студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;
студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары (конформизм феномені, жетекшілік және лидерлік, топтық тұтастық мәселесі) туралы білімдерін қалыптастыру;
жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (әлеуметтену және әлеуметтік бағдар) жайлы білімдерін қалыптастыру;
адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерді қалыптастыру;
студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмысын жүргізуде іскерлік пен дағдыларын дамыту;
кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Күтілетін оқу нәтижелері
1.Әлеуметтік топтардағы адамдардың қызметін, заңдылықтарын біледі. 2.Саяси-әлеуметтік құбылыстарын, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруды түсінеді. 3.Бағыттарды, стратегиялы түрде дұрыс жолға салуды, рухани ерекшеліктерін қолданады.
4.Коммуникативтілік дағдыларын көрсете білуді талдайды. 5.Білімін практикада қолдану, психодиагностикалық әдістемелерді тиімді қолданып, жинақтайды.
6.Жеке тұлға бағыт-бағдарының әлеуметтік психологиялық моделін бағалайды.
1.Студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2. Біліктілікке бағытталған оқыту;
3.Әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4. Кейс-стади(нақты жағдаяттарды сараптау);
5. Әлеуметтік-психологиялық тренингтер