  • білім беру сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;

  • тәрбие жұмысын жетілдіру, ұлтымыздың мәдени-тарихи, жалпы адамзаттық, әлемдік мәдени мұрамен сабақтастығын сақтай отырып, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету;

  • мемелекеттік тіл – қазақ тілін жан-жақты игеретін оқу, тәрбие мазмұнын қалыптастыру;

  • педагогтің әлеуметтік мәртебесін көтеру;

  • білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;

  • білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы үшін жағдай жасауды жүзеге асыру.

Қорыта келе, болашақ шағын комплектілі мектептің қабырғасы берік, еңсесі биік болуы – біздің бүгінгі еңбегімізге байланысты. Сонымен, Жұбан ағайымыздың:

Барлық үйдің мектеп неге сұлуы?

Барлығынан неліктен ол жылуы?

Бөбектерді мәпелейді ол неге?

Қадірлейді халық не үшін бұл үйді? – деп жырлауға лайық шағын комплектілі мектеп тұрғыза алсақ – ұрпақ алдындағы, заман талабына сай міндетімізді атқарамыз.
Бақылау сұрақтары:

Шағын комплектілі мектепте қандай қиындықтар болуы мүмкін?

Оларды жеңу жолдарын көрсетіңіз?

Шағын комплектілі мектептерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін қандай міндеттер атқарылу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет