Антибиотиктердің тобы
|
Типтік антибиотиктер
|
Продуценттер
|
Әсер ететін нысана
|
Әсерінің механизмі
|
Емдеу қиын-
шылығы
|
Β-лактамды
|
Пенициллиндер, цефало-спориндер
|
Саңырауқұлақтар
Penicillium,
Cephalosporum
|
Грамм оң және грамм теріс бактериялар
|
Жасуша қабырғасының түзілуін бұзады
|
Аллергиялық реакция
|
Аминогликозидтік
|
Стрептомицин,
гентамицин,
канамицин,
амикацин,
тобрамицин
|
Актиномицеттер: Streptomyces.
Бактериялар:
Micromonosporum, Bacillus
|
Көбінесе грамм оң бактериялар
|
Ақуыз синтезін қайтымсыз тежейді
|
Бүйрек пен есту жүйкесіне уытты әсері
|
Тетрациклиндер
|
Тетрациклиндер
|
Актиномицеттер: Streptomyce.
|
Грамм оң және грамм теріс бактериялар, хламидийлар, қарапайымдылар
|
Ақуыз синтезін қайтымды тежейді
|
Түрақты штамдар-
дың таралуы
|
Макролидтер
|
Бактерияларға қарсы:
эритромицин.
Саңырау-
құлақтарға
қарсы: полиен антибиотиктер.
|
Актиномицеттер: Streptomyces.
|
Грамм оң бактериялар
Саңырауқұлақтар, кейбір қарапайымдылар
|
Ақуыз синтезін қайтымды тежейді.
Плазматикалық жарғақшаның түзілуін бұзады
|
Уытты
|
Полипептидтік және депсипептидтік
|
Полимиксиндер,
грамициндер,
бацитрациндер
|
Әр түрлі микро-
организмдер
|
Көбінесе грамм оң бактериялар
|
Әсер ететін механизмдері әр түрлі
|
Уытты
|
Қазіргі күнде 14000-ға жуық табиғи антибиотиктер белгілі, ал медицина мен ветеринарияда ауруларды емдеу үшін 200-ін ғана пайдаланады. Себебі, белгілі антибиотиктердің ішінен 97%-ы медицина ұсынатын талаптарына сай келмейді.
Антибиотикалық заттарға медицина келесі талаптарды ұсынады:
- антибиотиктің өзінің уыттылығы және ағзада түзілетін өнімдерінің уыттылығы болмайды немесе өте төмен;
- тиімді әсері төмен концентрацияда іске асады;
- ағза жағдайында микроорганизмге қарсы әсерін көрсетеді;
- антибиотике қарсы микроорганизмнің тұрақтылығы баяу дамиды;
- қосымша зиянды әсері өте төмен немесе болмайды;
- суда жақсы ериді;
- әдеттегі жағдайда ұзақ уақыттын ішінде микроорганизмдерге қарсы белсенділігін сақтайды;
- ортаның әр түрлі жағдайында, ағзаның физиологиялық сұйықтық және ұлпалық жағдайында антимикробтық әсерін сақтайды.
Антибиотиктердің түзушілері саңырауқұлақтар, эубактериялар, актиномицеттер және басқа микроорганизмдер. Кейбір микроорганизмдер антибиотиктердің көп түрлерін синтездейді, мысалы филаметозды саңырауқұлақтардың 6 туысы антибиотиктердің 1000 шамасындай түрін, сонынң ішінде пеницилин мен цефалоспориндер, ал актиномицеттердің 3 туысы 3000 түрін синтездейді. Актиномицеттердің ішінен антибиотиктердің қорына ең жоғары салымы Streptomyces микроорганизмдердің, мысалы актиномицеттердің S.grіseus түрі 50-ден астам антибиотиктерді синтездейді. Микроорганизм геномының гендерінің 1-2%-ы антибиотиктердің түзілу процесіне қатысады. Мысалы, Bacіllus subtіlіs геномының 2%-ы антибиотиктердің синтезіне жауапты.
Ғалымдар көптеген микроорганизмдердің ішінде антибиотиктерді синтездейтін микроорганизмерді табу үшін сұрыптау жұмыстарын үнемі жүргізеді. Нәтижесінде жыл сайын 100-200-дей жаңа антибиотиктерді ашады. Бірақ табылған антибиотиктердің ішінен 1-2%-ы ғана ауруларды емдеу үшін медицинада пайдаланады. Себебі, микроорганизмдерінің, жаңа препараттардың клиникалық сынауы жүргізу құрделі және қымбатқа түседі, яғни классикалық селекцияның экономиялық тиімділігі төмен. Қазіргі күнде ауруларды емдеу үшін кең пайдаланатын антибиотиктер 1-кестеде көрсетілген.
Жаңа антибиотиктерді іздеп табу қажеттілігінің себептері: белгілі антибиотиктермен емделмейтін аурулар бар; жыл сайын белгілі антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің түрлері, штамдары көбееді.
Тәжірибелік медицинада соңғы 30 жылда пайдаланатын антибиотиктердің саны табиғи антибиотиктер есебінен ғана көбеймейді. Көбінесе жаңа антибиотиктердің тобына жартылай синтетикалық және модификацияға ұшыраған табиғи антибиотиктер кіреді. Қазіргі күнде жаңа антибиотиктерді алу үшін болашағы зор әдіс деп рекомбинантты ДНҚ технологияны санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |