Киев архитектурасы Киев Хғасырда жоғарғы (ескі К) және төменгі (Подол) қала болып екіге бөлінді.ХІ ғасырда қамал-қабырғамен қоршалған. Жоғарғы Киевтің композициялық кіндігі Әулие Софияның соборы (1037, 17 ғ-да қайта салынған;фрескасы мен мозаикасы 11 ғ-дан қалған) болды,Киев-Печер лаврасы және Выдубицкий монастыры (Михайлов шіркеуі,1070-88)сияқты алғашқы ірі құрылыстар салынды (қазір сол кездегі «Алтын қақпаның»кейбір фрагменттері ғана сақталған.).ХІғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында Брестовтағы Спас (1640-43ж. жөнделген.)және Кириллов (18 ғ-да жөнделген)шіркеулері ірге көтерді.ХІІІ-ХVІ ғ-да баяу қарқынмен дамыған.Киев құрылысы ХVІІғ-да кең қанат жайды,Никола Притиска (1631),Ильин (1692) шіркеулері сап түзеді.
Баќылау с±раќтары:
1. Киев тарихы
2 Киев архитектурасы
3. Қорғаныс орталығы –«детица»
4.Сауда-қолөнер поселкасы-«посада»
5.Сауда-саттық жасалынатын дүкендер –«торгалар»
24- лекция. Таќырыбы: Ежелгі Новгород
Жоспары: 1 Новгород –ежелгі орыс қалалары
2 София соборы
Лекция маќсаты: Новгород –ежелгі орыс қалалары мен София соборы ірі құрылыстар,оң жағада сауда ғимараттарын анықтау
Лекция мєтіні
Новгород –ежелгі орыс қалалары
Новгород –ежелгі орыс қалаларының бірі. Алғаш рет ол туралы мәлімет Новгород жылнамасында (859)айтылады.Х ғ-дың ақырынан Киев русьінің маңызды 2 орталығы,1136-1478 ж. Новгород феодалдық республикасының астанасы.Волга бойымен «варягтардан гректерге»бартын жол торабында орналасқандықтан қалада қолөнерінің,сауда мен мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасалды. Ежелгі Новгород –орыс мәдениетінің көрнекті орталығы болған. Ол татар –монғол шапқыншылығы кезінде бүліншілікке ұшырамаған. Орыстың бір орталық мемлекетінің құрамына кірген (1478).Новгород 18-\ ғ-ға дейін Россиядағы ірі шаруашылық,сауда.орталығына айналған қалалардың бірі болған.Ол тұрғындарыныңсаны (35 мың) жөнінен 1546 ж. Орыс қалаларының ішінде 3-орында (Москва мент Псковтан кейін) тұрды. 17 ғ-дың басында швед шапқыншылығына қарсы жүргізілген күрес кезінде Новгород үлкен күйзеліске ұшырады.1932 ж.Н-та А.В.Арциховский негізін саоған Новгород археол экспедициясы үзбей зерттеу жұмысын жүргізуде.Зерттеу жұмысының барысында Н-тан көптеген қала құрылыстары (тұрғын үйлер және шеберханалар )зерттелді, қолөнер тарихынан, а.ш-нан т.б. бай коллекциялар жиналды.Тарих ғылымына үлкен маңызы баркөптеген самра жазулары табылды.1865 ж.Н-та музей ашылған ол 1958 ж. Тарихи-архит музей қорығына айналдырылды.
София соборы
ХІІ ғ-дың орта кезінен Н. өзенінің екі жағалауын қуалай салынған ірі қалаға айналды. Сол жағада София соборы т.б. ірі құрылыстар,оң жағада сауда ғимараттары орналасты.Құрылыс 17 ғ-ға дейін ағаштан,ішінара тас пен кірпіштен (бекініс қорғандары мен ғибатадханалары )салынды.Байырғы ескерткіштердің дені сол жағалауға шоғырланған.ХІІ ғ-дың басында ІІжартысында ірі ғибадатханалар (Петр мен Павелдің,Спастың т.б. )ірге көтерді. 13-15 ғ-да классицизм үлгісімен салынған ғимараттар:Гауптвахта (19ғ.),Сапар сарайы (1771;1824-28ж. Арх.В.Н.Стасов қайта салынған.),«үлгілі жобамен» тұрғызылған тұрғын үйлер т.б.Бас жоспар (1943-45,арх. А.В Щусев т.б. 1966 , «Гипрогор» ин-ты)бойынша Ленин,Москва көшелерінен жаңа тұрғын үй комлекстері сап түзеді.Музей-қорық ұйымдастырылып,байырғы ескеркіштер өңделді, В.И.Ленинге ескеркіш ( қола, грнаит,1926-56,мүсінші Д.П. Шварц, арх.Д.П Осипов ),азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне мемориал (ббауырластар қабірі ,мәңгі шырақ) орнатылды.
Новгород мектебі –ХІІ ғ-дың ІІ жартысында мен 16 ғ-дың басында Новгородта қалыптасқан ежелгі орыс өнері мектептерінің бірі Н.м. өкілдері жасаған Нередица (1199)мен Волотова (1352) шіркеуіндегі фрескалар мен жазбалар (Феофан Грек жазбалары1378, иконалар ,минитюралар)және сыртқы тұрқы қарапайым әрі монументті архит құрылыстар (негізінен тастан тұрғылған )орыс мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес ықпал жасады.
Баќылау с±раќтары:
11.София соборы.
2.Қолөнер бұйымдарын жасау.
3.Қанжарлар мен қылыштар. Төрт қырлы қылыштар.
4.Ерте және кейінгі ортағасырлық новгород архитектурасы.
5.Успения шіркеуі.
6.Волотов шіркеуі.
7. Фрескалы бейнелеу.
25- лекция. Таќырыбы::Ежелгі Рязань
Жоспары: 1. Көне Рязанда
Лекция маќсаты: Көне Рязань маңызды сауда және кәсіби орталығын Қаланың аумағында көптеген кәсіби шеберханаларды қазба жұмысымен анықтау.
Лекция мєтіні Қол жазбаларда айтылғандай Көне Рязанда үш тастан жасалған шіркеу болған екен.Борисаглеб,Скай –спас және Успенский шіркеулері.Археологтар тарапынан олардың қалдықтары табылған.Борисоглеб соборының ірге тасы XIXғ басында Көне Рязань қаласының батыс бөлігінде ашылған болатын.Бұл шіркеу үш иілген апсидтен тұратын,кресті мекеме.Үстіңгі жаппасын алты баған ұстап тұрған.Қабырғалары аң тастан,ал жан қабырғалары жақсы күйдірілген әртүрлі өлшемдегі кірпіштерден қаланған.Едені түрлі-түсті кірпіш плиталарынан тұрған.Екінші шіркеу қаланың солтүстік батысынан табылған.Бұл көне орыс сәулет өнерінің ғажап құрылысы.Рязанда салынған шіркеулер XII-XIIIғғ жатады.Қиыншылықтар бұлардың атауларын анықтауға болады.
Көне Русьте,Монғол кезеңіне дейін Көне Рязань маңызды сауда және кәсіби орталығы болды.Қаланың аумағында көптеген кәсіби шеберханалар болды.Олар тұрғындардың ең маңызды кәсіби өндірісі болды.Қазбалардың нәтижесінде мұнда металлургия өндірісі,темір,ағаш,түлі-түсті металдар,тастар,сүйектер қайта өңделген.Олжерде сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтар кең тараған.Рязань ыдыстары Көне Русьте өте жиі кездесіп тұрады.XIғ Рязандық кәсіпкерлер болатты игеруді қолға алды және оларды қару-жарқтар, еңбек құралдарын жасауда қолданған.Ең жиі табылған олжасы темірші кәсібіндегі бұйымдар болды.Мұны екі себептен түсіндіруге болады.1)өндіріс саласында кең дамыған.2)темірші кәсібіндегі заттар жер бетінде сақталған.Ең көп жасалған теміршілердің пышақтары болды,олардың 1500 жуығы табылған.Рязаньдық теміршілер орақтар,балталар, қару-жарақтар, таразылар жасаған.Мұндай заттарды жасау олардан жоғары техникалық мәдениетті талап етті. Рязаньда және орыс қалаларында жасалған сарайлар тек қана Русьте емес,шетелдерде де кең тараған атаққа ие болды.Көне Рязаньда қымбат бағалы зергерлік бұйымдардан тұратын 4 қазына орны табылған.Оның екеуі татар шапқыншылығы уақытында қиратылған.Уйлердің, пештердің іштерінен табылған.Олардың ішінен алтыннан, күмістен өте әдемі әулиелердің мүсіндері зергерленген медальондар,моншақтар және басқа бұйымдар бөлініп тұрады.
Баќылау с±раќтары:
1 Ежелгі Рязань Қалалықтар тұрғын жайы.
2Бөренелі құрылыс. Жартылай жертөле.
3.Спаск соборының жобасы.
4Археологиялық олжалар.
26- лекция. Таќырыбы:
Мәскеудің археологиясы.
Жоспары:
1 Тарихи анықтама.
2 Москвада археологиялық зерттеулерден
Лекция маќсаты: Москвада археологиялық зерттеулерді анықтау.
Лекция мєтіні Тарихи анықтама.Мәскеу тұрған жерді адам баласы тас дәуірінен қоныстанған (Москва ө-ндегі неолит дәуірінің Щукин тұрағы).Кеініректегі дәуірлерге жататын көптеген археол.ескерткіштер: қола дәуірінің фатьянов мәдениетіне жататын шағын қала орны (Коломенское маңындағы Дьяково с-нда, Кремль территориясында, Ленин тауларында,Сетунь ө-нде, Кунцево паркінде т.б.жерлерде ) қала төңіргінен көп табылған.Б.з-дың І м.ж. аяғында Мәскеу төңірегінен славяндар (вятичтер,кривичтер)қоныстанды.Яуза ст-ндағы Царицындағы, Чертановодағы,Черемушкадағылар т.б. қорғандар мұнда 11-13 ғ-ларда вятичтер деревнялары болғандығын дәлелдейді.Кремль мен зарядьеде жүргізілген қазба жұмыстары ХІ ғ-дың аяғында Мәскеу Неглинка ө-нің сағасында орналасқан феод.орталық және қолөнерімен,саудамен айналысқан кішігірім қала болғандығын байқатады.Неглинка мен Москва ө-дерінің аралығы мүйіс дуалмен, ормен қоршалған.Қаланың бекініссіз бөлігі шамамен қазіргі Кремльдегі Съездер сарайына дейін, ал Москва ө-нің жағасымен қазіргі «Россия» қонақ үйіне дейін жеткен.Мәскеу алғаш рет 1147 жылғы жылнамада Суздаль князы Юрий Долгорукийдің иелігі ретінде айтылған. Жылнама жаңа құрылысты,әсіресе кейін кеңейтілген жаңа бекіністі (1960 ж. Кремельдегі Съездер сарайының ірге тасын қалау үшін қазылған ордан, бекініс ағаштарынан табылды).1156 жылға жатқызады.Бекініс территориясы 3-4 есе өскен.ХІІІ ғ-дың ІІ жартысында Мәскеу сол кездегі Москва князьдығының орталығы болды. Москваның өсуіне,бедел алуына оның туған жері,демек славян жерінің орыс халқы қалыптасқан орталығында,сауда жолдарының торабында тұрғандығы себеп болды.
Москвада археологиялық зерттеулер
Москвада археологиялық зерттеулерден алдын адамдар қалада салпыншақтар(алқалар), ескі ақшаларды шишадан жасалған білезіктер, тарақтар тапқан.Олар Москваның көнелігіне куәлік етеді. Бірінші археологиялық зерттеулер өткен ғасырдың XX жылдары Москвада басталған. Алайда, 100жыл өте 1926-1927жж көне қаланың көлемді зерттеулері басталған. Москва метросының құрылысында көптеген көне заттар табылып жиналған зерттеулер нәтижесінде көптеген соның қатарында XYI ғ жанып кеткен Шах Грозный сарайы құрылысының қалдықтары ашылған. 40 ж аяғында 50ж басында біздің ғасырда Кремльдің жанында зарядьеде қазба жұмыстары жүргізілді.
Төменгі бөлінген үйлер қалдықтары кәсіпкерлер шеберханалары ашылған. Сонымен көне кәсіпкерлік және сауда орталығы Неглинная өзенінің сағасына жақын жерде орналасқаны айтылған. Осындай мәдени қабаттар Кремльдің батыс бөлігінде, Тройын мұнарасының жақын жерлерінде де табылған.Алайда ұзақ уақытқа дейін көне Москва қай жерде пайда болғаны сұрақ болып қала берді.Біреулер, Москваның басталуы Яуза сағасындағы биік төбеде қойылған, енді басқалары Москва зарядье аумағында пайда болған деп болжам жасайды. Үшіншілері қала өте жоғарыда, биікте,қазіргі Дзерженси алаңында пайда болған деп ойлайды.
Баќылау с±раќтары:
1 Мәскеу неолит дәуірінің қоныстарына сипаттама.
2 Андрон мәдениетіне сипаттама.
3 Біздің заманымыздағы мәскеу тайпалары.
4 Фатиянов кезеңіне сипаттама.
5 Мәскеу қоргандары
6 Мәскеу княждығы
7 Мәскеу тас қабырғалары.
8 Археология жургізілген аймақ.
9 Славян тайпалары.
10 Мәскеудегі тас дәуірі
11 Мәскеу архитектурасы.
12 Жаңа архитектуралық кезеңге сипаттама.
13 Мәскеудегі кәсіпкерлік.
14 Мәскеудегі „Қытай қала”
15 Мәскеудегі Қызыл алаң
16 Қала архитектурасына сипаттама.
17 Мәскеудегі орта ғасырдағы өзгерістер.
18 Мәскеудегі жаңа замандағы өзгерістер
19 Мәскеу ұлы қорғандары.
20 Мәскеуде қашаннан бостап археологиялық қазба жұмысы басталды.
27- лекция. Таќырыбы:
Еділ Булгариясы мен Алтын Орда археологиясы.
Жоспары:
1.Еділ Болгарлары
2 Сувар қалалары.
3.Қалалары мен өнері.
Лекция маќсаты: Еділ Булгариясы мен Алтын Орданың археологиялық ескерткіштерін қазба жұмыстарын анықтау
Лекция мєтіні
1.Еділ Болгарлары
ҮІІ ғ. Еділдің ортанғы ағысы мен Каманың төменгі сағасында түрік тілдес тайпалық бірлестік болгарлар пайда болды. Олар Хазарлардың қысымынан Азов маңындағы мекендерін тастап келген болатын. Еділдің бойына қоныстанған болгарлар жергілікті тайпалармен араласып дербес материалдық мәдениет құрды. Кейіннен осы жерде Еділ Болгариясы деп аталған ерте феодалдық мемлекет қалыптасты. Ортағасырлық Еуропаның мәдени орталықтарының біріне айналған ол қазіргі еділ халықтарының, әсіресе татар және чуваш ұлтының қалыптасуына елеулі үлес қосты.
Болгарлар келгенше еділдің осы бөлігін егіншілікпен кәсіптенген горедецкі археологиялық мәдениетінің өкілдері мекендеген. Олармен көршілес жартылай көшпелі сарматтар да тіршілік кешті.
Болгарлар келгенге дейін жергілікті егіншілер мен жартылай көшпелі және көшпелі тайпалардың арасында алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау процесі жүріп жатқан. Х ғ. орта тұсына дейін Еділ болгарлары Хазар қағандығына тәуелді болатын. Болашақ Болгар мемлекетінің қалыптасуына көптеген тайпалар қатысты. Археологиялық материалдарға қарағанда жаңа мемлекеттің құрамына ананин және пьянеборскі, гороцов мәдениеттерінің өкілдері мен Алан-сармат және болгар көшпелілері кірген. Оның территориясы Каманың төменгі ағысы мен оның оң жағалауындағы Чувашиядан Еділдің оң жағалауындағы Самара иініне деиінгі жерлерді қамтыды.
Еділ Болгариясын құрған тайпалар Х ғ. дейін бытыраңқы тіршілік кешіп, Хазар қағанатына бағынды. Уақыт өте болгарлар мен көшпелі тайпалар отырықшы тіршілікке көшіп, егін салып, қол өнерімен және сауда ісімен айналысты. Болгар, Сувар, Биляр, Ошель, Керменчук қалаларының ірге тасы осы кезде қаланды.
Халқаралық сауда жолының Еділ арқылы өтетін қиылысында орналасқан Болгар қаласы жедел дамыды. Болгар қаласы біздерге А.П. Смирновтың зерттеулері арқылы белгілі. Каманың сағасында орналасқан Ұлы Болгар қаласы археологиялық жағынан басқаларына қарағанда жақсы зерттелген. Көне атауын осы күнге дейін сақтаған қаланың орнында бүгінде Болгар селосы тұр. Селоның маңындағы қалашықты қорғаныс дуалы мен ор қоршаған. Негізгі дуалдың оңтүстік шетінің сыртқы жағында жеке дуал мен ор қоршаған кіші қала жалғасып жатыр. Осы бөліктің ішкі жағында тастан қаланған түрлі құрылыс қалдықтары сақталған. Бұл жерде қаланың оңтүстік қақпасын қорғаған әскери күзет түрған казармалар болған деген пікір бар. Қалашықтың төменгі мәдени қабаты Х-ХІ ғғ., ал жоғарғы қабаты ХІҮ ғ., яғни моңғол дәуіріне жататындығы анықталды. Қала үйлері тастан қаланған және ағаштан тұрғызылған. Керамика құбырлардан жасалған су жүйелері де табылды.
Сәулеткерлік ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін сақталған. Солардың қатарына екімонша, Қара палата деп аталатын мешіттің қалдығы және үш кесене жатады. Ақ палата деген ат алған монша орта ғасырлық сәулеткерлік ескерткіштердің ерекше үлгісі ретінде аса маңызды. Көлемі 12Х12 м бұл ғимарат төрт бұрышты орталық және шеткі бөлмелерден тұрады. Тастан қаланған бассейін де осы жерде. Қалған бөлмелердің бірі шешінетін екіншісі демалатын орын. Ыстық және суық сулар көрші бөлмеден арнайы құбыр арқылы беріледі.
Қаланың орталық бөлігінен тастан және ағаштан салынған тұрғын үйлердің орындары ашылды. Мұнда жиі өткізіліп тұратын жәрменкеге Орыс, Хазар, Хорезім және Армян көпестері келетін. Қазба барысында Орыс, армян, грек келімсектері тұрған кварталдар табылған.
Х – ХІ ғғ. Болған өзара қырқыс соғыстары барысында қала бірнеше дүркін тоналған. Ал ХІІ ғ. Болгардың астанасы Биляр қаласына ауысты.
2. Сувар қаласы
Болгарияның көлемі жағынан үшінші қаласы болғандығы жайлы Х ХІҮ ғғ. Тарихи құжаттарынан белгілі. Ол Еділден 40 км жердегі кішкене өзеннің бойында орналасқан. Қала құрылысы балшықтан жасалған кірпіштер мен бөренелерден тұрғызылған. Осындағы көлемі 7 х 7 м келетін үй ағаш еденнен және подвалдан тұрады. Шеткі қабырғаға жақын орналасқан пештің екі шетінен азық сақтаған үралар қазылған. Үйдің қабырғалары ағаш бұтақтарынан өріліп, екі шетінен сыланған. Бөренелерден тұрғызылған үйлер де табылды.
Қаланың орталық бөлігінде кезінде бірнеше дүркін қайта салынған үлкен сәулеткерлік кешен орналасқан. Бірнеше қосалқы құрылыстары мен мұнарасы бар, екі қабаттан тұратын төрт бұрышты ғимараттың орны көне сарайдың қалдығы болуы мүмкін. Оны кірпіштен қаланған қорғаныс қабырғасы қоршаған. Оның ішкі жағында орташа көлемдегі аула бар. Ауланы жағалай бастырмалар салынған.
Болгар қалаларын зерттеу негізгі үй құрылыстарының қауымдық таптық қоғамға дейінгі түрлерінің мемлекет қалыптасқанша қалай дамығындығын анықтауға мүмкіндік береді. Үйлердің бастапқы жергілікті түрі жертөлелер болғаны анықталды. Дияметірі 9 м шамасындағы сондай дөңгелек үйлердің жоғарғы жағы тастан қаланды. Үйдің ортасындағы тіреу шаңырақты ұстап тұрған. Қабырғаның ішкі жағын жағалай сәкі-төсектер орнатылған, ошақ сыртқа шығатын есіктің қасында. Кейіннен жердің бетіне балшықтан және бөренелерден салынған үйлер қалалардың қалыптасуының бастамасы. Х ғ. бастапБолгар қалаларында кірпіш пен тастардан соғылған зәулім ғимараттар пайда болды. Олардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасып, қала өмірінің көркейуімен ұласты. Тас құрылыстардың екі түрі: қоғамдық ғимараттар монша, ақсүйек феодалдардың сарайы және қарапайым тұрғын үйлер.
Еділ Болгариясы қалалары қол өнері мен сауданың ірі орталығына айналды. Болгар қалашықтарынан темір ұсталарының құралдары мен саймандары көп табылған. Табылған заттардың ішінде шойын қазан кездеседі. Металл қорытудың ең күрделі түрі шойын өндіру Болгар қалаларында ХІҮ ғ. соңында игерілді.
Металл өндіру мен темір ұсталығының дамуы шаруашылық құралдары мен қарудың жаңа түрлерінің дамуына жол салды. Ауыл шаруашылығы еңбек құралдарының жаңа түрлерімен жабдықталды. Балта мен кетпеннің түрлі мақсатта пайдаланылатын түрлері көбейді. Астық темір орақпен орылды. Темірден жебенің ұштары, соғыс балталары, (айбалталар) жасалған. Жебенің жалпақ, үш қанатта, көп қанатты, айыр, ұнғасы қуыс және тұтас түрлері көп кездеседі. Археологиялық материалдар Болгар қалаларында қол өнерінің зергерлік, құмыра жасау, тас қашау секілді салалары жақсы дамығандығын көрсетеді. Қолдан үлкен қазандар, айна, түрлі әшекей бұйымдары мен аспалы құлыптар жасалды. Қола құлыптар әртүрлі жануарлар бейнесінде жасалып, сырты арапша жазулармен өрнектелген. Сондай-ақ білезік, сақина, сырға, қапсырма секілді зергерлік бұйымдар да жиі кездеседі.
Қыш ыдыстарды кәсіби құмырашылар мен қатар қарапайым тұрғындар да жасаса керек. өиткені қазбадан арнайы шарықта жасалған сапалы да әдемі ыдыстармен қатар қолдан жасалған өте тұрпайы бұйымдардың сынықтары да жиі кездеседі. Ыдыстары формасы мен қолдану аясына қарай әртүрлі. Олар құтылар, көзелер, түрлі құмғандар, қызыл-сары, сұр және қара түсті саптыаяқтар т.т. Ыдыстардың сыртқы өрнегінен Орта Азия өнерінің ықпалы айқын байқалады. Балшықтан түрлі жануарлардың бейнесі мен қоңыраулар да жасалған. Су құбырлары, кірпіш және безендіру кірпіштері секілді құрылыс материалдары да балшықтан.
Еділ Болгариясы Х ғ. бастап өзінің төл теңгесін соға бастаған. Сыртқы көрінісі жағынан олар араб дирхеміне өте ұқсас және жазулары да арабша. Археологиялық мәліметтер Болгарлардың араб, Хорезім, орыс және армян княздарымен саяси және сауда қатынасында болғанын көрсетеді. Қазбалардан Византия мен Ираннан келген заттар да кездеседі.
Қалалардың кең қанат жайғанына қарамай Болгар халқының басым көпшілік бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрып, егіншілікпен айналысты. Болгарлық елді мекендер археологиялық тұрғыдан аз дерттелген. Жерлеу ескерткіштерінен көбіне әшекей бұйымдары табылады. Қабір басына қойылатын белгі тастарда өсиет сөздер жазылған.
Жазба деректер мен археологиялық материалдар Еділ Болгар мемлекеті негізінен монғол шапқыншылығынан күйрегенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |