Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Лекция №30 Тақырыбы.. Жоспарлаудың түрлері



бет62/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекция №30
Тақырыбы.. Жоспарлаудың түрлері.
Жоспары.
1. Тактикалық жоспралау.
2.Индекативті жоспралау.
3.Ұйым ішіндегі жоспарлау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. К.Бердалиев “Менеджмент” Алматы 2005ж

  2. Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж

  3. А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж

  4. А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж

б). қосымша

  1. Герчикова И.Н. «Менеджмент» Алматы: Экономика,2005



Лекцияның мәтіні:
Тактикалық жоспарлау. Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауға басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей – тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактикалық сипатты белгілері:

  1. Стратегияның дамуында әзірлеу;

  2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;

  3. Стратегия қорғағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;

  4. Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс - әрекеттер орындалуына қарай жүргізілуі.

Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындауға әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылдаған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.
Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер енгізіліп жетілдіріп отырады, яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.
Индикативті жоспарлау. Қазіргі кездегі өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жопанияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық және жеке мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделер тепе – тендік ұстауда жүйеге әкімшілдік араласу емес, экономикалық реттеу ықпал етуінде.
Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауға осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.
Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік – экономикалық саясатының бағыт – бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.
Индикативті жоспарлау жүйесі: стратегиялық, орта мерзімді және ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер: - әлеуметтік – экономикалық жағдайда талдау; - әлеуметтік экономикалық дамудың тұжырымдамасы; - бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер; - ұлттық бағдарламар.
Әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдау өндіріс мүмкіндіктерінің, экономиканың сырқы және ішкі даму тенденцияларының мемлекеттік реттеу жүйесінің нәтижелері мен әрекеттілігінің өндіргіш салалық дамуы мен қозғалысының деңгейін бейнелейді.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың тұжырымдамасына мемлекттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық сасясаттың мақсаттары мен басымдылық, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады.
Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттік, кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік – экономикалық стратегиялармен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауға бастапқы құрал болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбайевтың “Қазақстан – 2030. барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқаттың артуы” атты Қазақстан халық жолдауында айтқан көрсетілген.
Ұйым ішіндегі жоспарлау. Жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір субъектісінің, жекеленген фирмалар мен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен анықталады. Сондықтан да қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында өндіріс саласын басқарудың алғашқы буыны – микродеңгейде немесе ұйымдарда – жоспарлауға маңызды көңіл бөлуі қажет.
Ұйым ішінде жоспарлай фирманың сыртқы орта бейімделу барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс – қимылдар бейнелейді.
Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы белсіздік пен тұрақсыздықтың кертортпа зардаптарын жою; күш-жігермен көңіл-күйі негізгі мақсаттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады.
Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағын бейнелей отырып келесі кезеңдерден тұрады:

  • мүмкіндіктерді бағалау (ресурстар, өндіріс, т. б.)

  • нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;

  • жоспардың негізгі көрсеткіштерін бейнелеу;

  • іс-әрекеттердің тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу;

  • қажетті баламаны таңдап алу;

  • Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет