Лекция 2
Антибиотиктер Негізгі сұрактары:
Антибиотиктердің жалпы сипаттамалары
Антибиотиктерге медицина ұсынатын талаптар
Антибиотиктердің түзушілері
Антибиотиктердің қосымша зиянды әсері
Антибиотиктерге қарсы микроорганизмдердің түрақтылығы
Антибиотиктердің жалпы сипаттамалары Антибиотиктер бұл бір микроорганизмдерде түзіліп басқа микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, т.б.) мен кейбір қатерлі ісіктердің өсуі мен дамуын тежейтін биологиялық белсенді заттар. Антибиотиктерді синтездеу – микроорганизмдердің зат алмасуының тұқым қуалаушылық ерекшелігі. Микроорганизмдерде антибиотиктер түзілетін процесс антибиоз деп аталады. Антибиоз процесін қолданбалы пайдалану мүмкіндігі туралы идеяны Л.Пастер мен Мечников, антибиотик атауын З.Ваксман 1942 ж ұсынған.
А.Флеминг антибиоз процесін зерттеп 1928 ж. анықтады, егер де стафилококк себіндісі Penіcіllіum notatum көк көгерумен ластанған болса, көгеру колониясының айналасында стафилококтар өспейді, себебі көгеру құрамында стафилококқа әсер ететін зат бар, оны пенициллин деп атады. Пенициллин стафилококк, стрептококк, пневмококк, гонококк және күл ауруы таяқшаларының өсуін тежейді, бірақ E.colі мен іш сүзегі таяқшаларына әсер етпейді. Пенициллин кең қолданбалы пайдаланатын бірінші антибиотик.
Медицина мен ветеринарияда пайдаланатын антибиотиктер микроорганизмдердің тіршілік процесінде түзілетін өнімдер немесе олардың жартылай синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер микроорганизм жасушаларында түзілетін екінші реттік метаболиттердің тобына жатады. Бұл топқа алкалоидтер, өсімдік гормондары, токсиндер кіреді. Антибиотиктерді әр түрлі ауруларды емдеу үшін, ісіктерге, жұқпалы ауруларға себеп болатын микроорганизмдерге қарсы пайдаланады. Жыл сайын әлемде антибиотиктерді шығару үшін 20 млрд доллар шамасындай жүмсалады. Дамыған мемлекеттердің фармацевтикалық өнеркәсібі шығаратын препараттардың ішінде бірінші орынды антибиотиктер алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100000 т антибиотиктер шығарылады, сатылған құны 5 млрд доллар шамасындай.
Ауруларды емдегенде кең пайдаланатын антибиотиктер