Лекция: 30 Практикалық: 15 Семинар: Лабораториялық: обсөЖ: 45



бет20/21
Дата22.06.2017
өлшемі32,31 Mb.
#19634
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
қазба-1 салынды (2-сурет). Қазба жұмыстары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай сандық (1, 2, 3, 4, 5), солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай алфавиттік (А, Ә) шаршыларға (квадраттарға) бөліп, қазу арқылы жүргізілді. Қазба барысында ашылған бөлмелер ашылу ретіне қарай сандық көрсеткішпен белгіленді. Шаршылардың ішін қалыңдығы 0,05 –0,10 м келетін шым қабатынан тазарту кезінде 3А – 4А шаршыларынан қабырғасы пахсадан қаланған №1-бөлме ашылды (3-сурет).Ашылған бөлменің көлемі 3,4 х 4 м, оның солтүстік-шығысында орналасқан есіктің ені 1,3 м (4-сурет). Бөлме көлемі (0,35; 0,38; 0,40; 0,46; 0,50; 0,60 м) келетін пахса блоктарынан қаланған (5-сурет), оның қабырғаларының қалыңдығы 0,6 – 0,8 м. Жоғарғы жер қабатынан 0,6 – 0,7 м тереңдікте жатқан еденді күл аралас, құланды бос топырақтан тазарту кезінде, бөлменің оңтүстік қабырғасының жиегінен мойыны тік, цилиндр тәрізді, ернеуінің астыңғы жиегінің астында толқынды өрнегі бар үлкен хұмның сынығы кездесті, тазарту жұмыстарын онан ары қарай жалғастыру кезінде осы табылған хұмның сынығынан 0,6 м солтүстік-батысынан, бөлменің батыс қабырғасының жиегіне жақын жерден сапасыз қоспадан жасалынып, нашар сақталған асханалық шағын, тұтқалы құтының сынықтары табылды. Ашылған осы бөлмеден қазба жұмыстарын оңтүстік-батысқа қарай жалғастырып қазу барысында 1-бөлменің қалыңдығы 0,7 м болатын батыс қабырғасымен ортақ №2-бөлме ашылды (4-сурет). Ашылған бөлменің көлемі 3х3,25 м, оның қабырғалары қалыңдығы 0,5-0,8 м келетін пахсадан тұрғызылған. Бөлменің ені 0,9 м болатын есігі солтүстік-батыс бұрышында орналасқан (5-сурет). Бөлменің ішін күл аралас құланды бос топырақтан тазарту кезінде жоғарғы нүктеден 0,6 – 0,7 м тереңдіктен қала өмірінің соңғы кезеңіне қатысты еден ашыла бастады. Жаңадан ашылған еденнің үстінен, бөлменің солтүстік-батыс бұрышында орналасқан есіктің табалдырығының қарсы алдынан иықты тұтқасы бар, мойында сызықты, толқынды

5-сурет. Қазба-1. 2-бөлме. Есік


өрнектермен көмкерілген құмыраның сынықтары мен көлемі 38 х 16 х 5 см болатын күйдірілген қыш кесек табылды.

2-Бөлменің солтүстік қабырғасымен ортақ (болып келген) 3-бөлменің сақталған көлемі 2,3 х 3,5 м (6-сурет). Бөлменің оңтүстік қабырғасының оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан ені 1 м болатын есік арқылы 2-бөлмеге және дәлізге өтетін болған. Ашылған 3-бөлменің солтүстік, батыс және шығыс қабырғасының солтүстік бөлігі бұзылып кеткен, оның нашар сақталған солтүстік-батыс бұрышы арқылы бөлменің көлемі анықталды. Осы бөлменің ішін пахса құландыларынан, күл аралас бос топырақтан тазарту кезінде толығымен бұзылып кеткен солтүстік қабырғаға жапсарланып қаланған суфасы бар ошақ ашылды. Ошақтың суфасының ені - 63 см, ұзындығы - 0,8 см, сақталған биіктігі - 0,2 м. Осы суфаның ортасында орналасқан ошақтың ұзындығы - 0,5 м, қазандығының ені - 0,3 м, от жағарының ені - 0,2 м, тереңдігі – 0,1- 0,15 м. Бөлменің ішін құланды бос топырақтар мен құрлыс қалдықтарынан тазарту барысында бөлменің едені ашыла бастады. Осы еденді тазарту кезінде мойынды –



6-сурет. Қазба-1. 3-бөлме

7-сурет. Қазба-1. 4-бөлме

тұтқалы ұзын құмыраның сынығы мен бояулы ыдыс сынықтары кездесті. Бөлменің солтүстік-батыс қабырғалары жылма-жыл су шаю барысында бұзылған.

3-бөлменің оңтүcтік-батыс қабырғасындағы есік арқылы дәлізге (тамбур) өткен. Дәліздің ұзындығы 5,75 м, ені 1-1,45 м. Осы дәліздің ішін, еденнің денгейіне дейін құланды бос топырақтан тазарту кезінде дәліздің оңтүстік қабырғасын жағалап оңтүстікке қарай бұрылған, 2-бөлменің батыс қабырғасымен ортақ ені - 0,8-1,25 м, ұзындығы - 3,4 м болатын шағын бөлме (дәліз) ашылды, бөлменің шығыс қабырғасының ішкі беті қалың өрттен қалған ыстың іздері байқалады. Ашылған осы шағын бөлменің қабырғаларының жиектерін қуалап, құланды бос топырақтан тазартқан кезде 2-бөлменің оңтүстік қабырғасында ұзына бойынан 1,7 м жерінде 20 см қалыңдықта ішке шығыңқы қосымша қабырға қаланған. Осы қаланған қосымша қабырғаның 0,9 м жерінде көлденеңінен қаланған қалыңдығы - 0,2 м, ұзындығы- 0,75 м болатын 2-бөлменің батыс қабырғасымен 6-бөлменің шығыс қабырғаларымен ортақ қабырғалары бар көлемі 0,3-0,75 х 0,75-0,85 м болатын шағын қойма іспеттес бөлме ашылды. Шағын бөлменің ішін құланды бос топырақ пен ыдыс сынықтарынан тазарту кезінде бөлменің оңтүстік қабырғасының төменгі жағына екі қатар етіп көлемі 0,6х20х38 см болатын күйдірілген кесектен, жалпақ бетін бөлменің ішкі жағына қаратып, қырынан қаланған жапсырма қаланды ашылды. Сонымен қатар осы қаландының оңтүстік-шығыс бұрышынан мойынды, иықты тұтқасы бар бүтін құмыра мен шағын қазанның сынықтары табылды.

Қазба жұмыстарын батысқа қарай жалғастырып қазу кезінде ашылған шағын бөлме (дәліз) батыс қабырғасымен ортақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет