ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы, реті
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан
тыс сабақтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
Кіріспе
|
1
|
Археология пәні мен әдістері
|
1
|
|
|
|
1
|
1
|
2
|
Археология ғылымының даму тарихы
|
1
|
1
|
|
|
2
|
2
|
Тас дәуірі
|
3
|
Тас дәуірі
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
4
|
Қазақстандағы палеолит ескерткіштері
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
5
|
Мезолит
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
6
|
Қазақстан аумағындағы мезолиттік ескерткіштері
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
7
|
Неолит
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
8
| Қазақстан неолит дәуірінде |
1
|
|
|
|
2
|
2
|
Полиметалл дәуірі
|
9
|
Энеолит
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
10
|
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің ерекшеліктері
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
11
|
Қола дәуірі
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
12
|
Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы тайпалары.
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
Темір дәуірі
|
13
| Темір дәуірінің сипаттамасы |
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
14
|
Сақтар
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
15
|
Солтүстік Қара теңіз Кавказдың ежелгі қалалары
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
16
|
Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер
|
1
|
1
|
|
|
2
|
2
|
17
|
Ғұндар
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
18
|
Үйсіндер
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
19
|
Қаңлылар
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
Ортағасырлар археологиясы
|
20
|
Орталық Азиядағы қалалар
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
21
|
Европа археологиясы
|
1
|
|
|
|
1
|
1
|
22
|
Славяндардың археологиялық мәдениеті
|
1
|
1
|
|
|
2
|
2
|
23
|
Ежелгі Киев
|
1
|
|
|
|
1
|
1
|
24
|
Ежелгі Новгород
|
1
|
1
|
|
|
2
|
2
|
25
|
Ежелгі Рязань
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
26
|
Мәскеудің археологиясы
|
1
|
1
|
|
|
1
|
1
|
27
|
Еділ Булгариясы мен Алтын Орда Археологиясы
|
1
|
|
|
|
2
|
2
|
Қазақстанның ортағасырлық археологиясы
|
28
|
Ұлы жібек жолы
|
1
|
|
|
|
1
|
1
|
29
|
Қазақстан жеріндегі кесенелер.
|
1
|
1
|
|
|
2
|
2
|
30
|
Мырзашөл өңіріндегі орта ғасырлық қалалар
|
1
|
|
|
|
1
|
1
|
|
Барлығы :
|
30
|
15
|
|
|
45
|
45
|
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1 лекция
Тақырыбы: Археология пәні мен әдістері
Жоспары:
1. Археология пәнінің зерттеудегі міндеттері мен мақсаттары және әсдістемесі
2. Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері
3 Мәдени қабат
4. Археологиялық кезеңдеу және хронология
Лекция мақсаты: Археология алғашқы қауымнан көне заманнан орта ғасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтау.
Лекция мәтіні
1. Археология пәнінің зерттеудегі міндеттері мен мақсаттары және әдістемесі
Адамзаттың тарих 99,9% уақыты жазуы жоқ кезеңге келеді.Сондықтан соңғы уақытқа дейін бұл мерзім белгісіз болып келеді. Ғалымдар, тіпті, адамзаттың жазуы жоқ тарихын зерттеуге мүмкіндік жоқ деп мойындайтын. Бірақ, кейбір ғалымдар бұған қанағаттанбай өздерінің ізденістерін бастады. Көне заманда адамдар жерден еңбек құралдарға ұқсайтын заттар табатын оларды құдай жасаған құралдар деп есептейтін. Бірақ, ғалымдар бұл заттарды адамдар жасағанынын дәлелдеп, оларды еңбек құралдар есебінде пайдаланғанын көрсетті. Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік ашты. Осыны дәлелдегесін және зерттеу әдісін тапқан соң археология ғалым ретінде қалыптасты “Археология» термині екі грек сөзінен тұрады: архайос-көне және логос –ғалым. Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын. Бұл терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін. Кейіннен, XYIII ғасырда, археология деп антикалық өнер тарихын атайтын. Тек қана біздің дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.
Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды.Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Археология-тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.
Археологиялық ескерткіш-жан-жақты қамтитын түсінік.Олардың қатарына тұрғын үйлердің қалдықтары, зираттар, оттың іздері жатады. Археологиялық ескерткіштер көп және әр-түрлі болып келеді. Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейді..Яғни,адамның іс-әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді.Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан археологтар деректерді негізі түрлерге бөлген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды.Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде,немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады. Ондай жерлер көп емес. Олардың негізі түрлері: тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, қоныстар, шеберхана, рудниктер, архитектуралық құрылыстар, тасқа салған суреттер және т.б. Археологияда тұрақ деп тас және қола дәуірінің уақытша қоныстарын атайды. Бірақ, археологияда қазіргі кезде бұл терминді қате деп есептейді.Сондықтан тұрақтарды қоныс деп атауға болады. Қалашық деп бекініс пен қоршалған қоныстарды атайды.
Қорымдар археологиялық ескерткіштердің негізгі бір түрін құрайды.Ең алғашқы зираттар тас дәуірінде пайда болған. Зираттарды екі негізгітүрде бөледі.Ол:Қорғандар және қорымдар.Төбесінде тастан немесе топырақтан құралған үйіндісі болса, онда қорған деп атайды.Қорғандар әр-түрлі болады.Үйінділерінің биікиігі бірнеше сантимертден бірнеше метрге дейін жетеді. Мысалы: түркі дәуірінің кейбір қорғандарының биіктігі 30-35м.дейін жетеді.
Төбесінде үйінділері жоқ зираттарды қорым немесе зират немесе қабір деп атайды.Қорғандардың жиынтығын-қорғандар деп аталады. Қорғандар және зираттарда табылған заттарды жерлеу инвентары деп аталады. Қорғандар және зираттардың көбісі көне заманда тоналып кеткен. Бірақ қалған заттарда өте көп тарихи мәлімет береді. Археологиялық деректердің қатарына рудниктерді, тасқа салған суреттерді, архитектуралық құрылыстарды да жатқызады.
Жалпы айтқанда, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған заттардың барлығы археологиялық ескерткіштердің қатарына жатады.
2. Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт археология ғалымның өзгешілігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманында адамдар қоныстанған жерлерде табылуы мүмкін. Ол дүние өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін. Сондықтан археолгтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасына ыдыс-аяқ, темірден, қоладан, мыстан жасалған заттарды табады. Адамдар тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес .Алғашқы қоныстанған адамдар өздеріне үй салатын. Үйлерінен күл-қоғыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын. Бұл заттардың үстіне шаң түсетін. Біраз уақыттан кейін жердің деңгейі көзге көрінбей көтерілді. Осылай адамдардың қоныстары жердің астында қалып кетеді археолгтар табылған заттарды, көне заманның тарихын көз алдында келтіреді. Археолгтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек құралдар, қару, әшекей бұйымдар, ыдыс –аяқ ,тыйындар, ежелгі мөрлер, үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар және т.б. сонымен, археологияның зерттейтін пәнін ,материалдық мәдениетін де көрсетілген адамзаттардың тарихы құрайды .
Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зеріттейді. Яғни, адамның іс әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді . Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ . Сондықтан археолгтар деректерді негізгі түрлерге бөлінген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды. Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде, немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады.Ондай жерлер көп емес . Сондықтан археолгтар деректерді екі түрге бөлген. Олар: қоныстан табылған заттар және қабірлерден табылған заттар. Яғни, оларды қоныс және қорым деп қоюға болады. Сонымен археологияның зеріттейтін обьектісі болып археологиялық ескерткіштер табылды.
3. Мәдени қабат
“ Мәдени қабат” терминінің түсінігі.
Жазба деректердің сақталатын және зерттелетін орны архив болып табылады. Заттай деректер өте аз. Археологиялық ескерткіштердің сарқылмайтын қоры –жер. Мәдени қабат деп. аталатын нәрсе –археологтың архивы болып табылады. .
Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге болады.
Археологиялық мәдениет түсiнiгi: бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-Дәндiбай т.т.), немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады.
Адамның іс- әрекеті нәтижесінде,жер бетінде материалдық заттармен, құрылыстармен және т.б. түрінде көрсеттілген іздері сақталады.Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің астында қалып кетеді.Мысалы,ескі үйдің орнында жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің қалдықтары қалып кетеді.(фундамент,қабырғаның төменгі жақтары).Осылай, біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады.Осы қатпарларды тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін, қабаттарда табылған заттар көрсетеді.Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын “мәдени қабат”деп атайды.Сонымен,мәдени қабат дегеніміз адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.
Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрлі болып келеді.Мысалы,Москваның шет жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Ал орталығында 8 м. дейін жетеді. Навгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9м.-ге дейін жетеді.Әлемде ең қалың мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Әлемде ең қалын мәдени қабат Месопотамияда –20м. және Орта Азияның кейбір қалашықтарында –34м. дейін барады.
Археологиялық кезеңдеу және хронология
Адам қоғамының тарйхын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен мәдениеттерден тұрады. Созылған уақытының ұзақтығы мен өзiндiк даму ерекшелiктерiне қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен тас ғасыры басқаларына қарағанда едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге созылған тас ғасыры кезiнде тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, тәжiрибесi артты. Сондықтанда тас ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. Олардың әрқайсысынан аймақтық (территориялық) және мерзiмдiк (хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн энеолит (мысты тас) тас пен қола ғасырларының ортасындағы аралық кезең болды.
Қола ғасыры мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қоланы адамның игерген уақытынан басталады.
Бұл ғасыр оңтүстiк аудандарда б.э.д. үшiншi мыңжылдықтан басталса, солтүстiк аудандарда кiшкене кешелдеп қалыптасты. Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.э.д. 8 – ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.
Сонымен археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эвалюциясымен оларды жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс қолданылады.
Салыстырмалы әдiс - кез келген мәдениетке, немесе кезеңге тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Нақты мерзiмдеу жаратылыстаму ғылымдарының әдiс – тәсiлдерi арқылы жүзеге асырылады. Мысалы кали – оргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай). Әдетте нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының жиынтығы алынады.
Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар. Хронология және кезеңге бөлу Хронология болған оқиғаның уақытын анықтайды,ал,кезеңге бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады.
Адамзат тарихының кезеңге бөлудің ғылымда бірнеше түрлері бар.Соның бірі-арнайы археологиялық ғылымның негізгі деректері заттай деректер болып есептеледі. Яғни, адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қалып кеткен материалдық көрінетін заттар. Лукреций Кар адамзат тарихын тас,мыс және темір дәуірлерге бөлетін. Адам өзінің өмір тұрмысын қамтамасыз ету үшін,табиғат дәстүрлі материалдарын еңбек құралдары есебінде пайдаланғанын б.э.д.І ғ. өмір сүрген ғылым байқап қалған.Осының негізінде археология, этнография, геология,химия және т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, іргетасын адамзат тарихының әр кезіңінде қорланған білімі қорытып дәлірек кезеңге бөлуін шығарған.
Бақылау сұрақтары:
1. Археология ненi зерттейдi?
2. Неге археологияны тарих ғылымының саласы деп айтамыз?
3. Археологияның мақсаты мен мiндеттерi.
4. Археологиялық деректерге нелер жатады?
5. Археологиялық ескерткiштер және олардың түрлерi.
6. Мәдени қабат деген не?
7. Археологиялық мәдениеттiң анықтамасын айтыңыз.
8. Негiзгi археологиялық дәуiрлердi атаңыз.
9. Археология сөзі қандай тілден және қандай мағына береді?
10 .Археология терминін алғаш қолданған кім?
11. Археологиялық қазба жұмысын ең алғаш кім және қашан жүргізген?
12. Адамзат тарихын 3 кезеңге бөлген кім?
13. Археология қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
14. Археология ғылымының дамуы.
15. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу тарихы.
16. Археологиялық қазбалар және қазақ тарихының жаңа беттері.
2- лекция. Тақырыбы:
Археология ғылымының даму тарихы.
Жоспары:
1. Археологиялық деректер
2. Қазақстанда археология ғылымының дамуы
3. Археологиялық қазба жұмыстары
Лекция мақсаты Археология алғашқы қауымнан көне заманнан орта ғасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтау
Лекция мәтіні
1. Археологиялық деректер
Адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы бiз тарихи деректердi зерттеу арқылы танып, бiлемiз. Дерек болып адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болсада мәлiмет беретiн кез келген зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен – үлкен екi топқа бөлiп қарастыру қалыптасқан. Оның бiрiншiсi жазба, екiншiсi заттай деректер. Археология екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерек болып, қайсы бiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым саналады. Заттай деректер атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару – жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiкте бар. Археология ғылымының өзiнiң зерттеу объектiсi мен деректердi жинақтау және зерттеуде өзiне ғана тән тәсiлi бар. Осы тұрғыдан алғанда археология жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен тарих пен археологияның мақсат, мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды қолдану әдiстерiнде. Археология тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы қосымша материалдар бередi. Олай болса археологияның адамзат iлiмi жүйесiндегi алатын орны орасан зор. Ең алдымен ол адамзат тарихының мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi.
Кеңес үкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп, оның тарих ғылымының дамуындағы ролi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым ретiнде қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар мен археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан қоғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес кезiнде жүргiзiлген игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең байтақ территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғәлiмдерi мен оқытушылары археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени мұра ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол берген кiсi, немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн бiлгенi абзал.
Археологиялық ескерткiштердi қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға, немесе мекеме «тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай жауапқа тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғәлiмдерiнiң iс - әрекетi жас ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға тәрбиелеуге бағытталуы тиiс.
Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi, археологиялық барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып, мемлекеттiк есепке алу, қорғау. Екiншi, археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды лобораториялық зерттеуден өткiзу. Қазбадан табылған заттар арнайы лобораториялық өңдеуден өткеннен кейiн ғана толыққанды дерек болып саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын және материалын басқа заттармен байланысын зерттеу барысында әртүрлi зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылады. Үшiншi, зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс – тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең арнайы кабинеттер мен кiтапханаларда, архивтерде жүзеге асырылады.
Археологияның бастамасы көне Вавилонда байқалады.сол кезде Вавилоннның патшасы Набонид б.э.д.6.ғ.ең алғашқы жүргізген болатын.Ал Ежелгі Рим де Лукреций Кар б.э.д.1.ғ.адамзаттың тарихын үш дәуірге бөлген.Ол тас,мыс , және темір дәуірлері .Орта ғасыр кезеңінде археологияны ұмытып кеткен.15-16ғ.ғ. Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын.Оның мақсаты антикалық кезеңнің мүсіндерін іздеп табу болды.18.ғ Помпей және Геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.19.ғ. Қос Өзен мен Ежелгі Египеттің өркениеттері археология арқылы ашылды. 1836ж.дат археологы
Томсен адамзат тарихы үш кезеңге ,яғни тас, қола жәнек темір,бөлінетінін дәлелдеді.Томсенді Е.Барсо да қоштады. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелді.Томсеннің және Варсоның хранологиялық жүйесін француз археологы Мортилье ары қарай дамытты.Ол Тас дәуірінің кезеңге бөлуін жасады.
2. Қазақстанда археология ғылымының дамуы
XIX ¹. 1 æàðòûñûíäà Ðåñåéäå Қàðà òåңiç æàғ¹àëàóûíäà¹ғû ê¼íå ãðåê қàëàëàðûíûң қàëäûқòàðû ìåí ñêèô îáàëàðûí æ¾éåëi ò¾ðäå çåðòòåó áàñòàëäû. Қàçàºñòàííûң àðõåîëîãèÿëûº, åñêåðòêiøòåði òóðàëû àë¹àøºû ì¸ëiìåòòåð îðòà ¹àñûðëàðäà¹û ¹àëûìäàð ìåí òàðèõøûëàð, ãåîãðàôòàð ìåí ñàÿõàòøûëàðäû» å»áåêòåðiíäå êåçäåñåäi. Îëàð ¼ç å»áåêòåðiíäå ¼çäåði òiêåëåé ê¼çiìåí ê¼ðãåí íåìåñå ¼çäåðiíå àéòóû áîéûíøà ì¸ëiì áîë¹àí ¸äåòòåí òûñ çàòòàð, áåéíåëåð, ¼ç çàìàíäàðûíàí ê¼ï á½ðûí áîë¹àí ºàëàëàð ìåí ºîíûñòàðäû» æ½ðòòàðûí îºè¹àëàðäû àéòûï êåòêåí.
XIX ¹. 1 æàðòûñûíäà Ðåñåéäå Îðòàëûº æ¸íå Øû¹ûñ ²àçàºñòàííû» òàáè¹è áàéëûºòàðûíà ºûçû¹óшûëûº ê¾øåéå ò¾ñòi. Ãåîëàãòàð,êåí èíæåíåðëåði æîë æ¼íåêåé ê¼íåíi» ê¼çäåðiíå äå íàçàð àóäàðûï,îëàðäû ñèïàòòàï æàçûï îòûðäû,ñ¼éòiï á½ë àóäàíäàðäû» åñêåðòêiøòåði òóðàëû ì¸ëiìåòòåð ºîðûí ìîëàéòà áåðäi.
°ðèíå ñîë êåçå»ãå ºàðà¹àíäà àðõåîëîãèÿëûº åñêåðòêiøòåðäi» øûí ì¸íiíäåãi ¹ûëûìè çåðòòåëói æ¼íiíäå àéòó¹à áîëìàéäû. Àëàéäà åñêåðòêiøòåðäi òiðêåó, îëàðäû» êàðòàñûí æàñàó, áåëãiëåó ôàêòiëåðií æàñàë¹àíû ðàñ, îëàð iñòåãåí æ½ìûñòû» º½íäûëû¹û äà ìiíå îñûíäà.
Á½ë ñàëàäà ñîë êåçäå àòºàðûë¹àí æ½ìûñòû» ê¼ái á¾ãiíãi òà»äà äà ¼ç ìà»ûçûí æî¹àëòºàí æîº. ²àçàºñòàí àðõåîëîãèÿñûí çåðòòåóäå Ðåñåé ìåìëåêåòi ìàòåðèàëäûº ì¸äåíèåò àêàäåìèÿñûíû» Îðòàëûº ²àçàºñòàí àðõåîëîãèÿëûº ýêñïåäèöèÿñû çîð ðîëü àòºàðäû.
Àðõåîëîãèÿ áàðëàó æ½ìûñòàðûí æ¾ðãiçóäi ºîëà áàñòàïºû òåìið ä¸óiðiíi» ìîëàëàðûí ºàçäû. 1935-1938 æ.æ Ñ.Ñ. ×åðíèêîâ Øû¹ûñ ²àçàºñòàíäà¹û ²îëáà,Íàðûí òàóëàðûíàí Ðåñåé æåðiíäåãi å» ê¼íå çàìàííû» êåí îðûíäàðûíû» áiðií òàïòû.
À.Í.Áåðíøòàì áàñòà¹àí ýêñïåäèöèÿñû Æåòiñó ìåí λò¾ñòiê ²àçàºñòàíäà àðõåîëîãèÿëûº æà¹ûíàí çåðòòåï, ²àçàºñòàííû» ê¼íå òàðèõûí àíûºòàó¹à ºàæåòòi ê¼ïòåãåí æà»à äåðåêòåð òàïòû. 1936-1939 æ.æ ê¼íå çàìàíäà¹û Òàðàç ºàëàñûíû» îðíûí ºàçûï, îíû» Îðòà Àçèÿäà¹û ì¸äåíèåò, ñàóäà ºàëаëàð îðòàëû¹ûíû» áiði áîë¹àíûí ä¸ëåëäåäi. Ѽéòiï æàçáà äåðåêòåðäåãi ìà¹ë½ìàòòàðäû ðàñòàï øûºòû. Òîëñòîâ áàñºàð¹àí Õîðåçì àðõåîë-òèïîãðàôèÿ ýêñïåäèöèÿñû ²ûçûëîðäà ²àçàëû ò¼»iðåãiíåí æ¾çäåãåí º½íäû àðõåîëîãèÿ ì½ðàëàðäû àøòû.
µëû Îòàí ñî¹ûñû êåçiíäå ðåñïóáëèêàäû àðõåîëîãèÿëûº çåðòòåóëåð òîºòàï ºàëäû.
λò¾ñòiê ²àçàºñòàíäà¹û ê¼ïòåãåí åñêi ºàëàëàðäû» æ½ðòû ²àçàºñòàí æåðiíäåãi ò½»¹ûø êåçäåñêåí àë¹àøºû ºàóûì àäàìäàðû ìåêåíiíi» îðíû ¹ûëûìè ì¸íi çîð çåðòòåó áîëäû.
Á½ë ì¸ñåëåíi çåðòòåóãå ïàëåîëèò ìàìàíû ² Àëïûñáàåâºà ºàòûñòû 1957 æûëäàí áåði ²àçàºñòàí àðõåîëîãòàðû ¾ø ê¾ðäåëi ì¸ñåëåíi çåðòòåï êåëåäi. Àë¹àøºû ºàóûìäûº º½ðûëûñ æ¸íå îíû» ûäûðàóû òàïòûº ºî¹àìíû» ïàéäà áîëóû æ¸íå äàìóû, ²àçàºñòàí òåððèòîðèÿñûíäà¹û ôåîäàëäûº ºàòûíàñòàð.
3. Археологиялық қазба жұмыстары
Àðõåîëîãèÿëûº ºàçáàëàð ê¼íå çàìàí ìåí îðòà ¹àñûðäàí ºàë¹àí ì¸äåíèåò åñêåðòêiøòåðií, æàí-æàíóàðëàðäû» ñ¾éåêòåðií ºàçó, çåðòòåó æ½ìûñòàðû îíû Ðåñåé íåìåñå Îäàºòàñ Ðåñïóáëèêàëàð àðíàóëû ð½ºñàò áîéûíøà ¹ûëûìè äàéûíäû¹û áàð, ºàçóäû» ¸äiñòåðiíå áiëåòií æ¸íå àðõåîëîãèÿíû» òàëàáûíà ñàé æ¾çåãå àñûðà àëàòûí ò¸æiðèáåëi àäàìäàð æ¾ðãiçåäi. ²àçó îáúåêòiñi ºàëàíû» æ½ðòû áîëñà, îíû» ½çûíäû¹ûí, ê¼ëäåíå»ií,áèiêòiãií àíûºòàéäû, áàðëûº á¼ëiêòåðiíäåãi ì¸äåíè ºàáàòòû» º½ðàìûí, äåìåê àðõåîëîãèÿ ñòðàòèãðàôèÿñûí çåðòòåéäi. Çèðàòòàð ºàçûë¹àíäà òîïûðàºòàí ¾éiëãåí îáàíû» º½ðûëûñû, ºàáiðäi» ºàáûð¹àñû, ¼ëiêòi» ñ¾éåãi çåðòòåóãå àëûíàäû. ´ëiêïåí áiðãå ºîéûë¹àí í¸ðñåëåð êåéäå á¾òií ºàëïûíäà ñàºòàëàäû, îëàðäû» æàòºàí îðíûíà ºàðàé ºàíäàé ê¸äåãå æàðàòûë¹àíäû¹û àéºûíäàëàäû. ²àáiðäi» º½ðûëûñûí çåðòòåó àðºûëû ¼ëiêòi æåðëåó ¹½ðïû, îíû òóäûð¹àí äiííi» ñèïàòû áiëiíåäi.Òàáûë¹àí ºà»ºà àéºûíäàëàäû. ²àáiðäi» º½ðûëûñûí çåðòòåó àðºûëû ¼ëiêòi æåðëåó ¹½ðïû, îíû òóäûð¹àí äiííi» ñèïàòû áiëiíåäi.Òàáûë¹àí ºà»ºà ñ¾éåêòêåðäi» àíòðîïîëîãèÿëûº ºîðûòûíäû æàñàóäà¹û ì¸íi çîð. Áiðãå ºîéûë¹àí á½éûìäàð ¼ëãåí àäàìíû» áàé,êåäåé åêåíäiãií, àë ñ¾éåêòåð ñîë çàìàíäà¹û øàðóàøûëûºòû» ò¾ðií àíûºòàó¹à ê¼ìåêòåñåäi.
Îðòà Àçèÿ ìåí àçàºñòàííû» ê¼íå ì¸äåíèåòi òóðàëû äåðåêòåð àøûëäû. ²àçຠõàëºûíû» ýòíèêàëûº øû¹ó òåãií îíû» ê¼íå çàìàííàí áåði ºàð໹û ò½ðìûñ ñàëòû ì¸äåíèåòiíi» ñèïàòû ºàé êåçå»äå ºàíäàé áîë¹àíûí àíûºòàó àðõåîëîãèÿ¹à òû»ûç áàéëàíûñòû øåøiëiï êåëåäi.
Археологиялық қазба жұмыстары арнайы ғылыми білімі бар адамдар өткізеді.Қазба жұмыстарының әдістемесі-археологияның маңызды бөлімі болып келеді.Экспедицияға шығар алдында,археолог мұқият дайындалды.
Ахеологтың мақсатына байланысты қазбаның орны анықталды.Қазбаны бастар алдында объектінің толық жоспарын салады.Ол жоспарға барлық нәрсе кіруге тиіс.Қазбаны тек қана күрекпен қазады.Керек кезде пышақ немесе шеткаға өтеді.Мәдени қабатты 20 см.қалыңдығымен ашады.
Археологиялық қазба жұмыстарының негізгі екі түрібар.1-стратиграфиялық қазба жұмысы/лат.стратум-қабат,грек графо-жазу/.Стариграфиялық қазба жұмысын тарихи ескерткіштерінің жасын анықтау үшін жүргізеді.Яғни,стратиграфиялық қазба жұмыстары үлкен көлемде жүргізілмейді.Мәдени қабатын тура анықтау керек.Қазба жұмыстарының екінші түрі-2-стационарлық қазба жұмысы.Стационарлық қазба жұмыстарының мақсаты көп.Мақсатының бірі тарихи ескерткішті анағырақ зерттеу,археологиялық деректерді көбірек табу, тарихи объектінің анығарық картасын құрастыру және т.б. болып табылады.
5.Бақылау сұрақтары:
1. Археологиялық деректер.
2. Археологиялық кезеңдерге бөлу және хронологиясы.
3. 18ғ.қандай қалаларда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
4. Археология қандай деректерге сүйенеді.
5. Италияда көптеген археологтар қазба жұмыстарын қашан жүргізді?
3- лекция. Тақырыбы: Тас дәуірі.
Жоспары:
1. Палеолит
2. Адамзаттың шығуы
3. Шаруашылықтың алғашқы түрлері
4.Отты игеру
Лекция мақсаты: Тас дәуірін кезеңдерге бөліп ең алғашқы адамдардың тас еңбек құралдары туралы түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Палеолит Тас дәуір –адамзаттың тарихында ең көне және ең ұзақ дәуір болып келеді.Тас дәуірі деп аталу себебі-негізгі еңбек құралдар тастан жасалынатын. Бұл кезең 2,6 млн. Жыл бұрын басталады. Археологияда адамзат тарихы ең алғашқы еңбек құралдарды арнайы әдістермен белгілі формамен жасауынан басталады. Көп жерлерде тас дәуірі б.э.д.IҮ мың ж.дейін белгілі болып келеді. Кейбір жерлерде тас дәуірінің ескерткіштері б.э.д.II мың ж.жатады.
Тас дәуірі негізінде полеолит, мезолит, неолит кезеңдеріне бөлінеді.Тас дәуірінде ең алғашқы адамдар пайда болады және эволюциясы өтеді. Осы дәуірде адамдардың негізгі нәсілдік топтары қалыптасады және жердің бетін кең қоныстайды. Мысалы тас дәуірінің басында адамдар Азияның, Африканың ,Оңтүстік Европаның шектелген аймақтарында өмір сүрген болса , тас дәуірдің соңында адамдар жердің барлық аймақтарында қоныстанған.Тас дәуірінде адамзаттың дамуына негізгі ықпалын жасаған жаңалықтар жасалынды. Солардың қатарында – отты табу әдісі, киім, садақ пен жебе т.б. Әр-түрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың пайдалы қасиеттері туралы білімнің жиналуының маңызы өте зор болып келеді. Тас дәуірінің соңында адамзат өнім табу жолында өте маңызды жаңалық жасады.Ол егін мен мал шаруашылығына өтуі. Яғни, дайын өнім пайдалану шаруашылығынан өнім шығаратын шаруашылығына өтті. Сондықтан адамзат тарихында тас дәуірінің маңызы өте зор болып табылады.
Жердің тарихын 5 млрд жыл құрайды. Адамзат тарихы оның ішінде қысқа, өтпелі кезең болып табылады. Соңғы мәліметтер бойынша адамның пайда болған уақыты 3-3,5 млн жыл бұрын, ал жоғарғы уақыты1,8-5 млн жыл бұрын болып табылады. Археологиялық кезеңге бөлу ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғаннан, яғни адам пайда болғаннан басталады.
Тас дәуірі үш үлкен кезеңдерге бөлінеді. Полеолит – ерте тас, мезолит -орта тас, неолит - жаңа тас. Бұл дәуірдің кезеңге бөлінуінің негізгі белгісі- тас еңбек құралдардың материалына және жасау әдісіне байланысты бөлінеді.
Тас дәуірінің алғашқы кезеңі палеолит деп аталады.(палеос- ежелгі, көне; литос- тас). Палеолит плейстоцен кезеңінен галоцен кезеңіне дейінгі уақытты қамтиды. Палеолиттің негізгі сипаттамасы – дөрекі және ірі тас еңбек құралдарының үстем болғаны. Палеолит сөзі- грек тілінен аударғанда көне тас мағынасын білдіреді. Қазіргі кезеңде археологтар палеолитті екі кезеңге бөледі- төменгі немесе ежелгі және жоғарғы немесе кейінгі. Төменгі палеолит үш кезеңге бөлінеді- олдувей(2,5 млн.-700 мың жыл бұрын), ащель(700-150-120 мың жыл бұрын), мустье (150-120 мың жыл бұрын-40-45). Жоғарғы палеолит 40-45 мың 10-15 мың жыл бұрын. Палеолит дәуірінің кезеңге бөлінуінің негізгі белгісі – тас еңбек құралдарының өңделу техникасының өзгешелігі болып табылады.Себебі тас еңбек құралдарының өңделу техникасы әр кезеңде өзгеріп тұрған.
Қазіргі кезде адамдардың белгілі ең көне тұрағы Эфиопияда Вест -Гона жерінде орналасқан.(2,8-2,4 млн. ж. бұрын.) Бұл тұрақта homo habilis- тің қалдықтары табылған. Кооби –Фора тұрағы Кенияда орналасқан(2 млн .ж . бұрын). Ондағы мәдени қабаттар сақталған .
ТМД елдерінде палеолиттік тұрақтар көп табылған, бірақ Олдувай кезеңіне жататын тұрақ жоқ.. Палеолит кезеңі адамның қалыптасқан уақыты. Ерте палеолитте архантроп – ежелгі адам-және полеонтроп-көне адам -өмір сүрген кезеңі. Соңғы палеолитте неоантроп –жаңа адам – пайда болды .Бұл кезеңде . адамдардың әлеуметтік құрылысында тобырдан рулық қауымға өтеді. Олдувай кезеңінің ең көне ескерткіштері Африкада табылды. Бұл кезеңіне еңбек құралдардың үш түрі сай келеді. Бірінші түріне дөрекі көп қырлы еңбек құралдары жатады. Оларды сфероидтар деп атайды. Екінші түріне ретущь өндеу әдісімен жасалған еңбек құралдар жатады.Үшінші түріне кесуге және шабуға арналған құралдар жатады. Оларды чоппер және чоппинг деп атайды. Адамдар табиғатқа тәуелді болып аңшылықпен және терімшілікпен айналысатын. Әлеуметтік құрылыста тобыр үстем болды.
Ашел кезеңінде жаңа еңбек құралдың түрі пайда болды –қол кескіш немесе жарғыш және кливер немесе шапқыш. Ашелдің ортасында леваллуа тасты өндеу әдісі пайда болды. Ескерткіштері: Торральба (Испания), Клектон(Англия), Леринген (Германия), Джоу –коу-дян (Қытай),Кударо (Осетия).Шаруашылығы: аңшылық және терімшілік.
Мусьте кезеңінде неандерталь адамы пайда болды.Леваллуа тасты өндеу әдісі үстем болды. Ескерткіштері: Киик-коба, Тешикташ,Шанидар.
Тас ғасыры археологияда көне тас (палеолит) және жаңа тас (неолит) болып екiге бөлiнедi. Көне тас пен жаңа тас дәуiрлерiн екiге бөлiп тұрған аралық кезең орта тас (мезолит) деп аталады. Бұл кезеңнiң басын археологтар тұрпайы да болса алғаш еңбек құралдарын жасауды игерген адамның арғы атасының жануарлар дүниесiнен бөлiнiп шыға бастаған уақытынан алады. Тас ғасырының соңында адам жан – жақты жетiлген еңбек құралдарының алуан түрiн жасауды меңгердi: егiншiлiкпен мал өсiру қалыптасты. Осылайша қазiргi кездегi өркениеттiң негiзi болған өндiрушi шаруашылықтың iрге тасы қаланды.
Тас ғасырының қойнауында адамның қазiргi физикалық бет бейнесi қалыптасып, адамдардың қоғамдық коллективтiк бiрлестiгi – рулық құрылыс пайда болды. Осындай тарихи даму жолдарының басында гаремдiк ұйымдардан тұратын алғашқы маймыл – адамдар тобы тұрды. Қазiргi iрi нәсiлдердiң негiзi де осы тас ғасырында қалыптасып дамыды. Тiршiлiкке қолайлы жерлердi жаппай игеру мен оларға қоныстану да тас ғасырынан басталады. Тас ғасырының басында Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка және Оңтүстiк Еуразия жерлерiн ғана мекендеген адамдар, тас ғасырының соңында жер бетiне толықтай таралып, бос жатқан жерлердi меңгердi.
Тас ғасырында адам қоғамның дамуына үлкен үлес қосқан бiрқатар жаңалықтар (ашылулар) жасалды. Олардың қатарына от жағу, киiм тiгу, үй салуды, ыдыс жасауды үйренудi жатқызамыз.
Көне тас (палеолит) дәуiрiн зерттеу Еуразия құрлығының көптеген аймақтарындағы адамның тiршiлiгiнiң iздерi сақталған археологиялық ескерткiштердi қазу арқылы жүзеге асырылады. Көне тас дәуiрi бiздiң елiмiздiң жерiнде б.э.д. 1 млн. жылдан астам уақыттан басталып, б. э. дейiнгi 10 - шы мыңжылдыққа дейiн аралықты қамтыды. Көне тас ғасыры төменгi және жоғарғы, немесе ерте және кейiнгi тас болып, екi кезеңге бөлiнедi. Төменгi тас өмiр сүрген уақыты аралығы тұрғысынан 1 млн. жылдан 40 мың жылға дейiнгi аралықты, жоғарғы тас б.э.д. 40 мың жылдықтан 10 мың жылдыққа дейiнгi аралықты қамтиды. Тақырыпты меңгеру барысында адамдардың бос жатқан жерлердi игеруi, тас өңдеу iсi мен еңбек құралдарының жетiлу дәрежесi, адамдардың бет бейнесiнiң қалыптасуы төменгi тастың кезеңдерiнде қалай жүргендiгi мен шаруашылықпен қоғамдық қатынастардың қайсысы олардың қайсысына сәйкес келетiндiгiне көңiл аудару қажет.
Алғашқы адамдардың бiздiң елiмiздiң жерлерiне таралуы әртүрлi уақытта, әртүрлi ошақтардан, әртүрлi бағыттарда жүргендiгi байқалады. Теңiз суларының бiрден көтерiлiп, бiрден төмендеуi секiлдi табиғаттың ауытпалы құбылысы адамдардың жер бетiне таралуына айтарлықтай кедергi жасады. Еуропа жерiне алғашқы адамдар өздерi мекен еткен едәуiр оңтүстiк аудандардан келдi. Кавказ бен қара теңiздiң солтүстiк жағалауларына, Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай мен Амур өңiрiне қоныс аударған алғашқы адамдар өздерiмен бiрге коллективтiк тұрмыстың қалыптасқан тәжiрибесi мен еңбек құралдарының жасалу әдiстерiн де ала келдi. Адамзат тарихында, әсiресе оның алғашқы кезеңiнде табиғи орта үлкен мәнге ие болды. Алғашқы қоғам адамдарының бүкiл iс - әрекеттерi олардың өздерiн қоршаған ортамен өзара тығыз да тұрақты байланысты.
Төменгi тас хронологиялық жағынан кезектесiп келетiн Олдувей (Олдувай 2млн. – 700 мын), ашель (700 – 120 мын) және мустье (120 – 40 мын) секiлдi үш кезеңнен өттi. Еуразия жерiнде төменгi тас (палеолит) дәуiрiнiң ең көне тұрақтары Кавказда (Кударс I, Азых үңгiрi, Садани Дар ) Орта Азияда (Күлдар, Селүңгiр, Қарақала, т.т.), Алтайда (Ұлалы), Қаратаудың бауырайында (Шақпақата, Бөрiқазған, Тәңiрқазған, Жаманайбат ) орналасқан. Төменгi тас дәуiрiнде тас құралдарды өңдеудiң ең қарапайым тәсiлi қалыптасты. Ол археологияда оббивка тәсiлi деп аталады. Ежелгi адамдар үшiн тас қоршаған ортаға әсер ететiн бiрден – бiр құрал болды. Еңбек құралдарын жасау үшiн көбiне малта тастарды пайдаланған. Олар еңбек құралдарын жасайтын материалдар ретiнде тастан басқа ағашты, сүйектi, ракушкаларды да пайдаланғаны белгiлi. Бiрақ бұл материалдар тас секiлдi салмақты да қатты қасиетке ие болмады. Сондықтан қолшапқы, қырғыш секiлдi көп мақсатта пайдаланылған тас құралдар палеолит кезiнде кеңiнен таралды. Осындай еңбек құралдары сопақша келген, бiр шетi ұстауға қолайлы, екiншi шетi кесуге бейiмдеп жүзделген (өткiрленген) нысанда жасалды.
Тас өңдеу тәсiлiнде елеулi өзгерiс ашелдiң соңғы кезiнде болды. Бұл кезде нуклеустен сопақша немесе ұзынша келген жұқа пластиналарды соғыу арқылы жарып алу тәсiлi игерiлдi. Ондай әдiстi осы түрдегi құралдың алғаш табылған жерiнiң атымен (Париждiң маңында) леваллуа деп атайды.
Төменгi тас кезiнде ауа райының күрт сууына байланысты Еуропа мен Азияның солтүстiк аудандарын мұздықтар басты. Кейбiр ғалымдар мустьердi төменгi тас пен жоғарғы тастың арасындағы орта палеолит деп қараса, ғалымдардың басым көпшiлiгi оны төменгi тастың соңғы кезеңi деп санайды. Қалай болғанда да осы мүстьер дәуiрiнде ауа райы жылып, мұздықтар бiртiндеп ерiдi, олардан босаған жерлердi адамдар мекендей бастады.
Қырым, Кавказ, Оңтүстiк Орал, Орта Азия, Қазақстан және Алтай жерлерiн адамдар осы кездерде қоыстана бастағанға ұқсас. Мүстьер аңшылары мен терiмшiлерiнiң тұрақтары Шығыс Еуропа мен Орта Азияда көптеп табылып зерттелген. Мәселен, Қырымда: Киiк – Қоба, Қасқырапан, Староселье, Шайтан – Қоба секiлдi мүстьер тұрақтарының үлкен тобы ашылып, зерттелген. Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары мен Қавказ жерлерiнде 200 ге жуық осы дәуiрдiң ескерткiштерi белгiлi. Мустьер мәдениетiнiң үлкен ошағы болып Орта Азия саналады. 1938 жылы А.П.Окладников тапқан Тесiктас үңгiрiнен бастап, Қапшағай, Күлбұлақ, Оби – Рахман, Қарабура , Қайраққұм ашылып, зерттелген. Қазақстанда мүстьер дәуiрiнiң ең жақсы зерттелген ескерткiштерiнiң бiрi Қаратауда, Арыстанды өзенiнiң жағалауында орналасқан Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ. Ол биiктiгi 7 метiрге жететiн 6 мәдени қабаттан тұрады. Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Бүркiттi және Шалсай секiлдi мүстьер аңшыларының тұрақтарының көптiгi Оңтүстiк Қазақстанды алғашқы адамдар тығыз мекендегенiн көрсетедi. Мүстер тұрақтары Қазақстанның басқа аудандарынан да табылып, жақсы зерттелген. Олар Орталық Қазақстанда: Мұзбел, Батпақ 8, Өгiзтау 1,2, Вишневка, Семiзбұғы 1; Шығыс қазақстанда: Қанай, Құдайкөл т.б. тұрақтар.
Мүстьер қоғамның өндiргiш күштерi алғашқысына қарағанда едәуiр дамыған кезең болды. Бұл кезде тас құралдарды жасау әдiстерi бiршама дамыды. Тасты бөлу, жару тәсiлдерi қалыптасты, тас құралдарының түрлi мақсатқа арналған түрлерi көбейдi. Қазiргi кезде мүстьерлiк тас құралдарының 60 – қа жуық түрлерi ғылымға белгiлi. Олардың iшiндегi ең көп таралған түрлерi орташа көлемдегi шапқыштар, кескiштер, қырғыштар мен өткiртұмсықтар.
Мүстьер кезiнде аңшылық кәсiп бұрынғысынан да жоғары мәнге ие болды. Бұл кезде негiзгi аңшылық қару ретiнде найзалар қолданылды. Ұштары тастан жасалған найзалар мен сүңгiлердiң пайдаланылуы аңшылық кәсiптiң мүмкiндiгiн арттырды. Дегенмен аңшылық құралдардың едәуiр жетiлгенiне қарамай аңшылықтың коллективтiк түрi (қаумалап аулау) негiзгi болып қала бердi.
Бiздiң заманымыздан 40 –30 мың жыл бұрын адам қоғамындағы жаңа кезең жоғарғы тас дәуiрi басталды. Ол бiздiң заманымызға дейiнгi 12 – 10 – мың жылдыққа шейiн созылды. Бұл адамның осы күнгi түр – тұрпаты толық қалыптасып бiткен уақыты болатын. Еңбек құралдарын жасауда да бiрқатар жетiстiктер болды. Жалпы бұл дәуiр адамдардың биологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық пен қоғамдық тұрғыдан да жетiлген кезеңi едi. Адамзат бұрынғысынша мұздық дәуiрi жағдайында өмiр сүрiп жатты. Мамонт сияқты суыққа төзiмдi iрi аңдардың әлi де кең таралған кезi. Еуразияның шексiз және суық келетiн далалы аймақтарын мамонттар, солтүстiк бұғылары, мүйiзтұмсықтар мен жабайы жылқылар еркiн жайлады. Соңынан климаттың бiртiндеп жылуына қарай мұздықтар ерiп, өсiмдiктердiң түрлерiнiң өзгеруiне байланысты мамонт секiлдi суыққа әбден бейiмделген iрi аңдар бiртiндеп жойылды. Iрi аңдардың жойылуымен төменгi тас дәуiрiнiң аяқталып жоғарғы тас дәуiрiнiң басталуы тұспа – тұс келедi.
ЖОҒАРҒЫ ТАС ғасырын оқу барысында сол кезеңнiң өзiне дейiнгi дәуiрден тас еңбек құралдарын жасаудың жаңа, едәуiр жетiлген әдiстерiнiң меңгерiлуiмен ерекшеленетiндiгiн ескерген қажет. Жаңа еңбек құралдары алғашқысынан өзiнiң формаасымен ғана емес, атқарған қызыметiмен де ерекшелендi. Тас құралдар ұзынша келген пышақ тәрiздес жалпақ тастардан бөлiнiп алынды. Олардың көлемдерi аса үлкен емес, ұзындығы 5 – 10 см, жалпақтығы 2 – 3 см. Бұндай құралдарды призма тәрiздес нуклеустерден жаңқалау арқылы алатын. Осындай iс - әрекет ұсақ тас құралдарының көбейуiне әкелдi. Олардан қырғыш, кескiш, және өткiр тұмсық секiлдi еңбек құралдарын жасады. Ендi тас құралдардың түрлерi ғана өзгерiп қоймай оны жасау тәсiлдерi де жетiлдi. Тас құралдарды өңдеудiң жаңа әдiсiн ғылымда “сығып жаңғырту” (отжимной ретуш) деп атайды.
Сүйектен құрал жасаудың игерiлуi адамзат тарихындағы үлкен жетiстiктердiң бiрi едi. Одан гарпун, инелер, әшекей бұйымдарын жасаған. Қазiргi кезде Еуразия құрлығында 400 – ден астам жоғарғы тас дәуiрi тұрақтары белгiлi. Олар Днепр, Днестр, Дон, Едiл өзендерiнiң жағалаулары мен Қырымда,Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай және Сiбiр даласында орналаскан. Жоғарғы тас дәуiрi адамдары тiршiлiгiнен құнды мәлiмет беретiн материалдар Дондағы Костенко тұрағынан, Қазақстандағы Семiзбұғы, Батпақ, Шульбинка, Ащысай тұрақтарынан табылған.
Владимир облысындағы Сүңгiр тұрағынан табылған жерлеу қабiрi көп нәрсенi анықтауға мүмкiндiк бердi. Ол жерден алты адамның сүйегi шықты. Осында жерленген екi баланың қабiрiнен киiмге тiгiлген мамонттың сүйегiнен жасалған мыңдаған моншақтар табылды. Олардың бас киiмдерi түлкiнiң тiсiнен жасалған моншақтармен безендiрiлген. Сонымен қатар сүйек түйреуiш пен мамонттың сүйегiнен жасалған бiлезiк және сақина шықты. Жерлеу заттарының iшiнде мамонттың сүйегiнен жасалған найза және дротик, қанжар да бар. Сүйектен жасалған бұндай құралдар жоғарғы тас аңшыларының қару – жарақтары жайлы қосымша мәлiметтер бередi.
Тас дәуiрiнiң адамдары өздерiнiң рухани өмiрiнен жан – жақты мағлұмат беретiн өнер туындыларын да қалдырған. Палеолит өнерi үңгiрге салынған суреттер, сүйекке салынған гравировка және мүсiндер түрiнде бiзге жеткен. Үңгiрдегi суреттер Францияның, Испанияның жерiнде ашылған. Соңғы жылдары Орал тауындағы Қап және Игнатиев үңгiрлерiнен табылған мамонттар мен жылқылардың суреттерi үлкен ғылыми мәнге ие. Үңгiрлердiң қабырғаларына салынған мамонттардың, бизондардың, мүйiзтұмсықтар, бұғылар мен жабайы жылқылардың суреттерi, сүйектегi гравировкалар мен балшықтан жасалған әйелдер бейнеленге статуеткалар тас дәуiрi адамдарының тұрмыс тiршiлiгi, қоғамдық қатынастары және дүниетанымдарының қалыптасуын бейнелейтiн құнды дерек болып есептеледi.
2. Адамзаттың шығуы
Жер тарихындағы адамның пайда болуы мен қазіргі заманға дейінгі кезеңді антропоген деп атайды.Антропоген проблемалары археологиялық көзқарас тұрғысынан мыналардан тұрады.
1).Аамның түр ретіндегі шығу тегі
2).Осы құбылыстың орны мен ролі
3).Тірі табиғаттың,белсенді ойлаушы тіршілік иесі ретіндегі адам мен оның бергі ата-бабалары арасындағы шекті анықтау.
4).Антропогенездің материалдық өндіріспен және археологиялық мәдениеттермен байланысы
5).Расогенез-расалық (нәсілдік)-генетикалық айырмашылықтардың себептері мен процесстерін зерттеу.
Адамның шығуы бір-бірін жоққа шығарушы екі көзқарас тұрғысынан: жаратылыстан тыс бастаманың нәтижесі немесе тірі табиғаттың эволюциялық даму нәтижесі ретінде қарастырылып келеді.Отандық ғылымда дәстүрлі түрде антропрогенезге қатысты эволюциялық көзқарасқа басымдық беріледі. ХVІІІ ғысырдың өзінде-ақ материалист ғалымдар адамның адам тектес маймылдан шыққандығы жөніндегі ойды айтқан болатын. 1871 жылы «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» атты еңбектерінде Ч.Дарвин жануарлар әлемінің дамуының эволюциялық бір тұтастығын, заңдылығы мен бір ізділігін көрсете отырып, адамның, үшінші кезеңдегі адам тектес маймылдан шыққандығын дәлелдеді.Бұдан кейінгі жаңалықтар Ч.Дарвиннің негізгі қорытындыларын растады. 1891 жылы Ява аралында питекантроп деп аталған қазынды адамның қаңқасының қалдықтары табылды.
Ал 1907 жылы Германияда гейдерберлік деп аталған өзге қазынды адамның жақ сүйегі табылды. Ежелгі адам-синантроптың қырық дарағының сүйектері Қытайда Пекинге жақын маңнан табылды. Питекантропқа бәрінен де жақын тұрған ежелгі адам тектес маймылдардың қазынды қалдықтарын ұзақ уақыт бойы табу мүмкін болмады.Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана олар Жерорта теңізінің бергі жағалауында ,Африкада ,Азияда табылып жатты.Алайда бұл олжалар өздігінен адамның пайда болу процесін түсіндіріп бере алмады.
Археологиялық олжаларға қарағанда адам өзінің дамуында үш кезеңнен өткен:
ең ежелгі адамдар –архантроптар:
алғашқы адамдар –полеонтроптар:
қазіргі адам:
Антропогенездің негізгі кезеңдері міне осындай.Адамның эволюциясы жердің тарихи геологиясымен және оның хронологиясымен тығыз байланысты.Андрогенез жердің төртінші кезеңінде болып, эоклейстоценді (2,5 млн.-350 мың жал бұрын),плейстоценді (350-12 мың жыл бұрын) қамтыды.Бұл полеолит пен мұз дәуірінің фазаларына сәйкес келеді.Полеолиттен тыс жер геологиясының қазіргі кезеңі-голоцен бар.
Антропогенездің ең маңызды мәселелерінің бірі-адамның алғашқы отаны мәселесі.Ғылымда негізінен адамның пайда болуының екі орталығы қарастырылады:
1).Азиялық (Оңтүстік-Шығыс Азия)
2).Африкалық
Африкадан табылған олжаларға дейін, адамның алғашқы азиялық отанына басымдық беріліп келді.Қазаргі заманғы ғылымда орталық орынға «Африкандық теория» қойылады.Кейбір ғалымдар полицентрлік теория дейтінге қарай ойысады.Бұл бойынша түр ретінде адам бір мезгілде бірнеше жерде, мүмкін екі жерде бірдей-Африка мен оңтүстік-шығыс Азияда пайда болған болар.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, бұл мәселенің қазірдің өзінде-ақ де түпкілікті шешімі табылды деуге болмас.
Адамның пайда болу тегін қазіргі заманғы ғылым Танзаниядағы Олдувай шатқалында табылған олжалардың негізінде бөлініп шыққан Олдувай мәдениетімен байланыстырады. Мұнда адамтектес тіршілік иелерінің қазынды қалдықтары мен қолдан опырылғанның іздері бар кварцит пен базальттан жасалған тұрпайы қысқыштар табылды.Олдувай мен осы кезеңнің өзге де ескерткіштерінің материалдары ,ертедегі гоминидтердің әр түрлі топтарының «адамға айналу» процесі әртүрлі болғандығын көрсетеді.
Архонтроптардың арасынан бізге питекантроптар жақсы таныс.Олардың тұрақтары Еуропада,Азияда және Африкада табылды. Бізге өзге архантроптар жайлы мәліметтер жеткіліксіз (синантроптар,мавритандық ариантроптар).
100 мың жыл бұрын басталған мустьер кезеңіне полентроптардың пайда болуы жатады.Олардың ішінде көбірек зерттелгені неандертальдықтар болып табылады.Осы қазынды адамның сүйектері 1856 жылы Неандер (Германия) алқабында табылған болатын.Неандертальдықтар –бұл пайда болуы ерте хронологиялық тұрғыдан жоғары полеолитке жататын қазіргі адамға келіп ұласатын қазынды адамдардың соңғы сатысы.
Палеонтроптардың өте үлкен аймақта таралуы бірқатар түрлердің бөлініп шығуына алып келді.Олар-еуропалық классикалық неандертальдық, азиялық прогрессивті неандертальдық, Африканың палеонтроптары және т.б.
Қазіргі заманғы адамдар олардың нәсілдік алуан түрлілігіне қарай,неандертальдықтардың бір немесе бірнеше түрлерінің өзгерунің нәтижесінде пайда болды.Өзге түрлері дамудың тұйықталған тармақтары болды.
Жинақталған материалдарға сүйене отырып қазіргі заманғы адамдардың қалыптасу процесі Оңтүстік-Батыс Еуропаны, Солтүстік Африканы және Батыс Азияны қамтитын территорияды жүрді.Қазіргі адамдар осы аумақтардан тарала бастады. Таралып қоныстанудың нәтижесінде кең ауқымды мәдени-тарихи шеткі аймақтар түзілді.
● Европалық-мұздық
● Жерорта теңіздік
● Оңтүстік-Африкалық
● Үндігималай
● Сібір-Монғол
● Малай
Өте күрделі проблема болып табылатын ол расогенез. Ең кең таралған түсіндірмелер, адамның тіршілік ету аумағының нығаюы, расалық (нәсілдік) жүктелуге жағдай туғызды деуге келіп саяды. Кейбір расалық (нәсілдік) ерекшеліктер кейінгі палеонтроптарда байқалады.Расалардың (нәсілдердің) пайда болуы негізінен, үлкен ерте палоелиттік қауымдар өмір сүрген материктердің шекараларымен сәйкес келеді.
Тарихи даму –эволюциялық ,биологиялық және әлеуметтік болып табылатын сапалы секіріс құбылысының тұрақты диалектикалық бірлігінде жүріп отырды.Сонымен бірге дамудың табиғатпен тығыз байланыста жүргенін де естен шығармау керек.Адам қаншалықты жетілген сайын табиғатқа соншалықты әсер ете бастады.
табиғатқа соншалықты әсер ете бастады.
3. Шаруашылығының негізгі түрлері.
Адам пайда болғаннан бастап өзінің еңбек іс-әрекетін бастаған. Палеолит жататын археологиялық қазба жұмыстары , адам бұл кезеңде ет және өсімдіктерді күнделікті тамағына пайдаланғанын көрсетеді. Адамдардың полеолиттік тұрақтарында көптеген аңдардың және өсімдіктердің қалдықтары табылған. Бірақ адам палеолитте жер өңдеу шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысты деп айтуға әле ерте.Соның өзінде мысалы кейіңгі палеолиттік тұрақтарда егін оратын пышақтар табылды. Бірақ,олар жабайы өсімдіктерді оруға пайдаланған деп болжауға болады.Айтылған тұрақтардан аңдардың көптеген сүйектердің қалдықтары табылған.Бірақ,сол сүйектерден бір аңның сүйегін құрастыру мүмкін емес.Өйткені ,аңшылықтың олжасын өлтірген жерде бөліп,тұраққа кейбір сүйектерін алып кететін.Сондықтан,палеолитте мал шаруашылығы болмаған деп айтуға болады. Сонымен,палеолитте адамдардың негізгі шаруашылығы терімшілік пен аңшылықболады.
4. Отты игеру
Олдувэй кезеңіне жататын археологиялық жазба жұмыстарының мерзімінде жанған оттың іздері табылған. Яғни, олдувэй кезеңінде адам отты пайдалана бігмеген деп айтуға болады.1927 жылы Қытайды Чжоукоудянь жерінде өткізген археологиялық жазба жұмыстары көне адамның тұрақтары табылған . Ғылымда оны синантроп деп атап кеткен .Синантроп 300 мың жыл бұрын өмір сүрген . Бірақ,кейбір зерттеушілер синантропты 500мың жыл бұрын өмір сүрген деп айтады .Чжоукоудиньда табылған бірнеше метрлік көмір және күлдің қабаты синантроптың отты пайдалана білгенін дәлелдеді. Қашан және қалай адам отты алып үйренгенін айту қиын. Архантропты оттытаба білмеген деп есептейді.Ол табиғаттағы отты пайдаланған.
5.Бақылау сұрақтары:
1. Тас дәуірін кезеңге бөлу.
2. Тас дәуіріндегі шаруашылық.
3. Адам қай уақыттан бастап отты пайдалана бастады
4. Синантроп адамы туралы мәліет беріңіз.
5. Палеолит дәуірінің табиғат жағдайы.
6. Палеолит қандай кезеңдерге бөлiнедi? Палеолит кезеңдерiнiң хронологиялық шегiн айтыңыз.
7. Төменгi тас адамдарының мекендеген аймақтарын айтып, олардың ескерткiштерi мен негiзгi еңбек құралдарын атаңыз.
8. Мүстер адамдары мекендеген аймақтарды көрсетiп, олардың ескерткiштерi мен негiзгi еңбек құралдарын атаңыз.
9. Тас өңдеудiң соқпа, жарма, сығып өңдеу әдiстерiнiң даму кезеңдерiн анықтаңыз.
10. Жоғарғы тас дәуiрiнде Еуразияжерлерiнде қандай мәдени аудандар қалыптасты?
11. Жоғарғы тастың негiзгi еңбек құралдарын атаңыз.
12. Қаратаудың төменгi тас ескерткiштерiн сипаттаңыз.
4- лекция
Тақырыбы: Қазақстандағы палеолит ескерткіштері
Жоспары:
1. Төменгі палеолит ескерткіштері .
2. Орта палеолит ескерткіштері
3. Жоғарғы полеолит ескерткіштері.
Лекция мақсаты: Өз еліміздегі яғни тас дәуірі кезіндегі табиғат жағдайлары мен адамдардың еңбек құралдарын мен танысыру.
Лекция мәтіні
1.Төменгі палеолит ескерткіштері, ірі-ірі үш кезеңге ( мәдениетке ) бөлінеді:
1. олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл-700 мың жыл)
ашель (бұдан бұрынғы 700 мың-150-120 мың жыл )
3. мусьте ( бұдан бұрынғы 150-120 мың -35-30 мың жыл ) кезеңдеріне бөлінеді.Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген,өйткені оның оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны,ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес.Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар,қырғыштар,үшкір тастар,шой балғалар,піспектер,пышақтар,тескіштер және т.б.бөлініп шыққан.
Археологиялық қазба жұмыстары көптеген тас сайман тапты,олар өте ерекше және оған ұқсастарын табу қиын.Негізіне ақ кварц пен сарғұлт сұр құмдық басым шикізат пайдаланған.
Құралдардың жетекші үлгісі көбінесе жай дөңесті және тура бүйірлі қырғыштар болып табылады,сүйір ұшты сынықтар мен пышақтар да кездеседі.Алуан түрлі жануарлар-мүйізтұмсұқ,бизон,жылқы сүйектері мен тас бұйымдардың мол болуы полеолит адамының суға келген кезінде бұлақ жанындағы батпаққа батқан жануарларды аулауының нәтижесі екенін дәлелдейді.
1984 жылы Жезқазған облысының Ағадыр ауданында мустьерлік заманның жаңа ескерткіштері табылды.Бұлар-Өгізтау-1және-2,Үлкен Ақмая сияқты тұрақтар. Мұнда тас бұйымдар бұлақ жанындағы аласа төбенің баурайында жатыр. Шикізат материалдарының жақын және екі жағы қырланған балталар,қырғыштар,ойық қалақтар мен нуклеустер жергілікті шикізат-сұрғылт кварциттен дайындалған. Көптеген құралдар кейінгі кезеңдердің өзінде-ақ қайталап пайдаланған,мұны тас бұйымдардағы «жаңа» сынықтардың болуы көрсетеді.
Келесі мәдениет-ортаңғы ашельге сәйкес келетін леваллуа-ашель-І мәдениетінде тас балталар мен кливерлер аз кездеседі.Тас бұйымдар теңіз жарқабақтарының жағалауындағы ежелгі белдіктеріндегі,сондай-ақ Түпқорған үстіртінің беткейлерінде жатыр. Ақырында,леваллуа-ашель-2 мәдениетіне найзалардың өңделген тас ұштары мен екі жағы қырланған пышақтар тән болып келеді.Барлық тұрақтар Каспий теңізінің жағалауындағы жарқабақ алаңдарына орналасқан.Құрал табылған жеті жерді қамтитын Өніжек тобының тұрақтарын сипаттауға тоқталып өтейік.Тұрақтар бір-біріне жақын орналасқан,бірақ тас құралдарда бірқатар айырмашылықта байқалады.Тас бұйымдар арасынан нуклеустер,қырғыштар,бифастар,найзалардың ұштары және көп мөлшерде сынық тастар бөлек көрінеді.Соңғыларының ішінде ауқымды леваллуа үшкір тастары да бар.Нуклеустер арасында ұзындығы 30сантимертге дейін жететін леваллуа пластиналарын алуға арналған ауыр тас сынықтары да ұшырасады.Өніжек индустриясында жалпақ алаңдынуклеустердің,алуын түрлі (үш бұрышты,төрт бұрышты) симметриялы пластиналардың және аз мөлшерде болса да,жақсы өңделген құралдардың болуы тән.Қазақстанның Ноmo Sapiens сатысына сәйкес келетін замандастары болған.Қаратау мен Маңғыстаудың алғашқы мекендеушілер сол кезде-ақ от жағып,оны сақтай білген,ірі және ұсақ жануарларды аулаумен,жиын-терінмен шұғылданған.
2. Орта палеолит ескерткіштер
Қазақстанның Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы бірнеше аудандарда алғашқы адамдардың ежелгі тас дәуіріндегі еңбек құралдары табылған .Жергілікті Бөріқазған Тәңірқазған және тоқалы 1,2,3.жерлерінен Арыстанды өзенінің жағасында ашель кезеңіндегі ең көне өзгеше құралдар табылған (жергілікті) палеолит кезеңінде тастан жасалған еңбек құралдар табылды.
Шақпақ және екі жағыда өткір тас, домалақ және жұмыр тас құралдар табылды. Үшбұрыш тас сынақ қалдықтары сонымен сынықтар өте өткір алмас сияқты қалдықтар, табылған қалдықтардың ішінде біреуі жетілген жұмыр қолдан әбден өңделген. Қаратау жотасына ашель кезеңінде пайда болған еңбек құралдар қарапайым түрде жасалынған, сонымен өндірілмеген тастар пайдаланған. Қаратаудан табылған еңбек құралдарының формасы өндірілген түрлері сияқты Бирмада ,Вьетнамда ,Индияда да табылған. Сол. Шығ .қазақстан жеріндегі Сарыарқаның құдай көлдің жағасында табылған Қырғыш, домалақ ұршық тәрізді тас, төрт бұрышты, ұшбұрышты нуклеус төменгі палеолит кезеңіндегі құралдар Балқаштың Солтүстік жағалауында табылған .
Қазақстан жеріндегі Қаратау жотасының жағасында алғашқы қауымды синантроп питекантроп мекен еткенін және олар отты пайдаланған және жинау –терімшілікпен айналысқан.Орта палеолит кезеңдегі ескерткіштері барлық жерінен табылған. Мустер кезеңі адамзат (дамуының) мәдениетінің жоғары дамыған (кезеңі)уақыты еді. Тастан қашалынып жасалынылған қаруларда (жетіле)бастады. Олар дөңгелек (нуклеус)тастар мұндай тастар шетіне ортасына қарай көптеген соққылармен қашалып жасалынды .Мусьтер кезеңінің ескерткіштерінде әр түрлі адамдардың қару құрал істеу өзіндік ерекшіліктері болды. Мусьтер адамдардың ең үлкен табысы ағашты ағашқа үйкеу арқылы от жағу болды Мусьтері кезеңін көбірек зерттелген жерлері Оңтүстік Қазақстанның Арыстанды өзенінің Қара су тұрағы қазба жұмыстар барысында бұл тұрақ жай үш мәдени қабаттан тұратынын анықтады.
1.Жоғарғы (қабат) мәдени қабат 3,3х3,8м тереңдікте орналасқан 1250кв м.жерді алып жатыр бұл жерден 700 түрлі шақпақ тастан істелген бұйымдар табылды . Жануарлардың сүйегімен ошақ орындары табылған жоқ.
2. Ортаңғы қабат 4,3Х4,8м тереңдікте орналасып бұл жерде жануарлар сүйектері мен от орындары табылған .
3.Астыңғы қабат 5,0Х5,8м тереңдікте орналасқаны табылады.Қазба жұмысының барысында бір неше мың шақпақ тастан істелінген (садақ жебенің ұшы, қырғыштар ,балта тәрізді құралдар диірмен тастары).Сүйектен жасалған әшекейлер табылады. Бұл тұрақ жайларды бірнеше рет адамдар тастан кетіп, көп уақыт өткеннен кейін, қайта қоныстанып отырған, бірақ оның бәрі орта палеолит кезеңіне жатады. Көптеген шақпақ тастан жасалған құралдар Қаратау жотасында табылған солардың бірі Үшбұлақ сайынан 3км шығыс жағында Халседон(тас)табылған жерден орналасқан .Үлкен жартастан сындырып алынған орны бар. Жанында көптеген диірмен тастар және басқа жалпақ тастар ұшырасады Үшбұлақ сайының бұлақтарының 6 жерінде мусьтер теспіндегі құралдар табылған. Олар –Үшкір жебе ұштары, жалпақ үш бұрышты тастар. Шалсай өзеніндегі шарпақты сайында қырғыштар мен жебе ұштары табылған Мустер (тип ) құралдары сондаяқ орталық Қазақстанда Шығыс Қазақстанда және Манғышлақ түбегінде кездеседі. Музбел тауының Оңт-батыс жағындағы Сарысу өзенінде, майда тастар, дөңгелек, тастар нуклеус(домалақ ұршық бастар)кездеседі.Ертіс өзенінің жоғарғы жағасында Қанай ауылындағы өзен жағалауынан шамамен 6 метр құлшық астынан да,үлкен қырғыштар, жебе ұштары және өткір тастар табылған.
3. Жоғарғы палеолит ескерткіштері .
Жоғары палеолиттің ескерткіштері қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Олар үңгірлердегі және оның жерлердегі тұрақтаған адамдардың жерлері оларға Онт.Қазақстандағы Қаратау жотасында орналасқан Үшбас үңгірі жатады. Қазба жұмыстарын жүргізгенде бұл жерде кейінгі палеолит құралдары табылған. Қара шақпақ тастар бір жағы өткірленген пышақтармен бірге бизондардың,сайғақтардың, түркімен қарсақтардың сүйектері табылған.
Сор көл өзенінің жағалауында ашық жерде де орналасқан адамдардың тұрақ жайларында қара шақпақ (призма үшкір) ұқсас (нуклеус)тастар – қырғыштар , табылған .
Тұран өзенінің бойында Әшісай адамдар тұрақталған жерлерде 15 қоныс жайдың жан-жағынан бизонның арқардың, жабайы аттардың майдаланған сүйектері табылған қарулардың арасында қырғыштар ,жебе ұштары, пышақ секілді өткір тастар табылған .
Жоғарғы палеолит ескерткіштері тек қана Онтүстік Қазақстанда ғана емес республикамыздың басқа да территориямызда да кездеседі.
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма өзенінің құйылысында адамдар қоныстанған үңгір табылған.Үңгірдің ауызы Батысқа қарап іші ені бөлімнен тұрады . Қазба жұмыстарын жүргізген кезде оның айналасынан тұрмыс еңбек құралдары және аңдардың сүйектері табылған олардың ішінде мамонттың жүндес мүйіз тұмсықтың жабайы жылқының зубырдың арқардың маралдың үңгір (қор қауының шена )қоңыр аюдың қасқырдың сүйектері табылды.
Жоғарғы палеолит кезеңінің көптеген ізі Орталық Қазақстанда да бар Түлкім және Семіз бұғы тауларындағы Тұранға өзеннің аңғары да тастар қашалған қырғыштар пышақтар кескіш заттар көптеп табылған. Батпақ 8 тұрақ жайларда үш бұрышты үлкен жалпақ тастарымен үлкен қырғыштар және жапырақ тәрізді найзаның ұшы табылған.
Қарағандының Оңт.Қазақстанның жағында Қарабас 3 мекен жайында да 172 түрлі бұйымдар тастан істелінген табылған оның ішінде ірі дөрекі қашалған тастар 2 домалақ ұршық тас, (таспен)найзаның үшы табылған.
Палеолиттің барлық кезеңі адамзаттың ой өрісінің, кәсіптік өнері, мәдениетінің даму кезеңі болды.
Палеолит кезеңі – бұл адамдардың бірте бірте өмірін сақтап қалу үшін күрес еді. Ол кезде кім күшті болса, сол тірі қалды. Қазақстандағы алғашқы қауым адамы басқа жердегі адамзаттың,аңшылық, жинап терімшілік болды. Кескіш құралдар әр түрлі функциональдық роль атқарды. Олар әрі қорғанушылық, әрі тұрмыстық құралы болды.
Алғашқы қауымдық адамдардың топталып өмір сүруінің дәлелі тастан жасалған құралдарының бір жерге жиналып қалуы.
Адамзат табиғат күрес нәтижесінде отты пайдалануды және сақтауды өлтірген аңдарының терісінен киім киюді үйренді.
Бірте-бірте тастан жасалған қарулар, өзінің қолданылу мақсатына қарай 6 әртүрлі формаға бөліне бастады.
Адамдар қырғыштарды пайдалана отырып, мүйіз бен сүйекті өңдей бастады. Қару ойлап табу ең негізгі техникалық табыс болды. Қарудың түрлі вариантын арақашықтықты есепке алып пайдалану аңшылықтың пайдалы жақтарын өсірді, теріні өңдеу жақсарды. Аңшылықта қолға үйретілген қасқырлар пайдаланыла бастады. Аңшылықтың түрі барынша көп пайда келтіру көзделе бастады. Ол үшін қарудың да жетілген түрлері керек болды.
5.Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі палеолит ескерткіштері неше кезеңге бөлінеді.
2. Олдувей , ашель, мустье мәдениеттерін кезең кезеңмен бөліп көрсет.
3. Қазақстан аумағындағы ежелгі палеолит ескерткіштерін анықта.
4 Ежелгі палеолит ескерткіштерін зерттеген қазақ ғалымдары.
5. Орта палеолит ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарынан табылды.
6 Орта палеолит ескерткіштері және оның мәдениетін ата.
7. Жоғарғы палеолиттің ерекшелігін көрсет.
8 Соңғы палеолит адамзаттың қандай ерекшеліетері мен сипатталды.
9 Соңғы палеолиттегі негізгі еңбек құралдар.
10 Тастардың жаңа қасиеттерінің пайда болуы.
5- лекция
Тақырыбы: Мезолит
Жоспары:
1 Қырымдағы Кавказдық және Орта Азиядағы мезолит дәуірі
2 Мұз дәуірінен кейінгі Шығыс Еуропадағы мезолит
3.Сібір мен Қиыр Шығыстың мезолиті
Лекция мақсаты: Мезолит кезеңінің ерекшілігі микролит, макролиттің пайда болуы және тұрақтары туралы түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Тас ғасырының соңында мұздықтар ерiп, Солтүстiк Еуропа мен Азияның көптеген жерлерi мұз құрсауынан босады. Қазiргi жер қыртыстары мен өсiмдiк дүниесiнiң (ормандар, орманды далалар, далалар) қалыптасып, мамонт секiлдi тас дәуiрi аңдарының жоюылуы да осы тұста жүрдi. Төменгi тас өткеннен соңғы уақытта адамдар садақ пен жебенi, бiрқатар қозғалыс көлiктерiн (қайық, шаңғы, шана) аң аулап, балық ұстайтын құралдардың жаңа түрлерiн ойлап тауып, балшықтан ыдыс жасауды, мата тоқып киiм тiгудi үйрендi. Тас ғасырының соңында оңтүстiк аудандардың тұрғындары алдымен бақташылық пен егiншiлiкке өту арқылы прогресивтi өндiрушi шаруашылықтың қалыптасуына негiз салды.
Тас ғасырының шарықтау шағы орта тас (мезолит) пен жаңа тас (неолит) кезеңдерi тұсында өттi.
Мезолит шамамен б. э. д. 10 – 6 – мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл мұздықтардың ерiп, солтүстiкке қарай шегiне бастаған кезi. Керi шегiнген мұздардың iзiмен олардан босаған жерлердi адамдар мекендей бастады. Жаңа кезеңде мыңдаған жылдар өмiр сүрген көне тас мәдениетi, яғни iрi мамонттарды аулаумен машықтанған аңшылық мәдениет өзгерiске ұшырап, оның орнына басқа сипаттағы мәдениеттердiң келуi заңды құбылыс едi. Оған аң аулау тәсiлi мен аң аулау объектiсiнiң өзгеруiне орай болған тұрмыстағы жағдайлар әсер еттi. Мезолит дәуiрiнде далалы және орманды аймақтарды ұсақ та жылдам жүгiретiн аңдар көп мекендедi. Оларды палеолит кезiнде кеңiнен қолданылған әдiспен аулау ешқандай нәтиже бермедi. Су құстары мен балықтарды аулау термешiлiк (терiмшiлiк) шаруашылықта елеулi орын алды. Осындай жағдайда садақ пен жебенiң ойлап табылуы өмiрлiк қажеттiлiктен туды.
Садақ пен жебенiң пайда болуы өндiргiш күштердiң дамуында елеулi төңкерiс жасап, ежелгi адамдардың шаруашылық өмiрiне түбегейлi өзгерiс алып келдi. Шаруашылықтың тұрпайы иемденушi нысанынан (формасынан), термшiлiк пен аңшылықтан оның өндiрушi нысанына, егiншiлiк пен бақташылыққа өтудiң алғышарттары қалыптасты. Мезолитте тас еңбек құралдарын жасаудың жаңа тәсiлдерi игерiлдi. Осыған орай тiстi тас еңбек құралдары пайда болды. Саптары ағаштан, немесе сүйектен жасалған мұндай құралдардың бас жағына, болмаса өн бойына салынған арнайы кертпелерге ұсақ та жұқа қатпаршықтардан тас тiстер қыстырылды. Осындай қыстырма ретiнде пайдаланылған ұсақ тас құралдарын археологияда микролиттер деп атайды. Олардан жебелер мен найзалардың ұштарын, орақтар мен найзалардың тiстерiн жасады (сурет 1).
Мезолит (орта тас) дәуiрi Еуразия құрлығының барлық жерлерiнде бiрдей жүрген жоқ. Сондықтан да мезолиттiк микролиттер барлық жерлерде бiрдей кездесе бермейдi. Орта тастан жаңа тасқа өту де жергiлiктi жағдайларға байланысты әртүрлi және әркелкi. Осындай себептерге орай кейбiр ғалымдар еңбек құралдарының әртүрлi болуына сүйенiп мезолиттi палеолит пен неолиттiң арасындағы өтпелi кезең деп есептесе, екiншi бiр ғалымдар микролиттер белгiлi аймақтарды бiр мәдениетке топтастырып, микролиттер кездеспейтiн аймақтарды екiншi мәдениетке топтастырып эпипалеолит (кейiнгi жоғарғы тас), немесе протонеолит (алғашқы жаңа тас) деп атады.
Еуропа құрлығында бiрнеше мезолиттiк мәдени аймақтар болды. Мезеолит дәуiрi ескерткiштерi: Қырымда, Кавказда, Орта Азия мен Қазақстанда белгiлi. Қырымдағы Шаң-Қоба, Замиль-Қоба, Мұрзақ-Қоба, Фатьма-Қоба үңгiр тұрақтары мезолиттiк мәдени қабаттардан тұрады. Орта Азияда 50-ден астам мезолиттiк тұрақтар белгiлi. Олардың iшiндегi ең әйгiлiлерi: Түркiменстандағы Жебелi, Қойылу; Тәжiкстандағы Ош-хана, Данғары, Чиль-Чор-Чашма; Өзбекстандағы Мачай, Обишир т.б. тұрақтары.
Орта Азияда палеолиттiң соңында тас өңдеудiң микролиттiк тәсiлi пайда болды. Шаруашылықтың өндiрушi нысанына көшу процесi Орта Азия жерiнде мезолит дәуiрiнен басталғанын бiлдiретiн егiншiлiк пен бақташылықтың iздерi бiрқатар ескерткiштерде сақталған. Мезолит шамамен б.з.д. 10-60мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Жаңа кезеңде мыңдаған жылдар өмір сүрген көне тас мәдениеті, ірі мамонттарды аулау мен машықтанған аңшылар мәдениет өзгеріске ұшырап, оның орнына басқа сипаттағы мәдениетердің келуі заңды құбылыс еді. Оған аң аулау тәсілі мен аң аулау абъектісінің өзгеруіне орай болған тұрмыстағы жағдайлар әсер етті. Мезалит дәуірінде далалы және орманды аймақтарда ұсақта жылдам жүгіретін аңдар көп мекендеген. Оларды палеолит кезінде кеңінен қолданылған әдіспен аулау ешқандай нәтиже бермеді. Су құстары мен балықтарды аулау терімшілік шаруашылықта елуелі орын алды. Осындай жағдайда садақ пен жебенің ойлап табылуы өмірлік қажеттіліктен туды.
Микролиттерді ағаш немесе сүйек негізіне сына ретіне пайдаланылатын.Ол үшін Ағаш н/е сүйекті бойлай ойып, ойығына микролиттерді салып, оларды тұтқа затымен бекітіп ,кейінен орап қояды. Микролиттерді жебенің ұшы ретінде деп пайдаланатын. Садақ пен жебені ойлап табу мезолит дәуірінің маңызды жетістіктерінің бірі болып есептелінеді. Мезолит дәуірінде жіңішке ж/е жеңіл құралдар мен қатар көлемді еңбек құралдары пайда болады. Оларды “макролит ” деп атайды. Олардың қатарында балтада пайда болады. Балтаның пайда болуы оррман аймағында адамға ол жерлерде ағашты өңдеуді меңгеруді қажет етіп, өте үлкен маңызы болды. Мезолит дәуірінің жетістіктерінің бірі-егін және мал шаруашылығының бастамасының пайда болуы.
Палеолиттің және мезолиттің аралығындағы шегінін қашан өтетінін айтқанда ғалымдарды бір ауызды пікір жоқ . Кейбіреулері мезолит дәуірін жеке дәуір ретінде жалпы алғанда бөлмейді. Бірақ,ғылыми әдебиетте мезолит дәуірін белгілейді оған бірнеше себеп бар. Біріншіден еңбек құралдарын жасау технологиясындағы өзгерістер флорамен, фаунаның өзгеруі, аңшылық түрлерінің өзгеруі,егін мен мал шаруашылығының бастамасының пайда болуы.Тағыда бір себеп, мұздың шегінуі жаңа гиологиялық дәуірді бастайды.Ол дәуір-голоцен. Оның басы глобальд жылуынан әллередтан есептеледі.Ол дәуір 10мың жыл бұрын басталды .Сондықтан мезолит дәуірін б.з.д.8-7мың жылдықтарға жатқызады.Негізінде мезолит кезеңі ең аз зерттелген кезеңге жатады.Осы кезеңде Палестина, Ирак және Орта Азияның оңтүстік аймақтарында егіншіліктің бастамасы пайда болады.Палестинада егіншіліктің іздері қалған тұрақ табылды. Бұл тұрақ Эл-Вад үңгірінде табылды.Бұл тұрақ ең алғашқы егіншілікке мәдениетке жататын.Бұл мәдениетті Натуф мәдениеті деп. аталды.
Мезолитте тас еңбек қаралдарын жасаудың жаңа тәсілдері игерілді. Осыған орай тісті тас еңбек құралдары пайда болды. Саптары ағаштан немесе сүйектен жасалған мұндай құралдардың бас жағына, болмаса өн бойына салынған арнайыкертпелерге ұсақта жұқа қатпаршықтардан тас тістер қыстырылды. Осындай қыстырма ретінде пайдаланылған ұсақ тас құралдарын археологияда миролиттер деп атайды. Олардан жебелер мен найзалардың тістері жасады.
1. Қырымдағы Кавказдық және Орта Азиядағы мезолит дәуірі.
Ең ертеректегі мезолиттік ескерткіштер Алдынғы Азияда, Қырымда, Кавказда және Орта Азияда белгілі. Мұздықтардың еруі жалғасып жатқан және ерте кезеңде көптеген полоелиттік дәстүрлер сақталып отырған Еуропаның солтүстігіне қарағанда мұнда мезолит ертерек қалыптасты. Қырымда мезолиттік мәдени қабаттары бар бірнеше ондаған үңгірлер белгілі: Олар-Шаң Қоба, Замиль Қоба, Мұрзақ Қоба және т.б. Бұл үңгірлерде полеолиттік дәуірдегіге ұқсас ауыр тілімдерден жасалған өте тұрпайы еңбек құралдары мен нуклеустер табылды. Бұлармен қатар алғаш рет іргеге қойылған геометриялық нақыштағы ұсақ құралдар кеңінен тарады.
Мезолит дәуірінде Қырымда мал шаруашылығына өту байқалды.
Жергілікті кейінгі полеолиттік мәдениеттің негізінде Кавказ мезолиті қалыптасты. Бұған қазып алынған Дағыстандағы көп қабатты Чөге қонысы, Сочи қаласының маңындағы Ацин үңгірі, Осетиядағы бір қабатты мезолиттік Шау легет тұрақтары дәлел бола алады. Мезолитте мұнда микролиттік техника өту болды: Енді кремнилік тілікше-ішпектер жұқа әрі нақышты бола түсті, оларды енді қарындаш секілді шағын нуклеустерден алды, үшбұрыш пен сегмент түріндегі көптеген микролиттер табылды. Жекелеген аймақтардың мезолиттік ескерткіштері заттар тізімімен ерекшеленеді. Мәселен Абхарияда микролиттік құралдармен қатар малтатастардан жасалған шабатын бұйымдар да бар. Кавказдағы қоныстардың тұрғындары бұланды, тау ешкісін, аю мен қабанды аулаған, бұл жөнінде мезолиттік қоныстардың мәдени қабаттарындағы сүйектердің көптеген олжалары дәлел бола алады.
Кейбір айырмашылықтарына қарамастан Кавказдың мезолиттік ескерткіштері біртұтас үлкен этномәдени қауымдастықты құрайды.
Орта Азияда елуден астам мезолиттік ескерткіштер белгілі. Олардың ішінде Түркменстандағы Шебен, Кайлю. Пакістандағы Ош-Хана,Чиль-Чор-Чашма: Өзбекстандағы Мачай, Оби-Шири және т.б. үңгірлері бар. Орта Азияның мезолиттік ескерткіштеріне тілікшелі техниканың тұрпайы формадағы арганикалық құралдармен үйлесуі тән.Орта Азияның мезолиттік мәдениеті алуан-түрлі дамып бір жағынан дала аңшылары мен терімшілері мәдениетін екінші жағынан Копендаг тауы етегіндегі ежелгі егінші-отырықшы мәдениетінің бастамасы болды.
Полеолиттің соңында Орта Азияда мен көрші аймақтарда микролиттік техника құралдары пайда болды. Мезолитте мұнда шаруашылықтың өндіруші түріне өту басталады. Арганикалық егіншіліктің іздері Алдыңғы Азияның кейбір ескерткіштерінде сақталып қалды, ал малшаруашылығы бұрынырақ пайда болды. Егінші аудандар үшін мезолиттің жоғарғы шекарасы Хаджилар, Шалидар, Жебек секілді балшық үйлері бар қоныстардың пайда болу уақыты болып табылады. (ҮІІмың жылдықпен ҮІ мың жылдықтың басы б.з.д.).
Орта Азиядағы мезолит дәуірінің бұйымдарының негізгі формалары бір жақты призмалы нуклеустер, бір қырлы ретуші бар пластиналар, сопақша шеті бар жарғақтардан жасалған қырғыштар.
Орта Азия территориясында негізінен екі мезолиттік мәдениет қалыптасты.Олардың бірі таулы аудандардың ескерткіштерін біріктіріп,жергілікті полеолиттік дәстүрмен байланысты болды.Аңшылық адамдардың негізгі кәсібі болды.Қара құйрықтылардың сүйегі ,аңшылық іс-қызметі мен теріні өңдеу құралдары едәуір көлемде тұрақтарда бар. Алайда Мачай және үңгірлі тұрақтарының жоғарғы қабаттарында қой (ешкі) мен ірі қараның сүйектері табылды. Жазық дала мен Копетдаг бөктерінің мезолиттік мәдениетінде екі негізгі бағыт ерекшеленеді: жазықта, әсіресе оның оңтүстік бөлігінде мүккамалды дайындаудың микролиттік техникасы дамып,ең ежелгі жер өңдеудің орталығы пайда болды, ал, солтүстік мезолиттік тұрғындар аңшылар мен балықшылардың мәдениетін қалыптастырды.
2. Мұз дәуірінен кейінгі Шығыс Еуропадағы мезолит.
Мезолиттік ескерткіштердің едәуір көлемі Шығыс Еуропада табылды.Мұнда,Днепр-Донецк қосөзеннің мезолиті мен Жоғарғы Еділ мен Жайықтың арғы бетінің мезолиттік ескерткіштерін бөліп көрсетуге болады.
Жоғарғы Еділдегі әйгілі қоныстар мезолиттің үш хронологиялық кезеңіне жатады.
● Ерте мезолит Ока өзеніндегі Гремячес тұрағымен белгілі;
● Орта мезолит Борки,Склятино тұрақтарымен белгілі.
● Кейінгі (соңғы) мезолит Соболево және Дмитревское қоныстарымен белгілі.
Әсіресе Елин Бор (Мурал қаласының маңында) көп қабатты қонысының ерекше маңызы бар.Қоныстарда 7х 5 мм көлеміндегі тікбұрышты формадағы жартылай жер төлелердің қалдықтары табылды.Бөлменің ортасында сопақша шұңқырларға орналастырылған ошақтар тұрған.Бұл қоныстарда формасы бойынша тал жапырақтарына ұқсас әдемі өңделген жебе ұштары өте көп кездеседі.
Камадағы ,Жайықтың арғы бетіндегі және керек болса Қиыр солтүстігіндегі мезолиттік мәдениет қарындаш тәріздес нуклеустерден сипатталады.Бұл жерлерді зерттеушілер оның жергілікті полеолиттік мәдениеттермен байланысының жоқтығын,керісінше оның орта Азиядан жасалған қырғыштар,сүңгілер,қырғылар көбірек кездеседі.
Дамыған мезолитте тастан жасалған бұйымдардың көлемінің кішіреюі байқалады,кескіштердің,тескіштердің,шеттері шабылған пластиналардың үлесі артты.Сонымен бірге ауыр қырғылар мен пышақтар сақталды.
Десна мен Сейм,Подонья мен Жоғарғы Днепр бассейінде бізге Будимир,Дечтярева және т.б. тұрақтардан белгілі өзге бір мезолиттік мәдениет қалыптасты.Бұл аймақ үшін шағын нуклеустерден алынған шағын тілікшелер тән.Донның арғы бетінің Орта тұсында мезолит дәуірінде екі мәдени-тарихи дәстүр түйісті:
1).өзінің бастауын полеолиттен алатын жергілікті дәстүр.
2).микролиттік техника тән келісім дәстүр.
Жақсы зерттелген мезолиттік өңірге Орал бөктері мен Оңтүстік Орал жатады.Мұндағы ең ертедегі мезолиттік ескерткіш Ильмурзино тұрағы болып табылады.Мезолит дәуірінің келесі кезеңі Холодный Ключ және Романовна ІІ тұрақтарымен белгілі.Бұл микролиттік техниканың гүлдену кезеңі.Кейінгі мезолитке Ақбота,Михайловская және т.б. тұрақтар жатады.Кейінгі мезолитке тән ерекшелік нуклеустерден жасалған қашалып жасалған құралдардың пайда болуы.
Оңтүстік Оралдың мезолиті бірқатар ерекшеліктері бойынша Орта Азия мен Иранның мезолитіне ұқсас.Оңтүстік Оралда, Каспийдің бергі беті мен Батыс Сібірде геометриялық формадағы құралдардың пада болуы, оларды алып келушілердің жолдарымен өндіруші шаруашылықтың да таралуы жүрді.
3. Сібір мен Қиыр Шығыстың мезолиті.
Өзге аймақтарға қарағанда мезолиттік ескерткіштер Оралдың бергі бетіндегі орманды өңірдің Тобыл,Тура,Ертіс өзендерінің бойларында кейінірек ашылды. (Серый Камень,Полуденна І және ІІ, Черноозерье ІІ және Ү) Мүккамалының (инвентарының) құрамы бойынша,олар оңтүстік оралдың мезолиттік ескерткіштерінен ерекшеленеді.Оларға пышақтектес тілікшелер, ретушсыз немесе қыры бар ретушты тілікшелер үшбұрышты және трапеция тәріздес шағын тілікшелер тән.Бұл мәдениеттің батыс бөлігі.Каманың арғы бетінің мезолитімен иін тіреседі.
Мезолит дәуірінің өзіне тән мәдениеті Сібірде дамыды.Мұнда,тастан еңбек құралдарын жасау техникасында күрт өзгеріс болған жоқ, сонымен бірге жергілікті тұрғындардың да өмір салты өзгерген жоқ. Мұнда табылған мүккамал (инвентарь)Сібірдің полеолитіне тән. Тұрақтардың көпшілішігінде мезолиттік мәдениетінің ерекшелігі болып табылатын геомертиялық микролиттер жоқ.Микролиттер тек қана Алтайда, бірен саран жерлерде Байкалдың арғы жағы мен Қиыр Шығыста табылды.Сібір мезолиті Енесейдегі Бирюса,Иркутені маңындағы Верхоленск таулары, Ангарадағы Усть-Белая,Байкалдың арғы жағындағы Фафоново секілді ескерткіштермен белгілі.
Барынша кеш, ХХ ғасырдың 50 жалдарында ғана Қиыр Шығыстағы мезолиттік қоныстарды зерттеу басталады. (Осиновка І,ІІ Ханкайдың бергі жағындағы алқабындағы қоныстар).Мұнда кездесетінтастан жасалған еңбек құралдары.Жанартаулық туф пен Обсидианнан жасалған.Тасты өңдеудің техникасы жергілікті полелитпен байланысты: Малтатастан жасалған кесетін құралдар,кесілуінде үшбұрышты тілікшелер,қарғыш-нуклеустер,шағын тілікшелер де кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
1.Мезолит дәуірінің кезеңін және мәдениетін анықта.
2.Макролит, микролит туралы сипаттама.
3.Мезолит кезеңінің негізгі айырмашылығы садақ пен жебенің пайда болуы.
4.Мезолит дәуірінің жетістігі.
5 Оңтүстік Оралдың мезолит ескерткіштері.
6.Майда тас құралдары.
7.Ірі тас еңбек құралдары.
6 -лекция.
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы мезолиттік ескерткіштері.
Жоспары:
1. Қазақстан жеріндегі мезолит
2. Мезолит хронологиясы мен мәдениетіне тән ескерткіштер
Лекция мақсаты: Мезолит кезеңінің ерекшілігі микролит, макролиттің пайда болуы және тұрақтары туралы түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Қазақстан жеріндегі мезолит
Қазақстан аумағындағы мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50- жылдарда ғана пайда болды. 70-80жж В.Ф. Зайберттің Есіл өңірінде В.Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңіріндегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80жж аяғы мен 90 жж басында батыс және оңтүстік Қазақстан да археологиялық зерттеулердің арқасында бірнеше тұрақтар ашылды.
Тас ғасырының аяғына қарай далалық – орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр құрамы едәуір артып: жылқы қоян сутышқан құндыз қасқыр түлкі аю қабан елік бұлан қарақұйрық киік бизон, түрі болды. Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде –ақ жайғасқан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуы ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай Орал өзенднрінің аңғарына қощныс аударды. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерден пайда болды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтыр туып отыр. өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішынде тұрып, материалдық қалдықтар қалмады деуге де болады.
Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин , Боголюбов – 2 Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте Атбасар маңында Тельман 7-8-9-14 одан да оңтүстікте қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды-15 тұрақтары бар.
2.Мезолит хронологиясы мен мәдениетіне тән ескерткіштер
Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдақтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айыамашылықтыры жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтыр ғана бар. Мысалы: Мичурин, Дүзбай -6, Дачная бұлардағы қыстырма жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалашықтар тым шағындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «микролиттер » деп аталды. Бұл ерекшеліктер аумақтада хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал- Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы мен солтүстік батыс және оңтүстік батыс үстүрттің соларға жақын есгкерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобы мен жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылар мен ассиметриялы трапециялармен кескіштермен сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен қыстырмалар мен ұшы қиғаш өткір бізбен қалақшалар мен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастар мен сипатталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан жеріндегі мезолит ескерткіштерін көрсет.
2. Мезолит пен неолит дәуiрлерiнiң негiзгi жетiстiктерiн атап, олард адамзат тарихындағы маңызын көрсетiңдер.
3 . Мезолиттiк мәдениеттердiң негiзгi ерекшелiктерiн атаңыз.
4 Мезолит дәуірінде қай жерлерге қоныс аударады.
5 Қазақстанда мезолит ескерткіштері қай жерден көбірек табылды.
6 Сібір жеріндегі мезолиттік тұрақтар.
7 Қиыр шағыстағы мезолит ескерткіштері.
8. Майда тас құралдары.
9. Ірі тас еңбек құралдары.
7- лекция
Тақырыбы: Неолит.
Жоспары:
1. Джейтун мәдениетінің шаруашылығы мен хронологиясы
2. Денепро-дондық мәдениеті
3. Шығыс Европаның мәдениеттері
Лекция мақсаты: Жаңа тас дәуіріндегі терімшіліктен егіншілікке, Аңшылықтан, мал шаруашылығына көшуін түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Джейтун мәдениетінің шаруашылығы мен хронологиясы
Неолит Дәуірі жылы дымқылды антлатикалық климаттық кезеңді және құрғақ жылы субборалды кезеңнің басын қамтиды Неолит дәуірі әр аймақтарда әр түрлі уақытта басталып аяқталған орташа неолит дәуірі б з д 5-3 мың жылдықтарды қамтиды.
Неолит дәуіріндегі тас өңдеу техникасының жаңалықтары. Неолит дәуіріндегі тастың жаңа түрлерін іздеп меңгереді. Меңгерген кейбір тас түрлері шақпақ тас сияқты жіңішке бөлшектерге бөлінбейді. Мысалы яшма мен нефрит палеолит дәуірінде еңбек құрал жасайтын материал ретінде өте сирек пайдаланатын Неолит дәуірінің алдыңғы кезеңдерден өзгешелігі-осындай тас түрлерін меңгеру пайдалауы.Неолит дәуірінде тас өңдеу ескі әдістері сақталып үстем болып келе береді. Ретуш леваллуа техникасы екі жағынан соғу техникасы. Бірақ бұл техникалардың біреуінде нефрит және яшма сияқты тастарынан еңбек құралын жасау үшін жарамайды.Өйткені олар дұрыс шағылған тастарды бермейді. Сондықтан неолит дәуірінде тас өңдеу техникалары пайда болады.Шлифование аралау қайрау бұрлап тесу.
Керамиканың пайда болған уақытты оның формасы және негізгі өңдеу әдісі. Керамика неолит дәуірінің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол көптеген жерлерде бір уақыт мерзімінде пайда болған бірақ оны шеттен алып пайдалануы да мүмкін.Керамиканың негізгі өңдеу әдістері : лектикалық және ширактық.Дайындалған балшық қамырдан ұзын лента жасап ,оны болашақ құмыра формасымен спираль түрінде орайтын ,сосын сыртын ,ішін тегісіп,ауада кептіріп күйдіреді.Саусақтардың іздерінің көлемін қарағанда ыдыс-аяқты әйел адам істеді деп айтуға болады. Тамақты оттың үстіне дайындайтын, ал түбі тегіс оттың үстінде берік емес.Сондықтан құмыралардың формасының түбі үшкір немесе тұқым тәріздес болады.
Неолит дәуiрi әртүрлi аймақтарда шаруашылықтардың дамуы әркелкi жүргенi айрықша байқала бастағанымен ерекшеленедi. Орта Азияның оңтүстiк батыс аймақтарының шаруашылығында түбегейлi өзгерiстер болды. Мұнда азық табудың негiзгi көзi егiншiлiк пен бақташылық алдынғы қатарға шықты. Неолиттiк егiн шаруашылығының кейбiр белгiлерi Қара теңiз жағалаулары мен Молдованың бiрсыпра аудандарында да байқалады. Алайда өндiрушi шаруашылықтың осы үдемелi нысанының елiмiздiң басқа аймақтарына жаппай таралуы жүздеген жылдарға созылды. Тарихи дамудың барлық жерлерде бiркелкi еместiгiне байланысты неолиттiң мерзiмдiк (хронологиялық) шегiн анықтау қиын. Неолиттiң басталуы барлық жерлерде бiрдей 6-мыңжылдықтың соңы мен 5-мыңжылдықтың басына сәйкес келедi. Ал оның металды пайдаланған дәуiрге ұласуы барлық жерлерде бiрдей емес. Мәселен, бiрқатар оңтүстiк аудандарда неолит 4-мыңжылдықтың соңында қола ғасырының егiншiлiк мәдениеттерiне ұласса, Еуропаның батыс және шығыс аудандарында неолиттiк шаруашылық б.э.д. 2-мыңжылдыққа деиiн созылды.
Жаңа тас кезiнде тас еңбек құралдарын жасау тәсiлдерi өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Тас балта, шот, соққыны пайдалану кеңiнен таралып, өзiнiң түр-тұрпаты жағынан алуан түрлi тас құралдар, әсiресе ағашты өңдеуге арналған құралдар пайда болды. Сонымен қатар адамдар еңбек құралдарын жасауда диорит, нефрит, тақта тас секiлдi тастың жаңа түрлерiн пайдалануды үйрендi.
Балшықтан ыдыс жасау әдiсiн игеру жаңа тас дәуiрiнiң орны бөлек жаңалықтарының бiрi. Балшықтан жасалған ыдыстардың пайда болуымен жаңа сапалық құбылыс ендi.
Мата тоқып одан киiм тiгудi игеру iсi де жаңа тастың ең елеулi жаңалықтарының жалғасы. Алғашында адамдар мата тоқитын жiптi иiруде кенеп пен қалақай секiлдi өсiмдiктердi пайдаланды. Аңдарды қолға үйретуге байланысты мал жүнiнен жiп иiру меңгерiлдi. Тоқыма iсiнiң жолға қойылуы киiм, қапшықтар дорбалар тiгетiн және балық аулайтын аулар тоқитын жаңа шикiзаттар бердi. Неолит кезiнде Еуразия жерiнде жекелеген мәдени ошақтар, немесе бiрлестiктер қалыптасты: Еуразияның батыс бөлiгiнде Украйна мен Молдовада, Орта Азия мен Кавказда, Орал, Сiбiр, Қиыр Шығыста. Неолиттiк тайпалардың Орта Азияны мекендеген бiр бөлiгi Еуразия құрлығында барлығынан бұрын б. э. д. 6-мыңжылдықта отырықшы егiншiлiкке көшкен. Осы тайпалар қалдырған ескерткiштердiң кешенi олардың iшiндегi бiршама жақсы зерттелген қоныстың атымен Жейтүн мәдениетi деп аталады. Ерте егiншiлiкпен айналысқан жейтүн мәдениетiнiң ескерткiштерi Қарақұм мен Копет – Даг тау сiлемi бөктерiндегi жiңiшке жолақта шоғырланған. Ашхабаттың солтүстiгiнде 30 км жерде кiшiгiрiм төбенiң үстiнде орналасқан жейтүн қонысы 50 ге жуық бiр бөлмелi үйлерден тұрады. Онда жүргiзiлген қазба жұмыстары жейтүндықтардың үй салу кәсiбiн неолиттiң басында үйренгендiгiн көрсеттi. Қоныстан табылған еңбек құралдары ұсақ тас қырғыштар, кескiштер, тескiштер және орақтардың тiстерi. Балшықтан жасалған ыдыстарда отырықшылық сипатта. Олардың қатарында астық сақтау үшiн пайдаланылған үлкен құмыралар көп. Кейбiр ыдыстары толқынды көз алдыңа елестететiн өрнектермен безендiрiлген. Жейтүн мәдениетi қонысын Орта Азия мен Алдынғы Шығыстың көне мәдениеттерiмен салыстыру барысында оның Алдынғы Азияның ерте егiншiлiк мәдениетiнiң қатарына жатып, әлемнiң алдыңғы қатарлы отырықшы- егiншi тайпаларының солтүстiк-шығыс шекарасындағы шеткi ауданы болғаны анықталды. Олар арнайы суғару жүйелерiн салмады. Егiншiлiкте өзен суларының көктемгi табиғи толысын пайдаланды. Қазiргi кезде Қара теңiздiңi орманды және далалы жағалауларында неолиттiк мәдениеттiң үлкен ауданы ашылған. Осы аудандағы Днестiр мен Буганың аралығында б.э.д. 5 – 4 мыңжылдықтарда буга-днестiр мәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттiң 60 тан астам қоныстары белгiлi. Буга – днестiр мәдениеттiң тұрғындары жер бетiне салынған жеңiл үйлер мен жертөлелерде тұрды. Басты шаруашылығы аңшылық, малшылық кейiннен қалыптасып, егiншiлiктiң алғашқы белгiлерi байқалады. Бұғының мүйiзiнен жасалған кетпендер мен қоңырқызыл түстi түбi үшкiр ыдыстары ерекше.
2. Денепро-дондық мәдениеті
Днепр мен Донның аралығындағы ауқымды аймақта днепро-дондық мәдениет дамыды. Бұл күнде осы мәдениеттiң 200 ге жуық қоныстары мен зираттары белгiлi. Тұрғындары жердiң бетiне салынған төртбұрышты ағаш үйлерде тұрған деп есептеледi. Мәдениет ауқымы кең, түбi үшкiр, сырты тарақ секiлдi нәрсемен салынған өрнекке толы ыдыстарымен ерекшеленедi. Шаруашылығы мәдениеттiң бүкiл даму барысында аңшылық болған, тек соңғы кезiнде егiншiлiк пен малшылық қалыптаса бастады.
Неолиттiң кезiнде кiшiгiрiм мәдени қауымдастықтар Рессейдiң Еуропалық бөлiгiн, Оралды, Батыс Сiбiрдi, Байкал өңiрiн, Қиыр Шығысты қамтыған орманды аудандарда қалыптасып, дамыды. Осы облыстардың әрқайсысының iшiнде жекелеген мәдениеттер бөлiнiп шығады. Мәдениеттердiң әрқайсысын зерттеу барысында олардың бiр – бiрiнен айырмашылығына ыдыстарының формасын, өрнегiн, шаруашылығын негiзге ала отырып көңiл бөлген жөн. Еуразияның орманды және ормандыдалалы аймақтарының неолиттiк мәдениеттерi аңшылық, балықаулау және терiмшiлiк негiзiнде қалыптасып дамыды. Неолит кезеңiнде елiмiздiң көпшiлiк аудандарында өндiрiстiк өрлеу жүрiп жатты, еңбек құралдары жетiлдi, әртүрлi тайпалардың қоныс аударуына байланысты олардың бiрiн бiрi тәуелдi ету секiлдi күрделi тарихи процестер қалыптасты. Орманды аймақтарда қоныстар жалпылама аңшылыққа қолайлы өзендердiң жағалауларына шоғырланған. Олардың негiзгi қатынас жолы өзен болғандықтан қайық негiзгi көлiкке айналды. Бұл аймақтардағы мәдениеттердiң дамуы аңшылық қарулар мен балық аулайтын құралдардың ұдайы жетiлуi негiзiнде жүрдi. Неолиттiң соңына таман кейбiр жерлерде малшылықтың нышаны байқалады. Бiртiндеп орманды аймақтардың неолиттiк мәдениеттерiнiң орналасу жүйесi өзгердi. Осы өзгерiстерге қарай ерте неолиттiк мәдениеттердi б.э.д. 5 - 4 – мыңжылдықтарға, дамыған және кейiнгi неолиттiк мәдениеттердi б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарға жатқызуға болады. Ерте неолитте Едiл мен Ока бассейiнiнде льялово мәдениетi тайпалары өмiр сүрдi. Оларға сыртында ойықша және тарақтың дақтары секiлдi өрнегi бар жұмыртқа тәрiздес ыдыстар тән. Дамыған неолит кезiнде, б.э.д. 3 – мыңжылдықта неолиттiк тайпалардың қозғалысы байқалады. Днепр – донецкi тайпалары солтүстiкке қарай таралды. Ал Едiл мен оканың бойын мекендеген льялов тайпаларының мәдениетi барлық бағытта таралды.
3. Шығыс Европаның мәдениеттері
Осындай қозғалыстардың нәтижесiнде б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Шығыс Еуропаның орманды аудандарында жаңа мәдениеттер қалыптасты: Солтүстiкте – карель; Балтық жағалауларында – прибалтика; Ресейдiң орталық аймақтарында бiрнеше мәдениеттер (волосово, белево, валдай т.б.) қалыптасты. Олардың көпшiлiгiнiң қалыптасуына льялов мәдениетi елеулi ықпал жасады. Олардың барлығын бiрiктiретiн ыдыстарының сыртындағы тарақтың ұшымен және басып салынған ойық өрнектерiнiң ұқсастығы.
Шығыс Сiбiрдiң жаңа тас дәуiрi негiзгi үш кезеңнiң ескерткiштерiмен (исаково, китой, серов) белгiлi.
Қиыр Шығыстың жаңа тас дәуiрiн зерттеу соңғы уақытта жақсы нәтиже бере бастады. Б.э.д. 5 – мыңжылдықтан бастап мұнда бiрнеше мәдениет дами бастады: новоперов, громатухин, ал кiшкене кейiнiрек – осинозерскi, кондоискi т.б. Жаңа тастың соңына қарай Қиыр Шығыста егiншiлiк пен мал өсiру қалыптасады. Қиыр Шығыс мәдениеттерiнiң ыдыстарының сыртына салынған көлденең сызықтармен тоғысқан әсем толқындар тәрiздес өрнектерi ешбiр аймақта кездеспейдi.
5 - 4-мыңжылдықтарда Орта Азияның едәуiр бөлiгi мен Қазақстанда Арал теңiзi аймағында балық пен аң аулауды кәсiп еткен тайпалар мекендедi. Олардың iшiндегi едәуiр жақсы зерттелгенi б.э.д. 4-мыңжылдықта қалыптасқан Кельтиминар мәдениетi ескерткiштерi. Осы мәдениеттен қалған ескерткiштердiң ең iрiлерi Жамбасқала 4, Жебелi, Сексеуiлдi тұрақтары Сырдарияның төменгi ағысы мен Арал теңiзiнiң маңында орналасқан.
Қазақстанның басқа аудандарында жаңа тас ескерткiштерi өте аз зерттелген. Дегенмен бүгiнге дейiн белгiлi болған 600 ден астам неолит және энеолит дәуiрлерiнiң ескерткiштерi Қазақстанның жаңа тас дәуiрi тайпаларының Еуразия кеңiстiгiндегi неолиттiк мәдени топтардың қалыптасуына үлкен үлес қосқанын бiлдiредi. Өздерiнiң қандай жерге орналасқанына қарай неолиттiк тұрақтар: бұлақтық, көлдiк, өзендiк және үңгiрлiк болып үш түрге бөлiнедi. Өзендiк және көлдiк тұрақтарда еңбек құралдары едәуiр көп табылады. Бұндай белгiлерi алғашқы адамдардың ондай тұрақтарда ұзақ уақыт, немесе тұрақты мекендегенiн бiлдiредi. Қазақстанның далалық аймақтарында бұлақтық тұрақтар көп таралған. Олар көбiне кезбе аңшылардың уақытша тұрған жерлерi. Үңгiрдегi тұрақтар көбiне таулы аймақтарда. Неолиттiк үңгiр тұрақтары Қазақстанда жақсы зерттелген. Олардың iшiндегi жан – жақты зерттелгендерi Қараүңгiр, Устьнарым, Сексеуiл, Иманбұрлық, Кiшiкраснояр, Пеньки 1,2 т.б. тұрақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |