Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі



бет6/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Қызылша гүлтәжі (6-сурет) амаранттар тұқымдас біржылдық арамшөп. Барлық дерлік жерлерге жақсы тараған. Арамшөп жақсы өңделген, борпылдақ, тыңайтылған егістіктерді жақсы көреді, соның ішінде мақта егістігін де. Қолайлы жағдайлар туындағанда арамшөптің биіктігі 120 см жетеді және қатты бұтақтайды, ал керісінше жағдайда оның биіктігі 15-20 см ден аспайды.

Қышылша гүлтәжі тек қана тұқымдары арқылы көбейеді. Бір өсімдіктің өзі 500 мың тұқым береді. Өсімдіктің пісіп жетілуі біркелкі емес, әркелкі болып, жаздың екінші жартысынан бастап бірінші суық түскенге дейін жалғасады.

6-сурет – Қызылша гүлтәжі


Жерге шашылған тұқымдар қыстап шыққаннан кейін көктемде, топырақпен азғана жабылған жағдайда, салыстырмалы жоғары температурада 20 0 С көктеп шықса, ал топырақтың 5 см тереңдігінде жатқан тұқымдар одан да жоғарылау температурада 22-26 0 С көктеп шығады. 5 см ден тереңге кеткен тұқымдар көктеп шықпауы мүмкін, бірақ 5 жылға дейін өнгіштігін жоғалтпайды.

Кәдімгі жұмыршақсабақ тамырлы қыстаушы біржылдық арамшөп. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері майда, гүл жапырақшалары ақ. Жемісі – қабықшалы. Тұқымдары майда, 1000 тұқымның салмағы 0,1-0,2 г. Тұқымдарының өсіп шығуының ең төменгі температурасы 1-20 С, тиімдісі 15-26 0 С. Тұқым өнімділігі, бір өсімдікте 27 мың тұқым. Тұқымның өну тереңдігі 2-3 см, өнгіштігін топырақта 35 жылға дейін жоғалтпайды.

Ақ алаботаалабота тұқымдас бір жылдық арамшөп. Ақ алабота Қазақстанның барлық аймағына тараған. Қоректік заттары аз, құрғақ топырақтарда ақ алабота өте кіші және аз бұтақталса, ал қоректік затқа бай, ылғалды топырақта оның сабағының биіктігі 1,5-2,0 метрге, ал диаметрі 1,5-2,0 см – ге жетеді. Жақсы дамыған бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді. Бір өсімдіктің өзінде әр түрлі үлкендіктегі және түстері әртүрлі тұқымдар болады. Олардың негізгі бөлігі пісіп жетілісімен төгіледі. Қыстап шыққаннан соң олардың өнгіштігі жоғарылайды және ол созылыңқы жүреді. 0,3-0,5 см топырақ тереңдігінен жақсы өніп шығады, ал 2 см тереңдіктен төмен қабаттан өніп шығуы қиындау болады. Ақ алабота тұқымының көп бөлігі, жануарлардың асқазанынан өтіп олардың қйы арқылы топыраққа түссе өнгіштігін жоғалтпайды.

Арамшөптермен күресу әдістері
Арам шөптермен күресудің ең негізгі шаралрына агротехникалық және химиялық әдістер жатады.

Мырзашөл өңірінде арам шөпке қарсы күрестің агротехникалық жолдарының негізгілері-зябьты ПЯ-3-35 екі қатарлы соқасымен терең жыртып (35-40 см), арам шөбі көп барлық жерлерде тырмалармен олардың тамырын егістік алқабынан сыртқа шығарып құрту болып табылады.

Әдетте топырақты қопсыту үшін ерте көктемде жүргізілетін тырмалау, «зиг-заг» 3БТС-1,0 құралымен тырмалау жұмыстары жаңадан өсіп келе жатқан арам шөптерді құртуға және олардың онан әрі көбейуіне жол бермеуіне мүмкіндік береді. Арам шөбі көп жерлерде жүзгізілетін зябьті тырмалау жұмыстарын арам шөптердің тамырын құрту және оларды айдалған жерден шетке шығарып тастау жұмыстармен ұштастыра жүргізген дұрыс болады.

Шит себу алдындағы топырақты ұзынынан және көлденеңнен чизелдеу КРУ-3,6 қондырғысымен 10-12 см тереңдікте жүргізілуі керек. Мұнымен қатар машинаның жұмыс істеу органдарын бір-біріне жақын орналастыру қажет болады.

Бірінші қатар-аралықтарды өңдеу 5-10 см тереңдікте КРУ-3,6, РХХ-3,6 қондырғыларымен, ал кейінгі шеткі оргындары 10 см тереңдікте, ортасындағы бөліктері 14-16 см тереңдікте қопсытылғаны жөн.

Ұзынынан жүргізілген қатар аралықтарды өңдеу арамшөптердің санының көбейуіне, олардың өніп шығуына және одан әрі көбейуіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді.

Жалғыз агротехникалық әдістің көмегімен мақта егістігін көптеген арам шөптерден толықтай тазарту мүмкін емес. Сонымен бірге топырақта арам шөптердің үлкен көлемде тұқымдары бар екенін ескерсек (0-10 см тереңдікте орташа 314 млн. шт/га) химиялық әдістің қажеттілігі келіп шығады.

Арамшөптерге қарсы күресте химиялық әдісті де кеңінен қолдануға болады. Химиялық әдісте қолданылатын гербицидтерді ендіру мерзіміне қарай, қауын тұқымын және шит егуден алдын қолданылатын гербицидтер, шит егумен бірге ендірілетін және мақта, қауын дақылдары көктеп шыққаннан кейін ендірілетін гербицидтер деп бөлуімізге болады (3-кесте).


Кесте 3 - Арам шөптерге қарсы күресу мақсатында мақта және қауын дақылдары егестігінде гербицидтерді қолданудың мерзімдері мен мөлшерлері




Гебицидтің атауы


Қолдану мерзімі


Қолдану мөлшері

1.
2.


3.

4.

5.


6.
7.
8.
9.

«Ураган – Форте» 500 в.р.


«Трефлан» 24% к.э
«Дуал» 960 к.э.

«Набу», 20% к.э

«Газагерд» 50, с.к.

«Стомп», 33% к.э


«Зеллек Супер», 10,8% к.э
«Фюзилод – Форте» 150 к.э.
«Пантера», 4% к.э

Күзде арамшөп өсуін тоқтатпай тұрып

Шитті еккенге дейін топыраққа ендіру.

Қауынды еккенге дейін 10-15 см топырақ қабатына ендіру.

Қауынды еккенге дейін 10-15 см топырақ қабатына ендіру.

Арамшөптердің биіктігі 10-15 см кезеңінде.

Мақта дақылы көктеп шыққанға дейін.
Мақта көктеп шыққан-ға дейін топыраққа ендіру.

Мақтаның өніп-өсу кезеңінде.

Мақтаның өніп-өсу кезеңінде.

Мақтаның өніп-өсу кезеңінде.


2,0-4,0 л/га


4,0-10,0 л/га
2,4-3,2 л/га
1,0-1,6 л/га
2,5-5,0 л/га
3,0-5,0 л/га
3,0-6,0 л/га
1,0-1,5 л/га
0,75-1,5 л/га
0,75-1,5 л/га

Бұл кесте бойынша «Ураган–Форте» 500 в.р гербицидін күзде мақтаны жинаумен бірге ендіру ұсынылса, «Трефлан», 24% к.э гербицидін шитті еккенге дейін топыраққа ендіру ұсынылады «Гезагарт» 500 с.к,және «Стомп» 33% к.э герицидтерін мақта дақылы көктеп шыққанға дейін ендіру ұсынылса, ал «Фюлилет-Форте» 150 к.э, «Зеллек Супер», 10,8% к.э, Набу», 20% к.э және «Пантера», 4% к.э гербицидтерін мақта және қауын дақылдары жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, арамшөптердің 3-4 нағыз жапырақтары пайда болғанда ендіру ұсынылады.

Арамшөптерге қарсы күресті егістіктен тыс жерлерді де, бос жерлерде, жол жағасының арық атыз жағасының арам шөптерін жою арқылы, да жүргізу керек. Жоғарыда келтірген арамшөптердің тұқымдары желмен, сумен және құстармен егістік жерге таралып сонда көбейеді. Сондықтан оларды айдап тастан немесе «Ураган-Форте» гебецидімен 4,0-5,0 л/га мөлшерінде арамшөптердің жаппай өніп-өсу кезеңінде дәрілеу керек.

Қорытынды. Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақты мақта және қауын егістіктерінде жүргізілген гербологиялық мониторингтің мәліметтері бойынша арамшөптердің 14 ботаникалық тұқымдасына жататын 33 түрі тіркелді. Биологиялық топтар бойынша аз жылдық арамшөптер 61,0%-ды, көп жылдық арамшөптер 39,0%-ды құрады. Аз жылдық астық тұқымдас арамшөптердің биотипі толықтай жаздық түрлерден тұрды. Аз жылдық қос жарнақты арамшөптердің арасында жаздық түрлері 86,0%, ал қыстап шығушылары 14,0%. Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобында дара жарнақтылар (58,0%), қосжарнақтылармен салыстырғанда (42,0%) басым болды. Қос жарнақты арамшөптердің арасында сояу тамырлы түрлердің өкілдеріне 40,0% тура келсе, атпа тамырлыларға -60,0% сәйкес келді.

Егістен тыс жерлерде арамшөптердің қырыққа тарта түрі тіркеліп, агрофитоценоздарға қарағанда 6 арамшөп түрі көп болды, олар жер үсті баттауығы (вейник наземный - Calamagrostis epigeios (L.) Roth.), емдік бақбақ (одуванчик лекарственный - Taraxacum officinale Wigg.), Биберштейн мыңжапырағы (тысячелистник Биберштейна - Achillea bibersteinii Afan), қалталы ебелек (рогач сумчатый - Ceratocarpus utriculosus Bluk), кәдімгі алабүйі (крестовик обыкновеный - Senecio vulgaris L.), түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая - Vicia villosa Roth.), бұлармен ластану 2-3 балды құрайды.



Оңтүстік Қазақстан облысының жер асты суының деңгейі жоғары, суармалы егіс жағдайында қауын егістігіндегі арамшөптердің түр құрамын білу, шаруа-шаруашылықтарына арамшөптермен күресті тиімді кезеңдерде және ғылыми негізделген әдістермен нақты жүргізуге жол ашады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет