Лекция 29-30. Педагогикалық зерттеулер. Зерттеу ізденісінің көздері мен жағдайлары



бет8/9
Дата17.12.2021
өлшемі27,63 Kb.
#102175
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
29-30 лекц ХПЗН

мәдениетке сәйкестік ұстаным - адамның мінез-құлқы, қызметі, шығармашылық қызметі өседі. Бала өмір сүреді, оқиды, белгілі бір ортада өседі. Мәдени ұстаным этнопедагогикалық ұстанымға ауысады.

  • Этнопедагогикалық ұстанымда ұлттық, тарихи құндылықтарда оқыту әдістері білінеді. Соңғы кезде ұлттық педагогика негізінде оқыту-тәрбиелеу әдісі дамытылуда.

  • Антропологиялық ұстаным - барлық ғылымдардың адамды тәрбие құралы ретінде пайдалану және педагогикалық үрдісте қолдану арқылы жүзеге асады.

    Зерттеу ізденісінің көздері
    Педагогикалық зерттеуді өткізу үшін өзі ізденіске негіз болып табылатын көздерді қолданған жөн. Олардан шығармашылық өңдеуде қажет болатын тұрғыларды, үлгілерді, идеяларды, әдістер мен технологияларды алуға болады.

    Негізгі бес көздерді ажыратуға болады:



    1. Әлеуметтік тапсырыста өз орынын тапқан жалпыадамзаттық ізгіліктік құндылықтар, мүдделер.

    2. Адам жайындағы ғылымдар кешенінің жетістіктері, сонымен қатар қазіргі ғылыми тқрғылардан, әсіресе медицина, валеология, психология, педагогика, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік, педагогикалық және даму психологиясы ғылымдарының ұсыныстары.

    3. Өткен және қазіргі өмірдің озат тәжірибесі, соның ішінде новаторлық тәжірибесі.

    4. Педагогтар мен оқушылардың, қоршаған әлеуметтік ортаның, өндірістік, мәдениет және медицина, құқық қорғау органдарының орындарының, ата-аналардың, түрлі мамандық иелерінің педагогикалық әлеуеті.

    5. Кәсіби педагог қызметкерінің шығармашылық әлеуеті.

    Әр қайсысына жеке тоқталып өтсек.

    Озат тәжірибе. Жеке мектептер, лицей, гимназиялар, репетиторлық, риторика, би өнерін оқыту қайта жаңғыртылуда. Біртіндеп әлемдік тәжірибенің есігі де кең ашылуда. Мысалы, вальдорф мектебімен педагогикасының жетістіктері, М.Монтессоридің, С.Френенің еркін тәрбиелеу жүйелері. Сонымен қатар, 1980-1990 жылдардағы жаңашыл педагогтардың (В.Шаталов, Ш.Амонашвили, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин, И.П.Волков, С.Лысенкова, Л.Занков және т.б.) практикасы да ерекше орынға ие.

    Олардың жетістіктері:



    1. Олар формализммен, бюрократиялық шектеулер және унификациямен күресе отырып, әрбір педагогтың шығармашылықпен, дербес, іздену, авторлық тұрғыдан жұмыстану құқығын алып шықты.

    2. Өз практикасы арқылы олар оқушылармен ынтымақсатықпен, шығармашылықпен жұмыстану, қалыптасушы тұлғаның ішкі еркіндігін, әрбір оқушыға көмек беру ізгіліктік идеяларын бекіте отырып, білім берудегі демократиялық өзгерістерге жол салды, қоғамның ізгіленуіне мүмкіндік берді.

    3. Олар жаңа педагогикалық жүйелер жасап шығарды. Оның әрқайсысында өзекті педагогикалық мәселелер өз шешімін тапқан.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет