Күту теориясы басқару тәжірибесінде қолданылуы. Адамдардың қажеттіліктері әр түрлі болғандықтан, олар нақты бір марапаттауды әр түрлі бағалайды. Сол себептен ұйым басшылары берілген марапаттауларда қызметкерлердің қажеттіліктерімен салыстырып сәйкестендірулері қажет.
Әділеттілік теориясы.Адамдар өздеріне көрсетілген марапатпен жұмсалған күш – жігердің арасындағы қатынасты субъективті түрде айқындайды да, дәл осындай жұмыс атқарған адамдарға көрсетілген марапатпен салыстырады. Егер салыстыру дисбаланыс пен әділетсіздікті көрсетсе, психологиялық жағынан қысымшылық көргенін біледі.
Зерттеулердің нәтижелерінде егер адамдардың еңбегі әділетсіз бағаланса, олардың еңбек өнімділігі де төмендейтінін көреміз.
Әділеттілік теориясының басқару практикаларында пайдаланылуы.
Адамдар өз еңбегінің әділетсіз бағаланғанын байқаса, еңбек өнімділігін бірден төмендетеді немесе нашарлатады.