Тәуекелділік пен қауіпсіздендіруді бағалау. Бұл бөлім мүмкін болатын тәуекелділіктерді көрсетеді, тәуекелділіктің қаупін азайту сақтық шаралары бойынша ұйымдастырушылық мәселелерден тұрады және тәуекелділіктен сырттай қауіпсіздендірудің және өзін-өзі қауіпсіздендіру бағдарламасын ұсынады. Тәуекелділікті анықтаудың маңыздылығы оны дәл есептеуде емес, көбінесе жетекшінің шеберлігіне, мүмкін болатын тәуекелділікті алдын ала білуіне жэне сол тәуекелділікті дұрыс бағалауына байланысты. Тәуекелділікті бағалау мен анықтаудың келесідей алгоритмін ұсынуға болады:
Тәуекелділік тізімін құру, бірінші кезекте - қаржылық-экономикалық тәуекелділік (1-кесте).
Әр тәуекелділіктің пайда болу ықтималдығын анықтау.
Пайда болған жағдайда болатын шығын мөлшерін бағалау.
Пайда болу ықтималдығы бойынша тәуекелділіктерді топтастыру.
Кәсіпорын үшін қолайлы тәуекелділік деңгейін бекіту және тізімде неғұрлым мәнді тәуекелділіктерді көрсету.
Тәуекелдік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін шаралар тізімін жасау.
Кәсіпорын өз зияндарын өзін-өзі қауіпсіздендіру негізінде (кәсіпорынның айналмалы қорларының есебінен арнайы резерв қорларының қалыптасуы арқылы) және тәуекелдіктің белгілі бір бөлігін қауіпсіздендіру компанияларына (кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және инвестициялық-қаржылық қызметін қауіпсіздендіру, персоналды қауіпсіздендіру) және ұйымдарға беру арқылы азайтуға болады.