Лекция: 17 сағат Семинар : 17 сағат. СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет2/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,86 Mb.
#30698
түріЛекция
1   2   3   4   5

3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері


“Хор әдебиеті” пәнін меңгеру үшін студенттер “Хор класс”, “Хор жүргізу”, “Қазақ музыка әдебиеті”, “Хор партитурасын оқу” пәндерінің бағдарламаларын білуі керек.

Аталған курсты оқып үйрену “Жиынтық хор”, “Мектеп хорымен жұмыс”, “Хорды әрлеу”, “Хор шығармасын талдау” және т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.



Мазмұны





  1. Абстракт ..........................................................................................5

  2. Пәннің мақсаты, міндеті................................................................5

  3. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ............................................... 6

  4. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет........................... 6

  5. Студентке арналған ережелер ....................................................... 6

  6. Оқу сағаттарының кредитке мәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі............................................................................................... 7

  7. Лекція сабақтарының жоспары, мазмұны.....................................9

  8. Семинар сабақтарының жоспары, мазмұны ...............................32

  9. СӨЖ-жоспары, мазмұны ...............................................................34

  10. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі ..................................................35

  11. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) тестілік саулнамалар ..................................................................37

12.


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі...............................................................................................38

  2. Пән бойынша оқу порцесінің картасы..........................................39



  1. АБСТРАКТ

Оқу-әдістемелік кешені “Хор әдебиеті” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ЛС - Лекциялық сабақтар

СС – семинар сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.


2. “Хор әдебиеті” пәнінің мақсаты мен міндеттері

Хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиетермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтіп әдебиетер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап, тәжірибелік мәнін оқушылар назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.



    • жалпы хор мәдениетінің әлемдік деңгейдегі орны және оның тарихи өсу жолын деректерге сүйенен отырып талдау жасау;

    • әркезеңдегі музыка мәдениетінің даму жолын бақылау;

    • шетел хор үйірмелерінің тарихи оқиғаға байланысты дамуы;

    • әрбір хор шығармаларының теметикалық байланысы мен тәрбиелік мәні;

    • опералық хор, кантата, орторияның тарихи мазмұны;

    • хор шығармаларының шығуы тарихи деректермен дәлелдеп оның музыка әлеміне сабақ екендігін, әрі көркемдік халықтың сипатын ашу т.б.


3. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

лекция

Практика

СӨЖ

ӨБСӨЖ

1

45

17

17

11

-

5

сынақ

4. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Лекция сабақтарында – студентке тақырыпты игеруде Назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ойлауға әрекет ететін іс-тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ – студенттің өзіндің жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

5. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келуі керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесәне сәйкес өтіледі.

  6. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

6. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП
БОЙЫНША Б Ө Л І Н У К Е С Т Е С І






Лекцияның тақырыбы

Лекция

Семинар

СӨЖ

1

Кіріспе.

Хор әдебиеті-пәнінің міндеттері.



1

1



2

Хор өнеріне жалпы шолу.

1

1

1

3

Әлем халықтарының хор мен ән салумектебі:

1

1

1

4

Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композиторлары.

2

2

1

5

Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары: Е.Брусиловский, М.Төлебаев, А.Жұбанов, С.Мухаметжанов, Б.Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Қ. Қожамяров.

2

2

1

6

Орыс опералық хор туындылары.

2

2

1

7

Халық әндерінің хор репертуарларынан орын алуы.

1

1

1

8

Балалар хор шығармашылығы.

2

2

1

9

Шетел класик композиторлары.

2

2

1

10

Музыкалық оқу мекемелері.

1

1

1

11

Кантата, ораториялар, сюиталар.

1

1

1

12

Музыкалық жанрлар.

1

1

1




Барлығы

17

17

11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” університеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Хор әдебиеті” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ



7. Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы


1.

Жоспары.


  1. Кіріспе

  2. Хор әдебиеті пәнінің міндеттері.

Хор әдебиеті жоғары оқу орындарында институттар мен университеттерде өтілетін хор дирижерлау пән бірлестіктерінің негізгісі болып табылады. Курстың негізгі мақсаты: Студенттің музыкалық дүние танымын кеңейту, дүние жүзі халықтарын хор әдебиетімен таныстыру. Олардың әртүрлі жанрлары мен стильдерімен таныстыру, хор шығармаларын талдап үйрену.

Хор әдебиеті пәні үш бөлімнен тұрады.


  1. Шетел хор әдебиеті.

  2. Қазақ хор әдебиеті.

  3. Орыс хор әдебиеті.

“Хор әдебиеті” курсы студенттердің қабілетін жан-жақты және жүйелі дамытуға бағытталған курс. Ол теориялық білімдер қажеті мен жалпы музыкалық зердені игеруден бастап, хор шығармаларын жазған композиторлардың идеялық-эстетикалық сенім қазығын, оның музыкалық ойлау әдісін және ой ағымдарын шығармашылықты, көркемдеп қорыта білуге көмектеседі.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру тәрбие жұмысын оқу ісімен үлгілі ұштастырған да ғана мүмкін.

Студенттермен өткізілетін сабақтарда композиторлық стиль байлықтарын түгел пайдалану өте-мөте қажет, оқу репертуарының қазақ халық, орыс және шетел композиторларының, классикалық, музыкалық шығармаларын кеңінен енгізген жөн.

Республика музыкалық мәдениетінің құрылымының қазіргі кезеңдегі жалпы міндеттерімен де ортақ байланыс қажет, және музыкалық эстетикалық тәрбие ісінің мүмкіндігін нақтылы естен шыға бастаған хор шығармаларына сүйенген дұрыс. Сонымен бірге жоғарғы оқу қабырғасында жүрген жылдарда студент хор әдебиеттерінің сан алуан саласынан мол хабардар болуға еркін мүмкіндік беретін дағдыларды да бойына сіңіре алуы тиіс.

Хор әдебиеті пәні алдына мынадай мақсаттар қояды.


  1. Жоғары білімді, эстетикалық талғамы жоғары, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана білетін, жан-жақты музыкалық орындаушылық және музыкалық теориялық әзірлігі бар, музыка мұғалімін даярлау.

  2. Өз халқының музыкасына деген сүйіспеншілігі арқылы басқа да халықтар музыкасын құрметпен қарайтын патроиоттық сезімі биік, интернационалдық достық сезімі дамытылған, дүние жүзі халықтарының хор әдебиетімен әртүрлі жанрлармен, стильдерімен таныс маман даяарлап шығару.

  3. Қазақ және шетел композиторларының хор шығармаларын жете білетін, студент кезінде алған білімін тәжірибе жүзінде көрсете алатын, хор шығармаларымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жете меңгерген маман иесін тәрбиелеп шығару.

Курстың алдында тұрған міндеттер:



  1. Студенттердің қазақ, орыс және шетел композиторларымен таныстыру.

  2. Болашақ музыка мамандарына халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру.

  3. Музыка мамандарының музыкалық сауатын жетілдіріп, тиянақтау мақсатында қазақ, орыс және шетел композиторларының классикалық шығармаларымен қатар мектеп бағдарламасынан да шығармалар енгізу.

  4. Халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру. Хор шығармаларының мазмұны, тақырыптары, құрылымы, музыкалық тілінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

  5. Студенттердің “Хор әдебиеті” пәндерінде алған білімдерін жетілдіре түсуге және мектепте пайдалана білуге үйрету.

  6. Хор шығармасын талдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Шығарманың көркем-идеялық мазмұныны көрсете білуді, шығарманың жазу стильін, құрылымын айқындап алуды, вокалды хор ерекшеліктерін ажырата білуді үйрету.

Қазіргі уақытта егеменді Қазастан Республикасындағы жоғарғы оқу орнындағы университет пен педагогикалық институттың алдында жастарды тәрбиелеуде, жас мамандарды жан-жақты заманға сай дайындауды түбегейлі жақсарту мәселелері көтеріліп жүр.

Жастар тәрбиесіне бұрын да көп көңіл бөлінетін республикамыздың егеменді тұсында тәрбиенің маңызы арта түсуде. Жоғарғы оқу орындары дүниежүзілік стандартқа сай ішкі жан дүниесі таза, рухани бай, музыкалы орындаушылық шеберлігі жоғары теориялық білімі терең, тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы, белсенді, тәжірибелі маман даярлауы тиіс.

Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. Бұл арнайы пәннің мақсаты хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтріп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.

Профессионалдық жалпыға бірдей білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының қайта құру жүйесіне сәйкес, хор әдебиеті курсын оқыту мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.



  • жалпы хор мәдениетінің әлемдік деңгейдегі орны және оның тарихы өсу жолын деректерге сүйене отырып, талдау жасау.

  • әр кезеңдегі музыка мәдениетінің даму жолынбақылау.

  • шетел хор үйірмелерінің тарихы оқиғаға байланысты дамуы.

  • әрбір хор шығармаларының тақырыптық байланысы мен тәрбиелік мәні.

  • Опералық хор, кантата, ораторияның тарихи мазмұны.

  • Хор шығармаларының шығуын тарихи деректермен дәлелдеп оның музыка әлеміне шолу сабақ екендігін әрі көркемдік халықтық сипатын ашу т.б. Осындай мәселереді арқау етіп студенттердің өздерінің оқыған материалдарын ғылыми түрде бағалауға, қосымша мәліметтер жинауға, кітапханаға барып ізденуін қажет етеді. Сонымен қатар тақырыптар бойынша семинарларға дайындалу, реферат жазу, хорға арналған шығармаларды талдау жұмыстары да жүргізіледі. Лекциядағы тыңдаған материалдар барысында концерттік қойлымдарға барып талдау жасалынады. Опералық хор, күрделі хор жанрларымен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұндай жұмыстардың бәрі пән оқытушысының басқаруымен жасалынады. Студенттерге әрбір тақырыпқа байланысты өзіндік жұмыс жасауға, көрсетілген әдебиеттерді, әдістемелік нұсқау ретінде көрсетілген сілтемелерді пайдалану жөнінде тапсырма беріліп отырады.

2.


Тақырыбы: Хор өнеріне жалпы шолу.
Жоспары

  1. Хор жайлы түсінік

  2. XIX-XX ғасырда хор мәдениетінің даму жолдары.

Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді.

Хор-вокалды ұйым.

Хор дегеніміз - әр түрлі дауыста ән салатын, шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар коллектив.

Сонымен хор негізінде ән айтуға адамдардың топтасқан, бірлескен, ұйымдасқан коллективі.

Оларды творчестволық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады. Академиялық хорлар немесе капеллалар және халық хорлары.

Хорлардың бір-бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктеріне, ән айту үлгісі мен репертуар характеріне байланысты. Халық хоры халықтық стильге бейім, яғни шығарманы халықтық үлгіде орындайды. Олардың ішінде орындау дәрежесі жағынан академиялық және халық хорларының белгілері қатар болатын коллективтер де кездеседі. Ал, академиялық хор-көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттыққан коллектив.

XIX және XX ғасырда Европадағы барлық өнер түрлері «импрессионалдық» деген жаңа көркем бағытпен ерекшеленеді.

Бұл француздың impression -әсер деген мағынаны білдіреді. Композиторлар осы бағытты негізге ала отырып өз шығармаларында музыка тілі, музыка әдістері арқылы көңіл күйінің өзгерісін, әсердің тез өзгеруін көрсете білді.

Импрессионистер қатал романтикалық және классикалық гармониядан тыс еркін жазуға ауысты. Олар аспапқа топтауды өзіндік калоритпен толықтырды. Гармония енгізуді музыкалық тілге қиындатылған гармониялық ұштастыру енгізді:

Нонааккордтар, алты және жеті дыбысты аккордтар, бір тонды гармония, нағыз және пентатонды дыбыс қатарын енгізу. Осы бағыттың белгілі өнімдері француз композиторлары Клод Дебюсси Және Морис Равель.

Клод Дебюсси (1862-1918) ертеректегі шығармалары «Гладиатор» және «Адасқан ұл»кантаталары және хор мен оркестрге (сөзсіз) арнап жазылған «Көктем» сюитасы. Бұл Итальян суретшісі Боттичеллидің суреті бойынша жазылған әйелдер хорына, жеке әншіге операға арналған «Байланған бойжеткен» кантатасы. Бұл шығарма күрделілігімен, ерекше гармониямен, калориттік тәсілдердің көптігімен, музыкадағы жаңашылдықпен, ешкімге ұқсамайтын ізденіспен дараланады.



Дебюссидің кіші замандасы, және ісін жалғастырушы, жолын қуушы Морис Равель (1875-1937) шығармашылығының ерте кезеңінде ол “Мирра”, “Альцион”, “Алисса” кантаталарын жазған. Олар авторға ешқандай табыс әкелген жоқ. Оның вокалды және хор музыкасына деген қызығушылығы тоқтаған жоқ. Ар алас хорға арап композитор Равель “Николетто”, “Үш пейішті құстар”, “Рондо”, (көзсіз) және “Даврнис және Хиоя” деген балетін жазды. “Сәби және сиқырлық” операсында (Г. Коллеттің поэмасының лирикалық фантазиясы). Композитор хорға үлкен және маңызды роль тапсырады. Бұзық ерке баланы қоршаған барлық нәрсе ойыншықтар, жан-жануарлар жанданған олар ән айтып, би-билеп, сөйлеседі. Олардың барлықтарының еңдектері зая кетпейді. Бұзық бала ойыншықтарын сындыруын қояды, жан-жануарларды әурелеуін тоқтатады, анасына жақсы сөйлейді. Ойыншықтар мен жан-жануарлар баланы үйге алып кіреді. Олар баланың жақсы болғанын, ақылды және кішіпейіл болғанын әнге қосады. Баланы қоршаған нәзік музыка жылулық пен ізгілікті аса бір таңғаларлық, жан тебірентерлік сезіммен бейнелейді. Осымен опера аяқталады. Операның полоифониялық құрылымы шығарманы ауырлата алмайды, шығарма жеңіл орындалады. Ар алас өлшем (4/4, ¾, 2,4) шығармаға ырғақтық әртүрлілік енгізеді. Дебюссий мен Равельдің шығармашылығы бүкіл европаның музыкалық өмірін селк еткізеді. Бұлар композиторларды біршама еркіндікке талпынуға үйретті. Бұндай бетбұрыс басқа да көркемдік бағыттардың тууына әкеліп соқты.
3.
Тақырыбы: Әлем халықтарының хор мен ән салу мектебі.
Жоспары:

  1. Ресейдің хор өнері

  2. Маманданған хор үйірмелері.


Музыканың адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Музыка арқылы адам өзінің жан дүниесін көңіл-күйін білдіреді. Музика өнерінің ішінде халыққа жақыны ән өнері. Ән адамның ішкі сезімдерін сыртқа шығарудың бірден-бір құралы болып табылады. Адамның барлық өмірі әнмен байланысты. Еңбегі, демелысы, қуанышы, күйініші, соғысы, жеңісі барлығы әнде көрініс табады. Әндер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жазбаша жетіп отырды. Әлем халықтарының барлығына жақын әндердің түрі халық әндері. Халық әндері өте тартымды, жүрекке қонымды және табиғи келеді. Қайсы бір халық болмасын өздерінің әндерінде туған жерлерін, отанын, туған елін жырлайды. Халық әндерінде адам өзінің ішкі жан дүниесін білдіреді. Отанға, еге, халыққа деген сүйіспеншілігін білдіреді. Халық әндері сол себепті барлық халыққа өте жақын, түсінікті. Музика әр ғасырды, тарихты өз тілінде жырлайды. Музыка тарихтың рухани жазуы, оның уақыттағы дыбыстары деп. орыс ойшылы Лев Толстой дұрыс айтқан. Ән өнері хор өнерінің дамуына негіз болды. Көп дауысты әннің шығуы IX-X ғасырда дами бастады. Европа елдерінде ақсүйектердің жаңа лирикалық әндері пайда бола бастады. Орта ғасырда Батиста хор шығармаларының көптеген жаңа түрлері шықты. Реформація ғасырында (XVI ғасырдың басында) Германияда протестантський хорал басымдық танытты. Басында бұл бір дауысты шіркеу әні болатын. Біртіндеп бір дауысты ән көп дауысқа айналды. Хоралдың біразын Мартин Лютер жазды. Әуендер неміс, француз, итальян халық әндерінен алынды. Оман рухани мағына берілді. XIV ғасырда Францияда Шансон “shanson-ән ” деген музыкалық жанр болды. Халықтың өмірі мен тұрмысын білдіретін әндер әртүрлі болды: қайғылы және өмірге қуанышты, лирикалық және көңілді. Көптеген шансондар француздың әндері мен билерінің ырғақтарын сақтап қалды. Жаңару ғасырының белгілі композиторының бірі Клеман Жанекен. Ол моттеттер, мессалар, және 200-ден астам әндер жазған. Манекен қай жанрда жазбасын халық композиторы, ол өз шығармаларына фольклор әуендерін, әскери музыкалар, би ырғақтарын қолданды. Жанекенің белгілі шығармалары: “Құстар әні”, “Париждің айқайы”, “Маринлиодағы шайқас”, Нидерланды полифониялық мектебі әлемге хор музыкасының белгілі шеберлері Жоскен Депре мен Орландо ди Лассоны берді.

Жоскен Депре (1440-1521) әнші, капельмейстер, композитор, өз заманының көрнекті мұғалімі болван, полифонистердің көптеген мектебін ашқан композитор. Ол мессалар, титетталар, канцон дар, полифониялық ақсүйектік әндер. Оның шығармалары халықтық әуенмен, қарапайымдылығымен, жеңілдігімен, көңілділігімен ерекшеленеді. Мысалы хор әні “Саранча”. XVI ғасырдың ұлы полифонисті Орлан до ди Лассо (1532-1594) өте талантты музикант, теңдесі жоқ әнші, Лассо жас кезінің өзінде бүкіл дүние жүзін ара лап шықты десе болады. Ол Италияның, Францияның, Германияның, Галландияның көптеген қалаларында болды. Ол Европаның хор ән мектептерінің барлығымен танысып шықты.

Лассоның шығармашылығы музыкасы реали стік, дамгершілік, шыншылдық сезімдерге бай өмірдің шынайы бейнелейді. Көптеген хорларын Орланда Ди Лассо полифониялық құрылымда жазған. Мысалы, “Арассадағы базарда”, “Кәрі күйеу”, “Маттона”. Лассо тапқырлығы мен дыбысты әрлендірумен әдемі суреткерлік шығармаларымен дараланды. Мысалы, “Тин-тан”, “Кукушка” хрында сағаттың жүрысы, дыбысы бейнеленеді. Синкопаларды көп қолданады, соңғы үлеске дыбыстың күшін беріп отырады. Жаңару заманында Италияда полифониялық хор көп роль атқарды.

Италияның хор және вокалдық музыкасының шебері Джованни Палестирин (1524-1594) болды. Палестрин мессалар, мотеталар, мадригалдарды сүйемелдеусіз хорға арнап жазды.

Мадригал XVI ғасырда ақсүйектердің вокалдық музыка жанры ретінде қалыптасты.

Ресейдің хор өнері

Ресейдің хор өнерінің даму XVII ғасырға келеді. Сол кезде патшалардың сарайлары мен үйлерінде музыка мен ән қолданылған спектакль дер өте бастайды. Музыка мәдениеті XVIII ғасырда өте қатты дами бастады, 1730 жылдары Ресейге Италияның опералық топтары келе бастайды, олардың репертуарлары музыкалық интермедиялардан, кішігірім комедиялық пьесалардан тұрды. Бір топ өте ерекше болды. Он Неополитан композиторы В,Арайн басқарып кеді.

Сарай композиторы И.Гассе “Гаттық бауырмашылдығы” Арайндық “Сциипион”, “Митридат” операларын қойды. 18 жүз жылдықтың ортасында опералық спектакль дер орыс артистерінің қатысуымен орысша өте бастады. Орыс операсының туған күні 1755 жылы болып саналады. Арайндық А.Сумаронов аударған “Цефал и Прокрис” операсын қойды. Опера жанрының дамуына Ресейде жүрген Италия музыканттары Б.Галуппи, Г.Троетта, Д.Панзиелло, Ч.Чимарозо, Д.Сарти бұлардың шығармашылығында Италия операсын “Butta” жанры пайда бола бастады. Біздің заманға орыс композиторы М.Соколовскийдің “Диірмен – сиқыршы, алдамшы, және құда” операсы жетті. Бұл операның сөзін А.Аблесимов жазған. В.Пашкеевичтің “Санкт-Петербургты қонақ үйі” атты операсы қойылды. Операның либреттосын М.Матинский жазды.
4.
Тақырыбы. Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композитарлары.
Жоспары.


  1. Хор өнерінің даму тарихи.

  2. Хор өнерін өркендетушілер.

1920 ж. 26 тамызда ВЦЙК пен РСФСР халық комиссарлары кеңесінің автономиялық қырғыз (қазақ) социалистік советтік респибуликасын құру туралы тариха декрет шығаруы. Бұл құжат қазақ мемлекетінің туғандығн жариялайды. Ал 1991 ж. 16- желтоқсанда Қазақстан республикасы Тәуелсіз егеменді ел болды. Қазақ халқы өте ұзақ тар жол, тайғақ кешуді баынан өткізген халық. Солай болса да өзінің мәдениетін жоғалтпай ұрпақтан- ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы әнмен, жырмен жеткізген халық. Домбырамен, қос ішекті қобызбен, сыбызғымен, саз сырнаймен, қыл қобызбен, жетіген мен, шертермен т.б. музыкалық аспаптармен ән айтып күй шерткен әнші халық.

Ән халықтың жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп таратып отырады. Қазақ әндерінің жанрлық сипаты өте кең .


  1. Табиғат лирикасы.

  2. Жастық күйі.

  3. Махаббат лирикасы.

  4. Тұрмыс салт әндері.

  5. Туған жер әндері.

  6. Отан тақырыбындағы әндер.

Біз бұдан халық әнінің туу, өсу, қалыптасу тарихы тым әріде жатқанын байқауымызға болады. Ән өнері көпшіл синтездік өнер хор өнерінің негізін қалады. 1925 ж. Қызылорда қаласында көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде қазақ драма театры ұйымдастырылды. Кейін Алматы қаласы Астана болған кезде, Қызыорда театры Алатыға көшірі. Рсеейден қазақстанға көптеген музыкантар келе бастайды А .В. Затаевич, Е. Г Брусиловский т.б . Сол жылдары А. В. Затаевичтің “1000 песен Киргизского народа” ( Қырғыз халқының 1000 әндері жинағы шықты ), кейін “500 казакских песен и кюев ” (қазақ халқының 500әні мен күйі ) атты жинағы жарық көрді.Ән айтумен хор өнері дами бастады. 1934 ж. 7 қарашада Алматыда қазақ халқынның тұңғыш “Қыз - Жібек” операсы сахнаға шықты. Опера жанрымен байланысты ән айтумен хор ө нері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнымен байланысты жаңа әндер туды. Мысалы: “Қарлығаш”, “Ақ көгершін”, “Су тасушы қыз”, “Отан”, “Гүлденген Қазақсиан”, “Шолпан”, “Туған жер” сияқты әндер.Қазақ халқының профессионалдық хор өнеріне үлес қосқан композиторлар:



  1. Ахмет Жұбанов

  2. Евгений Брусиловский

  3. Латиф Хамиди

  4. Г.Потанин

  5. Сыдық Мұхамеджанов

  6. Мұқан Төлебаев

  7. Бақытжан Байқадамов

  8. Ғазиза Жұбанова

  9. Еркеғали Рахмадиев

  10. Мыңжасар Маңғытаев

  11. Құддыс Қожамбяров

Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап өңдеп, гармониялық, полифониялық құрылымда жазды. Республикалық хор капелласы ұйымдастырылды. Оған көп жылдар бойы А.Н.Молодов жетекшілік етті.А.Молодов Ғ.Ахметовамен бірлесіп қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін хорға лайықтап өңдеп жазды.

1976 жылы А.Молодов пен Ғ.Ахметовалардың құрастыруымен “Хорға арналған шығармалар” атты тұңғыш қазақ хорларының акапеллалар (сүйемелдеусіз) айтылатын әндер жинағы жарық көрді.

5 .
Тақырыбы: Қазақстанның ұлттық опералық хор жанрлары.
Жоспары.


  1. Қазақстанда опера жанрының дамуы

  2. Қазақстан композиторларының творчестволары

1934 жылы 7 қарашада Алматыда қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» операсы сахнаға шықты. Опера жанрымен байланысты ән айтумен хор өнері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнмен байланысты жаңа әндер туды.

Профессионалдық хор өнерінде композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамовтардың сіңірген еңбектері өте мол болды. «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Су тасушы қыз», «Отан», «Гүлденген Қазақстан», «Шолпан» сияқты әндер туды. Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап, өңдеп гармониялық, полифониялық құрылымда жазды.

Е. Брусиловский 12 ноябрь 1905 жылы Дондағы Ростов қаласында – 9-май 1981 жылы Москвада –совет композиторы қазақ совет профессионалдық мрузыка өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР-нің халық артисі (1936-1934 жылдан ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі) 1922-1924 жылы Москва консерваториясында (фортепианомен композицияда) оқыды. 1931 жылы Ленинград консерваториясын (профессор М.О. Штейнбергтің класы бойынша бітірді). 1933 жылы СССР композитарлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933-1934 жылы музыка драма техникумында (халық музыкасының ғылыми зерттеуші кабинерінде қызмен етті. 1934-38 жылдары қазіргі,

Опера және балет театрының жетекшісі, 1939-1956 жылдары Қазақстан композиторлар одағы басқармасының председателі, 1956-1976 жылдары СССР композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1949-51 жылдары қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі , қазақ музыкасының әртүроі жанрында жемісті еңбек етті. Ол «қыз жібек» (1934 жылы) «Жалбыр»(1935 жылы)» Ертарғын» 1936 ж сияқты халық музыкасы негізінде жазылған тұнғыш қазақ операларын, қазақпен орыс халқының достығын бейнелейтін «Дударай» 1953, тарихи- революция тақырып арналған «Амангелді». 1945 ж. М. Төлебаевпен бірге қазіргі заманда сөз ететін «Алтын астық» 1940 ж. Пен «Мұрагерлер» 1962 жылы операларын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» 1967 жылы балеттерін, «Советтік қазақстан» контатасын 9 сифония (оның ішінде Құрманғазы мемлекеттік силығына ие болды). Фортепианомен оркестрге арналған концерттер, ораториялар, көптеген хор шығыармаларымен ән-романстар жазды.

Ол 250-ден астам қазақтың халық ән-күйлерін жазып алды. 1944 жылы Алматы консерваториясында ұстаздық , 1955 жылдан профессионал етті. Шәкірттері Б.Байқадамов, А.В.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Ә.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев т.б. Ленин орденімен еңбек қызыл ту және құрмет белгісі ордендерімен награтталған. «Ертарғын»-Е.Г.Брусиловскидің операсы, либреттосы С.Камаловтікі. Алғаш рет 1937 жылы 15 январда Қазақтың опера және балет театры қойылды. Режисер – ҚазССР-нің халық артисі Қ.Жандарбеков. Басты рольдерде Қ.Жандарбеков пен ССР халық артісі К.Байсейтова ойнады. Операның сюжеті Қазақтың халық ауыз әдебиетінде кең тараған «Ертарғын» батырлық эпосына негізделген.

Операда халықтың ррухани бейнесімен әдет-ғұрпын сипаттауда, басты кейіпкерлердің характерін жасауда және сюжеттік желіні өрістетуде қазақтың 70 ке жуық әндері мен күйлері пайдаланылды. Тарғынның батырлық бейнесін танытатын қаһарлы «Алтыбасар мен Қаракескен» Ақжүністің сан құбылған сиқырлы қылықтарымен опасыз іс-әрекеттерін көраететін «Арарай», «Нназқоңыр» сонымен қатар халық образын беруде Естай Беркінбаевтің «Қорлан» әндері операда сәтті пайдаланылды. Тұңғыш рет көп дауысты хорлармен вокалдық ансамбльдер бой көрсетті. 1969 жылы 22 наурызда опера жаңартылып қайта қойылды.

Режисер ҚазССР-нің халық артисі К.Кенжетаев, дирижер – И.Островский, суретшісі – Қаз ССР-нің халық артисі Г.М.Смайлова. Басты партияларды ССР халық артистері Е.Серкебаев (Тарғын) Р.Жамалова (Ақжүніс) Р.М. Абдуллин (Қапан) орындады және башқұрт АССР-нің музыка театрында қойылды. «Қыз Жібек» - Е.Брусловскидің операсы либреттосы Ғ.Мүсіреповтікі. Алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қазақтың музыка театрында (қазіргі опера және балет театрында) қойылды. Басты партияларды СССР халық артисі К.Байсейтова (Жібек) ҚазССР-нің халық артистері Қ.Байсейтов (Тарғын) пен М.Ержанов (Шеге) орындады. Спектакльді қойған ҚазСССР-нің халық артисі Ж.Шанин. Режисерлері Байсейтов пен И.Г. Боров, суретшісі ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері – А.И. Ненашев, балетмейстрі А.А. Александров, дирижер ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі Ф.А.Кузьмич, операда екі жастың (Жібек пен Төлеген) бір-біріне деген мөлдір махаббаты, патриархалдық-феодалдық заманның кертартпа салтына қарсы іс-әрекеті және аянышты өмірлері суреттеледі.

Мұнда қзақтың вокалдық және аспаптық шығармалары, халық композиторларының (Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері кеңінен пайдаланылды. Операдағы әсем сазды Гәкку әні Жібек бейнесін, «Алқорайкөк» Төлегеннің Жібекке деген сүйіспеншілік сезімін, ойнақы «Аққұм» Бекежан образын, терме әуеніндегі Шегенің ариясы оның ақындық шабытын, өткір мінезін аша түседі. «Гәкку» әні опера оқиғасының даму барысында бірінші актіде көңілді «шашу биінде» «Алты қаз» көрінісінде, опера финалындағы қыздар қорында) .

Қыз Жібектің қойылуы ұлттық мәдениетіміздің тарихында ерекше орын алды, профессионалды музыканың дамуына, әнші-артистердің орындаушылық қабілетін шындауда мол үлес қосты, көптеген әншілердің шеберлігін айқындады. Ал Байсейітова бейнелеген Жібек образы осы күнге дейін әншілік және актерлік шеберліктің озық үлгісі ретінде қалды.1968ж. 27 қаңтарда «Қыз Жібектің» 1000-ыншы қойылуы, режиссер ҚазССР-нің халық әртісі Б. Досымжанов, өнер мерекесіне айналды. Бұған алғашқы орындаушылар қатарында болған. ҚазССР-нің халық артистері Ш. Бейсекова (Жібек), Байсейітов (Төлеген), Қ. Жандарбеков (Бекежан), Ғ Құрманғалиев (Шеге) т.б. қатысты. Дирижер ҚазССР-нің халық артисі Ғ. Н. Доғалиев: суретшісі – ҚазССР-нің халық суретшісі Г. Н. Ысмайлова. «Қыз жібек» қазақ музыка өнерінің асыл мұрасына айналған ұлттық опералардың бірі.



Композитор Мұқан Төлебаевтың творчествосы.

М. Төлебаев 1913ж. Талдықорған облысы Бөрлі- төбе ауданы, Үлгі колхозының Қарашаған елді-мекенінде дүниеге келді. 1951 жылы Москва консерваториясын профессор М.Я.Мояковскидің композиция класы бойынша бітірді. М. Төлебаев қазақ кеңестік социалистік республикасына еңбек сіңірген артист атағына ие болды, ал 1953 жылы кеңстер одағының халық артисі атанған. «Біржан-Сара» операсы үшін мемелекеттік сыйлыққа ие болды. «Коммунизм оттары» контатасы үшін Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болды.1960 жылы 47 жасында дүниеден өткен композиторлар Брусиловский мен Хамидимен бірігіп қазақстан республикасының мемлекеттік гимінін жазған атақты опералары Біржан-Сара, Амангелді. Аяқталмай қалған опералары «Нияз бен Раушан» және «Қозы-Көрпеш Баян Сұлу».



Вокалды сифониялық шығармалары.

«Коммунизм оттары» бұл жеке әншіге, хорға және үлкен симфониялық оркестрге арналған бір бөлімді контата. «Москваға сәлем» деген шығармасы аралас хормен симфониялық оркестрге арналып жазылған.

Хор сюиталары:


  1. «Жастық шақ»

  2. «Костер жыры»

  3. «Шаттық әні»

Аралас хормен фортепианоға арналған.

«Соқ барабан», «Семсер», «Қырманда» шығармалары.

Симфониялық шығармалары .


  1. «Қазақ увертюрасы»

  2. «Қазақстан» симфониялық поэмасы.

  3. «Қазақстан» камералық аспаптық шығарма.

Композитор М. Төлебаев көптеген музыкалық кинофильмдерге атап айрқанда, «Алтын мүйіз», «Жамбыл», музыка жазды. Драмалық спектакльдерге де музыка жазды. Көптеген әндер, романстар жазған, қазақтың халық әндерінөңдеген композитор.

«Біржан-Сара» операсының қысқаша мазмұны.

Либреттасын жазған Н. Жұмалиев.

Опера «Қоянды»жәрменкесіндегі ақындар айтысы бейнеленген, қатысып отырғандардың арасында басқарушымен Жанбота мен оның Сараға қалым төлеп қойған жақын туысы Жиенқұл. «Біржан-Сара» екеуінің айтысы кезінде бір-біріне деген шынайы сезімдері оянып, бір-бірін ұнтып қалады. Жанбота айтысты тоқтатуға бұйрық береді. Біржан мен Сараның махаббатықатая түседі. Өкіметтің қудалауына түскен Біржан тауға қашады, ал еркінен тыс Жиенқұлға береді.

Біржан білдірмей, өзінің сүйген қызы Сараны құтқару мақсатымен Жиенқұлдың үйіне келеді, сол уақытта күзетшілер байқап қалып Біржанды ұстап қапасқа қамайды. Біржан қамауда отырған жерінде қайтыс болады, домбырасын Сараға береді.

Ахмет Жұбанов творчествосы.

Композитор Ахмет Жұбанов 1906 ж. Қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген, жастайынан музыканы сүйген ол мектеп қабырғасында жүріп, домбыра, мондалинде, скрипкада, балалайка сияқты музыкалық аспаптарда ойнауда үйренеді. Болашақ өнер иесі 1929-1932 ж. Ленинградтағы музыка техникумымен консерваториядан білім алады.

1936 ж. Қазақ өнерінің Москвада өткен тұңғыш он күдігінде А. Қ . Жұбанов әрі дирижер, әрі композитор ретінде қатынасып, ұйымдастырушы, өнер қайраткері екендігін танытты. Ол академик, профессор, өнертану ғылымының докторы дәрежесіне ие болады. Қазақ музыка мәдениетін дамытуда А. Жұбановтың еңбегі зор болады.

Ол композитор Л. Хамидимен бірігіп, «Абай»операсын жазды. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі үшін бірнеше музыкалық күрделі туындылар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін», аитты балаларға арналған әндер, қобызға арнап «Ария», «Көктем»тағы басқа көптеген музыкалық шығармалар жазған. А. Жұбанов қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаушы, композитор, ғалым, дирижер, оқытушы, публицист және музыка, қоғам қайраткері А. Қ. Жұбанов. Қазақ музыка мәдениетінің даму тарихында

А: Жұбановтың творчествосы толық бір дәуірді құрайды. Атақты әншілермен көркемөнерпаздар композитордың әндерін, хорларын, романстарын орындайды, орындаушылар фортепианоға арналған билері мен пьессаларын, скрипкаға, виолончелге, қобызға және домбыраға арналған шығармаларын орындайды, қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі композитордың билерін, марштарын, фантазияларын, поэмаларын және сюиталарын үзбей орындайды. Көп жылдар бойы академиялық опера және балет театрында А. Жұбановпен Л: Хамидидің «Абай» операсын нәтижелі орындап келеді. Бұл операның либреттосын жазған қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы М: Әуезов.

«Төлеген Тоқтаров » операсында А: ЖҰбанов Л: Хамидимен бірге жазған, оның да либреттосын жазған автор А. Жұбанов. Этногров және музыказерттеушісі ретінде А. Қ. Жұбанов мыңнан аса қазақтың ән күйлерін жазып алып, жарыққа шығарды. 300-ден астам ғылыми еңбектермен статиялар жазды. 1932 ж. 1-ші музыка оқулығы «музыка граматасының азбукасы»деген оқулық шығарды.Көп жылғы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1942 ж. «Қазақ халық» композиторлары деген кітабы жарық көрді.1958 ж. «Ғасырлар пернесі» атты 10 үлкен монографиялық очергтерден тұратын кітеп жазып шығарды. 1960.ж. «Құрманғазы» атты кітап шығарды. Тағы бір үлкен жұмысы «Ғасырлар үні» ораториясы.



Сыдық Мұхамеджанов творчествосы

С. Мұхамеджанов- қазақ композиторларының ішіндегі талантты композиторларының бірі. Ол 1924 ж. Қарағанды облысының Шет ауданында туды. Сыдық бала кезінде алғаш қзақтың ән- күйлерін өз әкесі - әрі домбырашы, қобызшы Мұхамеджаннан есітеді. Алғаш «Елім-ай»,»Сәулем-ай»сияқты халық әндерін әкесінен үйренеді. Балқаш қаласында бастауыш мектепте оқып жүрген кезде жұмысшылардан ұйымдастырылған домбыра оркестріне қатысып, онда «Кеңес», «Тепең көк», «Келіншек», күйлерін үйренеді. Бұл кезде Сыдық өз бетімен мандалин, скрипка тартуға талаптанады. Облыстық олемпиадаға қатысады.

Осы мектеп жасынан бастап Сыдық музыкаға жан- тәнімен беріледі. 1940 ж. С. Мұхамеджанов Алматыға келіп, көркем өнер үйірмелерінің жетекшілерін дайындайтын үш айлық курста оқып,онда нота сауатымен танысады. Бұл болашақ композитордың музыкағадеген ынта жігерінің өсуіне үлкен себеп болды.Сыдық енді өз ойынан ән шығару ісімен шұғылданады. Оның алғашқы шығарған әні «Жорық жыры», деп аталады.

1943 ж.С. Мұхамеджанов Алматы музыка училищесінің теоретика композиторлық бөліміне оқуға түседі. Мұнда оқып жүріп, «Жан сәулем», «Ақмаңдайлым», «Қара көз», деген әндер жазды. Бұл жылдары Сыдық өмірдің кейбір жағдайларына байланысты олқудан қол үзіп, біраз уақыт Жамбыл облыстық концерттік – эстрада бюросында артист және көркемөнер үйірмелерінің жетекшісі болды.Осы кездерде де Сыдық біраз әндер жазды. Оның ішінде «Жарқ етпес қара көңіім не қылса да », «Бесік жыры», «Қызғалдақ», «Алақай», сияқты әндерін жазды. 1949 ж. Сыдық Алматы музыка училищесіне қайта оқуға түсіп, оны бітіріп шыққаннан кейін, 1980 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөліміне оқуға түсті.

Консерваторияда оқып жүріп «Шолпаным», «Ауыл түні», «Жылқышы әні», сияқты әндер шығарумен қатар, қазақтың халық музыка аспаптарына арнап «Шаттық Отаны», атты симфониялық күй, «Балқадиша», атты вариациясын скрипка үшін «Соната», симфониялық оркестр үшін «Домбыра туралы баллада» сияқты шығармалар жаздщы.Мұнымен қатар «Алдар көсе», «Жүрек сырлары», «Ашынған жандар», «Кеше мен бүгін», «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз» деген кинофильмдерге музыка шығарды. Соңғы жылдары С. Мұхамеджанов ән шығару әнерімен көп шұғылдануда. Оның ішінде а,капелла хорына арнап «Көтерілген тың» сюитасын , жалпы хорға арналған «Жастар маршы», «Қытай еліне сәлем» «Жаса туған пртия», жеке дауысқа арнап «Көктем вальсі», «Есімде», «Сені ойлаймын», «Сырлы қайың» сияқты әндерді ерекше атап айтуға болады.

Композитор Бақытжан Байқадамовтың творчествосы.

Бақытжан Байқадамов 1917 ж. 11 наурызда Торғай облысында дүниеге келген. Ол қазақ совет композиторы. 1937ж. Алматы педагогикалық институтын бітірді. Онда математикадан сабақ берді. 1939 ж. Композиторлар курсында шұғылданады. 1954 ж. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік консерваториясын композиция класы бойынша Брусиловскидің класын бітірді. 1941 ж. Қазақстан радиокомитетінде хормейстр болып істейді. 1947-1949 ж. Қазақтың әйелдер ән-би ансамбіліне көркемдік жетекші болды. 1948-52 ж. Қазақстан мемлекеттік хорына көркемдік жетекшіболды. Кейін Жамбыл атындағы қазақ филормониясына жетекші болды.

1960-1963 ж. Қазақтың қыздар педагогикалық институтында оқытушы болды. Б: Байқадамовтың көптеген хор шығармалары, романстары, хор-поэмалары бар. Оның «Қайырла таң», «Сүйген сұлу сәулем », «Жайлау». «Құдаша», «Соғыс қайта болмасын»,»Костер жыры», хор шығармалары бар. Сонымен қатар «Біздің Тарас», «Дала сандуғашы», романдары бар.Ә. Жангелдин туралы ән «Солдат биі», сонан соң Құрманғзының «Ақбай», «Ақсақ киік», «Айжан қыз», күйлеріне дуэті және хор поэмаларын жазды. Акапелла хоры үшін төрт поэма жазды. Олар Шопан айы, Келін арманы. «Колхоз слетіндегі айтыс »,»Еңбек ұраны».т.б.
6.

Орыстың опералық хор туындылары.

Жоспары:


  1. Опера жайлы түсінік

  2. Орыс композиторларының творчестволары

Күрделі шығармаларға жататындар: Опералар, ораториялар, кантаталар.

Опера дегеніміз-сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалық драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады. Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай-ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады. Операға қатысты терминдерге тоқталып өтсек.

Либретто-опера балет және ораторияның әдеби поэтикалық мәтіні.

Лейтмотив-музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.

Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.

Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.

Ариоза – арияның шағын түрі.

Оратория дегеніміз-белгілі бір тақырыпқа жазылған жеке әнші, хор, сифониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма. Итальян тілінде айтамын деген мағынаны білдіреді.
Михайл Иванович Глинка.

(1804-1857)

Глинка – орыс халық классикалық музыкасының негізін қалаушы ұлы орыс композиторы. Оның «Иван Сусанин» және «Руслан и Людмила» опералары арқылы тарихи эпос пен салт-дәстүрді бейнелейді. Мұнда басты кейіпкер ретінде халықтарды бейнелей отырып, мұнда біріккен сахналық хорды Глинка өзінің операсында байқатты.

«Иван Сусанин» операсындағы интрадукция хоры естіледі. Оның бір бөлімінде орыс әсокерлерін крестян хорымен өздерінің селосына қарсы алады. Халық әндерінің стилімен «Менің отаным» хорын жазды. Басты тақырып кең көлемде шығалы, ал оны ұстап тұрушы ерлер хоры. «Хороша у нас река» бұл хорда тенор мен альт унисонда айтылады. «Разгулялися разливалися»-операның үшінші көріністің хоры. Өлешімі 5/4.

Операдағы басты идея орыс халқының ерлігі мен патриоттығын бейнелейді. «Руслан и Людмила» операсының бірінші және бесінші қимылдары ескі Рустың музыкалы мінездемесі жарқын берілген. Интрадукциясы Киевтік княз Светозардың бақшасында үйлену тойдың әдет-ғұрыптарын суреттейді. «Ах ты свет Людмила» аралас хоры өте қайғылы, Людмилының қоштасуы және мәңгілік ұйқыға кеткендігі туралы. Хор әртүрлі ладта жазылған. (ре-moll – фа dur –ре moll) . Куплетті варияциялық формада жазылған.

Екінші хоры «Не проснется птичка утром» бұл хор басқаларға қарағанда мелодиясы өте толқынды және өте жұмсақ.
Петр Иьлич Чайковсий.
Петр Иьлич Чайковсий (1840-1893) ұлы орыс композиторы, дирижер және педагог. Оның музыкалық дарыны өте ерте пайда болды. Ол профессионалдық музыкамен дайындығын 1861 жылы бастады. 1862 жылы концерваторияға түсіп, 3 жылда бітіріп, кейін Москва консерватроиясында профессор атанады. П.И.Чайковский бізге үлкен мұра қалдырды. Бұл 10 опера, 3 балет, 7 симфония, сифониялық оркестрге арналған 4 сиюта, 100 ге жақын фортепианоға арналған пьесалар, 100 ден жоғары романстар, квартеттер.
7.
Тақырыбы. Халық әндерінің хор репертуарынан орын алуы.

Жоспар


  1. Халық әнінің адам өміріндегі алатын орны.

  2. Халық композиторларының шығармалары.

Халық әні- бұл ежелден келе жатқан ауызша шығармашылықтың бір түрі. Халық әні адамдардың тұрмыс-салт дәстүрлерімен бірге еңбек қызметтеріне байланысты болған. Халық әні қатар және шумақ формасында жиі мәнерленіп орындалады.

Халық әні шешуші мәнге ие жеке шығармашылық процесс.

Халықтық өлеңдердің репертуарында ерекше орынды ақындардың сөзіне жазылған өлеңдері және халықтық әндерге қабылданған авторлық әуендердің фольклорлық варианттары алады. Халық әні әр халықтың өмірінде, мәдениетінде үлкен орын алады. Адам өмірін әнсіз елестету мүмкін емес, адам өмірге әнмен келіп әнмен өтеді.


Абай Құнанбаев

(1845-1904)
Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны. Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құанбай, арғы атасы Ырғызбай, атасы Өскенбай бәрі де тобықты руының билеушілері болған. Абай жас кезінен ақ өлең, әңгіме, ертегі аңыздарды естуге әуес болды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері болып саналады. Абайдың зор еңбегі сол, ол халықтардың бір-бірімен туысқандасуына музыкалық өнердің пргрешіл маңызы барлыған терең ұғынды. Сөйтіп өзінің ән-күй шығармашылығымен бұл ұлы іске жемісті түрде үлес қосты. Абай өз өлеңдерінің әндерін жазып алған жоқ, халық дәстүрі бойынша ауыздан ауызға көшу арқылы осы дәуірге жетіп отыр. Абай әндері өздерінің сан жағынан көп еместігіне қарамастан, ақынның музыкалық талантының зор және сегіз қырлылығын көрсетеді. Сонымен ән-күй шығармашылығында Абай өз халқының жалынды ағартушысы, халқының досы, әрі ағартушысы және қазақ халқы мен орыс халқы арасында достық пен туысқандықтың қорғаушысы болып саналады. Абай әндері: “Айттым сәлем Қаламқас”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Бойы бұлғаң”, “Онегиннің Татьянаға жазған хаты”, “Көзімнің қарасы”, “Сегіз аяқ” т.б.
Ақан Сері.
1843 жылв Көкшетау облысы, Қоскөл елді мекенінде дүниеге келді. Кейбір жазбаларда 1834 жылы туылған деп айтылады. Ақан Сері 1913 жылы қайтыс болады. Әндері: “Балхадиша”, “Белде, белде, бел асар”, “Желдірме”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”, “Мақпал”, “Маңмаңгер”, “Нурила”, “Сырымбет” т.б.

Құлагер әнінің шығу тарихы Әлібек батыр Ақан Серіге “Қараторғай” атты бүркіт береді. Жылдар өте береді. Бүркіт қартаяды. Ақан Сері күні өтіп бара жатқан құсына қарап “Қараторғай” әнін шығарады.

“Жас кезімізден бірге өскен құрбым едің,

Сені қалай мәңгілікке жоғалтамын” деп жырлайды.



Біржан сал.

1831 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Ербол атты елді мекенде дүниеге келді. 1894 жылы өмірден өтеді.

Шығармалары: Композитордың белгілі әндері: “Айтбай”, “Аққуым”, “Ақ серкеш”, “Алтын балдақ”, “Біржан сал”, “Бұрым”, “Ғашық жар”, “Жайма шуақ”, “Жамбас сипар”, “Кернекіл”, “Ләлім шырақ”, “Мати Дәулен”, “Тел қоңыр” және басқалары.
Майра.

Майра 1896 жылы Повлодар қаласында дүниеге келіп 1929 жылы қайтыс болған. Әндері: “Бақша”, “Ертіс”, “Қызыл гүл”, “Майра” және басқалай “Ертіс” әнінің туу тарихы. Майраның балалық шағы суы кемерінен асқан Ертіс өзенінің жағасында өтті. Балалық шағы, есейіп бой жеткен кезі қуанышы мен қайғысы, барлығы осы Ертіс өзенімен байланысты. Бұл әнді Майра өмірінің соңғы жылында шығарған. Екінші бір теңдесі жоқ әні “Бақша”. Майра өзінің сүйген жары Әбілмәжіммен өте бақытты өмір сүреді. Бірақ бақыты көпке созылмайды. Сол кезе өзінің жоғалған махаббатына деген ыстық сезімін Майра осы әнрінде білдіреді.


Балуан Шолақ.

Балуан Шолақ 1864 жылы Жамбыл облысының Хан тауы етегінде дүниеге келген. Шын аты Нұрмағамбет. Оны Шолақ деп атап кеткен. Себебі оның бала жасынан оң қолының саусақтары мыжылған болатын. Ол 1919 жылы дүниеден өтті. Шығармалары: “Ғалия”, “Дікілдек”, “Желдірме”, “Кенже қоңыр”, “Кокчетау”, “Қос алқа”, “Қос б арабан”, “Талды көл”, “Сарын”, “Сентябрь” және басқалар.

“Ғалия” әнінің қысқаша мазмұны. Балуан Шолақтың өмірінде өте келісті келген ұзын, аппақ қардай сұлу Ғалия есімді қыз үлкен орын алған. Ғалия әнін композитор аз да болса жүректе мәңгілікке қалған шынайы махаббатына арнайды. “Сентяберь” әнінің мазмұныны Шолақ жақсы шабандоз балуан болатын. Сентябрь жәрмеңкесінде 50 пудтық ауырлықты көтереді. Бұл оның өмірге қызығушылық сезімдерге толы, көңілді сентябрь әнінің тууына себеп болады.

Мәди.

Мәди 1880 жылы Семей Губерниясы, Қарқаралы ауданының Едірей ауылында дүниеге келген. Кейбір анықтамаларда Мәдиді 1888 жылы туылған дейді. 1921 жылы өмірден өткен. Әндері: “Қара кесек”, “Мәди”, “Шіркін-ай”, “Ұш қара”. “Қара кесек” әнін түрмеде отырған кезінде, бостан-бос өтіп жатқан сүреңсіз өміріне арнап жазған. Бірақ ол қажымайды, қайта қайраттанып “Қара кесек” әнін жазады.

“Шіркін-ай” әні бұл әнді түрмеден шыққан жазады. “Мәди” әні ұлы октябрь социалистік революциясы орнаған қуынышымен туады. Мәди кеңес үкіметіне көмектесуіне тырысады. “Мәди” әні қуанышқа, шаттыққа толы ән.

8.


Тақырыбы: Балалар хор шығармашылығы.

Жоспар.:


  1. Балалар хор үйірмелері.

  2. Балаларға арналған хор шығармалары. Балалар композиторлары.

Мектепте сыныптан тыс музыкалық жұмыстың ең көп тараған түрі – хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу, баланың музыка тілін жақсы терең түсінуіне әсерін тигізеді. Баланың өз орындауына жауапкершілігі артып әншілік шеберлікке дағдылана бастайды. Хор шығармаларын көркем орындау шеберлігі оқушының сол шығарманы жете терең түсінуіне, ән-хор дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Әр шығарманың өз мәнрінде мағынасын сезіну, сол шығарманы беріле орындау, баланың музыкаға деген сезімін, ынтасын, орындау шеберлігін тәрбиелейді.

Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беріледі. Хор үйірмесінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар оқушылардың ән сабағынан алған білімдерін әрі қарай өсіре отырып жетілдіру, осы хор үйірмесінің негізгі міндеті. Сондықфтан да хор үйірмесінің сабағында өткен әндерді қайталамай, одан гөрі күрделірек шығармаларды репертуарлық жоспарына енгізіп, жоғары музыкалық талаптарға сай орындаттыруға тиіс. Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктерне байланысты.

Вокалдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Хор ұйымдастыруда балардың жас ерекшеліктеріне көп байланысты. Міне осыған байланысты хор үйірмелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.



  1. Кішкентайлар хоры 1-3 сынып оқушылары.

  2. Орташалар хоры 3-5 сынып оқушылары.

  3. Үлкендер хоры 5-8 немесе 8-11 сынып оқушылары.


Балалар хорына арналған шығармалар. Балалар композиторлары.

Балалар хорына арналған шығармаларкөптеп саналады. Олар сүйемелдусіз айтылатын әндер аккапеллалар, сүйемелдеумен айтылатын әндер, жеке әншімен хорға арналған шығармалар. Балалар хор шығармалары әртүрлі сипатта, әртүрлі ырғақта, екпінде, жылдамдықта жазылады. Мазмұны жағынан әртүрлі болады. Хор шығармалары көпшілігі сүйемелдеумен орындалады. Балалар компоиторлары көптеп саналады. Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев. К.Қуатбаев.

Ө.Байділдаев 1932 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Алмати мемлекетік консерваториясын бітірген. Шығармаралы: “Туған Отан”, “Шырқа ән”, “Жаңа жылдық ән”, “Сен бәріненде сүйкімдісің”, “Шекарашылар әні”т.б. Ө.Байділдаев 5 сыныпқа оқулық жазған композитор. Балалардың дауыс ерекшеліктерін олардың дауыс көлемін жақсы білетін композитор, әндері жеңілдіктерімен, жүрдектіліктерімен, көңілділігімен, жұмсақтылығымен, әуезділігімен дараланады.

Б.Байқадамов – 1917 жылы Торғай облысында туды. Б.Байқадамов Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Москва қаласында өткен дүниежүзілік фестивальдің лауреаты. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер. Шығармалары: опарасы “Ағайша”, музыкалық комедія “Майра”, “Жас өмір” драмасына жазған музыка. Сүйемелдеумен “Балалар әндер жинағы”, сүйемелдеусіз “Балалар сюитасы”, “Біз Отанды сүйеміз”, төрт хор поэмасы, вокалды-хореографиялық композициялар.

И. Нүсіпбаев – Қазақстандағы көрнекті балалар композиторы. Шығармалары қарапайымдылығы мен турашылдығы мен әуеннің кеңдігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Әндерінің тақырыптары әртүрлі: Отан тақырыбы, туған ел, туған жер, мектеп тақырыптары. Мысалы, “Мұғалім ғазиз, мұғалім”, “Мұғалім ол біздің”.

К.Қуатбаев – 1935 жылы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Сарқаант ауылында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консераторияны дирижерлау класы бойынша бітірген. Шығармалары: “Балаларға арналған әндер, билер ойындар”, “Таңсәріде”, “Ол не, бұл не”, “Музыкалық сауат”, “Қысқаша музыкалық сөздік”.


9.
Тақырыбы: Шетел классик композиторлар
Жоспары:

  1. В.А.Моцарт

  2. Ф.Шуберт.


Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) шығармашылығы.

В.А.Моцарттың шығармашылығының көпшілігін хор музыкасы құрайды.Ол хор мен оркестге арналған төмендегідей күрделі құрылымдағы шығармалар жазған. “Кающиеся Давид”(Өкінген Давид), “Освобожденная Бетулия”(Босатылған Бетулия). Сонымен қатар мессалар, үлкен месса до минор “Күнге”(К солнцу) атты діни және ақсүйектік кантатасын жазды. “Реквием” композитордың теңдесі жоқ соңғы туындасы. Камералық шығармалардың ішінде бірнеше мотеттері және діни шығармалары “Kуrie” “Misserere” гимндер, канондар және басқалары бар. Моцарттың жазғы кеш және “Ave verum corpus” деген хорлары өте танымал. Жазғы кеш төрт дауысты аралас хорға арналған хор миниатюрасы. Хор музыкасы тыныштыққа, тазалыққа толы. Кешкі табиғаттың суреті жарық сәуле, таза ауаға байланысты адамның көтеріңкі көңіл күйін шебер суреттеген.

“Ave verum corpus” хоры Моцарттың тағы да бір теңдесі жоқ миниатюрасы. Оның тональдіктері ре мажор, ля мажор, фа мажорда жазылған. Осы шығарманың көркемдік қасиетін П.И.Чайковский өзінің “Моцартина” деген кантатасында қолданған.
Франц Шуберт (1797-1828) шығармашылығы.

Австрияның көрнекті композиоры, Вена романтикалық мектебінің негізін қалаушы, жас күнінен хор музыкасымен етене араласқан, сарай әншісі болған, кейін Вена сарай капелласында әнші болған үлкен өнер иесі. Шуберттің хор шығармашылығы әртүрлі. Мессалар, кантаталар, олардың арасында “Мириамның жеңіс әні” және жүзден аса әртүрлі құрамға, әр түрлі санға арнап жазған хор шығармалары. Шуберттың хорларында оның романстары мен әндеріндегі сияқты вокалдық ән жазу шеберлігі көрінеді, Австрия ұлттық музыкасымен байланысы сезіледі. 50 ден астам хор миниатюралары ерлер даусына арналып жазылған, XIX ғасырдың басында Австрия мен Германияда ерлердің ансамбльдік ән айтуы кеңінен таралған болатын. Шуберттың ерте кездегі шығармалары өте жарық, өткір тіл мен табиғатты, махаббатты жырлаған. Кейбіреулері бір куплет, кейбіреулері екі-үш бөлімді құрылымнан тұрады. Мысалы хорлары: “Түн”, “Хоровод”, “Махаббат”, “Ескекшілер әні”, “Алыстағы аруға”. Кейбір хорлары лирико-табиғаттың мазмұнында күрделі формада жазылған. Олар: “Бұлбұл”, “Көктем әні”, “Табиғаттан ләззат алу”, “Ауыл”, “Серенада”, “Махаббат әмірі”. Хор жанрында болмасын, ән жанрында болмасын Шуберт адамның ішкі дүниесін, оның сезімін, көңіл-күйін шебер бейнелеген.


10
Тақырыбы: Музыкалық оқу мекемелері.
Жоспары:

  1. Оқу хорлары.

  2. Көркемөнерпаздар үйірмелері.

  3. Вокалдық ансамбльдер.

Елімізде музыкалық оқу орындары көптеп саналады.Музыка мектептері, өнер мактептері, музыкалық колледждер,консерваториялар, музыкалық академиялар. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары институттар мен университетердің музыка маманын дайындайтын факультеттер, арнаулы орта білім беретін гуманитарлық колледждің “музыкалық білім” мамандығын дайындайтын бөлімдер. Әрбір оқу орнының өзінің хор ұжымдары бар, әрбір курстың курстық хорлры және жиынтық хорлары бар.

Көркемөнерпаздар үйірмелері барлық мекемелерде , кәсіпорындарда бар. Жалпыға білім беретін мектептердің барлығында өзінің хор ұжымдары бар. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне музыкалық қабілеттері бар, ән салуға біршама дағдыланған, есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері жақсы дамыған өнерпазддар қабылданады.Хор көпшіл ұжымды өнер. Хор ұжымында ән айту өнерпаздың жан-жақты дамуына эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Жақсымен жаманды ажыратуды үйренеді. Қазақстан композиторларының шығармаларымен танысады, орыс және шетел композиторларының озық шығармаларымен танысады.

Хор сан жағынан әртүрлі болады. Хор сапа жағынанда бөлінеді. Вокалдық ансамбльдер. Вокалдық ансамбльдер бірлесіп ән айтатын, дауыстары, дауыс бояулары жақсы, музыкалық қабілеттері жақсы дамыған 12-16 әншілерден тұратын топ.Вокалдық ансамбльдер әндерді сүйемелдеумен де, сүйемелдеусіз де орындайды. Вокалдық ансамбльдердің репертуары өте бай болады. Вокалдық ансамбль біртектес және аралас болады.Біртектес болғанда ер балалар дауыстарынан немесе қыз балалар дауыстарынан тұрады. 16- әншіден тұратын вокалды топта.

4 әнші сопрано дауысын құрайды.

4 әнші альт дауысын құрайды.

4 әнші тенор дауысын құрайды.

4 әнші бас дауысын құрайды.

Біртектес вокалды топ болғанда.

4 дауыс сопрано 1-ге беріледі.

4 дауыс сопрано 2-ге беріледі.

4 дауыс альт 1-ге беріледі.

4 дауыс альт 2-ге беріледі.

11.


Тақырыбы: Кантаталар, ораториялар, сюиталар.
Жоспары:

  1. Кантата, оратория, сюитаның шығу кезеңі.

  2. Жазылу ерекшелігі, формалары.

Кантата Италияда 17 ғ. вокалды музыканың түрі ретінде пайда болды. Олар көпшілігінде опера жанрына жақын лирикалық жеке әндер болды. Біртіндеп кантатаға хор енгізе бастады, маңызы мен мазмұны кеңейе бастады. 18 ғ. европа музыкасында жекекантаталармен қатар ақсүйектік , рухани хор кантаталары пайда бола бастады. Ораториялы кантата бір мезгілде шықты. Оның аты Библиямен (құраммен) Евангелиені оқыған дінге сенушілердің шіркеуүйінен шықты. Сол себепті шетел ораторияларының тақырыптары рухани маңызға ие болды.

Оратория типіне үлкен хор шығармалары , пассиондар енді; онда христостың қиналысы бейнеленген, ол латынның “passio - қиналыс” деген сөзінен шыққан. Иогани Себастиан Бахтың (1685- 1750) шығармашылығында кантато- ораториялық жанрларға көп көңіл бөлінген. Үш ораториясы “рождественская”, “пасхальная”, “На вознесение”, “Христов” религиялық мерекелермен байланысты, олардың музыкасында лирика, юмор бар. Халықтың тұрмыс тіршілігі бейнеленген. Бах 300-ге жуық рухани кантаталар шығарған. Оның 200- дейі сақталып қалған, және 20 ақсүйектік кантаталар сақталған. Ақсүйенктік кантаталар жеке әншіге және оркестрдің камералық құрамына жазылған кантаталар. Оларда мүлдем хор әндері жоқ.

Ансамбльдің жеке әншілермен алмастырылған.Бахтың осындай осындай кантаталары. “Крестиандық”, “Кофейная”. Сәлемдесу кантаталары “Ойнаңдар көңілді толқындар”,Жаса”, біршама хор номерлерінен тұрады. “Труба” қатты шырқа атты кантатасының”Мы прославим дружным пением”. Орыс сөзі. Алемасованың финалдық хоры табиғатқа көктемге арналған өмір гимні. Хор екі бөлімнен тұрады, әр қайсысын оркестр қайталайды. Хор партиялары жүрдектіктерімен ерекшеленеді. “Страсти по матерею”, “Страсти по Иоанну” Бахтың көлемі жағынан ең үлкен ораториялары.

Философиялық тереңдік, жоғарғы адамгершілік ойы ораторияға тән қасиеттері. Бахтың жоғарғы дәрежедегі шығармаларының бірі “жоғарғы месса”. Ол си минор тональдігінде алты бөлімді құрылымда жазылған. Си минор мессасы ешқашан шіркеуде орындалмаған. Оның орындаушылары (сегіз дауысты хор, жеке әншілер, екі сопрано альт және тенор) және симфониялық оркестрдің үлкен құрамы. Бах үлкен шығармалар циклін жазған. 15 хор, 6 ария, 3 дуэт. Си минор мессасының бірінші бөлімі “Kurio”. Ол екі күрделі фугамен дуэттен тұрады. Ол “Сила тебе”, “Даруи нам мир”, деген мағыналарды білдіреді.

Композитор Генрийдің “Самсон” деген ораториясы бар. Композитор Гайдннің “Сотворение мира”, “Времена года” ораториялары бар.Бұл ораторияның либреттасын композитордың досы Барон Вам Свитен жазған.Ол осы тақырыптағы ағылшан жазушысы Джеймс Томсонның шығармасы негізінде жазған.


12.
Тақырыбы:

Музыкалық жанрлар: реквием, хорал, месса,

мадригал, псалма және басқалары.
Жоспар:

  1. Орта ғасырдағы хор өнерінің дамуы.

2.Хор жанрларының ерекшеліктері.
476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті.
ІІ Хор жанрлары.

Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет