Лекцияның мәтіні: Басшы мақсатты айкындағаннан кейiн стратегиялық жоспарлау процесінiң диагностикалық кезеңiн бастайды әуелi сыртқы ортаны үш параметрi (өлшемi) бойынша зерттейдi.
Ағымдагы стратегиясының әр түрлi аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.
2) Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндiретiндiгiн анықтау.
3) Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жетуi үшiн қандай факторлардың көбiрек мүмкiндiк беретiндiгiн анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады,сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға төнетiн қауiп-қатер мүмкiндiгiн анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкiндiктi болжалдау уақтына кездей -соқ жағдайда жоспар жасау уақтына қауiп-қатер төнген жағдайда күнi бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгiлеу уақытына мүмiндiк бередi.
Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрактарға жауап бередi:
Ұйым қазiр қайда орналасқан?
Жоғарғы басшының пiкiрiнше, болашақта ұйым қайда болуы тисi?
Ұйым қазіргi орналасқан орнын,басшының ойынша орналасуға тиiстi орынға ауысуы үшiн басшы не iстеу керек?.
Сырткы ортаны талдаганда мынандай факторларға кол бөледі.
Экономикалык факторлар. Бұлардың iшнде: инфляция немесе дифляция қарқыны, жұмысбастылық деңгейi, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы. Осы факторлардың әрқайсысы фирмаға қауiп-қатер төндiру, немесе жаңа мүмкiндiктер беруi мүмкін. .[9,17-бет]
Саяси факторлар. Бизнес пен кәсiпкер фирмалары жетекшiлерiнiң саяси процеске белсене қатысуы ұйым үшiн мемлекеттiк саясаттын маңызды екендігiн көрсетедi. Басшы жергiлiктi органдардың, үкiмет билігiнiң нормативтiк құжаттарын, қаржыландыру үшiн ұзақ мерзiмге салынған кредидтерiн, жұмысшы күшiн жалдау жөнiндегi шектеулердi және сауда алу мүмкiндiгiн,сондай-ақ басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда келiсiмдер қадағалауы тиiс.Үкiмет іскерлiк мәселелерге тұрақты және белсендi қатысатындықтан ұйымдары саяси әрекеттi мұкият қадағалауы тиiс.
Нарықтық факторлар. Өзгермелi нарықтық, сыртқы орта тұрақты орта талдау обьектiсi болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның факторлары алуан турлі, оған жататындар: Сыртқы демографиялық жағдайының өзгеруi, әр түрлi бұйымдардың өмiрлiк циклiне нарыққа (рынокка) енудiң жеңiлдiгi, халық табысының бөлiнуi жане саладағы бәсеке деңгейi.
Әртурлi нарыктык факторларды талдау басшыга онын стыратегиясын айкындауга жане басекелестерi бойынша фирма позициясын ныгайтуга мумкiндiк бередi.
Техналогиялык факторлар. Сыртқы ортаның техналогиясын талдау өндiрiс технологиясындағы өзгерiстердi ескеруге мүмкiндiк бередi.
Халықаралық факторлар. Көпшiлiк iрi фирмалар мен мыңдаған ұсақ компаниялар халықаралық нарықта жұмыс iстейдi. Осыған орай бiр шама кең ортадағы өзгерiстердi тұрақты бақылап бағалап отыруға қажет.
Бәсеке факторлары. Профессор Портер мұндай обьектiнi талдауды, басекелесушi ретiнде,басшы мұндай сурақтарға нақты жауап беруi тиiс деп есептейдi: «Бәсекелесушiге не қозғау салады?». Бәсекелесушiлердi талдауға төрт диагностикалык элементi катысады:
1. Бәсекелесушiлердiң болашақ мақсатын талдау;
2. Бәсекелесушiлердiн ағымдағы стратегиясын бағалау;
3. Бәсекелесушiлерге қатысты саланын, сонда жұмыс iстейтін компанияның алғы шарттарына шолу;
4. Бәсекелесушiлердiң күштi жане осал жақтарын мұкият зерттеу.
5. Басшылардың осы элементтердi мұкият зерттеуiне көмектесу үшiн портер төрт сұрақ ұсынады:
1.Бәсекелесушi өзінiң қазіргi жағдайына қанағаттана ма?
2.Бәсекелесушi стратегиядағы кандай өзгерiс қадамын қабылдайды?
3.Бәсекелесушiнiң осал жерi кандай?
4.Бәсекелесушi жақтан қандай iрi және неғұрлым тиiмдi шаралар килігуi мүмкiн?
Әлеуметтiк мiнез-құлык факторлары, бұл факторларға қоғамның өзгермелi үмiт, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады.
Қазіргi кездегi кейбiр манызды факторларға қоғамның кәсiпкерлерге деген сезiм күй, қоғамдағы әйелдердiң роль, медет жерлердiн әлеуметтiк мақсаты және тұтынушылар мүддесiн қорғау қозғалысы жатады.
Ұйым үшiн көбiнесе әлеуметтiк фактор проблеманы туғызады корпорацияның өзде әлеуметтiк факторлардың өзгеруiне карай биiмделiп отыруы тиiс.
Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауiп-қатердi пайымдап,соған қарсы күнi бұрын әрекет ете алады.