Лекция 2 Антибиотиктер



бет6/9
Дата24.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#172975
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 2

Дисбактериоз.
Адам ағзасында пайдалы микроорганизмнің 400-ден астам түрлері қызмет атқарады. Бұл микроорганизмдердің жиынтығы ағзаның микрофлорасын құрайды. Антибиотиктің әсерінен адамда қалыпты микрофлора тежеледі де, дисбактериоз, одан кейін суперинфекция (дисбиоценоз) дамиды. Нәтижесінде ішектерде стафилококтардың тұрақты түрлері пайда болады да, өте ауыр энтероколиттің дамуына әкеледі.
Дисбактериоздың ең маңызды түрлері  кандидомикоз, Candіda albіcons  саңырауқұлақтардың ұрпақтануы және стафилококкоз. Кандидомикоз ішек-қарын жолында ұрпақтанады және оның сыртында өмір сүреді. Стафилококкоз тырысқаққа ұқсас синдром түрінде белгіленеді де, көбінесе өлімге әкеледі.
Дисбактериоз дамығанда антибиотикпен бірге қосымша ерекше дәрілік препараттарды пайдаланады, мысалы, кандидоз пайда болғанда – леворин, нистатин.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің тобына нистатин мен леворин кіреді. Кандидомикоздың алдын алу үшін бұл препараттарды бактерияларға қарсы антибиотиктермен қосып пайдаланады.
Антибиотикотерапия
Антибиотиктердің көмегімен ауруларды емдеу антибиотикотерапия деп аталады.
Антибиотикотерапияны жүргізуде алдын ала ауруды емдейтін антибиотиктің түрін тандап алады. Қазіргі күнде микробтарға қарсы препараттар, өте сирек кездесетін қоздырғыштардың түрлері, антибиотиктерге тұрақты микробтардың штамдарының саны жыл сайын көбеюде, сондықтан бұл мәселенің маңызы да ұлғая береді.
Ауыр жұқпалы, сепсис, жұқпалы эндокардит болғанда аурулардың клиникалық сипаттамаларын негізіне алады да, ауру қоздырғыштың түрін анықтайды. Сонан соң қоздырғышты анықтау тәсілдері және оның сезімталдығын анықтау туралы мәліметтерді толық жинайды. Микроорганизмнің түріне, қасиеттеріне байланысты әсер ететін антибиотиктің түрін тандап алады.
Антибиотикотерапия қолданатын уақыты ұзақ болмауы қажет, себебі дисбактериоз, кандиоз және басқа суперинфекция (үстеме жұқпалы) аурулар дамуы мүмкін. Сондықтан антибиотикпен емдеу уақытын ұзарту қажет болғанда қосымша суперинфекцияға қарсы ерекше препараттарды енгізу керек.
Тағы бір маңызды мәселе  антибиотиктерді ағзаның ауру мүшесіне (ұлпасына) енгізу. Дәріні екі жол арқылы енгізеді: ауыздан және ас қорыту жолдарынан тыс. Осы күнде дәрілерді енгізу үшін басқа да тәсілдер зерттеледі. Мысалы, дәрінің тасымалдауші ретінде липосоманы пайдалану мүмкіндігі көрсетілген. Липосома – бұл сфералық жасанды мембрана.
Қазіргі заманғы антибиотикотерапияның негізгі мәселері:
– микроорганизм штамдардың антибиотикке қарсы тұрақтылығын жеңу;
- емделмейтін ауруларды қоздыратын микроорганизмдерге қарсы жаңа антибиотиктерді алу;
- антибиотиктердің жаңа дәрілік формаларын алу.

Тексеру сүрақтар



  1. Антибиотиктерді идиолиттер деп неге атайды?

  2. Неге антибиотиктерді екінші реттік метаболиттердің тобына жатқызады?

  3. Бактерицидтік және бактериостатикалық антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер ететін механизмдерінің айырмашлығы қандай болады?

  4. Антибиотикке қарсы микроорганизмдердің турақтылығын медицина қалай женеді.

  5. Антибиотиктердін әсер ететін механизмдері сипаттаңыздар.

  6. Микроорганизмдердің антибитиктерге қарсы резистентілігіне себеп болатын факторлдарын сипаттаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет