Тақырыбы: Шәкәрімнің өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Жоспары:
Шәкәрімнің өмірі
Шәкәрімнің ақын ретінде қалыптасуына Абайдың жасаған ықпалы
Шәкәрімнің мысал өлеңдерінің идеялық мазмұны
Лекция мақсаты:
Шәкәрім Құдайберді ұлының балаларға арналған туындылары сонымен бірге тәрбиелік тағылымдық мәні бар шығармалары балалардың көзқарасын жаңа бағытқа үндейді.
Лекция мәтіні:
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі Ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайберді ұлының орны алкен. Шәкәрім бұрынғы Семей облысы , Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде , атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.
Өзінің “Мұтылдғанның өмірі” атты ғұнырнамалық өлеңінде бес жасында аул молдасынан сабан ала бастағанын жазды. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренеді. Ақынның алғашқы жазған өлеңдері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен –ақ ол абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады.Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазды. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы саналады.
Абайдың інісі.
Қабағынан қар жауған
Қараңғы болт жоғалды,
Қасқара алмай бет ауған
Қахарлы жел де оңалды,
Көшейін деп қыбырлап,
Ел қыстаудан қозғалды-
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланады. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар.
Бір қаламгерге емес, бар ойшылға тән қамырық-қайғы бар. Өлең өресін, өнер биігін айқындайтынкөрсеткіш. Және біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетмізде Абайдан соң ғана мүмкін болван жетістік.
Осы тұңғиық та тұнық, сырлы да сазды өлең жолдарының авторы, шынында да , ұлы Абайдың туған бауыры болатын. Ата –тек жағынан алғанда да, үлгі-өнеге жөнінен, мұрат-мақсат тұрғысынан қарағанда да.
Шәкәрім! Абайдың ерекше туған інісіні аты Шәкәрім еді.
Бұдан елу жыл, сексен жыл бұрынғы қазақ поэзиясында Абайдан соңғы ең танымал есім. Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға . Одан соң.... өзі өлсе де, аты өшпеген. Шығармалары сақталса да, жарт Алдана жарқырап шықпаған. Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы ,- қазақ қана емес, -бүкіл Түскістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі. Атаның мол дәулеті, ағайын-туыстың өр кеудесі, ағаның мәртебе-даңқы арқасында бұла өскен Шәкәрім өзінің өмір жолын ғана емес, өнер жолын да сауық-сайраннан, мереке-қуаныштан бастайды. Абайдың өлең өрнегін ұстаған, Абайдың тіл мәдениетін үлгі тұтқан махаббат жырларының өзінде Шәкәрім тың бояу табуна, соны сыр түюге ұмтылады. Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармалықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы-проза болса, автор мүлде басқа тұрғыдан көрінетін тағы бір мол арна- тарих пен философия. Бір мақалада, Шәкәрімтанудың алғашқы кезеңінде бәрін қамту , бәрін айту мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |