Ақын туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерлейді, Діни және рухани соқырлықтың мән-мағынасын ашуга тырысады. Адам баласының басқа тіршілік иелерін айырым белгілерін сөз етюді. Адамның өзгеше болмыс-бітімін, оның ақыл-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физиологиялық ерекшеліктерін де өлеңге арқау етеді.Өмірде шын болван бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебет, Қалқаман мен Мамыр хикаяларыыы ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартан-Абай деп. білуге тиіспіз.Шәкәрімнің үш поэмасы да (Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих-фон ғана, автордың баса Назар аударғаны- әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда Қалқаман-Мамыр лиро-эпикалық жырға бейім. Еңлік-Кебек -әлеуметтік дастан, ал Нартайлақ-Айсұлу бұл махаббат драмасы дер едік.