М. ИМАНЖАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІ
Балаларға арналған шығармаларын Мұқан Иманжанов пионер журналында істеп жүрген жылдарында жазған. Мұқанның «Талап» (1951), «Кебек» (1951), «Ораз бен Боря» (1948), «Жол үстінде», «Жас шебер» (1950), «Кішкентай көрші (1951) деген әнгімелері 1952 жылы шыққан «Таныс қыз» деген жинағына енгізілген. «Қорқақ» (1954), «Бес» (1954), «Сапардың тәжірибесі» деген әңгімелері 1956 жылы шықкан «Тындағылар» жинағьша енгізілді. Мұканның Отан соғысы тақырыбына жазған «Адам туралы аңыз» (1947), «Жыртық дәптер» (1945), «Шал» (1942), «Ақша» (1942), «Бала қаны» (1942), «Даладағы от» (1942) деген әңгімелері 1948 жылы шыққан «Жастық» деген жинағына енген. Бұдан соң «Алғашқы айлар» повесін ұсынды. Бұл Москвада орыс тілінде басылды.
Мұқан Иманжанов балаларға арнап жазған алғашқы шығармаларын Ұлы Отан соғысы тақырыбынан бастады. Оның «Шал», «Ақша», «Бала қаны», «Даладағы от», «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер» деген әңгімелері 1942—1945 жылдары жазылған.
«Адам туралы аныз», «Жыртық дәптер», «Даладағы от», «Бала қаны» деген әңгімелерде Мұқан Отан соғысы жылдарындағы ата-ана мен бала басына түскен әр алуан қиын кезеңдерді адамның ішкі дүниесіне әсер етерліктей суреттейді.
Мұқан «Жыртық дәптер» әңгімесін өте қызык бастаған: «...Ана бізбен солғын ғана амандасты. Сұрағымызға келте жауап кайырып, шешіле сөйлей қоймады. Көкірек керіп, ауыр күрсіяді де: — Мен бір шерлі жанмын, шырақтарым. Әңгіме сұрап не қыласыңдар,— деді мұнды пішінмен.
Ол нендей кайғы, анажан.
— Жоқ-жоқ, шырақтарым, сұрамаңдар оны. Баласы көрген ауыр азапты айтдеп анасына қолқа салмас болар. Айта алмайды сұмдықты ана».
Адамның жан жүйесін күйзелтерлік ананың осы бір сөздерінің ар жағында терең сыр бар. Оқушы соны білуге ынталанып, соны қашан естігенше дегбірі кетіп отырады. Мұқан — әңгіме желісін жақсы құра білетін жазушы.
Бұл әңгімелердегі басты кейіпкерлер — салқын қанды, өз жұмысына берілген және Отан тағдыры үшін қасық қаны қалғанша арпалыса беретін өжет жандар. Мұқанның кейіпкерлері күресе де, еңбектене де біледі, сонымен қатар қайғысы да, қасіреті де бар. Олар сондықтан да сүйкімді, аяулы. «Адам туралы аңыз» әңгімесіндегі Петя мен оның қарт әкесінің және «Жыртық дәптер» әңгімесіндегі неміс фашистері қолынан каза тапқан қазақ жігітінің ерлік істерін келтірсек те жетерлік.
Тіпті жау қолынан қаза тапқанның өзінде де: «Олар менен өлердей қорқады, қорыққандықтан да мені өлтіреді. Ал жігітке бұдан артық не керек... Жау зәресін аларлық қырғи болып тисе, өлсе де жастығын ала жатса, ел-жұртының намысын ақтық минутыіна дейін адал сақтаса, одан артық не керек ер жігітке. Ендеше женгенің емес пе?!»-—деп ерлік ісін, Отанын сүйе білетін адал сезімін медеу етеді. Мұқанның бұл кейіпкерлері кейде қаталасып қапаланып та жүреді, бірақ олар өздерінің көздеген айқым мақсаттарын ешқашан да жадынан шығармайды. Ертеңгі жарқын болашақтық коммунизм құрылысының нұр шұғыласына бөленуді ақсап, алға ылғи і\а алға қарай үмтылады. Олардың әрқашан жеңіске жеңіп отыратыны алдарында осындай айқын мақсат барлығын жақсы түсінетіндеріне байланысты. Мұқан Иманжанов «...өз шығармалары арқылы бізге мәңгілік өмір сүру идеясын қалдырды».
Мұқан әңгімелерінде автордың сөзімен айтқанда... салынып жатқан зәулім үйлер де, күні-түні тынымсыз жүмыс істеген алып заводтар да, ұзақ танды ұйқысыз өткізіп, сарғая отырудан туған ғылым жаңалықтары да, ұзақ жылдар күткен роман, поэмалар да — бәрі де бүгінгі бөбектің ертеңгі түлектік қамы дейтіндей, солар үшін істелген, істеліп жатқан игіліктер сөз болады, жабығу, қамығу яки жатырқау дегендерді білмейтін, жүрегін тек қуаныш кана жайлаған бөбектердің өмірі суреттеледі. Бұған 1948 жылдан 1952 жылға дейін жазылған «Коммунизм мүйісі», «Кондуктор», «Талап», «Бөбек», «Кішкентай көрші», «Ораз бен Боря», «Жол үстінде», «Жас шебер» деген әңғімелері дәлел.
Мұқан бұл әңгімелерінде балалардың ішкі дүниесіне кіріп, олардың бойындағы ерекшеліктер мен ойындағы мақсат-міндеттерді толық игеріп, кейіпкерлерімен еркін пікір алысып отырады. Бір-біріне ойындағыларын ашық айтуға тырысады. Мұқанның «Жол үстінде» әңгімесінде кішкентай Сағиттың балалық шағы мен коллектив қуанышының дәмін қаршадайынан татқан жас ұланның тәтті қылығы суреттеледі. Сезімтал, ойлы, аңғарғыш баланың бейнесі көз алдыңда тұрады. Автор Сағиттың ақ пейілді мінезі мен зор талабына, болашағына сүнсінеді: «Мен оған күлімсірей қараймын. Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. Мен одан бүгінгі өміріміздін ертеңін көремін, ал ол болашақ өмірдің келешегіне кез тігеді».
Мұқанның «Талап» әңгімесінде де дәл осы Сағит сияқты Қеңес деген бір баланың кеудесін алып ұшқан тынымсыз ойлар, әттең кішкене үлкейсем ғана бояғаны— барлық мамандықты жалғыз өзім игеріп алсам дегенді жатса-тұрса ойынан еш шығармайды. Жалғыз талап адамды ойлаған арманға жеткізе бермейді. Талаптану, әуестенумен бірге сол арманға жету үшін оның ыстық-суығына бірдей төзе білетін қажырлы қайрат пен ерлік еңбек керек екенін білеміз, оқусыз ешбір өнер қолға түспейтінін автор кеңеске әлденеше өтімді дәлелдермен айтып береді. Оларға үйрену жолын нұсқайды.
Мұқанның басты кейіпкерлері өзінің айналасында не болып жатқанына көзін жұма қарайтын нарықсыз, тоғышар балалар емес, өмірге шеліркей аңсап қарайтын, өмір қозғалысына сай қимыл жасайтын оптимист балалар болып суреттеледі. Басты кейіпкерлердің бәрінде де кеңес балаларынын еркіндік дүниесіндегі еркін өмір бар. Олар өздерін үлкен өмірдің кішкентай кірпішіндей сезін- еді. «Жас шебер» деген очерктегі
7-класты жаңа бітіріп, тігінші даярлайтын қолөнер училищесіне түскен Фарузаның коллектив арасына келгенде, езін мүлде басқаша сезінгені суреттелген. «Шынында, ойлап отырсаң, коллектив деген тамаша нәрсе ғой. Коллектив шын тамашасың-ау сен. Сен білім беріп, өнерге үйретіп кана қоймайсың, сен адамға ең керекті қасиетті — ізгілікті адалдықты, туған ортаны сүю сезімін үйретесің. Жолдастық достық сезімді шыңдап, шыңға кетересің. Көкілге социалистік сана, ой кұясың, бойға куат бітіріп, таланттың күйін күйлеп, қанат бітіресің»,— дейді жазушы.
Фаруза сияқтылар—жаңа сана, жаңа ой, жаңа мақсат иелері. Бұлар — коммунизм кұрылысының жаңа кайраткерлері, жалынды жастық өмірдің мұрагерлері. Жас өспірімдерде жасқануды білмейтін қандай күш, кандай жігер болса, Мұқан соны табиғи қалпында көз алдына келтіреді, Мұқан әңгімелеріндегі кішкентан кейіпкерлердің іс-әрекетінен заманымыздың алдыңғы қатардағы адамдарының еңбектену, өсу жолдарып байқап отырамыз. «Мектептегі біздің міндетіміз тек жеке балаларды тәрбиелеп қана қою емес, мұнымен катар коллективті тәрбиелеу, әр баланы коллективтік рухта тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |