Лекция №20 Тақырыбы. Менеджменттегі басқару шешімдері Жоспары. 1.Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі. 2.Басқару шешімдерін жасау әдістері. 3.Басқару шешімдер сапасының көрсеткіштері. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: К.Бердалиев. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері” Алматы 2001ж.
К.Бердалиев, Е.Мырзалиев. “Басқару негіздері” Алматы 2000ж.
М.Мескон. “Басқару негіздері” Москва 1999ж
б). қосымша К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекцияның мәтіні: Басқару қызмет процесіне міндетті, қажетті болған басшының кез келген әрекет іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметін нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне әр оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жедел мен дұрыстығы басшының тәжірибесімен біліміне байланысты. Егер ол өндірістік техналогияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдану қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білу, дұрыс қортынды жасай білу және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез-келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымының эканомикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әр бір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер ету мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешім» термин екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін қабылдаған іс әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. Екінші жағдайда-проблемалар мен шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімнің ең маңызды белгісі обьект: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз жүйенің қажет үміт еткен және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай жалпы әрекеттесетін жүйелерде басқарушы және басқарылатын шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес өйткен өндірісте көптеген ауытқу теріс ықпал ету теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездескендіктен оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың пайда болған проблемаларды шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әр бір жаңа шешім алдыңғы шешімдерін өрістету үшін қабылдануы сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңмен орындауды қамтамасыз ету тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылығы. Күрделі өндірістік жағдайда әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес басқада шешімдерге қатысы бар. Керженсов былай деп атап көрсетеді: «шеттен тек қол қусырып отырғанша онша негізделмеген болса да шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала туыстарын кейіннен жетілдіруге болады.
Басқару шешімнің маңызды талаптарының бірі мақсаткерлік. Шешім ұжымының мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез-келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.
Кез-келген шаруашылық шешім әділ болуы яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерлуі тиіс. Сонымен қоса, кез-келген шаруашылық шешім дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжрибе ғылыми жетістіктеріне сүйене, яғни кез-келген шаруашылық шешім ғылыми дәйекті болғаны жөн. Басқару шешімі жан-жақты болуы яғни шаруашылық мәселелермен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелерде шешілген.
Кез –келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылдаса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әркімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімді тапсырманың мәні, оның көлемі мерзімі жүзеге асыру әдісі сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
Басқару шешімдерді жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілер бойынша жіктейді.
Басқару субьектісі бойынша шешімдерді былайша шешуге болады.
1. Әкімшілік шешімі
2.Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелеу, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылғын мүддесін қозғайды. Жекелей шешімдің жедел сиппаты болады. Бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы шешім халық шарашылығы өндірісін ерекшелігін айқындайды, әр со шаруашылықтың жоғарғы ұйымдарымен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді кәсіпорындармен қарым –қатынасын қарастырылады.