Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі



бет5/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Жатаған бидайық - көп жылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағы мен жапырақтары тіке. Ұрығы дәнді. 100 ұрықтың салмағы 3-4 г. Әр өсімдіктің тұқым өнімділігі 250-300 тұқым. Дәншелердің өніп шығуының ең төменгі температурасы 2-4 0С, қолайлы температура 20-30 0С. Дәні 5-6 см тереңдіктен өніп шығады. Топырақта өнгіштігін 3-5 жылға дейін сақтап тұрады. Тұқымнан бөлек жатаған бидайық, вегетативтік әдіспен тамырсабақтарындағы тұймешектері арқылы да көбейеді. Тамырсабақтарының негізгі бөлігі топырақтың 10-12 см тереңдігінде жатады.

Тауық тарысы (5-сурет) біржылдық астықтұқымдас арамшөп. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, биіктігі 1,0-1,5 метр, көп бұтақтайтын арамшөп. Тек қана тұқымы арқылы тарайды. Тауық тарысының бір түбінің өзі 13 мыңдай, пісе келе шашылып топырақты ластайтын тұқым береді. Жерге шашылған тұқымдар күзде өнбейді, ал қыс

тап шыққаннан кейін, көктемде салыстырмалы түрде жоғары температурада, топырақтың 12 сантиметрге шейінші тереңдігінен көктеп шығады.

5-сурет – Тауық тарысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет