Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет60/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау.

  • ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;

  • алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;

  • міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс – жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай ?
Болашақ біз қандай болуымыз керек ?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған ?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды ?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
1. нақты мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындауға іс-әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдар, материалдық ақпараттар басқа да ресурстарды іздестіру;
3.басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Жоспар - зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады. Сонымен, жоспарда алдын ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс табады. Болжау сияқты жоспар да нақты, қолданбалы ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді.
Болжау (прогноз – грекше алдын ала білу деген сөз) – алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі басқару теориясы мен тәжрибесінде стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативтері жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.
Стратегиялық жоспарлау. “Стратегия” ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлігін” береді.
Стратегиалық жоспарлау-ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшлықтың қабылдаған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стартегияны ұғыну әрекеттері орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігін байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.
Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.
Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз-стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтер енгізіледі.
Стратегиялық жопар қабылдаған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған жоспар ұйымының барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне осының бәрі стратегиялық жоспардың белгілерін анықтап береді.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызы сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістерімен қатар, тактика, саясат, іс жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімі үйлестірілуі.
Саясат – мақсатқа жетуді жеңілдету үшін шешім қабылдау мен іс – қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауға тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.
Іс – жосығы (процедура) ұйым қызметтінің барысы қайталанатын жағдайда алдын – ала қарастырылған нақтылы бір іс – қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдануын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бір қатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс – қимылдар толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс – қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бұл бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.
Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс - әрекеттер нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш – жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайық.
Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғары ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ – та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылдаған. Сонымен қатар, бастығы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.
Өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында техникалық жоспарлаудың қолдануы орынды.
Көп жылдан берi әскери басшылар стратегия терминiн қолданып келедi. «Стратегия» гректiн-«генерал өнерi» дeген сөзiнeн шыққан. «Стратегия» терминi осы уақытқа дейiн жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргi кезде бұл атау кәсіпорын қызметiн жалпы концепциясын бiлдiредi.
Стратегия дегенмiз ұйымның мiндеттi iсiн орындауды және мақсатына жетудi камтамасыз ететiн жан- жакты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегенiмiз басшы қабылдаған әрекеттермен шешiмдер жиынтығы,сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуi үшiн басшы арнайы стратегияны iздестіредi.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімiн қабылданған қажеттi құрал болып саналады. Оның басты мiндетi-ұйымдағы жаңадан енгiзiлгендердi жеткiлiктi дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметiн төрт түрiн қамтиды: ресурстарды болу: сыртқы ортаға бейімделуi: iшкі үйлестіруi және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзiндiк белгiлерi.
1.Стратегияны көпшiлiк жағдайда жоғары басшылар тұжырымдайды және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейiндегiлердiң қатысуы көзделедi.
2.Стратегиялық жоспар жеке бiр ұйымға ғана емес, бүкiл корпорацияның болашағы үшiн жасалады.
3.Стратегиялық жоспар көлемдi зерттеулерден және нақты деректермен негiзделуi тиiс. Қазіргi әлемдегi бизнеспен тиiмдi бәсекелесу үшiн фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпараттарды ұдайы жинауы, әрi талдау тиiс. .[9,22-бет]
4.Стратегиялық жоспар фирманың айкындылығын, дербестiлiгiн бiлдiредi, мұның өзi олардың белгiлi бiр жұмыскерлердi тартуына ықпал етедi.
5.Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзак уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетiлдiрудi және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икeмдi болуы тиiс.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретiнде қарастыру қажет,сонда ұзак уақыт бойы фирманың қызметiн бағыттауға, әрi қажет болған жағдайда өзгеруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет