Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.
Педагогикалық зерттеулер, ең алдымен, әлеуметтік қалыптасу мен тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде дамушы жеке тұлғаның іс-әрекеті пәнін зерттеуге бағытталады. Педагогикалық құбылыстар, эмпирикалық бақылаулардың сыртқы жақтарын ғана зерттеумен шектелмей, педагогикалық факті, құбылыс және үрдістерді терең және жан-жақты зерттеу, олардың мәнін, заңдылықтарын ашу, диалектикалық ойлау тәсілдері – индукция және дедукцияны, талдау, жинақтау, абстрактілі ойлаудан нақтылауға көшу т.б. қолдану керек.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі компонеттері: зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |